Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы, 2004.

  2. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Учебное пособие. Москва, 1979.

  3. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

  4. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

  5. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы, 2005.

  6. Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.

  7. Березин Ф.М. История лингвистических учений. 2 изд. Москва, 1984.

  8. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Т. 1-2. Москва, 1963.

  9. Амирова Т.А., Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики. Москва, 1975.

  10. Общее языкознание. Москва, 1970; Москва, 1972; Москва, 1973.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Китайская письменность и ее форма. Москва, 1959.

  2. Звегинцев В.А. История арабского языкознания. Москва, 1958.

  3. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. Москва, 1974.

  4. Хасенов Ә. Тіл білімі, Оқу құралы. Алматы, 1996.

  5. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы, 2001.

  6. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. Москва, 1977.

• Сабақ 2 «ХІХ ғғ. тіл білімі» (1 сағат).

Жоспары:

1. ХІХ ғғ. тіл білімі.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тіл білімін дамытудағы мәні, кемшілігі.Салыстырмалы тарихи әдіс және тілдердің генеалогиялық топтастырылуы.

2. В.Гумбольдт және тіл философиясы.

3. Типологиялық тіл білімінің қалыптасуы

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізі 11 ғасырдағы түркі нәсілді Махмуд Қашқаридың «Девону лугот-ит түрк» сөздігінде салынды. Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп аталатын үш топқа бөліп зерттеді. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт 19 ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастады. 1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстығы дәлелденді.

Тіл білімі тарихында Ф. Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі – үндіеуропа семьясына жажатын тілдердің шыққан төркіні, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды. Ол төркін тілді ататіл (праязык) деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады.. Гумбольдт және тіл философиясы. Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер,т.б. айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В. Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл философиясының негізгі принциптері – тілді адамдар әрекеті деп атау, оны халықтың ұлттық санасы деп есептеу. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты.

Типологиялық тіл білімі.Типологиялық тіл білімі – мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар нысандарды салыстырады.

Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген «Үнділердің тілі және даналығы» дейтін еңбектерінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар-жоқтығына, сөздердің тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп 2 топқа бөледі. В. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеуде 2 түрлі белгіні негіз етуді ұсынады: оның бірі – тілдік тұлғалар қарым-қатынасы, екіншісі – сөйлем құрау тәсілдері. Қазір типологиялық белгілердің негізгілері ретінде сөз құрылымын, сөздердің тұлғалық түрленісін, сөз жасайтын, сөз түрлендіретін формаларды, синтаксистік қатынастарды алады. Сөз құрылымы морфологияның негізгі нысандарының бірі болғандықтан, ғылымда типологиялық жіктеу морфологиялық деп те аталады. Морфологиялық белгілерге ерекше мән берілетін себебі, ол тілдің ұсақ жүйелері ішіндегі ең тұрақтысы, екіншіден, морфологиялық тип тілдерде онша көп емес және оған тән тұлғалар айқын да тұрақты, сондықтан оларды жүйелеу оңай. Осы аталған белгілерге қарай тілдерді түбір тіл, жалғамалы (агглютинативті), қопармалы (флективті), полисинтетикалық тілдер деп бөлу – қазіргі заман тіл білімінде көп тараған принцип.