Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / __АЗА__ __ДЕБИЕТН О__ЫТУ __ДСТЕМЕС Силабусс.docx
Скачиваний:
142
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
209.14 Кб
Скачать

Кәсіби іс-тәжірибе оқу бағдарламасы бойынша 7-ші семестрде ұйымдастырылады. Іс-тәжірибе алдыңғы семестрлерде алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде жалғастыруға негізделіп, 10 аптаға жоспарланған.

Белгіленген уақыттың алғашқы аптасында мектептегі пән мұғалімдерінің сабақтары мен тәрбие жұмыстарына қатысып, студент-іс-тәжірибешілер өзіндік пікірлерін қалыптастырады және оқушылардың білім деңгейлеріне назар аударады. Ал, келесі апталарда негізгі іс-әрекеттерге, яғни сабақ кестесі бойынша белгіленген сабақтар мен тәрбие жұмыстарымен пән мұғалімі және сынып жетекшісі ретінде қызметке кіріседі. Бұл апталарда қалыпты сабақтар мен тәрбие жұмыстарымен қатар, бір ашық сабақ және ашық тәрбие сағаттарын өткізуге міндетті.

Сонымен қатар іс-тәжірибені өткізуде факультет, кафедра меңгерушісі, топ жетекшісі, базалық іс-тәжіирбе басшысы, зерттеуші топ пен ұйымдардың басшылары бақылау жұмыстарын жүргізеді.

Топ жетекшісі әр аптада 2-3 рет базалық мектептерде болып, студент-іс-тәжірибешілердің өз міндеттерін атқару әрекеттеріне міндетті түрде бақылау жасауға және олардың тарапынан туындаған мәселелерге жауап беруге тиіс.

Университеттің базалық мектептері болып табылатын іс-тәжірибе базаларымен келісім-шарт рәсімдері жасалады.

Анықтаушы конференцияны өткізу уақыты мен тәртіб белгіленіп, студенттерді іс-тәжірибеге бағыттау рәсімдері жүргізіледі.

Іс-тәжірибе орындарында студенттердің инновациялық іс-әрекетте қатысу дәрежесі қалыптасуға тиісті шаралар жасалады.

Іс-тәжірибе бойынша есептерді дайындау және қорғау тәртібі түсіндіріледі.

Іс-тәжірибені өткізу тәртібі оның негізгі кезеңдердіталдауын қамтамасыз етуге арналған іс-тәжірибе алдындағы конференция ұйымдастырылып, онда қажетті мәселелерге көңіл аударылады.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]

2.3. Семинар сабақтардың жоспары:

1 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні

І апта. І кредит- сағат.

Сұрақтар:

  1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән

  2. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері

Тапсырмалар: Орта мектепте әдебиеттің пән ретінде оқытылу мәселелерін баяндаңыздар. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі міндет-мақсаты, басқа пәндермен ықпалдастығы, оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға негізделуі туралы әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:3]; 2. [1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:6]; 5. [1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.

2 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

ІІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1. Қадым мектебі, өзіндік ерекшеліктері, білім берудегі көздеген мақсаты, пайдасы мен кемшіліктері

  1. Жәдит мектебі, қадымша оқудан айырмашылықтары, білім берудегі артықшылықтары мен жетімсіз жақтары

  2. Медреселік білім беру жүйесі, оның прогресшіл жақтары

Тапсырмалар: Қадым мектебі мен жәдит мектебінің білім берудегі артықшылықтары мен жетімсіз жақтарын баяндаңыздар. Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтарын әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді басшылыққа алыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар. Баспасөз, ғаламтор материалдарын пайдаланыңыздар.

3 семинарлық сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – ағартушы ұстаз, тарихи тұлға

ІІІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1.Ы.Алтынсариннің халық ағарту саласындағы тарихи тәжірибесі

2.Ы.Алтынсарин ағартушылық көзқарасының қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтары(К.Д.Ушинский, А.Корф, Л.Н.Толстой т.б.) тәжірибелерімен байланыстылығы

3.Ы.Алтынсариннің оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары

Тапсырмалар: Ы.Алтынсариннің оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтарын қазіргі қазақ әдебиетін оқыту мәселелерімен байланыстырып әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:5]; 2. [1.7:6]; 3. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:3]; 2.[1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:14]

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша ғылыми еңбек, мақалалармен танысыңыздар.

4 семинарлық сабақ тақырыбы: Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы

ІҮ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1.1917-1927 жылдар. Әдебиет пәннінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы

2.1939-1990 жылдарда әдебиеттің мектепте оқытылу жайы

3.Әр кезеңде мектептке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтары(С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ш.Кәрібаев, Т.Ақшолақов т.б. еңбектері)

Тапсырмалар: Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің даму тарихы жөнінде әңгімелеңіздер. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарламаларға(5-9, 10-11 сыныптар) талдау жасаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]; 4. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10]; 4. [1.7:14]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар. Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыздар.

5 семинарлық сабақ тақырыбы: 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі бетбұрыс

Ү апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Әдеби білім тұжырымдамасы(1991, 1997 жж.)

Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар

Оқытудың жаңа технологиясы

Тапсырмалар: Жаңа білімді меңгерту технологиясы, инновациялық технология түрлері, қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың жолдары жөнінде әңгімелеңіздер. Модульдік оқыту жүйесінің ерекшелігіне тоқталыңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:3]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:11]; 2.[1.7:15]; 3.[1.7:16];

4.[1.7:17]

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша ғылыми еңбек, мақалалармен танысыңыздар. Ғаламтор материалдарын пайдаланыңыздар.

6 семинарлық сабақ тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

ҮІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1.5-7 сыныптардағы әдеби оқу, оның негізгі мақсат-міндеттері, жанрлық-хронологиялық принциптері

2.8-9 сыныптағы әдеби оқу, тарихи-хронологиялық принциптері

3.10-11 сыныптардағы тарихи-әдеби курсты оқыту өзгешеліктері

Тапсырмалар: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысына қазақ әдебиеті пәні бағдарламалары негізінде талдау жасаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:8]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:14]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар. Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыздар.

7 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи әдеби курсты жоспарлау

ҮІІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1.Күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі

2.Сабақ түрлері(жаңа сабақ, қайталау, тексеру, бекіту сабақтары)

3.Дәстүрлі емес сабақтар(экскурсия, баспасөз, сайыс, дуэт, кітапханалық, мұражайда өтетін сабақтар т.б.)

Тапсырмалар: Қазіргі республика көлеміндегі әдіскер ұстаздардың әдіс-тәсілдеріне байланысты еңбектермен, сабақ үлгілерімен, талдамаларымен танысыңыздар. («Білім - Образование», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары бойынша). Дәстүрлі және дәстүрлі емес(баспасөз, сайыс, дуэт сабағы, конференция, саяхат, телесабақтар т.б.) сабақ түрлеріне мысал келтіріңіздер. Олардың айырмасы мен ұқсастықтарын айқындаңыздар. Пәнаралық байланыс туралы әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:9]; 2.[1.7:10]; 3.[1.7:11]; 4.[1.7:13]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:14]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар. Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыздар.

8 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері

ХІҮ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Оқытудың ауызекі әдістері(әңгіме, баяндау, лекция, пікірлесу т.б.)

Оқытудың көрнекілік әдістері(кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация)

Оқытудың практикалық әдістері(ауызша, жазбаша жаттығулар)

Әдебиетті оқытудың шығармашылық оқу, эвристикалық, зерттеу, репродуктивтік әдістері

Тапсырмалар: Оқытудың ауызекі, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістері жөнінде әңгімелеңіздер. Түсіндірмелі, проблемалық, репродуктивті, эвристикалық зерттеу әдістері туралы баяндаңыздар. Проблемалық тапсырмалар құрастырыңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:10]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:12]; 2.[1.7:14]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша ғылыми еңбек, мақалалармен танысыңыздар. Ғаламтор материалдарын пайдаланыңыздар.

9 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиет пәнінің мұғалімі

ҮІІІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1.Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбеті

2.Қайраткер ұстаздардың(Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Көбеев, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева т.б.) мұғалімдік тәжірибелері, озық өнегелері

3.Әдебиет пәнінің мұғалімі және уақыт талабы

Тапсырмалар: Әдіскер ұстаздардың озық іс-тәжірибелері жөнінде әңгімелеңіздер. Қазіргі әдебиет пәні мұғалімінің бет-бейнесі, келбеті туралы ой бөлісіңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

Әдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттер мен баспасөз, ғаламтор материалдарын пайдаланыңыздар.

10 семинарлық сабақ тақырыбы: Оқушылардың көркем қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

ІХ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1.Орта(5-7, 8-9) сынып оқушыларына тән психологиялық ерекшеліктер

2.Жоғары(10-11) сынып оқушыларына тән психологиялық ерекшеліктер

3.Дарынды оқушылар

Тапсырмалар: Орта буын және жоғары сынып оқушыларына тән психологиялық ерекшеліктерді, көркем шығарма кейіпкерлері жас ерекшеліктері мен іс-әрекет, мінез-құлықтарын мысалға ала отырып баяндаңыздар. „Дарын“ орталығының жұмысы жөнінде әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:8]; 2.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

Әдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттер мен баспасөз, ғаламтор материалдарын пайдаланыңыздар.

11 семинарлық сабақ тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.

Х апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Көркем туындыны талдау түрлері(образ бойынша талдау, тақырыптық талдау, проблемалық талдау, тұтас талдау)

Эпикалық шығармаларды оқыту.

Драмалық шығармаларды оқыту

Лириканы оқыту

Тапсырмалар: Көркем туындыны талдау түрлері жөнінде әңгімелеңіздер. Эпикалық шығарманы оқыту ерекшеліктеріне тоқталыңыздар. Мәнерлеп оқу мәселелерін(психологиялық, грамматикалық, логикалық кідірістер) түсіндіріңіздер. Драмалық шығармаларды оқыту барысында сценарий, сценировка құрастыру жөнінде әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:12]; 4.[1.7:15]; 5.[1.7:16]; 6.[1.7:17]; 7.[1.7:18]; 8.[1.7:19]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:14]; 2.[1.7:16]

Әдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттер мен баспасөз, ғаламтор материалдарын, эпикалық, драмалық, лирикалық шығармаларды оқытуға қатысты сабақ үлгілері талданған өздік жұмыс дәптерлеріңізді пайдаланыңыздар.

12 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиет сабағы

ХІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары

Жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту

Үйге тапсырма беру, оны тексеру, бағалаудың критерийлері

Әдебиет сабағының көрнекілігі

Тапсырмалар: Тіл дамыту жұмыстарының түрлерін атаңыздар. Шығарма жазуға төселдірудің жолдарын әңгімелеңіздер. Шығармаға жоспар (жай және күрделі жоспар) жасаңыздар. Шағын эссе, сыр толғау, ой толғау жаздырту жолдарын баяндаңыздар. Көрнекілік түрлерінің үлгілерін жасаңыздар. Оқушы білімін тексеру, бағалаудың жолдарын анықтаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:21]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:6]; 2.[1.7:10]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар. Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыздар.

13 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

ХІІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

1.Кіріспе сабақтар

2.Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі

3.Қорытынды сабақтар

Тапсырмалар: Көркем мәтінді талдау жолдарын ажырата отырып, мысалмен дәйектеңіздер. Мазмұндау түрлеріне байланысты мәтіндік мысал келтіріңіздер. Көркем мәтінмен жұмыс жүргізіңіздер. Абай өлеңдеріне әдеби талдау жасаңыздар. Абай өлеңдеріндегі жаңашылдық, Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі болып қалыптасқан ұйқас, буын түрлеріне мысал келтіріңіздер. Қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтары туралы әңгімелеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыздар.

14 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

ХІІІ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Сыныптан тыс жұмыстар(мерекелік датаға арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі т.б.)

Сыныптан тыс оқу

Факультативтік сабақ

Тапсырмалар: Оқушының әдеби тіл байлығын кеңейтуде сыныптан тыс және өз беттерімен істейтін жұмыс түрлерін атаңыздар. Сыныптан тыс оқу сабақтары жөнінде баяндаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:22]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3.[1.7:10]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.

15 семинарлық сабақ тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

ХІҮ апта. І кредит-сағат.

Сұрақтар:

Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттері

Практикант студенттердің атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары

Тапсырмалар: Педагогикалық практика студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең болып табылатындығын, студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру екендігін дәлелдеңіздер. Студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары жөнінде баяндаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]

Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Ұсынылған оқулықтардағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыздар.

2.4. Лабораториялық сабақтар жоспары – қарастырылмаған.

2.5.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырма бойынша дәріс тезистерімен танысу. Оқулықтағы тақырып бойынша қажетті ғылыми еңбектерді оқу, қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу. Мерзімді әдеби басылымдар және ғаламтор сайттарындағы дерек көздерін қолдану.

СОӨЖ өткізу түрі: 1. әңгімелесу; 2. қажетті әдебиеттерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беру; 3. берілген әдебиеттер бойынша конспект жасау; 4. ұсынылған тақырыптар бойынша реферат жазу; 5. күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспарлары үлгілерін дайындау; 6. сыныптан тыс жұмыс үлгілеріне талдау жасау.

Апта І-ІІ. СОӨЖ 3 сағат

1 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні

Тапсырмалар: Әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері т.б. сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:3]; 2. [1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:6]; 5. [1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

2 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

ІІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Еуропаның білім беру жүйесі мен шығыстық дәстүрлі үлгі. Татар ағартушысы Исмаил Гаспыралы негізін салған жәдит мектептері.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

3 СОӨЖ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – ағартушы ұстаз, тарихи тұлға

ІІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Ы.Алтынсариннің таза қазақ мектептерін ашудағы еңбегі. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының»(1979) алатын орны. Хрестоматия материалдарының тәрбиелік-өнегелік жақтары.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:5]; 2. [1.7:6]; 3. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:3]; 2.[1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:14]

4 СОӨЖ тақырыбы: Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы

ІҮ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: БКП(б) Орталық Комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулысы. 30-жылдардың екінші жартысындағы бағдарламалар мазмұны мен құрылысы. КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, дамыту мақсатындағы 1958 және 1985 жылдардағы мектеп реформалары.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]; 4. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10]; 4. [1.7:14]

5 СОӨЖ тақырыбы: 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі бетбұрыс

Ү апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Оқытудың жаңа технологиялары. Әдеби білім берудегі модульдік жүйе, оның өзіндік ерекшеліктері. Ғылыми-әдістемелік басылымдардың мұғалім біліктілігін арттырудағы рөлі.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:3]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:11]; 2.[1.7:15]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

6 СОӨЖ тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

ҮІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім беру принциптері(дамыта оқыту, сатылай, сұрыптай оқыту, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік т.б.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:8]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:14]

7 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи әдеби курсты жоспарлау

ҮІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспарлары.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:9]; 2.[1.7:10]; 3.[1.7:11]; 4.[1.7:13]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:14]

8 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері

ҮІІІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары(Скаткин, Лернер, Кудряшов т.б. ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің 5 түрлі жүйесі). Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі(проблемалап оқыту(М.И.Махмутов т.б.), саралап оқыту(И.Э.Унт т.б.), дамыта оқыту(Ю.Б.Элконин)).

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:10]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:12]; 2.[1.7:14]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

9 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет пәнінің мұғалімі

ІХ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиеттегі оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамытып, ұғымды шешен сөйлеуге баулу. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

10 СОӨЖ тақырыбы: Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

Х апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Мектепте берілген әдеби білімнің жалпы бағыт-бағдары, шеңбері, оқу аймағы оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қабылдауына сәйкес белгіленетіні. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:8]; 2.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

11 СОӨЖ тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.

ХІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіні. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының ішкі әлеміне бойлатудағы айрықша қызметі. Эпикалық, драмалық және лирикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:12]; 4.[1.7:15]; 5.[1.7:16]; 6.[1.7:17]; 7.[1.7:18]; 8.[1.7:19]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:14]; 2.[1.7:16]

12 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет сабағы

ХІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Қазіргі кездегі әдебиет сабағына қойылатын талаптар. Әдебиет сабақтарының ұйымдастырылуы жөніндегі еңбектерге шолу. Сабақта көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге шолу.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:21]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:6]; 2.[1.7:10]

13 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

ХІІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Жазушы өмірбаянын оқыту. Шолу тақырыптарды оқыту. Сабақта әдеби-сын мұраларды пайдалану. Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. Жазушы өмірбаянын, шолу тақырыптарын, әдеби-сын мұраларды, әдебиет теориясы мәселелерін оқытуға қатысты еңбектерге шолу.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]

14 СОӨЖ тақырыбы: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

ХІҮ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Мектеп оқушысына әдеби білім беру ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүргізілетіні. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың тәсілдері. Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу. Факультативтік сабақты жүргізу әдістемесі.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:22]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3.[1.7:10]

15 СОӨЖ тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

ХҮ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Әдебиет пәні бойынша өткізілетін апталықтар жөнінде баяндаңыздар. Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарық көрген сыныптан тыс жұмыс үлгілері(музыкалық-композициялық кеш т.б.).

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]

2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.

Тақырып атауы

СӨЖ

1

Көркем мәтінді автор ізімен талдау

3

2

Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары

3

3

Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары

3

4

Әңгіме жанрын оқыту

3

5

Мысал жанрын оқыту

3

6

Ертегілерді оқыту

3

7

Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту

3

8

Батырлар жырын оқыту

3

9

Лириканы оқыту

3

10

Поэманы оқыту

3

11

Драмалық шығармаларды оқыту

3

12

Жазушы өмірбаянын оқыту

3

13

Шолу тақырыптарын оқыту

3

14

Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту

3

15

Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту

3

Барлығы:

45

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларға қатысты теориялық мәселелерді және тарихи материалдарды меңгеру үшін тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыздар. Конспект және слайд жасау барысында негізгі мәселелерге назар аударыңыздар. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспарына сай оқу құралдары мен оқулықтарды пайдаланыңыздар.

1 СӨЖ тақырыбы: Көркем мәтінді автор ізімен талдау

І апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Тақырып бойынша конспект жасаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:6]; 2. [1.7:7]; 3. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

2 СӨЖ тақырыбы: Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары

ІІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Тақырып бойынша конспект жасаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:5]; 2. [1.7:6]; 3. [1.7:7]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10].

3 СӨЖ тақырыбы: Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары

ІІІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Тақырып бойынша конспект жасаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:5]; 2. [1.7:6]; 3. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:3]; 2.[1.7:4]; 3. [1.7:5]; 4. [1.7:14]

4 СӨЖ тақырыбы: Әңгіме жанрын оқыту

ІҮ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Әңгіме жанрының өзіне тән ерекшелігін ашып, мысалдармен дәйектеңіздер. Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы әңгімелеріне мәтіндік жоспар құра отырып, талдау жасаңыздар. «Ана, сенің балаңмын», «Ана мейрімі», «Ананың аялы алақаны» тақырыптарына мөлтек сыр, ой толғау жазыңыздар.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]; 4. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10]; 4. [1.7:14]

5 СӨЖ тақырыбы: Мысал жанрын оқыту

Ү апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Қазақ әдебиеті пәні бағдарламаларына енген мысалдарды талдап, мәнін анықтаңыздар. Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:3]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:11]; 2.[1.7:15]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

6 СӨЖ тақырыбы: Ертегілерді оқыту

ҮІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Ертегілердің жанрлық ерекшелігін, сюжеті мен композициясындағы өзгешеліктерді айқындаңыздар. Ертегілердің тіліне, көркемдігіне талдау жасаңыздар. Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:8]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:14]

7 СӨЖ тақырыбы: Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту

ҮІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, С.Торайғыровтың, М.Дулатовтың т.б. ақын-жазушылардың маңызды проблемалар көтерген мақалалары мен хаттарын оқытуда орындалатын жұмыс түрлеріне талдау жасаңыздар. Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:9]; 2.[1.7:10]; 3.[1.7:11]; 4.[1.7:13]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:14]

8 СӨЖ тақырыбы: Батырлар жырын оқыту

ҮІІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Батырлар жырын оқытуда көңіл бөлінетін мәселелерге талдау жасаңыздар. Жырға әдеби талдау жасау үлгісін көрсетіңіздер. Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:10]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:12]; 2.[1.7:14]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

9 СӨЖ тақырыбы: Лириканы оқыту

ІХ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: А.Құнанбайұлының «Қыс», «Күз», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдеріне көркемдік жағынан талдау жасаңыздар. Қазіргі поэзия өкілдерінің қазақ әдебиеті пәні бағдарламаларына енген өлеңдеріне талдау жасаңыздар. Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

10 СӨЖ тақырыбы: Поэманы оқыту

Х апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: А.Құнанбайұлының «Масғұт», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларының сюжетін игере отырып, кейіпкерлеріне талдау жасаңыздар. Поэмалардағы романтикалық сипатты ашыңыздар. Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:8]; 2.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

11 СӨЖ тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту

ХІ апта. 3 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Драмалық шығармалардың ерекшелігін(тақырып, кейіпкер бейнесі, тартыс сипаты) дәлелдеңіздер. Шағын пьеса, инсценировка, драма тілі мәселелеріне талдау жасаңыздар. Дайын сабақ үлгісін талдаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:7]; 5.[1.7:8]; 6.[1.7:9]; 7.[1.7:10]; 8.[1.7:11]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:14]; 2.[1.7:16]

12 СӨЖ тақырыбы: Жазушы өмірбаянын оқыту

ХІІ апта. 2 кредит-сағат.

Тапсырмалар: Мемуар, ғұмырнамалық шығарма, деректілік, түптұлға ұғымдарының мәнін ашыңыздар. Жазушы өмірбаянын оқытуға қатысты дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақ үлгісін дайындаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:6]; 2.[1.7:10]

13 СӨЖ тақырыбы: Шолу тақырыптарын оқыту

ХІІІ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Шолу тақырыптарын өтуде мұғалімге жүктелетін жұмыс түрлерін анықтаңыздар. Шолу тақырыптарын оқытуға қатысты дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақ үлгісін дайындаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]

14 СӨЖ тақырыбы: Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту

ХІҮ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Абай туралы әдеби-сын, зерттеу еңбектерді оқыту мәселесіне талдау жасаңыздар. Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқытуға қатысты дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақ үлгісін дайындаңыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:11]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3.[1.7:10]

15 СӨЖ тақырыбы: Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту

ХҮ апта. 3 кредит- сағат.

Тапсырмалар: Әр сынып бойынша әдеби-теориялық ұғым беру мәселесіне талдау жасаңыздар. Өздеріңіз дайындаған сабақ үлгілері бойынша слайд жасаңыздар. Слайд негізінде әдеби-теориялық ұғымдардың көркем шығармамен тығыз байланыста үзбей оқытылатындығын дәлелдеңіздер.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]

2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Реферат тақырыптары:

Үш жүздің басын қосқан – Абылай

Бұқар – ел бірлігінің жаршысы

Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы

Абай гуманизмі

Махамбет – шыншыл да, сыншыл ақын

Әдебиет сабағы – ізгілік бастауы

Лириканы оқыту мәселелері

Интеграциялық сабақтардың тиімділігі

Мәдени мұра және оны оқыту

М.Әуезовтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі

Көркем мәтінге талдау жасау жолдары

Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары

Кейіпкерге мінездеме беру жолдары

Көркем шығарманы талдаудың жолдары

Әдебиет сабағының түрлері

Әдебиет сабағындағы әдіс-тәсілдер

М.Әуезов әңгімелерін оқыту

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқыту

Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары

Курстық жұмыстар тақырыптары:

1. М.Дулатұлы шығармаларын оқытуда тәлім-тәрбие беру

2. Мектепте Жамбылды танытудың жаңа жүйесі

Оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда әдебиеттің ролі

Дамыта оқытудың тиімділігі

Шешендік өнер – даналық көзі

Оқушыларға инновациялық әдістер арқылы терең білім берудің жолдары

Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту

Ұрпақ тәрбиесі – келешек тұтқасы(оқыту мен тәрбие процесі)

Кәсіби шеберлікті шыңдау мәселелері

Әдебиетті тереңдетіп оқыту

Лириканың көркемдік жүйесін таныту

Көркем шығарманың композициясы мен сюжетін таныту

Модульдік оқытудың тиімділігі

Батырлар жырын оқыту ерекшеліктері

Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары

Курстық жұмысты рәсімдеу үшін әдістемелік нұсқау:

тысының жоғарғы жағына министрлік, ЖОО, кафедрасы көрсетіледі.

тысының орта тұсына «Курстық жұмыс» деп, астына тақырыбы жазылады.

сәл төменірек студенттің аты-жөні, тобы, мамандығы, бөлімі, ғылыми жетекшісі көрсетіледі.

төменгі жағына «Қарағанды-200 » деп жазылады.

курстық жұмыс кіріспеден, бір не екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Компьютерде теріліп, көлемі 1,5 жол аралығымен, 14 таңбалаумен, 20-25 бет болуы керек.

Пайдалануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

Аймауытов Ж. Психология. – Алматы, 1995.

2. Атымов М. Идея және композиция. - Алматы, 1970.

3. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1973.

4. Әуезов М оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

5. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994.

6. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003.

7. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және. Әр жылдар ойлары. - Алматы. 1959.

8. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989.

9. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы, 1979.

10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

11. Бітібаева Қ. Әдебиетті көркемдік шешім.- Алматы, 1991.

12. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. – Алматы, 1964.

13. Елеукенов Ш. Ғасырлармен сырласу. – Астана, 2004.

14. Жұртбай Т. Құнанбай қажы. – Астана, 2002.

15. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – 2003.

16. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1982.

17. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы, 1982.

18. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.

19.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы, 1962.

20. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, 1969.

21. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – Алматы, 1983.

22. Құрманбаева Г.С., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1994.

23. Мәшһүр Жүсіп Қуандық. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. – Павлодар, 2003.

24. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. А., 1969.

25. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. А., 1974.

Қосымша әдебиеттер:

1. «Абай» энциклопедиясы. – Алматы.1995.

2. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Семей-Новосибирск, 2006.

3. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. – Москва, 1975.

4. Байтанасова Қ.М., Айтуғанова С.Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі-Астана, 2008.

5. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1971.

6. Борев Ю. Эстетика. – Москва, 1988.

7. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. –Алматы, 2003.

8. Гинзбург Л. О психологической прозе. – Ленинград, 1976.

9. Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. – Алматы, 1976.

10. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. -Алматы, 1995.

11. Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика. Стиль. Жанр. – Алматы, 2000.

12. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 1973.

13. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1985.

14. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2004.

15. Педагогика. –Алматы, 2003.

16. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. -Алматы, 1981.

17. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиетінен ІХ класта шолу тақырыбын оқытуға методикалық нұсқау. - Орал, 1984.

18. Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту. – Алматы, 1973.

19. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы, 1966.

20. Шәкәрім. Энциклопедия. – Семей, 2008.

2.7. Сабақтың мультимедиялық түрі.

Тақырыбы

Сабақ түрі

Бағдар

ламаның түрі

Ұйымдастырылу орны

Арнайы дәрісхананың аты

Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

лекция

Презентациялық слайд

ҚарМУ 8-корпус (фил-фак)

417-ауд.

2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары:

Мұғалімнің жеке басшылығымен өтетін сабақ түрі?

А/ семинарлық сабақ

В/ қайталау сабағы

С/ қорытындылау сабағы

D/ ойын сабағы

Е/ лекциялық сабақ

2. Көркем әдебиеттің өмір шындығын танытуда тарихтан айырмасы?

А/сөзбен бейнелеуінде

В/образбен бейнелеуінде

С/ көз алдымызға елестету

D/үзінділермен беруінде

Е/ халықтық тілмен берілуінде

3. Жеке сабақ мақсаттарын көрсетіңіз:

А/білімдік, дамытушылық, ұйымдастырушылық

В/дамытушылық, тәрбиелік, аралас

С/тәрбиелік, ұйымдастырушылық, адамгершілік

D/білімділік, дамытушылық, тәрбиелік

Е/адамгершілік, ұйымдастырушылық

4.Әдебиет пәнінен жүргізілетін негізгі сабақ түрлерін атаңыз;

А/дәстүрлі, жәрмеңке сабағы

В/ дәстүрлі, дәстүрлі емес

С/ пікірталас, дәстүрлі емес

D/ семинар, пәнаралық байланысқа негізделген

Е/ дәстүрлі, іздендіру сабағы

5.Мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеттері қандай жайттарға байланысты?

А/оқыту теориясына жетіктігіне, оқу әдісінің жүйесін меңгеруіне, шәкіртпен ынтымақты жұмысына байланысты

В/ештеңеге де байланысты емес

С/оқушының іс-әрекеттеріне байланысты

D/ оқу материалдарына байланысты

Е/ оқушының үлгеріміне, білім сапасына байланысты

6.Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі елсенді іс-әрекет иесі:

А/оқушы

В/бірнеше оқушы

С/мұғалім мен оқушы

D/көрнекілік

Е/ мұғалім

7.Әдебиетті оқытудағы кіріспе жұмысының мақсаты:

А/оқушыны өз ойын айта білуге жаттықтыру

В/оқушының танымдық қызығушылығын туғызу

С/оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету

D/оқушының білім дәрежесін анықтау

Е/ оқушының қабіетін ескеру

8.Дәстүрлі оқытудың мақсаты:

А/ ерекше мәні бар ұғымды оқушыардың өз беттерімен іздестіруін ойластыру

В/ шәкірттердің ойлау дербестігін жетілдіру

С/сыныпта эмционалды-психологиялық жағдай туғызу

D/оқу бағдарламасы бойынша жаңабілімді меңгерту

Е/ оқушының шығармашылық қабілетін арттыру

9.Мәтінмен жұмыс істеудің басты формасы:

А/шығарма бойынша пікірталас ұйымдастыру

В/шығармадан мысал келтіру

С/шығармадан үзінді оқу

D/шығарманы талдау

Е/ шығарма үзіндісін мәнерлеп оқу

10.Интегративтік(пәнаралық байланыста) оқытуға негізделген сабақтар:

А/ дәріс сабақтары, семинар сабақтары

В/ пікірталас сабағы, айтыс сабақтары

С/ әдеби ойын сабағы, әдеби монтаж сабағы

D/ конференция сабағы, пресс-конференция сабағы

Е/ дуэт(қос), трио(үштік), гармония сабақтары

11.Дәріс(лекция) сабақтары қай жағдайда тиімді?

А/ қорытынды, қайталау, шолу тақырыптарында

В/екі немесе бірнеше пәндерге байланысты материал тоғысып келгенде

С/ саяси мәні бар тақырыпты қорытындылағанда

D/ қосымша ғылыми материалдармен жұмыс жасағанда

Е/ жаңа білім беруде, күрделі, қосымша хабарламалар, көп дерек берілетін кезде

12. Диспут, айтыс сабақтары қай кезде нәтижелі?

А/ материал негізінде қарама-қайшы пікір туғанда

В/ жаңа білім беруде

С/қорытынды, қайталау, шолу тақырыптарында

D/ саяси мәні бар тақырыпты қорытындылағанда

Е/ қосымша ғылыми материалдармен жұмыс жасағанда

13.Қорыту сабақтарының мақсаты:

А/ мәтінді бірлесіп талдау

В/ әңгіме әдісін қолдану

С/ талдау нәтижесін оқушылардың есінде қалдыру

D/ жаңа білім беру

Е/ қарама-қайшы пікір туғызу

14. Мектепте көркем шығарманы талдаудағы ең маңызды нәрсе:

А/ Оқушының көркем шығарманы қабылдауы, оған өзіндік көзқарасы

В/ Шығарманың көркемдік шешімі

С/ Шығарманың композициясы

D/ Шығармадағы автордың өмірлік концепциясы

Е/ Шығармадағы автордың позициясы

15. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқыту түрлері:

А/ факультативтік оқу, үйірмелік оқу

В/ үзілісте оқу, жеке оқу

С/ көпшілік алдында оқу, іштен оқу

D/ жылдам оқу, теріп оқу

Е/ сыныптық-сабақтық оқу, үйде оқу

16.Әдбиет пәні бойынша алынатын жазба жұмыстары?

А/ диктант, мазмұндама

В/бақылау жұмысы, диктант

С/мазмұндама, шығарма

D/шығарма, диктант

Е/ әңгіме, реферат

17.Фаультативтік сабақтарда оқушы білімі қалай бағаланады?

А/ 5 балдық жүйе

В/ мінездеме беріледі

С/ мақтау қағазы беріледі

D/ бағаланбайды

Е/ емтихан алынады

18. «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері»(А., 1962) кітабының авторы:

А/ Ә.Қоңыратбаев

В/ С.Тілешова

С/ Т.Ақшолақов

D/ С.Қирабаев

Е/ Қ.Мырзалиев

19.Көркем шығарма оқу бағдарламасында қандай принциппен сұрыпталады?

А/оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай

В/ оқыту әдістерін сай

С/ оқыту тәсілдеріне сәйкес

D/ көркем шығарманың ерекшеліктері сай

Е/ оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай

20. «Сегізжылдық мктепте әдебиетті оқыту әдістемесі»(1958) кітабының авторы кім?:

А/ С.Қирабаев

В/ А.Көшімбаев

С/ Ә.Дайырова

D/ Р.Құтхожина

Е/ Ә.Қоңыратбаев

Сұрақ

нөмірі

Дұрыс

жауап

(А,В,С,Д,Е)

1

Е

2

В

3

D

4

В

5

А

6

Е

7

В

8

D

9

D

10

Е

11

Е

12

А

13

С

14

А

15

Е

16

С

17

D

18

А

19

Е

20

В

2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:

  1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні

  2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы

  3. Ы.Алтынсарин – ағартушы ұстаз, тарихи тұлға

  4. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көзі

  5. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы

  6. 1940-1990 жылдардағы оқу-ағарту ісінің өркендеуі

  7. Оқыту әдістері және оларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері

  8. Сабақ, оның түрлері

  9. Көркем шығармаларды жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту

  10. 10. Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлері

  11. Көркем шығарманы талдаудың жолдары

  12. Әдебиет сабағында әдіс-тәсілдерді таңдау жолдары

  13. Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері

  14. Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері мен бағыттары

  15. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру

  16. Автор ізімен талдаудың негізгі мақсаттары

  17. Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары

  18. Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

  19. Күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі

  20. Оқытудың ауызекі әдістері

  21. Оқытудың практикалық әдістері

  22. Әдебиет бойынша сабақтан тыс оқулар мен сабақтан тыс жұмыстар

  23. Мекетепте әдебиет теориясын оқыту

  24. Мектепте лирикалық шығармаларды таныту

  25. Мектепте эпикалық шығармаларды оқыту

  26. Мысал жанрын оқыту

  27. Поэма жанрын оқыту

  28. Ертегі жанрын оқыту

  29. Повесть жанрын оқыту

  30. Публицистикалық шығармаларды оқыту

  31. Батырлар жырын оқыту

  32. Жазушы өмірбаянын оқыту

  33. Шолу тақырыптарын оқыту

  34. Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту

  35. Көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

  36. Мектепте драмалық шығармаларды оқыту

  37. Мектепте монографиялық және шолу тақырыптарын оқыту

  38. Әдебиетті оқытудың проблемалық әдісі

  39. Әдебиетті оқытудың репродуктивті және шығармашылық әдістері

  40. Мектепте әдебиетті оқытудың қазіргі білім беру технологиялары

  41. Модульдік оқыту технологиясы

  42. Үй тапсырмасын беру және оқушы білімін есепке алу жолдары

  43. Оқушылар білімін бағалау

  44. Жаңашыл әдіскер мұғалімдердің тәжірибеде қолданып жүрген сабақ түрлері

  45. Әдебиет пәнінің мұғалімі

  46. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары

  47. Шығарма түрлері, қойылатын талаптар

  48. Мазмұндама түрлері, қойылатын талаптар

  49. Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары

  50. Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

Мазмұны:

1. Пәннің оқу бағдарламасы - SYLLABUS

1.1. Оқытушылар туралы мәлімет…..................................3

1.2. Пән туралы мәліметтер................................................3

1.3.Пререквизиттері.............................................................3

1.4. Постреквизиттері........................... ..............................3

1.5. Пәннің қысқаша мазмұны............................................4

1.6.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі.....4

1.7. Әдебиеттер тізімі........................................................5

1.8.Баға туралы ақпараттар...............................................7

1.9. Курстың саясаты мен процедурасы.............................8

2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар

2.1. Лекциялық сабақтардың жоспары.........................9

2.2. Лекциялық сабақтардың тезистері......................10

2.3. Семинарлық сабақтар жоспары ............................89

2.5.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары...............................................................97

2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) бойынша сабақтар жоспары...........101

2.6.1.Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.................105

2.7. Сабақтың мультимедиялық түрі..............................108

2.8.Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары…………...........108

2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары.......................................112

ОӘК қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

(Хаттама №7, 26.02.2010)

ОӘК Қарағанды «Болашақ» университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

(Хаттама №5, 02.04.2010)

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Басуға ___ 2010 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі ___ ес.-б.т. Таралымы________ дана. Тапсырыс №___