Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / __АЗА__ __ДЕБИЕТН О__ЫТУ __ДСТЕМЕС Силабусс.docx
Скачиваний:
142
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
209.14 Кб
Скачать

1943 Жылы желтоқсан айында Халық Комиссарлары Кеңесінің балаларды 7 жастан бастап, жалпыға бірдей міндетті оқытуды енгізу туралы өте маңызды қаулысы қабылданды.

50-жылдардың аяғында мектептегі білім берудің мазмұнын жетілдірудің жолдарын теориялық және экспериментальдық ізденістер басталды.

1958 жылы 24 қыркүйекте СССР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған “Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы” заң жалпыға бірдей міндетті сегіз білім беруді енгізу туралы шешім қабылдады. 1962 – 1963 оқу жылы барлық жетіжылдық мектептер сегіз жылдық мектептерге айналды. Жетіжылдық толық емес орта мектеп сегізжылдық жаппай міндетті оқытуға айналды.

Жаппай 8 жылдық бiлiм берудi iске асыру заңы оқудың сапасына керi әсер еттi, талап төмендеп кеттi. Оқушылардың бiлiмге ынтасы кемiдi. Орыс тiлiн оқытуға ерекше көңiл бөлiнiп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тiлiнде жүргiзiлгендiктен қазақ мектептерiндегi оқушылардың саны кеми түстi. Сөйтіп, мектептердi 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшiру iсi 1962 — 63 оқу жылында аяқталды.

1980 — 90 жылдары елiмiзде халыққа жаппай орта бiлiм беру саласында бiраз жұмыс жүргiзiлдi. Соның бiрi 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегi шағын мектептер мәселесiн шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта бiлiм беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелерiне ерекше көңiл бөлiндi. Мектептегi оқу iсi мемл. бiлiм стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетiндей етiп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды және ғыл.-зерттеу жұмысын жүргiзудi қажет етедi. Оның бiрiншi кезеңi 1994 — 97 ж., жалпы бiлiм беретiн мектептердi толық бiлiм стандартына көшiру iсiн аяқтау 2001 — 02 жылдарды қамтыды. Жалпы бiлiм беретiн базалық мектептердегi оқу жүйесi — 11 жылдық. Белгiлi бiр бiлiм салаларына икемi бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегiн оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер ашу iсi де жүргiзiлдi.

Кезіндегі идеологиялық мәселелерді қайта құру жөніндегі науқандық шараларға байланысты 1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шыққанымен, оның саяси идеялық деңгейін қайта қарастырып, 1951 жылы жаңа бағдарлама жарық көрді. 1952 жылғы шыққан бағдарламада оқылатын көркем шығармаларды маркстік – лениндік ғылым тұрғысынан қайта қарап, іріктеп енгізумен бірге, ол шығармаларды оқып үйренудегі жұмыс түрлері, әдіс – амалдары көрсетілді. 1950-1960 жылдардың арасында бұл идеологиялық нұсқаулардың біржола орнықтырылуымен байланысты 1954 жылы әдебиет бағдарламасы жаңартылып басылып, оның басты бағыттары содан кейінгі бағдарламалар негізінде сақталынып отырды.

Содан кейінгі қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы 1967 жылы басталып, 1972 жылы мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі қарсаңында, яғни 1972-1973 оқу жылдарында біршама өзгертіліп шығарылды. Сонымен қазақ әдебиетін мектепте оқыту үшін жасалынып келген оқу бағдарламаларының даму, қалыптасу жолын шолатын болсақ, 1940-1990 жылдар аралығында уақыт талабына және үстем идеологиялық саясат ықпалынан кейбір түзетулер болып отырғанымен, негізі сақталып келгенін, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың тұрақтану қалпында болғанын айтуға негіз бар. Бұл бағдарламалардың негізгі ұстанымдарында тарихилық, партиялық, концентристік(өрлемелі қайталаулар) ұстанымдар алынды. Осындағы концентристік ұстанымның бүгінгі бағдарламаларға әлі де өзек болып отырғанын айта кету жөн. Бүгінгі оқу бағдарламаларының неігізінен партиялық ұстанымды алып тастағанымен бағдарлама жасаудың қалған дәстүрлері мен қалған тәжірибесі сақталып келе жатқаны мәлім.

50-жылдардан бастап әдебиет сабағын оқытудың проблемалық әдістері кеңінен сөз бола бастады. Сабақты проблемалық тәсілмен оқытудың ғылыми – теориялық тәжірибелері жинақталып, мектеп өміріне ене бастады. Осы жылдары “Мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың методикасы” жинағы, Ә.Қоңыратбаевтың “Әдебиетті оқыту методикасы”, А.Көшімбаевтың “Қазақ әдебиетін орта мектепте оқыту методикасының мәселелері” тәрізді кітаптары жарыққа шығып, пәнді оқыту ісінің жақсартылуына ықпалын тигізді.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында 60 жылдар үлкен белес болып табылады. Өйткені А.Көшімбаевтың “Қазақ әдебиетін оқыту методикасы”, Ә.Дайырованың “Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту”, Ә.Қоңыратбаевтың “Әдебиетті оқыту методикасының очерктері”, “Әдебиеттік оқу методикасы” сияқты іргелі еңбектер осы кезде жарыққа шықты.

Қазақ әдебиеті әдістемесінің 1970-1980 жылдары ғылыми мазмұны артты, әдістеменің жеке салалары арнайы зерттеле бастады. 1970 жылдары С.Қалиевтің “Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту әдістемесі”, 1974 жылы Ә.Қасымбекованың “С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығын оқыту жолдары” атты құралы, Қ.Әміровтың “ЖОғарғы кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі” көмекші құралы жарияланды.

80 – 90 жылдары С.Дүкенбаевтың “Мектепте драмалық шығармаларды оқыту”, Т.Ақшолақовтың “Көркем шығарманы талдау”, Қ.Бітібаеваның “Әдебиетті оқыту методикасы”, Құттыгүл Айтжанованың «Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы»(2002) басылып шықты.

Шығарма талдауда жүйелік – құрылымдық әдісті қолдану мәселесін Т.Ақшолақов “Көркем шығармаға талдау жасау” (1983), әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарын С.Тілешова “Әдебиет сабағында жүргізілетін жазу жұмыстары”(1981), әдебиет сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселесін Р.Құтқожина “Әдебиет сабағын Қазақстан тарихымен пәнаралық байланыста оқыту”(1985), қазақ әдебиетінің факультативтік курстарының мазмұны мен әдістемесін Ә.Дайырова “Қазақ совет әдебиеті, факультативтік курстар хрестоматиясы” (1985), факультативтік курстар программалары, зерттеп, әдістемелік еңбектерде, оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларда жинақтап көпшілік назарына ұсынды. 1990 жылдардан былай қарай прозаны оқыту туралы тың пікірлер, соны ғылыми түйіндеу жайлы айтыла бастады.

Сөйтіп, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымы өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде білім мазмұнын анықтау жұмыстарымен, яғни бағдарламалар мен оқулықтар жасаумен сипатталынды.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7:4]; 2. [1.7:5]; 3. [1.7:6]; 4. [1.7:8]

Қосымша әдебиет: 1. [1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3. [1.7:10]; 4. [1.7:14]

5 лекция тақырыбы: 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі бетбұрыс

Ү апта. 2 кредит-сағат.

Лекция тезисі: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бағыттарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжаттар 1990 жылдардан пайда бола бастады. 1991 жылы Т.Ақшолақов және Ә.Дайырова дайындаған «Әдеби білім тұжырымдамасы» бұл орайдағы алғашқы қадам болды. Алайда бұл жоба күйінде 1997 жылға дейін талқылануда болып, 1997 жылы толықтырылып, өңделіп әдебиетшілер қауымы талқысына кітапша түрінде қайта ұсынылды(«Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» Жоба. Алматы, РБК, 1997)

«Тұжырымдамада» мынандай мәселелерге ғылыми талдаулар жасалған: әдебиет пәнінің мақсаттары мен міндеттері; қазақ мектептерінде қазақ әдебиетінен білім берудің жағдайы мен даму тенденциялары; қазақ әдебиеті пәнінің міндеттері; әдеби білімді жаңарту жолдары; әдеби білімнің мазмұны мен құрылымы; оқушыларға әдебиеттен берілетін базалық және тереңдетілген білім деңгейлері туралы; оқу-тәрбие процесі; әдебиет мұғалімі; әдеби білім концепцясын жүзеге асырудың қосымша шарттары.

«Тұжырымдама» - қазақ әдебиетінен жалпы білім беретін мектептің білім мазмұнын ғылыми жүйелеп айқындаған алғашқы іргелі, тұғырнамалық мәнді еңбек. «Тұжырымдамада» әдеби білімнің құрылымы біршама айқынырақ және дәйекті берілген. Ол ҚР-дағы жалпы орта білім жүйесі құрылымына сәйкестендірілген: Бастауыш білім(1-4 сыныптар), Базалық білім(5-9 сыныптар), Тарихи-әдеби білім(10-11 сыныптар) болып сатыланған. Әр сатыдағы пәннің мазмұны тезиспен тұжырымдалған.

Сонымен, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» - әдістеме ғылымының осы саладағы алғашқы құжаты ретіндегі жаңа дүние. Ол – мемлекеттік білім стандарттарын, бағдарламалар мен оқулықтар жасауда бағдар бола алатын ғылыми-әдістемелік құжат және мектеп оқытушылары, әдіскер ұжымдар мен ағарту қызметкерлері үшін басшылық құрал.

Қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі өз дамуында сүйенетін тірек құжаттардың бірі – осы пән саласындағы мемлекеттік білім стандарты. Мұндай құжат қазақ әдебиеті пәні саласында алғаш рет баспадан ресми құжат ретінде 1998 жылы басылым көрді. 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясында дайындалған, ҚР білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы 21 тамызындағы №465 бұйрығымен бекітілген «ҚР орта білім мемлекеттік стандарты» басылып шықты. Оны дайындауға С.Қирабаев, Х.Әдібаев, Ә.Дайырова, Т.Ақшолақов, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаев, Б.Әрінова т.б. ғалымдар, әдіскерлер қатысты. Стандарт білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүктемесінің шегіне жеткен(максимум) көлемін және оқушылар дайындығна қойылар талап деңгейін белгілеп берді.

Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білім мазмұны, құрылымы білім сатылары бойынша айқындалған. Білім мазмұнының оқу материалдары сыныптар бойынша анықталып, әр сыныптағы білім мазмұны “Оқылатын материалдар ауқымы”, “Әдебиет туралы білім”, “Стилистика саласынан алатын білім”, “Оқушылар орындайтын оқу әдебиеттерінің негізгі түрлері” деген салаларға бөлініп берілген. Бұл бөлім – стандарттың ең мазмұндық бөлімі болып есептеледі. Стандартта оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру және бақылау жүйесі де нақты жүйелі толық мазмұнда жасалған.

Еліміздің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде 90-жылдар өтпелі кезең деп аталып жүр. Кеңес Одағының ыдырап, Қазақстан Республикасының егемендік алған бұл жылдарында білім беру ісі мен оқыту жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Барлық пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылды. Бұл жылдарда әдеби білімнің негізгі және тереңдетілген деңгейлері нақтыланып, халқымызға қайта оралған көптеген асыл қазыналарымыз, соның ішінде А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы шығрамлары зерделене қарастырылып, оларды әдеби білім мазмұнына іріктеп алу жүзеге асырылды.

90-жылдарда жарық көрген қазақ әдебиетін оқыту туралы әдістемелік еңбектерде өзіне дейінгі оң тәжірибелерді жалғастыра отырып, жаңа лепті ізденістер, қадамдар жасалғаны білінеді. Атап айтқанда, бұл жылдарда жарық көрген әдістемеліктерде оқушының оқу үрдісіндегі субъектілік қызметіне басым мән беру айқын көріне бастаған.

Әдебиет пәннінің негізгі мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгерту, ал әдеби білімнің мәні – ой мен сезімді ояту, оқушының табиғатқа, қоршаған ортаға, Отанға, адамзатқа, өз-өзіне қатынасының жалпы мәдениетін қалыптастыру, адамды эстетикалық деңгейдегі азаматтыққа, арлылыққа тәрбиелеу болмақ.

«Тұжырымдамада» білім мазмұнын жаңартуда басшылыққа аланатын негіздік ұстанымдар көрсетілген: пәннің функционалдық қызметінің толықтығының сақталуы; білімді ізгілендіру; оқу-тәрбие ісін демократияландыру; әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы; оқушы жас ерекшелігіне лайықтылығы, түсініктілігі; тарихилық ұстанымы; пәнаралық және пәнішілік байланыс т.б.

Білімді ізгілендіру ұстанымының негізгі мақсаттарының бірі – адам бойындағы, образ-бейнесіндегі әдемілік әлемін сезіне білуге тәрбиелеу. Білімді ізгілендірудің екінші сатысы – оқушыға деген ерекше сүйіспеншілік, құрмет. Оқу барысында балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеруге қол жеткізу. Рухани бірлікте болу – мұғалімнің шебер көрсеткіші, әрі нәтижелі жұмысы.

Үшінші сатысы - әділеттік пен адалдық. Абай «Ұстаздық жолдағы басты парыз - әділеттілік пен адалдық» деген болатын. Егер оған ақау түссе, бұл белгілі ортаға ғана кінәрат келтірумен шектелмейді, бүкіл қоғамға көлеңке түсіреді. Кімде-кімнің әділеті жоқ болса - оның ұяты жоқ. Ұят – адамның сезімдік тебіренісі, адамшылық өлшемі.

Оқытудың ғылыми ұстанымы – оқушыларға әдеби-ғылыми білім берудің тиімді жолдарын үйрететін оқытудың дидактикалық заңдылықтары.

Оқытудың ғылыми ұстанымының мақсаты - әдебиетті ғылыми бейімділікте оқытудың жүйелі әдістерін жасау, әдеби білім берудің әр түрлі теориялық, практикалық аспектілеріне дәйекті зерттеулер жүргізу. Мектепте әдебиетті оқытудың ғылыми негіздері: әдебиет теориясы, әдебиет тану ғылымы, әдебиет тарихы.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Қазіргі педагоика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлыжағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге-шүгесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі»(В.М.Монахов).

Жаңа технологиялардың маңызды жақтарының бірі – педагогикалық ынтымақтастық, сол арқылы жеке оқушының дамуын, басқа да ерекшеліктерін жақсы білу.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі(Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау(Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы;

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Дамыта оқыту технологиясы – оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану көркем шығармалардың мәтіні арқылы сөздің мағыналық – қисындық құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік – тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын түсініп, оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас көркемдік талдау жасауды үйретеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқытуда міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығы ескеріледі, Блум жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгеру үшін алгоритмдік тапсырмаларды мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның қабілетіне қарай бағаланады.

Оқыту барысында оқушылардың өз бетімен білім алу құзыреттілігін қалыптастыру, олардың бойында әрекеттік, танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жобалық технологиялар қолдану ұтымды. Сонымен қатар, алуан түрлі іс-әрекет барысында шынайы қарым-қатынасқа жақындайтын жағдаяттар туғызуға мүмкіндік беретін, алуан түрлі дидактикалық материалдар (сөзжұмбақтар, ребустар, карталар, кестелер, диаграммалар) кеңінен қолданылатын ойын технологиялары: имитациялық-модельдік, жағдаяттық-рөлдік, «пайданы өз мүддесіне ыңғайлау» («глобальная симуляция»), «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялар, «КТК», т.б. да оқытудағы орны ерекше.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда «ойталқы», «ойға шабуыл» ( «идеялар көзі», «сыншылар» мен «сарапшылардың» қатысуымен шешім жасаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа дара идеяларды табуды көздейтін) сияқты тәсілдерді қолдану арқылы оқушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын проблемалық оқыту әдістері мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәсілдері де қазақ әдебиетін оқытуда тиімді деп табылады. Сонымен қатар, ақпараттық- компьютерлік технологиялар: бейнероликтерді, интернет материалдарын, мультимедиялық құралдарды, оқыту бағдарламаларын және т.б. қолдану ұсынылады.

Қазақстанда Ж.А.Караевтың, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың және т.б. оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:3]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:11]; 2.[1.7:15]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

6 лекция тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

ҮІ апта. 2 кредит-сағат.

Лекция тезисі: Әдебиетті оқу бағдарламасы – пәннің мазмұнын, көлемін, білім мен білігін белгілейтін құжат. Бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде жасалады. Оқу жоспары әрбір сынып бойынша пәндердің құрамын, ретін, сағат санын белгілейді. Бағдарлама – сол пәндердің жүйесі мен құрылысын анықтайтын мемлекеттік құжат.

Әдебиет пәні әдебиеттану, педагогикалық-психологиялық оқыту әдістемесі т.б. ғылымдардың методологиялық принциптеріне сүйене отырып жасалады. Ерекше жағдайларда мұғалім бағдарламаны шығармашылықпен жетілдіріп пайдалана алады.

10-11 сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» пәні методологияны ұстанады және оны дамыта қолданады, сол себептен негізгі сатыда оқылған көркем туындылардың жоғарғы сатыда мүмкіндігінше қайталанбауы көзделді. 10-11 сыныптардың білім мазмұнын құруда дәстүрлі тарихи-желілік ұстанымы сақталып, бағдарлама қазақ әдебиеті туралы жалпы ұғымдары бар, оқырмандық мәдениетінің негіздері қалыптасқан, көркем туындыны рационалды және эмоционалды меңгере алатын, әдеби-теориялық білі-дағдыларын қолдана білетін оқушылар деңгейіне жасалынған.

10-сыныпқа арналған білім мазмұны ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қазақ елінің болашағын ағартушылық идеясымен байланыстыратын, саяси және рухани тәуелсіздік рухы біріктіретін ақын-жазушылар топтамасынан құрылған. Әдеби білім мазмұнының толығуына байланысты Дулат Бабатайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қашаған Күржіманұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Сүйінбай Аронұлы т.б. әдебиет өкілдерінің мұралары дербес сипатта оқытылады. Бұл сыныпта сонымен қатар бір топ әнші-сазгер ақындар шығармашылығы да қамтылады.

11 сыныпта берілетін білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі уақытты қамтиды. Бағдарламадағы әрбір тақырыпқа бөлінген сағаттарға мұғалім нақты жағдайларға байланысты тақырыпішілік, блогішілік өзгертулер жасай алады, тек базистік оқу жоспарында бекітілген жалпы сағат санын өзгертуге болмайды.

10-11 сыныптар үшін ұсынылған әдеби шығармалар орта буын 5-9 сыныптардағы сияқты көркем мәтіндер, үзінділер емес, бұл сыныптардағы ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқылатындықтан шығарманы мүмкіндігіне қарай тұтастай оқыту көзделген.

Орта мектептегі әдеби білім үш сатыдан түрады. Олар: бастауыш 1-4 сыныптар; базалық- 5-9 сыныптар; жоғары 10-11 сыныптар.

Бастауыш 1-4 сынып - әдеби білім берудің біртұтас жүйесінің ажырамас өзекті буыны, алғашқы басқышы, дайындық сатысы. Шәкірттерді көркем шығармаға қызықтырудың, ертегі, өлең оқуға сүйсіндірудің, көркем туынды арқылы адамгершілік, халықтық тәрбиенің негізін қалайтын, тіл ұ стартудың іргетасы осы буыннан басталады.

Бастауыш сыныптарда ана тілі үш бөлімнен жүйелі түрде оқытылады. Олар: сауат ашу, оқу, жазу.

  • Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазуға үйрету міндеті түрады. Оларды оқу, қызметіне бейімдеу, тануға қүштарлығын ояту, дүрыс сейлеуге, өзін бағалай білуге үйрету;

  • Оқудың мақсаты - оқу дағдысын қалыптастыру; халықтық шығармалардың алтын қорымен таныстыру; оқыған көркем шығармаға өз көзқарасын білдіру; өз ойын еркін де түсінікті, саналы баяндауға, өз бо.лжамы мен ой қорытындысын айта білуге үйрету;

-Жазудың мақсаты - оқығанын мазмұндап жаза білу; шығармашылық жұмыс жасауға үйрету; сол арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.

Бұл міндеттерді шығармашылықпен жүйелі орындау барысында дамыта оқыту жүзеге асады, ана тіліне деген құштарлық сезімін оятады.

Базалық білім 5-9 сыныптарда өдебиетті дербес пөн ретінде оқу осы буыннан басталады. 5-7 сыныптар көркем поэзия, көркем шығармаларды оқып үйренуге негізделген әдеби оқу. Онда өдеби шығарманың мөтінін оқып үйрену, талдау, жинақтау арқылы жүргізіледі. Көркем шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес болады.

Шығарманың қүрылысы, тілі, шығармадағы табиғат бейнелері көркем туындының идеялық мазмұнын ашатын құралдары ретінде қаралуы тиіс.

- 5-7 сыныптардағы білім мазмұнында басты орын -қазақтың ауыз өдебиетіне, шешендік сөздерге, классикалық әдебиетімізге, қазіргі кезең әдебиетіне беріледі. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері білім мазмұнына компонент ретінде енеді.

Сондықтан мектепте әдебиет пәнін оқу өте тиімді. Әдебиет сабағындағы негізгі көрнекті құрал-мұғалімнің көркем сөзі. Әдебиетші мұғалім сөз құдіретінің күшімен, қуатымен өмірдегі толып жатқан жаңалықтарды жанды құбылыс ретінде елестете отырып, сезімді де селт өткізеді. Ендеше көркем сөзді түрлі әдістермен ашу арқылы негізгі мақсатқа жетуге болады.

5-7 сыныптардағы әдебиет сабағынын мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, көркем әдебиетті сүйе білуге тәрбиелеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін таныту үшін оны талдай білу дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс баяндай білуге үйрету, оқушы талғамын қалыптастыру, адамгершілік тәрбие беру.

Әдебиет – көркем өнердің негізгі бір саласы. Оның басты құралы-бейнелі көркем сөз.

Көркем әдебиетті әйтеуір оқуға ғана баулымай, 5 сыныптан бастап оны өнердің бір түрі – сөз өнері ретінде сезініп оқуға үйрету керектігін айта келіп, Т.Ф. Курдюмова әдебиетте оқыту процесінің жүйесін былайша құрады.

Бірінші кезең. 1 – 4 сыныптар: көркем шығарма.

Екінші кезең. 5 – 8 сыныптар: көркем шығарма + автор. Үшінші кезең. 9 – 11 сыныптар: көркем шығарма + автор + тарихи әдеби процесс. Әдебиеттің оқыту жүйесі осылай бірте-бірте күрделеніп кеңейтіледі. Әрбір сыныпта әдебиеттің теориясы мен тарихи материалдары күрделеніп, кеңейтіліп отырылады.

9 – 11 сыныптарда оқытушы оқушыларға әдебиеттің таптық сипаты, әдеби құбылыстардың әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланыстылығы туралы, халықтың азаттық қозғалысының әрбір кезеңдерінде әдебиеттің қоғамдық- саяси рөлі туралы түсінік берілді. Бұл сыныптарда өткен оқу жылдарында алған әдеби –теориялық білім дағдылары әрі қарай дамытылып, жүйелі білім алады.

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды. 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі. Түсіндірмелі оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады, тәжірибеде осы тәсіл жиі кезігеді, себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады, оқушыларға бағыт – бағдар береді. Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Бірақ екеуі бір – бірімен тығыз байланыста іске асып отырады. Мысалы, көркем туындыны түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетіспейді, сондықтан мұғалім қалауы бойынша ең негізгі, маңызды бөлімдер сыныпта оқытылып, қалған бөлімдері үй тапсырмасы ретінде беріледі.

8-9 сыныптардағы бағдарлама мен оқулыққа әр дәуір әдебиеті сүрыпталып алынады. Шығарманың авторы мен материалдар жайлы әдеби-тарихи мәліметтермен байланыстырыла қарастырылады.

Оқулықтағы әдеби білімнің негізі:

  • көне дәуір әдебиеті үлгілері;

  • ХУ-ХҮІП ғасырлардағы жыраулар поэзиясы;

  • ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалык өдебиеті;

  • шетел әдебиеті үлгілері;

  • қазіргі әдебиетіміздің балаларға лайық таңдаулы үлгілері.

Бастауышта білім берудің жүйесіне қарағанда курстың құрылымы, мазмұны, мақсаты өзгереді. Міндеті күрделеніп, оқушының білім көлемі кеңейіп, эстетикалық қабылдау мүмкіндігі артады. Шығарманы талдауға, бағалауға қажетті білім, білік, икем-дағдылары қалыптастырылады. Көркем шығарманы оқуға деген ынта-ықыласы артады. Ауызекі сөйлеу, жазу тілі дамиды. Әдеби шығармадағы негізгі тақырып, ой қазығы, кейіпкерлердің сөйлеу тілі, жан дүниесі, әр бейненің мінезін танитын болады. Әдеби шығарманың сюжеті, қүрылысы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, халықтық педагогика, халықтық салт-дәстүрі, әдет-ғүрпының қөрінісі, шығармадағы адамгершілік тәрбие, табиғат, сөз қодданыстар зерделеніп, әдеби пікір алмасуға жол ашылады. Әрбір оқушы шығармашылықпен ойлауға, өз ойын қорғауға, шығарманы талдауға, шығармашылық өзіндік ізденіске жаңа, тың жол салынады.

9 сынып базалық білімді аяқтап, орталау мектепті бітіріп, 5-8 сыныптарда алған білімдерін қорытындылайды.

Әдеби жанрлардың даму, әдебиет тарихының қалыптасу мәселесін таныту ісі де жеке нұсқаларды талдау, көрнекті қаламгерлердің шығармасын оқып үйрену жүмыстары арқылы жүзеге асады.

Әдебиет теориясы өз алдына жеке пән болып оқылмайды. Әрбір шығарманың соңында тақырыпқа сай, көркемдік ерекшелігіне, тіл ұстарту мақсаттарына орай эр сыныпта беріліп отырады. IX сыныпта әдебиет теориясы оқулық соңында "Әдеби-теориялық ұғымдар сөздігі". тақырыбымен топтастырылып берілген. Оқушы әдебиет теориясына қанық болмайынша, көркем шығарма табиғатын тану мүмкін емес. Оны тану үшін әдебиет теориясын толық біліп, шығарманы талдай білуі керек.

10-11 сыныптарда тарихи-әдеби курс өтіледі. Тарихи-әдеби курстан оқушылар қазақ әдебиетінің ең таңдаулы классикалық үлгілерімен танысады. Елеулі орын ақын-жазушылардың шығармашылығына беріледі. Жазушының бір немесе бірнеше шығармасына, кейде толық шығармашылығын оқып үйренуге негізделеді. Жазушының туындыларындағы идеялық, көркемдік ерекшеліктерді таныту шығарманың жанры мен стилін, идеясын, тақырыптарын, характер сомдауын, сюжет таңдауын, композиция қүруын, тіл көркемдігін анықтау белгілі дәуірдің әдеби процесіндегі оның алатын орнын танытуға жол ашады.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:8]; 4.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:14]

7 лекция тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи әдеби курсты жоспарлау әдістері

ҮІІ апта. 2 кредит сағат.

Лекция тезистері: Ә.Қоңыратбаев оқу-тәрбие жұмысы жоспарларының төрт түрін атайды: жылдық, күнтізбелік, тақырыптық және жеке сабақтық.

Мектептің жылдық немесе жарты жылдық оқу жұмысының жоспарын мектеп директорының жұмысы дейміз. Жыл ішінде өтілетін бағдарламалық материалдар тоқсанға, күнге бөлінеді. Күнтізбелік жоспарды мұғалім толық орындауға міндетті. Күнтізбелік оқу жоспары қай материалдың қай тоқсанда, қай күні өтілетінін ғана белгілеп бермей, соның қайсысының бұрын, қайсысының соң өтілетінін де белгілейді. Мұның дидактикалық мәні зор. Материал кездейсоқ оқылып, талданбай оңайдан қиынға қарай күрделене түсуге тиіс.

Жылдық күнтізбелік оқу жоспарының мазмұны:

а) әдеби материалды тоқсанға бөлу;

ә) қай материал тұсында қандай теориялық білім элементі берілетінін белгілеу;

б) әдебиеттік оқудан туатын тіл ширату жұмыстарының орны мен үлесін дұрыс жоспарлап, өз кезінде жүргізу;

в) сыныпта және сыныптан тыс оқылатын мәтіндердің нобайын белгілеп, соған өз кезінде тиісті уақыт(сабақ) бөлу;

г) 5-8 сыныптарда әрбір шығармаға, ал 9-11 сыныптарда жеке жазушыларға арналған сағатты мөлшерлеу;

е) тоқсан, жыл аяғында жүргізілетін пысықтау(қайталау) сабақтарының орнын(сағатын) ескеру;

д) басшылыққа алынатын оқу құралдарын белгілеу.

Оқу жоспарында көрсетілуге тиіс бұдан басқа да объектілер болуы мүмкін(кітап оқушылар конференциялары, экскурсия, бақылау түріндегі жазба жұмыстар т.б.).

Жылдық күнтізбелік жоспардан басқа тақырыптық оқу жоспарлары да болады. Мұның сабақпен байланысы бар. Бұл жоспарды әрбір мұғалім көбіне өзі жасайды.

Тақырыптық оқу жоспары – күнтізбелік оқу жоспарының сабақтарға құрылған методикалық дәлелдемесі.

Тақырыптық жоспардың элементтері:

а) материалды жеке немесе тіркескен сабақтарға бөліп құру;

ә) әрбір сабақтың мазмұны мен методикасы;

б) жұмыс тәсілі мен көрнекі құралдардың орнын және қызметін белгілеу.

Тақырыптық жоспардың мәні, әсіресе, 9-11 сыныптарда зор. Мысалы, 11 сыныпта М.Әуезов творчествосына 8 сағат берілген болса, мұғалім ең алдымен осы 8 сағатты 8 сабаққа құрып, тіркескен сабақ жоспарларын жасап алады. Сонда әр сабақтың мақсаты мен мазмұны басқа-басқа болып, олар бірін-бірі қайталамайды. Міндет те, әдіс те жаңа, балалардың әсері де, ынтасы да жаңа болып, жұмыс әрі жүйелі, әрі мазмұнды болып өтеді.

Сабақ жоспарын тақырыптық жоспар(күнтізбелік-тақырыптық жоспар) негізінде әрбір мұғалім өзі жасайды. Сабақ жоспары сыныптағы бірлескен жұмыстың үлгісі болғандықтан, оның мақсат-мазмұнымен балаларды таныстырып алған жөн. Сабақ жоспары жауапкершілікті талап етеді.

Сабақ жоспарларында жиі кездесетін кемшіліктерге жол бермеу үшін төмендегі жағдайларды еске ұстаған жөн:

- әдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5 элементке құрылып жүр: өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, қорыты, тапсырма беру. Бұл элементтер тіл сабағы болмаса, әдебиетке онша қонымды емес.

- cабақ жоспары мәтінге құрылмай жүр. Онда кіріспе, мәтінді оқу, талдау, мәнерлеп оқу, теориялық білім дейтін сатылар болуға тиіс. Бұл кемшілік, әсіресе, 4-10 сағатқа құрылған тіркес сабақтар тұсында көзге айрықша түседі. Олар бірінен-бірі туатын жалғас сабақтар болып көрінуі тиіс.

Сабақ жоспарына қойылатын шарттар:

  1. мұғалім материалды ғана емес, соның мақсаты мен әдісін толық меңгеріп, әрбір сабақты тұтастың бір бөлшегі деп қарайды;

  2. әрбір сабақтың тақырыбы мен мазмұнын, көлемін дәл белгілеп, жұмыстың әдістерін көрсетеді;

  3. мұғалім мен оқушының үлесіне тиетін жұмыстың мақсаты мен жолдарын белгілейді;

  4. сабақтың әрбір элементі тұсында істелетін істерді саралап көрсетеді;

  5. жұмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай сол элементтерге кететін уақытты мөлшерлейді;

  6. Көрнекі құрал жүйесін ұйымдастырады;

  7. өткен сабақ пен жаңа сабақ байланысын ескереді;

  8. үйге берілетін тапсырмалар көлемін, мақсатын, істелу жолын көрсетеді.

Сабақ жоспарының жай түрі, күрделенген түрі(конспект-жоспар) бар. Жай түрі: тақырыбы, мақсаты(білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік), барысы, үй тапсырмасы. Жай жоспарда істің тақырыбы мен реті бар, соның қалай істелетіні, методикасы, мұғалім мен оқушының жұмыс үлесі жоқ.

Конспект-жоспардың әрбір пункті тұсында не істелетіні, талдау жұмыстарына қойылатын сұрақтар мен жауап түрі, әңгіме мен кіріспе сөздің орны, тәсілдері көрсетіледі. Жас мұғалім бірер жыл істеп төселген соң, жай жоспарға көше бастауына болады. Конспект-жоспарды меңгермей мұғалім өз сабағын сапалы етіп жүргізе алмайды.

Әдебиет пәнінің негізі – көркем шығарма. Ал шынайы көркем туындыда адамзаттың асыл арманы, ұшқыр қиялы, ел басынан өткерген қилы – қилы оқиғалар, сол жолдағы күрес – тартыстары, өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, халық тұрмыс – салты, әдет – ғұрпы, ырым – жоралғылары, психологиясы, кең дала табиғаты кескінделген. Сондықтан әдебиет пәніндегі басты нәрсе – көркем мәтін. Идея, форма, жазушы шеберлігі, оның зер салар зергерлігі бәрі де мәтінге арқа сүйей отырып қана танылады. Оқыту процесінде мәтін өз алдына қалса, жайдақ баяндауға, мазмұндауға салынған болар едік. Ал, әдебиеттен білім алу – ол мәтінді оқи білу, ой көзімен оқи білу, шығармаға эстетикалық талдау жасай білу. Мұнсыз әдеби білім беру, оқушыны ізденіске жетелеу жоқ. Әдебиетке білгір көркемдік талдау жасау үшін әдебиет тарихы мен теориясына қанық болу керектігі туындайды.

Үйретудің басты бір буыны - оқушы жауабы. Лекцияны түсінікті етіп жазғаны сияқты, олар сөзін де аналитикалық ізде, байланысты, мақсатты етіп сөйлеуге тиіс. Әрбір оқушы жауабы - өзінше бір талдау, біткен ой, объект. Мұны үздіксіз бақылаймыз, дағдыландырамыз.

Енді талдау сабақтарына тоқталар болсақ, лекция мен бағдарлаушы әңгімеден бұрын оқушы талданатын сауал туады. Оны көп жағдайда мұғалімнің ұқыптылығы мен оқушылардың дайындығы біледі. Оқушының оқыту, үлкен романды оқығанда оқушыларға алдын-ала сұрақ-тапсырма, талдап келуге лайықталады. Бұл - оқудың мақсаты мен объектілері.

Мысалы, орыс мектептерінде Л.Толстойдың «Соғыс пен Бейбітшілік, Чернышевскийдің «Не істеу керек» сияқты шығармалары тұтас оқылып, түгел талданып жүр. Соған тән ол романдардың мектептік, қысқарған варианттары бөлек басылады. Бұл көп нәрсе емес. Бірақ оқушылар соны күнделікті сабақтар тұсында оқып, үлгере алмайтын болғандықтн, мұғалімдер, оқушылар демалыстарын (жазғы, күзгі, қысқы) пайдаланады. Шын педагог оқушыдан қол үзуге тиіс емес. «Абай жолы», «Ботакөз», «Ақбілек» сияқты романдар тұсында қазақ әдебиеті пән мұғалімі мұны да ескергені жөн.

Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізеді деген әдіс – тәсілдерді таңдап алуы қарастырылады. Ізденістің қарқынды амалдары мазмұн ретінде алгоритміне бағынады. Ү-ҮІІ сынып аралығында оқушыларды, біріншіден, кітаппен жұмыс істей білу әдісіне машықтандыру әрекеті көзделеді. Оқу техникасын сақтай отырып, оқығанын қатар түсіну керек. Ол үшін төмендегі әрекет әдістері жүргізіледі:

  1. тақырыпты анықтау, өз өзіне сұрақ қою, есеп беру;

  2. материалды ынтамен оқу, оны бөлімдерге бөлу, оқығанды жоспарға түсіру;

  3. сұрақтарға жауап беру;

  4. өз мысалыңды келтіру;

Мәтінмен жұмыс істеу оның мазмұн құрылымына байланысты. Көркем әдебиет мазмұны кейіпкердің іс – әрекетімен тұтастықта беріледі. Екінші орында әдебиет қисынынан мағлұмат беру әдісі өткізіледі.

Талдау мәтінмен жұмыс істеудің басты формасы. Талдау негізінен сыныпта жүргізіледі. Сабақты активтендіру ең алдымен талдау сабақтары үстінде жетіледі. Оның шарты - оқушыларға өздігінше жұмыс істету, баулу, активтендіру.

Талдауға объект болатын шығарманың ішкі-сыртқы ерекшеліктері: а) тақырыбы мен идеясы: ә) басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі; б) шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен қарым-қатынасы; в) ұнамсыз образдар, солар арқылы көрінетін қайшылықтары; г) композициялық құрылыс, олардың формалары, қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, диалог, портрет, монолог т. б.); ғ) шығарманың сюжеті; д) шығарма тілі (баяндау, пролог, эпилог, афоризм, мақал-мәтелдер) ондағы кейіпкер тілі (монолог, диолог); е) шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос, поэзия, драма бөлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте көрінетін орны; з) жазушының өзіндік стилі, әдісі, көзқарасы; ж) дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы, оригиналдығы және т.б.

Кейде оқушыларды топ-топқа бөліп, мәтінді оқытып алып, бірінші тобына кейіпкерлер мінездемесін, екінші тобына композициялық жоспарын жасап, үшінші тобына кейіпкер тілін, төртінші топқа суреттеу тәсілдерін (пейзаж, портрет, сипаттау, мінездеу, эпилог, пролог, монолог т.б.) анықтап, талдау жүргізу тапсырылады. Бұған әуелі шағын әңгіме, поэма, повесть алынады. Оны, сынып оқушыларын қатыстыра отырып, талдап шығамыз. Бұл - жеке компонеттерді талдап, дағды алған соң жүргізіліді. Талдау сабақтарының басқа да, оқушылардың баяндамалары, пікір-талас сабақтар сияқты түрлері бар.

Оқушылардың логикалық ойлануына және өз беттерінне зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмегін тигізетін басқа да сабақтар түрлері бар.

Театрланған пікірталас. Театрланған пікірталас сабақғының мақсаты: 1. Сабақ баланы тұйықталудан құтқарады, еркін ойлауға жетелеп, шәкірт ойын дамытады. 2. Тақырыптың тың саласына зерттеуші ретінде тұжырым пікірлерін айтады. 3. Сахналық көріністің кейбір кезеңдерімен танысып, өздерінше жүзеге асыруға үйренеді.

Сот-сабақ. Сот сабағының мақсаты: 1. Шәкірттер сот процесіне қатысушылар ретінде өз пікірлерін қорғап, дәлелдейді. 2. Оқушының тақырыпты терең меңгеруіне, өз беттерінше шешім қабылдауына жағдай жасады. Соның нәтижесінде сабақ қызықты, тартымды болып өтіп, оқушылардың белсенділігі артады.

Қандай сабақ болса да, сабақтардың кезеңдері қатып қалған схема емес, оны өзгертіп, түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұйымдастыра білу жолына байланысты болады. Әр сабақта, шығарманың тақрыбын меңгерту барысында ұстаз алдына қойған мақсаты мен шеберлігін ұштастыра отырып түрлендіріп отыруға тиіс.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:9]; 2.[1.7:10]; 3.[1.7:11]; 4.[1.7:13]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:14]

8 лекция тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері

ҮІІІ апта. 2 кредит-сағат.

Лекция тезисі: Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнінде қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады.

Оқыту әдісі дегеніміз – оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы шығармашылық бірлескен тәсілі.

Әдебиетті оқыту әдісін оның құралдарынан ажырата қараймыз. Әдіс тек әрекетпен тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп айтамыз. Амал(прием) - әдістеме ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі. Амал - әдістемедегі бастапқы саты. Әр оқытушының сабақты түсіндірудегі, әрбір үйренушінің білімін тексерудегі амалы әр түрлі болуы мүмкін. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз.

Әдеби материалдың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, әдіс-амалдары, барысы, құрылысы, мазмұны т.б. болады. Демек, сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне қарай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын мүдделі құбылысқа, күрделі оқу тәрбиелік процесі жатады.

Сөздік әдіс

Көрнекілік әдіс

Практикалық әдістер

Зерттеу

Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуге бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күретамыры деуге де болатындай.

Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуге, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай – ақ, оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.

Оқушылардың теориялық

білімін практикада

пайдалана

білу

дәрежелерін жетілдіреді.

Бұл әдіс

кітапппен

жұмыс түрлері

кезінде жазушы

тілі, стилін

анықтауда

өте тиімді.

Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруге өте пайдалы.

Ә.Қоңыратбаев әдебиетті оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді төмендегіше жүйелейді: түсіндірмелі оқу, баяндау әдісі, әңгіме әдісі, эксперимент әдісі, көрнекілік әдісі. Қ.Бітібаева проблемалық әдіс, түсіндірмелі-репродуктивтік әдіс, көрнекілік әдіс, зерттеу әдісі түрлерін атайды.

Проблемалық әдіс. Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық – іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және орындата алады. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді.

Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық проблемалық жағдаят(ситуация) тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады.

Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ, белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс-тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеше алатындай тапсырмларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді.

Репродуктивтік (жаңғырмалы) әдіс. Бұл әдістің мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің лекциясынан, оқулықтан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жақтың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйретіні. Репродуктивтік әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.

Түсіндірмелі оқу бұрын көбіне бастауыш мектепте қолданылды. Оның теориясын Д.И.Тихомиров, В.П.Шереметовский сияқты ғалымдар жасаған. В.П.Шереметовский түсіндірмелі оқуды кластық әңгіме әдісіне жатқызады. Сұрақ-жауап түрінде жүргізілетіндіктен, оны ол Сократ (диалог) әдісі деп атаған.

Түсіндірмелі оқуды бір ғана бастауыш мектеп методикасы деп үстірт түсінуге болмайды. Өйткені пәнді түсіндірмей үйрету мүмкін емес. Алайда алғашқы мәтін түсінік тасасында қалар болса, ол баланы көркем мәтіннен алыстатады.

Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдердің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді.

Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабалдай алады. Бірақ репродуктивтік-түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді.

Эксперимент әдісі. Бұл әдіс техникалық пәндер тәжірибелерінде қолданылады. Әдебиетте ашық сабақтарда озат тәжірибе сабақтарын экспериментке құруға болады. Мысал, 12-14 сағаттық көлемді мәтіндерді экспериментке құрып, тіркескен сабақ үлгілерін жасауға болады. Сол сабақтар тұсынд оқу, талдау, баяндау, әңгіме, көрнекілік әдістерінің қалай ұштасып келетіндігін көрсету мұғалімді өз бетімен ізденіп отыруға жетелейді.

Көрнекілік әдісі. Демонстрация. Схема, таблица, сурет, диапозитив, диафильм. Көрнекілік әдісі – оқу, түсіндіру, жаттықтыру, үйрету, балалардың өзіндік жұмысы тұсында қолданылатын көмекші тәсілдерінің бірі. Мұғалім сөзі, лекция, түсінік тұсында ол сурет көрсету, графика, синхроникалық таблица, схема, тақтаға мысал жазу, стенд, сурет, карта т.б. түрінде қолданылады.

Теориялық ереже берілетін болса, оның тексі тақтаға түседі. Соны балалар мысалымен көшіріп алады. Жазушының өмірбаяны өтілген болса, балалар оқулықтан сол материалды оқып, синхроникалық таблица жасап келеді.

Лекция тұсында мұғалім балаларды мұражайға, киноға апарады. Шоқан саяхаты, Ыбырай мектептері, Жоңғар қалмақтарының шапқыншылықтарының схемалық картасын жасау пайдалы. Көрнекі құрал бір ғана лекцияның құралы емес, оның сабақтың барлық буынына қатысы бар. Көрнекі құрал жасауға балалардың өздерін көбірек тартқан жөн.

Көрнекілік әдісі сабақпен тікелей байланысты. Ал сабақ бір ғана ұзын сонар сөзден құралмайды, кластағы бірлескен жұмыстан басталады.

Көрнекілік әдісінің түпкі мақсаты – қысқа да оңай жолмен, тиянақты білім беру. Көрнекілік – оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды.

Баяндау әдісі. Бұл әдіс орта буын сыныптарында мұғалім сөзі, жоғары сыныптарда лекция түрінде қолданылады. Лекцияның бөлінген жоспары болады. Мұғалім әуелі лекцияның мақсатымен таныстырады. Бөлімдерін ретімен айтады. Тақтаға фактілер мен даталарды жазады. Көп жағдайда лекция жоспары көрнекі құралға негізделеді. Кіріспе сөз бен лекция сабақтың негізгі буыны емес. Шығарманы талдауда кіріспе сөз бен лекцияның көмегі зор.

Әдебиетті оқытуда ақын-жазушылардың өмірбаянын жалаң баяндауға әуестік, шығарманың мазмұнын, образдарын көркем мәтінді оқытпай жатып, күні бұрын айтып беру деті бар.

Оқыту әдісінің бастысы баяндау мен бақылау ғана емес, оқу, үйрету, жаттықтыру. Қай сабақ тұсында болса да сөз аз болып, жаттығу мен оқушыларды оқу ісіне дағдыландыруға көп көңіл бөлінуі тиіс.

Әңгіме әдісі. Бұл әдісті риторикалық оқуға қарсы күресте В.Я.Стоюнин енгізген. Әңгіме әдісі бойынша оқушылар көркем сөздің мазмұны, тақырыбы, идеясы, образдары, тілі, композициясы жөнінде де өз түсініктерін айта білерліктей бағытта жұмыс істеуі тиіс. Әңгіме әдісінің орталығында сұрақ-жауап, бірлесіп жұмыс істеу, сабақты активтендіру тәсілі тұрады.

В.Я.Стоюниннің ойынша, әдебиет сабағы бала жанында сыншыл ой тудыруы қажет.

Әңгіме әдісі тұсында оқушының өзінше оқып, өзінше топшылауына үлкен мән беріледі. Әрине, оған мұғалім жетекшілігі керек. Сұрақтар мен тапсырмалар дұрыс беріліп, сабақ дұрыс ұйымдастырылған болса, әңгіме әдісі мұғалім мен оқушының мәтін төңірегінде тізгінделіп жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік береді.

Байқау әдісі. Оқу мақамы, жазу қарқыны сияқты әдістер Ү-ҮІІ сыныптарда жиі қолданылады. Себебі, оларсыз көркем шығармалардың оқиғаларын, кейіпкерлер арасындағы қарым – қатынасын, олардың мінездерін көз алдына елестете алмайды. Осындай қабілеттілікті дамыту үшін, нақтылықтан дерексіз ойды тудыру үшін көрнекіліктің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.

Тәжірибешілік әдіс. Тәжірибешіліктің өтілу барысы пәннің мазмұнына тікелей бағынышты. Мұның өзі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі талаптарды орындау арқылы жүзеге аспақ.

  • алдымен оқушыға жаттығу жұмысының мақсатын, орындау ережесін алдын – ала ескертуі;

  • жаттығудың мақамдарын үнемі өзгертіп отыруы;

  • жаттығудың жүйелілігі.

Жаттығу жұмысы әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын, мұратын, мазмұн құрылымын, қисынын меңгеруге машықтандырады.

Зерттеу әдісі. берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

Зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ.

Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тимді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:10]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:12]; 2.[1.7:14]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]

9 лекция тақырыбы: Әдебиет пәнінің мұғалімі

ІХ апта. 2 кредит-сағат.

Лекция тезисі: Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбеті

Әдебиеттен дәріс беретін мұғалім жер астынан асыл кен іздеген инженер-геологпен парапар немесе адам ағзасындағы кінәратты табуға бүкіл білім, тәжірибесін жұмсаған дәрігер іспеттес.

Міне, мұғалім де солар сияқты шығарманың өн бойынан, шәкірт жанына нұр себер, жақсылық нышандарға жетектер, жан әлеміне ыстық леп берер, алаулаған арпалыс, ашу-кек туғызар штрих-детальдарды іздеуге тиіс.

Сабақ тағдыры – мұғалім қолында. Оның биік деңгейде болуы мұғалімнің үнемі ізденісіне, шығармашылықпен еңбек етуіне байланысты. Қандай ақылды техника болмасын мұғалім орнын еш уақытта алмастыра алмайды, ол тек оның еңбегін жеңілдетіп, ойын жүзеге асыруға көмектеседі.

Әсіресе, әдебиеттен дәріс беруші мұғалімнің орны мүлде ерекше. Өйткені әдебиет мұғалімі өнер туындысымен істес, оның бар нәрі мен қасиетін, эстетикалық, эмоциялық күш-қуатын оқушы ой-сезіміне әсерлі етіп тек мұғалім ғана жеткізе алады.

Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігін таныту үшін мұғалім әдебиеттанушы ғалым сияқты зерттеуші болуға міндетті. Онсыз көркем әдебиеттің табиғатын танып, шәкірттерді шығарманың астарлы ойына тереңдей бойлатып, эстетикалық табиғатын ашу мүмкін емес.

Мұғалім зердесінде сабақтың әркез қалай өткені, оқушы болашағына сол сабағы жол ашты ма, маңыздылығы қандай болды деген сауалдар жүрген кезде ғана ол адам жанының инженері ұстаз деген ұлы атқа ие болады. Ол үшін ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс және сонымен бірге күн сайын өткізген әр сабағына талдау жасап, сол сабақтың оқушыға тигізген әсерін сараптап, оқушының білім алуына ықпал ету тәсілдерін ойлап отыруы қажет.

Мұғалімнің жан-жақты білімді болуы, көркемдік талғамы, шығармашылық ізденісі, әдебиет сабағының сапасы, міне, осыған байланысты.

Әдебиет пәні мұғаліміне тек әдебиеттану ғылымын жете білу де, зерттеушілік те жеткіліксіз. Ол арғы-бергі замандағы методика табыстарын терең игерген теоретик-методист болуға тиіс. Ол әдіс-тәсілді жете меңгеруге тиіс. Әдістеме сласында творчестволық ізденіс жасамаған мұғалім шәкірттерді әдебиет туындысына тұшындыра алмайды.

Материалды есте қалдыру, оқушы бойына сіңіре білу - әдебиет пәні мұғалімінің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Материалды меңгерту барысында пән мұғалімі оқушы міндетін айқын болжай білуі керек.

Оқытуды ізгілендіру ұстанымының негізгі мақсаттарының бірі – адам бойындағы, образ-бейнесіндегі әдемілік әлемін көркем мәтін арқылы сезіне білуге тәрбиелеу.

Өнер туындысындағы барлық барлық эстетикалық, эмоциялық қуатты шәкірт бойына дарыту үшін әдебиет мұғалімі өзі де өнерді сүйетін, бар жанымен түсінетін адам болуы парыз. Өнерді сөйлете білу үшін ол әрі актер, әрі режиссер, әрі педагог, әрі жазушы, әрі әдебиетші, демек, бесаспап адам болуы тиіс. Онсыз әдебиет мұғалімі жоқ.

Оқытуды ізгілендірудің екінші сатысы – оқушыға деген ерекше құрмет. Балаларға деген сүйіспеншілігі жоқ ұстаз ұстаз емес. Пән мұғалімі балаға өсу, даму үстіндегі және де ойы, талғамы, намысы, өзіндік жан әлемі бар жан иесі деп қарауы тиіс.

Оқытуды ізгілендірудің үшінші сатысы - әділеттілік пен адалдық. Абай «Ұстаздық жолдағы басты парыз - әділеттілік пен адалдық» деген болатын. Егер оған ақау түссе, бұл белгілі ортаға ғана кінәрат келтірумен шектелмейді, бүкіл қоғамға көлеңке түсіреді. Кімде-кімнің әділеті жоқ болса,, оның ұяты жоқ. Ұят – адамның сезімдік тебіренісі, адалдықтың көрсеткіші, адамшылық өлшемі.

Әдебиетті оқытудағы пән мұғалімінің кемшіліктері: көркем әдебиетті өнер туындысы ретінде таныта алмауында; әдебиет сабағын өнер сабағы етіп өткізе алмауында; шығарманың көркемдік жақтарына мән бермеушілік; көркем шығарманың эстетикалық, эмоциялық жақтарына баса назар аудару. Осының негізінде әлеуметтік мазмұнын жұтаңдатып алу; шығарманың идеялық мазмұнын ашуға ғана көңіл бөліп, біржақтылыққа ұрыну; әлеуметтік проблемаларды шығарманың көркемдік элементтері, оның ішкі бейнелі құрылымы арқылы ашуға талпынбаушылық; жайдақ, жасық, нәрсіз баяндауға ұрыну; мәтінді, жазушыны сөйлету орнына боссөзділікке салыну.

Әдебиетті оқытудағы формализмнен, бірсарындылықтан, бірізділіктен, сүреңсіз баяндаудан арылмайынша, әдебиет сабағы өзінің көздеген мақсатына жете алмақ емес.

Оқыту – білім беру, өмірді, айналадағы табиғатты, адамды таныту, ғылым, білімнің жаңалықтарына ынталандыру, өмірге құлшындыру. Міне, әдебиет пәні мұғалімінің оқыту мақсаты да осы нысананы көздеуге тиіс.

Оқушы – даму үстіндегі жеке тұлға, ал мұғалім – тұлғаның дамуына бағыт-бағдар беруші. Ол – ұстаз біліктілігінің көрінісі. Сабақ барысында мұғалім алдында өзіндік ойы мен пікірі бар даму үстіндегі субъект отырғанын, ал оқушы өз алдына түйіні шешілмеген, тақырыбы ашылмаған зерттеу объектісі тұрғанын естен шығармағаны жөн. Сонда ғана мұғалім өз мақсатына жетіп, оқытудың мақсаты мен міндетін толық жүзеге асыра алады. Мұғалім бақыты да осында.

Білім - бір күнгі сабақ үстінде берілген дұрыс жауап емес, білім кез келген уақытта, қандай да болмасын таныс емес мәліметті ой әрекеті арқылы танып, оны өзінше тұжырымдаудың нәтижесінде берілетін жауап.

Пән мұғалімі көбіне біріншісін талап етеді де, сол бойынша бағалайды. Және материалды дайын күйінде береді. Бұл дұрыс емес. Себебі, кейбір қабілетті оқушылар да ойланып пікір айтқаннан гөрі жаттап алып айтып береді. Өйткені соған дағдыланбаған оқушыға берілген білім сіңбейді. Жаттанды нәрсе тез ұмытылып қалады. Сондықтан оқушының өз ойларын толық жеткізе алмай қиналып тұратынын аңғарып та, көріп те жүрміз.

Әдебиет пәні мұғалімі оқушы міндетінен орындаушылықты алып тастап, сабақтағы барлық әрекетті оқушының логикалық пайымдауын арттыруға бағыттау қажет. Бұған қол жеткізу үшін оқыту барысында мұғалім мына жайттарды басшылыққа алғаны жөн: әдебиетті өмір табиғатына сәйкес оқыта білу, оның идеялық-эстеикалық мән-мағынасына терең бойлата отырып қабылдату; туған әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру;көркем әдебиетті оқуға деген оқушы қызығушылығын ояту, олардың бойында жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру; сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болар білім дағдыларын қалыптастыру; оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін дамыту; ойын сауатты айтып, жаза білуге, өзіндік ой-пікірін жүйелі айта білуге үйрету.

Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мұра-халықтық педагогика мен Орхон-Енисей жазуларынан бастау алып, орта ғасыр ойшылдарның парасатты тәлімгерлік ой толғаныстарымен толысып, ХІV-XIX ғасыр ақын-жыраулардың терме, толғауларында жалғасып, ал ХІХ ғасырдың екінші жартысындыа өмір сүрген қазақтың ұлы ғұлама ағартушы-демократ ұлдары: Шоқан, Абай, Ыбырай еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын мәнінде Қазан төңкерісіне дейін педагогика ғылымы дербес ғылымдық дәрежеге көтеріліп жетпегенін көре аламыз. Оның себептері біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан салалаы тараулары бір-бірінен дараланып бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылымның салаларын жеке ғылыми тұрғыда зерттеуші ғалымдардың жоқтығы, үшіншіден, ғылым салаларын өрісттетерлік ғылыми техникалық матриалдық базаның болмауы.

Абай да, Ыбырай да, Міржақып пен Ахмет те келешегінен үміт күткен, өз халқын жан-тәнімен сүйген, хылқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот азаматтар еді. Бұл ғұлама ғалымдар - өз заманының ақыл-ойшылдары, ірі қоғам қайраткерлері, қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматтар.

А.Байтұрсынов «Тіл құралы» - қазақ тілін үйрететін оқулық, «Баяншы» - мұғалімдерге арналған методикалық кітапша, «Әліпби» кітаптарын жазды, орыс жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударды; М.Дулатов «Есеп құралы» - математикадан оқу құралы, «Қирағат» - балаларға арналған оқу құралын жазып шығарды, Ы.Алтынсарин – қазақ балаларына алғаш мектеп ашты, Ырғызда қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазып шығарды.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - дейді Ы.Алтынсарин.

Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады. Бала бір нәрсені түсінбесе, оларды көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлесуі керек» - дейді.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагоика, методикадан хабардар, жақсы оқыт білетін мұғалім» - дейді А.Байтұрсынов.

М.Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға(қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - деген болатын.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

10 лекция тақырыбы: Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

Х апта. 2 кредит - сағат.

Лекция тезисі: Көптеген ғалымдар, психолгтар, мұғалімдер зерттеулері, пікірлері бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады:

  1. кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер

  2. ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14- тегі жасөспірімдер

  3. үлкен жастағыларға 10-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды.

Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр. Дегенмен, алаңғасарлық, тез қабылдап, тез ұмыту да осыларда жиі кездеседі. Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да осылар, 10-12 жастағылар.

Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктері:

  • поэзиядан, дарамалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы. Оқыған шығарманың мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл-күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, дел-салдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда жиі кездеседі.

  • жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер де осы жастағылар.

  • олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, «шіркін, ол неге былай істемеді екен, әттең, олай істегенде» деген сияқты өз қиял-еріктеріне де ерік беріп, толғанып жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады, себебі келесі кітапты оқығанда, ол басқаша толғанысқа тап болады.

Әрине, 10-12 жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерінің барлығын тез ұмытып кетеді деуден аулақпыз. Оқыған дүниелерін, әсерлерін 2-3 айдан кейін қайта сұрағанда, олар басыңқы дауыспен, байыпты баяндай бастайды. Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылықпен қарауды сезуге болады. Мұның барлығы, яғни, сондай «тұрақсыздық» - баланың жас ерекшелігі, психологиясынан туып отырған дүниелер.

Қорытынды:

- 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде белгілі бір идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды. Осы жастағы балаларды кітап оқуға булуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн: кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру.

Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Балалық, шалаллық, ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын оқығандарын тек сезім жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, «бірбеттілік», «қайтпастық» мінездерден арыла бастайды.

Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Баллалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір.

13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен, ол басқалай сипат алады.

- көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды;

- әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді;

- кітаптағының барлығына сене бермейді, барлығына бірдей қуана бермейді, қайғыра да бермейді;

- авторға келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, былай болу керек қой» деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді.

Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» атты шығармасынан үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтығұлдың көптеген іс-әрекетіне келіспейді. Оның себебі, олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па – ойланады, бұрынғыдай сезімге берілмейді, талдау жасап саралап оқиды. Екіншіден, бұрынғы оқыған шығармаларында бас кейіпкер жеңіп шығады, алданбайды, әсіресе, барлаушылар туралы шығармаларда.

Көркем туындыны өнердің бір саласы деп толық түсіну, оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса тұтас дүние деп қабылдау 13-14 жастағыларға әлі де ерте.

Көркем шығармадан бой тартудың себебі:

- біреуі спортқа ден қоюы мүмкін;

- екіншісі әнге, не басқаға бой ұрады.

Мұғалім баланың не себепті кітапқа салқындауын зерттеуі керек. Жазалауға болмайды. Шыдамдылық көрсету керек. Көркем әдебиет оқудың бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтінін, әр түрлі кәсіп, өнер сласындағы ұлы адамдардың барлығы әдебиетті сүйгендеріне, өйткені әдебиет рухани азық, көл-гөсір байлық, білім көзі екендігіне сендіре білу керек.

Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшеліктеріне байланысты.

  • бұл жастағылар өзін еркін сезінеді;

  • көп нәрсені өз беттерімен шешкенді ұнатады, «бас бостандықтарын» сүйеді, әрі оны қызғыштай қоруға дайын тұрады;

  • өмірге, айналаға өзіндік көзқарасы қалыптаса бастайды.

Бұл шақ, психолог тілімен айтқанда, адам болып қалыптасудың гүл атқан шағы, жастық шағының бастауы. Романтика, қиял, мұрат іздеу, алғашқы махаббат – бәрі-бәрі, әсіресе, осы шақта құлпыра түседі. Күш жағынан болсын, ақыл жағынан болсын, оларда жетілу, гүлдеу басталады.

Дәл осы жаста көркем туындыға деген олардың көзқарасында да даму айқын көрінеді.

  • әр баланың өзі сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады. Мұғалімнің жетелеуінсіз-ақ, өзі сүйетін тақырыптағы шығармаларды өз беттерімен оқи береді;

  • оқығандарына сынмен қарайды, көркем туындыны тұтастай алып қарастырады.

  • оны өмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан «жоғын» іздейді.

Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?

- әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушының өз пікірін, ойын, әсерін білу;

- «сенің пікірің, ойың қате» деп кесіп айтудан сақтану, керісінше, талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, дәлелді түрде, шындыққа жетелеу;

- әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікірталасын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.

Бұл жастағы оқушыларға «алдымдағы бала» деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасатуға жағдай туғызу. Ол үшін қосымша материалдардағы жазылған дүниелерді, ғалымдар пікірін, оқулықтағы мәселелерді ортаға салу. Осылар арқылы шындықтың, құбылыстың бетін ашуға еңбектендіру.

өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру үшін әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениетті, әдебиетті терең білетін әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлесі болуы керек.

Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.

Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты.

Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс- әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен тез тауып алады. Егер үлкендер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалады. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық, сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады.

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуімізі қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.

Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Психологтар қабілеттің екі түрлі деңгейде болатынын дәлелдеді:

  1. Репродуктивті – іс-әрекетті, білімді берілген үрдіс бойынша қабылдап алу деңгейі.

  2. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағыттылған қабілеттер деңгейі.

Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.

Белгілі психолг Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

  1. ұқыптылық, жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылылығы,

2. ақыл-ой, логикалық ойлауының тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білуі;

3. барлық күш-қуатын сарқа жұмсап, тынымсыз еңбек етуі.

Дарынды балаларды тани білу, олармен жүргізілетін жұмыс түрін жүйелі, орынды ұйымдастыру әр ұстаздың бала жанын дұрыс түсініп, үлкен педагогтік шеберлік көрсеткенінде ғана нәтиже бермек. Ос орайда бақылау жүргізіліп отырған оқушының белсенділігіне, тапқырлығына, түсіндірілген материалдарды тез қабылдай алуына, берілген тапсырманы мұқият орындауы мен жауапкершілігіне, жанындағы жолдастарымен тез тіл табыса білуіне, сөйлеу шеберлігіне, сөздік қорының мөлшеріне тағы да бсақа ерекшеліктеріне баса назар аударылған жөн.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы(1996ж.) Президенттің Қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы 256 қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды.

Орталықтың басты мақсаты: мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыс жасауға психо-педагогикалық тұрғыдан дайындау; дарынды және қабілетті оқушыларға білім беру жүйесін жетілдіруде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету; дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтаудың психологиялық және педагогикалық негiздерiн тұжырымдау.

Әдістемелік «Дарын» орталығының бір бағыты - дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қабілетін дамытуға жағдай жасау.

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:8]; 2.[1.7:9]

Қосымша әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:13]

11 лекция тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.

ХІ апта. 2 кредит - сағат.

Лекция тезисі: Әдіскер Т.Ақшолақов көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін көрсетеді: образ бойынша талдау, тұтас талдау, проблемалы талдау, тақырыптық талдау.

Образ бойынша талдау. Образ бойынша талдау кезінде оқушылар кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Әрине, шығармалағы орталық кейіпкердің барша қасиеті жеке дара ашылмайды. Себебі, автор өз кейіпкерін мәтіндегі әр алуан іс-әректтермен, оқиғалармен, бас кейіпкерлермен байланыстырады.

Тұтастықта талдау. Бұл шығарманың желісіне сай жүргзіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс-әрекетті жан-жақты, жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мәтіндерді талдағанда, ондағы оқиға реті ауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады. Бұл талдау осындай мәселеде реттілікті сақтап, оқиға барысын автор баяндауынан ауытқымай жүргізуге көмектеседі.

Проблема қойып талдау. Көркем шығармада сан тарапты әрекеттер баяндалып, көптеген қарама-қайшылықты, талас-пікірлі оқиғалар туындап жатады. Демек, жазушы көтерген проблеманы танып білу керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет. Мәселен, С.Көбеевтің «Қалың мал», М.Әуезовтің «Көксерек» т.б. шығармалары өтілгенде халықтық ғұрыптың сақталуы, табиғатты қорғау, жаратылыс байлығын сақтау жайлы проблемалы сауалдар әзірлеп, оқушылардың бүгінгі күн тұрғысындағы көзқарасын айтқызуға, ой бөлісуге шақыруға болады.

Тақырыптық талдау. Талдау кезінде көркем шығарма жан-жақты, терң қарастырылады. Яғни, бір көркем мәтінді іштей бірніші тақырыптарға жіктеп, әрқайсысына атау беріп, сол ретпен талдау жүргіземіз. Бұл көркем мәтіннің тарауларын, ондағы оқиғаларды топтап қарастыруға көмектеседі.

Оқушыларға мәтінді жеке бөліктерден тұтас, кешенді талдауға дайындау қажет. Мәселен, көркем мәтіннен эпизодтарды бөліп алуға үйрете отырып, оларға жоспар құруды, шығарма бөліктеріне ат қоюды тапсыруға болады. Одан соң шығарма құрылымының ерекшелігін ашқызып, автордың идеясын, кейіпкерел жүйесін, шығарманың тіл көркемдігін айқындаймыз.

Көркем шығарманы талдау үстінде қаламгердің тіл шеберлігі де ашылады. Мәтін тілін шартты түрде екіге бөлеміз: жазушы тілі және кейіпкер тілі. Шығармадан алынған бейнелі көркем сөз оқушылардың тіл байлығын еселеп, сөздің мәнін ұғуға, эстетикалық талғамын оятуға әсер етеді.

Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят(повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері: шығарманың мазмұнға құрылуы, сюжеті, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері болуы(көркем компоненттерінің болуы).

Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда, міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

  1. көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы;

  2. көркем образдары, образдар галереясы;

  3. автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.

Талдауда ең алдымен, оқиға, композиция назарға алынады. Солар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеті, харктері ашылады, шығарма негізіндегі авторлық ой да көрінеді.

Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады(сыныбы, жасына қарай).

Мысалы, 5-7 сыныптарда сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.

Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжеттік-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады. Басты эпизодтарды бөліп ала отырып, онымен жасалатын жұмыста мұғалім көркем туындыны мүлдем ұмытып кетпейді, қайта сол эпизодты ашып, оны тұтастай қарастыру жолдарын іздейді.

Эпикалық шығармаларды образдар бойынша талдау – мектепте ең көп қолданылатын дәстүрлі әдіс. Мұндай талдаудың күрделілігі сол - олардың іс-әрекеті арқылы оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар туралы білім беруге де назар аударылып отырады. Тип, прототип, образ туралы алғашқы ұғымнан бастап сынып жоғарылаған сайын, олардың саны да, түсіндірудің тереңдігі мен ауқымы да арта түседі.

Эпикалық шығармаларды оқыту, талдау барысында оның негізіндегі авторлық ойға, авторлық көзқарасқа көз жүгірту – басты мәселелердің бірі. Оқушы көркем туындыны оқып отырғанда, авторды ұмытып кетеді(қай сыныпта, қай буында болса да).

Көлемді шығарманы оқытудың өз қиындығы бар. Оқушылар оны толық оқымайды да, сабақ үстінде оның игертілуі де ойдағыдай шықпайды. Сондықтан, мұғалім көлемді шығармаларды оқытуды оқушыларға алдын-ала ұсыну керек. Сонда сабақ үстіндегі талдау кезінде мұғалім өзіне тірек оқушылардың көмегіне сүйенеді. Одан кейінгі оқушыларды мәтінді оқытуға жетелейтін әдістің бірі – мәтінге жоспар құру. Егер мұғалім оқушыларға шығарма мазмұнын ашатындай мәселелердің тізбесінен тұратын жоспар жасауды үйретіп, сол бойынша нақты жауаптар алуға дағдыландырса, оқушы жоспардағы мәселелерді ашу үстінде мәтін мазмұнын игеруге талпынады. .

Мектепте өтілетін көркем әдебиеттің бір саласы – драмалық шығармалар. Драмалық шығарманың ерекшелігі:

  • драмалық шығармада авторлық ой, мақсат, көзқарас көмескі. Ол әр кейіпкер сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман, көрерменнен ерекше ықылас қойып, мұқият тыңдауды, көруді, ойлауды талап етеді;

  • драмалық шығармада оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек;

  • өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың негізгі арнасы;

  • дарамада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді;

  • драмада қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп дамиды.

Бұл жанрдың осы сияқты өзгешелік жақтары онымен істелетін жұмыстың өз алдына әдіс-амалдарын белгілеуді талап етеді.

Драмалық шығармаларды оқып-үйрену өзге салаларға қарағанда күрделі деп есептеледі. Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері төмендегідей:

- Драмалық шығармаларды оқушыларға алдын-ала оқыту керек. Оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оны мұғалім үлестірме-нұсқау арқылы да жүргізеді. Үлестірме тапсырмалармен қоса оқушыларды ойландыратын, іздендіретін сұрақтар беру де тиімді;

- Драмалық шығарманы талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғым беру қажет. Ұғым екі кезеңнен тұруы керек. 1-кезең көркем туындыны бастау алдында беріледі, екінші кезең көркем туынды талданып біткен соң беріледі. 1-кезеңде кіріспе ұғымы беріледі. Мысалы, драмалық шығармалар, олардың түрлеріі, трагедия, комедия, пьеса, акт, көрініс, перде, сурет, ремарка, монолог, диалог, тартыс туралы алғашқы ұғым беріледі. Талдау барысында және соңында, яғни екінші кезеңде нақты мысалдар арқылы бұл теориялық ұғымдар тереңдете берілуі керек. Мысалы, монолог туралы кіріспе ұғымда ол кейіпкер сөзі екендігі, драмалық шығармада монологке ерекше мән берілетіні айтылса, екінші кезеңде осы монологтердің драмада атқарып тұрған маңызы, орны ашылуы керек.

Драмалық шығарманы оқытудың басты мақсатының бірі – оның табиғатын, әдебиеттің басқа жанрларынан өзіндік ерекшелігін таныту. Осы мақсатта, «Қозы Көрпеш» лиро-эпикалыық жырын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясымен салыстырудың маңызы зор. Салыстыру сұрақтары алдын-ала үйге беріледі. Оқушылардың ойлануына жағдай жасалады. Салыстыру жұмыстары арқылы жыр мен драманың айырмашылығын ажырату, аңдату жүзеге асырылады;

- Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан(қазіргі жағдайда интерактивті тақтадан) тыңдау немесе содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді(интерактивті тақта арқылы да) пайдалану тиімді болмақ;

- Драмалық шығарманы талдуда мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу қажет. Ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп алып, солар бойынша жұмыс істеу керек;

- Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рольге бөліп оқуға ерекше назар аударылады;

- Драмалық шығарманы талдау барысында жиі-жиі оқушыларға қозғау салып, олардың қиялына, ойына еркі беріп отыру қажет;

- Кейіпкерлер монологін, диалогін үнтаспадан(мәнерлеп оқылған) тыңдау, қабілетті оқушыларды алдын ала әзірлеп, жатқа айтқызудың өзіндік орны бар.

Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол - әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен, оның өзіне тән оқыту әдістері, сабақ түрелі болады. Концерт-сабақтар, композициялық сабақтар түрі – дараманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.

Өлеңдерді оқыту барысында пән мұғалімі өзінің кіріспе сөзінде міндетті түрде өтілгелі отырған өлең авторының, яғни ақынның шығармашылығына тоқталып, ақынның сөз шеберлігіне, шығармашылық шеберліктеріне тоқталып, бұрынғы өткен ақын – жазушылардың шығармашылық шеберліктерімен салыстыру өте мәнді орын алады.

Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым – қатынасында. Әсіресе, 5 – 8 сыныптар оқушыларының көбі поэзиядан гөрі, қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі бадырайып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады.

Мұғалімге оқушыларды лирикалық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі, прозалық шығармаларға қызықтыру жеңілірек тиеді. Лирикалық шығармаларда ақын өз ойы, өз сезімі, өз күйін тікелей кейіптеу арқылы жеткізсе, лириканың сол өзіндік қасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі, нәзік сезімі, ұшқыр ойы болуы керек қой. Лирикалық шығармаларды құлақпен емес, жүрекпен, сезіммен қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қалай қабылдады, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл – күйде болды оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер. Міне, сондықтан да лириканы оқытудың күрделілігі осында жатыр.

Лирикалық шығармаларды оқытуда жүзеге асырылатын жұмыс түрлері:

- Лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру. Өлеңді үйде алдын-ала оқып, танысуға беру.

- Мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, өзі талдамас бұрын, оқушылармен жұмыс жүргізуі керек. Яғни олардан өздеріне ұнаған шумақтар, әдемі, сұлу деген бейнелі сөздер, ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап білудің маңызы зор. Себебі, лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен әдеби мәтінді талдауға да дағдыландырады.

- Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу.

- Өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару.

- Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті, үйлесімді, тиімді пайдалану;

- Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау (балаларға ұрыспау, т.б.)

- Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану;

- Әр түрлі сабақ үлгілерін іздену (Мысалы, концерт-сабақ пәнаралық байланыста өтетін сабақтар, т.б.); музыка пәні, бейнелеу өнері, т.б. пәндер мұғалімдерімен сабақты бірге өткізу.