Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / __АЗА__ __ДЕБИЕТН О__ЫТУ __ДСТЕМЕС Силабусс.docx
Скачиваний:
142
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
209.14 Кб
Скачать

Ендігі жерде Қазақстандағы Халық ағарту ісі, мектептердегі оқу-тәрбие ісі де кеңестік саясаттан туындап отырды. Мектеп коммунистік идеологияны ұрпақ санасына ендіру институтына айналды.

1924 жылы ғана Қазақстанның Халық ағарту Комиссариатының Білім орталығы қазақтың төрт жылдық мектептері үшін уақытша программалар жасады. 30-жылдардың бас кезінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құрудың және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін айқындап берді.

30-жылдардың аяғында қазақ әдебиеті үшін болған үлкен өзгеріс 5-7 кластарға арналған оқулықтар «Әдебиеттік оқу» болып шыға бастады. Бұған дейінгі бастауыш және орталау мектепттің оқу кітаптарына «Ана тілінен оқу кітабы», «Әдебиеттану оқу кітабы», «Көркем әдебиет жинағы», «Әдебиет хрестоматиясы» сияқты аттар қойылып келген еді. Ендігі жерде орыс мектептеріндегі тәжірибеге сүйене отырып, 5-7 кластарда әдебиеттің оқу курсында тарихи-әдебиеттік мәселелерді сөз етпей-ақ, сабақ барысы белгілі бір шығарманың идеялық-көркемдік жақтарын ашуға ғана бағытталды.

Әдебиеттік оқу белгілі бір шығарманы мазмұн мен түр бірлігі негізінде оқытуға бағытталады. Тарихи - әдебиеттік проблемалардан оқушы мен мұғалімнің назары шығарманың идеялық – көркемдік жақтарын ашуға, оның құрылысы мен тіліне аударылады. Әдебиеттік оқу орта мектептің 5 – 7 сыныптарында өткізілетін болды. Әдебиет тарихын мектепте осы кезден бастап 8, 9, 10 сыныптарға бөліп оқыту принциптері жүзеге асырыла бастады. 8 сыныпта ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының алғашқы мәліметтерін қамту, 9 сыныпта ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы және ХХ ғасыр басындағы әдебиетті оқыту, 10 сыныпта кеңес әдебиетін оқыту принципі қабылданды.

Әдебиет оқулығын жасаудағы осы жаңа принцип бойынша алғашқы оқулықтар жазылып шықты. Олар 1939 жылы басылып шыққан Ш.Кәрібаевтың(5 класс), Қ.Бекхожиннің(6 класс), А.Көшімбаевтың(7 класс) «Әдебиеттік оқу кітаптары» еді.

Әдебиет тарихын мектепте оқытудың жаңа үлгісі негізінде оқулықтар жасау ісіне бұл кезде Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев сынды әдебиетші ғалымдар ат салысып, қазақ әдебиеті тарихының мектептік курсын жасауға, сол жобамен кейін үлкен әдебиет тарихын негіздеуге аса мол еңбектер сіңірді. 8 класқа Қ.Жұмалиев, 9 класқа Е.Ысмайылов оқулықтар жазды. 10 класс үшін «Қазақ совет әдебиеті» курсын Ғ.Мүсірепов, Қ.Бекхожин, С.Сейітов, Қ.Жармағамбетовтер қатысқан авторлар тобы жасап отырды.

9 класс оқулығының кейінгі басылымдарын Е.Ысмайылов пен Қ.Жұмалиев, одан кейін Қ.Жұмалиев пен С.Мұқанов жазды. Одан басқа Отан соғысынан кейінгі әдебиет оқулығын жасау ісіне М.Ғабдуллин, З.Қабдолов, А.Нұрқатов, М.Базарбаев, Б.Сахариев, Ә.Шәріпов, М.Сармұрзина, М.Хасенов, Ш.Аманов, Ш.Ахметов, Т.Ақшолақов т.б. әдебиетші ғалымдар қатысты.

1937 – 1938 жылдары шыққан әдебиет хрестоматиялары (5 сынып - Ә.Тәжібаев, 6 сынып – М.Әуезов, 7 сынып – Д.Әбілов, 8 сынып – С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин, 9 сынып - әуелі Үсенов кейін Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақов, 10 сынып – М.Жанғалин мен С.Ерубаев) да бұл салада бірталай тәжірибе жинақтауға себепкер болды.

Ал бағдарламаның әдістемелік нұсқауларының кеңейтілуі 1941 жылы жетілдіріліп шығарылған бағдарламада көрініс тапты. Бұл бағдарлама бұрынғы бағдарламаларға қарағанда әдістемелік, білімдік жағынан әлдеқайда сапалы екенін танытты. Сөйтіп бұл бағдарлама 1947 жылға дейін қолданылып келді.