Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы, 2004.

  2. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Учебное пособие. Москва, 1979.

  3. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

  4. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

  5. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы, 2005.

  6. Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.

  7. Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. Москва, 1985.

  8. Успенский Б.А. Структурная типология языков. Москва, 1965.

  9. Общее языкознание. Москва, 1970; Москва, 1972; Москва, 1973.

  10. Глисон Г. Введение в дескриптивную лингвистику. Москва, 1969.

  11. Краус И.К. К общим проблемам социолингвистики // Вопросы языкознания. 1974, № 4.

  12. Леонтьев А.А. Психолингвистика. Москва, 1967.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Будагов Р.А. Язык, история и совремонность. Москва, 1971.

  2. Панфилов В.З. Филологические проблемы языкознания. Москва, 1977.

  3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы. Алматы, 2002.

  4. Система и уровни языка. Москва, 1969.

  5. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. Москва, 1974.

  6. Хасенов Ә. Тіл білімі, Оқу құралы. Алматы, 1996.

  7. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. Москва, 1977.

  8. Вопросы социальной лингвистики. Москва, 1969.

  9. Языки народов СССР. Т. 1-5., 1966-1968.

• Сабақ 3 «ХІХ ғғ. тіл білімі тарихындағы бағыттар,мектептер» (1 сағат).

Жоспары:

Логикалық бағыт.

Психологиялық бағыт.

Натуралистік бағыт.

Жас грамматиктер бағыты.

Жас грамматиктер бағыты.

Неограмматизм бағыты.

Мәскеу мектебі.Қазан мектебі.Эстетизм бағыты. Неолингвизм бағыты.Соцологиялық мектеп.

19 ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.19 ғасырдың 1 жартысынан бастап әр түрлі философиялық қағидалар мен концепцияларға сүйенген бағыттар қалыптасты.

Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. Логикалық бағыттың негізгі мақсаты - ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау.

Психологиялық бағыт.Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Герман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Тіл білімін қоғамдық ғылымдар тобынан бөліп алып, оның дербестігін жояды, оны психологияға тәуелді, соның бір саласы деп санайды. Ал,

Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869). Философиялық екінші тұжырымы – тілдің мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі функциясы – ойды қалыптастырып, жарыққа шығару. Тіл дегеніміз - дыбыстық ойлау дейді.

Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19 ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі – тарихи принцип те,екіншісі-психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды