Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы, 2004.

  2. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Учебное пособие. Москва, 1979.

  3. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

  4. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

  5. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы, 2005.

  6. Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.

  7. Общее языкознание. Москва, 1970; Москва, 1972; Москва, 1973.

  8. Хасенов Ә. Тіл білімі, Оқу құралы. Алматы, 1996.

  9. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы, 2001.

  10. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. Москва, 1977.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Солнцев В.М. Язык как структурно-системное образование. Москва, 1977.

2. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы. Алматы, 2002.

3. Система и уровни языка. Москва, 1969.

4. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. Москва, 1974

• Сабақ 4 «Когнитивтік лингвистиканы ғылымының теориялық негізі» (1 сағат)

Жоспары

1. Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы.

2. Когнитивтік лингвистиканының басқа ғылым салаларымен байланысы.

3. Адам танымын қалыптастырудағы психологияның рөлі.

1. Когнитивтік лингвистика ғылымының теориялық негізі мен зерттелу тарихы.

Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу нысанына не жатады, қандай өзекті мәселелерді қарастырады, ұғымдары қандай деген мәселелерге қысқаша шолу жасап өтсек.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралын» жоғары бағалай келе, ғалым «...тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық ... Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нәрсе... түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы» (Жұбанов, 1999; 39) деген аса құнды қортынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнын айғақтау үшін, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» «... өте алыс экскурстерге» барды. Әр пікірін халық санасына жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық «қғымдарға», «көрніс қалыптарға», «образдарға», «ұқсата атауларға» тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұраптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар әлеуметтік-мәдени тәжірибемізді «әуелі көзқарас» (Жұбанов; 95) деп аталады. Сөйтіп, өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анотомиялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвистиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды.

Тіл мен таным, қоршаған ортаны қабылдау және сұрыптау ұстанымдары, ең алдымен, тілдің универсалды ерекше табиғатынан, жалпы адамзат өмірінде атқарар қызметінен туындайды. Генеологиялық, типологиялық, ареалды факторлардың негізінде адам баласының тілі туралы ғана емес, танымы туралы да мәлімет алуға болары хақ. Оған дәлел ретінде көрнекті ғалым Қ.Жұбанов ерекше тоқтала сипаттаған ат қою процесінің даму өзгешелігін атауға болады. «Дүниеге көзқарас арқылы да нәрсеге ат қойылады... Тұрмыста пайдаға асқан затқа ат қойылады» (Жұбанов, 94-95) дей отырып, тілші жалпы есімдер мен жалқы есімдер табиғатындағы «жақындық пен аулақтық тенденцияларына» көңіл аударады. Автор заттарға ат қою процесі «... өздері жоқ жерде сөз қылу» мақсатынан туындаған деп есептейді. Алғашқы дәуірлерден-ақ бастау алған бұл процесс адамның танымын, сыртқы ортамен байланысын айқын көрсететіндіктен, автордың болмыс пен тіл әлемін ұштастырған мәселеге көңіл бөлуі заңды болар деген ойдамыз. Барша қоршаған дүниеден ат қою кезінде тек адам назар аударған не қажет деп тапқан обьектілер ескертілгендіктен, аталмыш процеске бақылау, сұрыптау әрекеттері қатысатыны анық, сондықтан лингвист Е.С.Кубрякова да «... ат қою кезінде тек адам әрекеті бағытталған, адам ойы тоқталған обьектілер ғана нысанаға алынады» деп тұжырымдайды (Кубряков, 1986). Демек тілді немесе қоршаған әлемді зерттеуге арналған тұжырымдар әр ғылым саласында, соның ішінде лингвистикада,«тілде я болмаса тіл арқылы бекітілген деректер мен ілімдер» (Ж. Фолконье) арқылы дәйектеледі. Когнитивистер әлемдік бейне тек тіл арқылы қалыпқа келтіріліп, қайта өркендеуі мүмкін деп пайымдайды. Олар «сыртқы тіл» мен «ішкі тіл» ерекшеліктерін талдау арқылы адам ойының ішкі сипаты және сыртқа шыққан бейнесі сияқты ұғымдарға мән береді. Бұл ретте жалпы тіл білімінде тіл философиясын дамытқан В. фон. Гумбольдт тұжырымдарын атаған орынды. Автор сыртқы тіл негізінде тілдің құрылымдық-жүйелік ерекшелігін,яғни формалық табиғатын сұрыптаса, ішкі тіл мәселесін анықтауда «рух» ұғымына өзгеше назар аударған болатын. Осы орайда, ішкі тіл адамның, халықтың рухын танытатын құбылыс деп қарастырылады, сондықтан рух болмысы үнемі қозғалыс пен даму үстінде болатын тіл негіздері арқылы анықталады деген тұжырымның бастамасы жасалады (Гумбольдт, 1984). Айтылған пікірдің ұтымды жалғасы ретінде қазіргі лингвистердің «ішкі лексикон» ұғымына берген сипаттамсын келтіруге болады. Айталық Е.С. Кубрякова оны тілдің аккумулятивті қызметімен байланыстыра дамытады. Оның пікіріне сүйенер болсақ, бұл ұғым адам тұжырымдамаларының қоры, тәжірибесінің жүйеленер орны болып табылады (Кубрякова, 1991), себебі адам бейнелеуіндегі әлем, бір жағынан, жеке тұлғаның субьективті танымының жемісі болса, екінші жағынан, ол кез-келген қабылдаудың астарында жататын қоғамдық факторлармен де үздіксіз байланыста дамитын ортақ тәжірибелік көрсеткіш ретінде қарастырылады.

Когнитивті лингвистика – танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, оның негіздері бойынша бір тілдік жағдай қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылысипатталып, әр келкі деңгейде қабылданады. «Когнитивті лингвистика – тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт» (В. Демьянков, 21), сол себепті тілдік құрылымдардың ақпаратты өңдеу барысындағы қызметін айқындау, өзге танымдық құбылыстармен байланысын сұрыптау аталмыш саланың негізгі мәселелерін жүйелеуге көмектеседі.

Танымдық немесе когнитивті линвистика мәселелері ғалымдар назарына аталмыш терминнің пайда болуынан әлде-қайда ертерек ілікті. Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымына адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным миханизімі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген (1;53). Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында «когнетивті» деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келеді, сондықтан когнетивті лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар да біркелкі болған жоқ. Кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа деректермен толықтырғанын мойындағанмен, бұл бағыттың лингвистикаға соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнетивті лингвистиканың орнықпағанын, ең алдымен, когнитивті емес лингвистиканың жоғымен түсіндіруге болатындығын ескертеді. Алайда, екінші топ ғалымдары құрылымдық тіл білімін танымдық лингвистикаға қарсы қоя отырып, когнитивті бағытта ХХ ғасырдың аяғында дүниеге келген «көтеріліс», «бетбұрыс» деп түсіндіреді (В.Б.Касевич, 1998; П.Б.Паршин, 1996). Нәтижесінде тілшілер когнетивті лингвистиканы пәнаралық байланыстың көрсеткіші, тілдік ілімдер тоғысы деп бағалайды. Сөйтіп жалпы ғылыми дереккөздер негізінде когнетивті ғылымды немесе когитологияны, когнитивті психологияны, мәдинеттануды қарастырса, лингвотанымды дамытушы алғышарттарға лингвистикалық семантика, лингвистикалық типология, этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі мәселелерін жатқызады (Маслова, 18-22). Ғалымдардың айтуына қарағанда,семасиология ұстанымдары мен категориялары адамзат танымының нәтижесін құрайды (Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия), ал тілдік типология заңдылықтары тілдің универсалды құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді.

Тіл білімінде танымдық бағыттың негізі Н.Хомскийдің, Дж.Миллердің, Ф.Джонсон-Лэрдтің, Дж. Лакоффттың, Р.Шенктің, М.Джонсонның, Т.А.ван Дейктің т.б. зерттеулеріне сүйене дүниеге келді. Кейін аталмыш ғылым саласы орыс тіл білімінде Н.Д.Арутюнова, Е.Г.Беляевская, Е.С.Кубрякова, В.С.Демьянков, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия, В.А.Масолва сынды өзге де ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп келеді. 1975ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивті грамматиканы ұсынамыз» атты мақалалары, 1985ж Ж.Факоньенің «Ментальды кеңістік» атты зерттеуінің 1-томы, ал 1991ж. 2-томы жарық көрді. Танымдық мәселелерге өзіндік тұжырммен келген зерттеулер қатарында ғалымдар Дж.Лакоффтың «Әйел, от және қауіпті заттары» мен М.Джонсонның «Тән ойлау үстінде» атты кітаптарын да атап өтеді. 80-жылдардың аяқ шенінде «Бенджаминс» баспасынан Б.Рудзки-Остынның басқаруымен дайындалған «Когнитивті лингвистика мәселелері» атты көлемді мақалалар топтамасы да шығарылды. Аталған ғылыми зерттеулердің әрқайсысы тілдің танымдық ерекшелігін әр қырынан сипаттай отырып, когнитивті лингвистиканың теориялық ұстанымдары мен бірліктерін айқындауға, танымдық элементтердің адам санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, Чейф программасы жады қызметін ұйымдастыру теориясы деп аталып, жадының түрлері мен ерекшеліктерін белгілі бір жағдайларға қатысты зерттеуге бағытталды. Осыған орай ғалым жадының үш түрлі сипатына анықтама берді: атүсті, қысқа мерзімді және ұзақ уақытты жады. Р. Шенк пен оның шәкірттері адамның ойлау әрекеттерін сұрыптайтын кешенді теория мен концептуальды байланыстар теориясы сабақтастыра келе, концептуальды хабарларды өңдеу мәселелерімен шұғылданды. Р. Шенк барлық білім атаулыны тек лингвистикалық терминдермен түсіндіруге болмайды дей отырып, концептуальды байланыстар тілін ойлап шығарды, оның негізінде ауысудың екі түрі жатты: Р – Тrans – физикалық ауысу; М – Trans – интелектуальды ауысу. Тіл мен танымның арақатысын толық қабылдай қоймаған бұл ілімнің нақты танымдық үлгілерді құрастыруда, түсіну процесіндегі танымдық күтудің маңызын сипаттауда өзіндік жетістіктері де болды. Ғалым зерттеулеріне қызығушылық, түсіндіру, жады, күту секілді категорияларды арқау етіп, алғашқы когнитивті теориялық бірліктердің тізбегін, когнитивті операцияларды немесе концептуальды нәтижелер заңдылықтарын ұсынды. Дж. Лакофф бағдарламасына когнитивті модельдер, семантика, лингвистикалық гештальт, семантикалық прототип теориясы (немесе санаға тәуелсіз шығармашылық деңгейде жүзеге асатын танымдықпроцестер) секілді мәселелер енді. Н. Хомский негізін қалаған фразалар мен сөйлемдерді құрастырудағы морфемаларды тіркестірудің жалпы ережелері тіл білімінде маңызды өзгерістер әкелген құнды тұжырымдар қатарында бағаланып, универсалды, кейде генаративті грамматика деп аталады. Ж. Фоконьенің ментальды кеңістігі танымдық бағытты дәстүрлі логика-прагматикалық мәселелермен байланыстырудан туындады.

1990 жылдарға дейін когнитивті тіл білімі бір-бірімен тоғыса қоймаған жек зерттеу бағдарламаларын, ғылыми көзқарастар жиынтығын құрады. Оған жоғарыда аталған еңбектерді қоса, тілшілер маңызды танымдық қорытындылар жасаған Т. ван. Дейктің, Дж. Хэйманнның, Т. Гивоның ғылыми көзқарастарын да жатқызады. Когнитивистер тек 1980-1990 жж. Бастап дүниеге келген жұмыстар ғана жаңа сипаттағы, тың үлгідегі когнитивті зерттеулердің бастамасын құрды деп есептеді (В.А. Маслова).

Ресейлік зерттеулердің бастамасын 1985 ж. В.И. Герасимов ұсынған шолу, 1988 ж. Баспадан шыққан, тілдің когнитивті аспектілеріне арналған «Шетел тіл біліміндегі жаңалық» атты жинақтың ХХІІІ томы құрды. 1995 ж. Жазылған орыс тіліндегі аудармалардың топтамасы да «Тіл және интелект» деп атала отырып, тіларалық ғылыми байланыстың дамуына ерекше үлес қосқан еңбектердің ішінде В.А. Маслова, Ю.С. Степановтың 1997 ж. шыққан «Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі» зерттеуін ерекше атап өтеді. «Бұл орыс мәдениетінің құндылықтарын жинақтаған алғашқы еңбек бола тұра, концепт, констант ұғымдарының да мәдени негіздерін талдауға бағытталған аса қажет зерттеулер қатарын құрады. Мұнда «Шындық», «Заң», «Махаббат», «Сөз», «Жан», «Ғылым»...константтарының сипаттамасы нақтыланып берілді» дей келе автор маңызды лексикографиялық жұмыстарға 1996 ж. Е.С. Кубрякованың редакциясымен жарық көрген «Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігін» жатқызады (Маслова, 23). Адамзат болмысының универсалды сипатын айқындау тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін сұрыптауға көмектесті. Барша адам баласына тән биоанотомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі табиғи болмыс бітімнің әлеуметтік мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылды. Сондықтан жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі – сыртқы сабақтастығын әрқайсысының динамикалы қозғалысын өрбітуді, сол арқылы жеке мен жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды мақсат етіп отыр. Қазіргі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса маңызды жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс жасауда, ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл мен оның құралдарын қарастыру қажеттігін дәйектеп көрсетуде. Тіл адамның сыртқы ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден байқаған. Олар сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін түсіндіруде тіл пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған. Ат қою мен ұқсату арқылы да жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның танымдық қорына енетін үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар саны көбейе түсетінін дәлелдеген. Демек, адам әрекетінің когнитивті аясы екі категорияға байланысты:

  • интелектуалы «жоғары» категорияларға немесе білім, сана, ойлау, ақыл, шығармашылық, қиял, арман, символ секілді ұғымдардың ерекше ұштасқан әлеміне;

  • «күнделікті тіршілік» категорияларына, яғни практикалық әрекет, естелік, көңіл бөлу, тану, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алар іс-қимылдар тізбегіне (Алефиренко, 196).

Осы айтылғандардан шығатын шығатын тұжырымдар негізінен мыналар:

1. Когнитивті лингвистика – тіл білімінің маңызды саласы.

  1. Тіл мен таным арақатынасы – танымдық лингвистика нысаны.

  2. Тілдік заңдылықтар мен танымдық ұстанымдардың адам санасында, жадында көрініс табуы.

  3. Когнитивті лингвистиканың өзге ғылымдармен байланысы күшті.

■ Модуль 2 «Когнитивтік лингвистика ілімінің тарихы»

► Блок 1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

• Сабақ Когнитивтік лингвистика ілімінің қалыптасу тарихы. «Кіріспе. Көне дәуір және орта ғасыр тіл білімі». (1 сағат)