Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

2) Тіл философиясы

Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Лингвистика дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ежелгі греция сияқты кейбір елдерде тіл теориясымен алғаш айналысушылар философтар болған. Зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатнасты айқындау мәселесін грек философтары философиясының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қараған. Осы мәселеге байланысты айтыс орта ғасыр лингвистерінреалистер, номиналистердеп аталатын екі лагерьге бөлген. Сондай-ақ тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы жөніндегі мәселе де ежелгі заманнан басталады. Платон мен Аристотельдің грамматикалық категорияларды логикалық тұрғыда баяндаулары, оларды логикаға тәуелді етулері ойлау мен тіл арасындағы қарым-қатынасты зерттеудің туындағаны даусыз. ХVII ғасырда дүниеге келген Пор Рояль грамматикасының жазылуына да себепші болған тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас екені айқын. Зат пен оның аталуы, тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас тілдің мәні деп аталатын проблема құрамына енеді. Ал тілдің табиғаты мен мәні жөніндегі мәселе жалпы тіл біліміне де, философияға да ортақ мәселе. Бірақ оны зерттеуде бұл екі ғылымның көздейтін мақсаты да, зерттеу тәсілдері де бір-бірімен сабақтасып жатады.

Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан тіл философиясы осы атауға ХІХ ғасырда ғана ие болды. ХІХ ғасырда европа халықтарының салыстырмалы тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік обьектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен функциясын, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Потебня, Вунт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.ф.Гумбольдт (1767–1835 ) болды. В.Томсеннің пікірінше “Германиядағы ұлы адамдардың бірі” – болып есептелетін Гумбольдттың лингвистикалық алымы кең. Лингвистика тарихында оны салыстырмалы - тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеестері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышындағы көптеген тілдерді зерттеген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болу- оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңіткен. Гумбольдт салыстырмалы – тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, тб Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Соларды зерттеу арқылы ол жалпы тіл тану ғылымын негіздеді. Оның бұл салалардағы тұжырымдарын толық та, айқын баяндайтын еңбектері – “адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы” (1827), “Ява аралындағы Кави тілі туралы” (1836) деп аталатын туындылары.

Гумбольдт өзінің лингвистикалық, философиялық концепциялары арқылы лингвистика тарихында жаңа бет бұрыс, жаңа дәуір жасаған адам. Дамудың әр түрлі сатысындағы түрлі халықтар тілдері мен олардың рухани өмірлерінен жиналған материалдарды өз замандастарының қай-қайсысынан да көп және терең білетінінің арқасында бірінші болып тұр, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік линвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.

Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық базасы – тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері – тілді, оның формаларын әрекет деп тану, оларды халықтың ұлттық санасы деп есептеу. Тіл –әрекеттің өзі. Сондықтан оның бірден-бір ақиқат анықтамасы генетикалық қана болу керек. Тіл - дыбысты ойдың көрсеткішіне айналдыратын рухтың әрекеті. Даму – тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл – ойлау әрекетінің творчестволық синтезі, бірақ сонымен бірге ол – актив форма, ойлау әрекетінің құралы да. Тіл мен ойлаудың бірлігі – ажырамас бірлік. Бұл сөйлеу мен ойдың бірлігі. Өйткені тіл жалпы, коллективік меншік болғандықтан, индивидуммаға әсер етеді. Адам тілді неғұрлым жақсы меңгерген болса, солғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді. Осылармен қатар, Гумбольдт тіл мен “халық рухы” арасындағы байланысты да сөз етеді. Бірақ тілдің қоғамдық сипатын ұлттық табиғат, адамдардың жанында, санасында болатын идеалдық нәрсе деп біледі. Бұл идеалдық–индивидуалдық емес, жалпы халықтың, тілдік ойлау. “Халық тілі – оның рухы, халық рухы–оның тілі”. Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінгенімен, ол–жеке адамның табысы емес, халықтың табысы.