Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

Билет №17

  1. Биогеоценоз компоненттері.

  2. экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі

  3. Популяция санын реттеу: мақсаттары, міндеттері, әдістері, маңызы.

Жауаптар:

1. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер.II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы.III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.IV- ірі жыртқыштар.V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детриттер .Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

2. Экологиялық факторлар- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлерін ерекше атап өту қажет;1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

3. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.

Билет №18

  1. Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.

  2. Биоценоздың қоректік құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).

  3. Қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері және салдары.

Жауаптар:

1.Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым.

Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

Экология бөлімдері.

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.

1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Демэкология 2 сұрақ- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3. Синэкология - қауымдастық экологиясы.

Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

2. Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.Екіншісі – консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар).Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.

3.Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен іске асырылатын көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесі 1-кестеде келтірілген.Қазіргі уақытта Қазақстанда қоршаған орта, соның ішінде климатты өзгерту, биологиялық алуан түрлілік және шөлденумен күрес жүргізу бойынша БҰҰ 3 негізгі халықаралық конвенциясы аса сәтті іске асырылуда. БҰҰ климатты өзгерту бойынша Рама конвенциясы шеңберінде ұлттық та, жаһандық та деңгейде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, климаттың өзгеруіне және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін олардың салдарының жұмсаруына бейімделуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Қазақстанда шөлденумен күрес жүргізу туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыру шеңберінде шөлдену және құрғақшылықтың жағымсыз әсер ету масштабтарын болдырмау және қысқарту, нашарлаған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдаланудың экономикалық механизмдерін әзірлеу және ендіру бойынша орасан жұмыс жүргізіледі. Биоалуан түрлілік туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін іске асыру бойынша табысты жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ Қазақстан трансшекаралық контекстіде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы, ауаның үлкен ара қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы, өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсер етуі туралы, трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық ұйымының конвенция-ларын орындайды. Берілген конвенцияларды орындау шеңберінде өндірістің қауіпті қалдықтарын басқару және тұтыну мәселелері, су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу, өнеркәсіптік апаттарды болдыр-мау бойынша екі жақты және көп жақты шаралар жасау, оларға дайындықты қамтамасыз ету және олардың әсерін жою, өнеркәсіптік апаттарды жою кезінде өзара көмек көрсету, ауаның ластануымен және ауа ластаушыларды үлкен ара қашықтықтарға тасымалдаумен күрес жүргізу, трансшекаралық проблемалар-дың зиянды әсеріне ұшыраған мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты жөнге келтіру бойынша Қазақстан тиімді ынтымақтастық жүргізеді. 2005 жылғы желтоқсанда № 97-III ҚР Заңымен Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Рама конвенциясы ратификацияланған, ол Каспий теңізінің теңдессіз биоалуан түрлілігін сақтаудың нақты құралы, сондай-ақ Аралмен болған оқиғаның Каспий теңізімен қайталанбауының кепілі болады. Қазақстанның Тегеран конвенциясын ратификациялауы біздің еліміздің қоршаған орта мүдделерін есепке алып, экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысын бүкіл әлемдік қауымдастыққа тағы да көрсетті.

Билет №19

  1. Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.

  2. Қоршаған ортаның химиялық ластануының экология-генетикалық салдары.

  3. Өнеркәсіпті қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.

Жауаптар:

1. 1.XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар. Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

  • организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

  • табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

  • адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

  • биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

  • биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

  • көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;

  • экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

2.Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.

3. XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.

Билет №20

  1. популяцияның кеңістіктік орналасуы және оның сипаты: кездейсоқ, біркелкі және топтық.

  2. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?

  3. ҒТЖ және экологиялық проблемалар. Техносфера деп нені атаймыз. Бұл терминді кім енгізді.

Жауаптар:

1. Популяцияның түрлері: Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Өнімдерді алу саны және оның алу тәсілі популяцияның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойластырылады. Мысалы: жануарларды топ болып өмір сүретін, алуға болатын шегіне дейін алуға болады, одан көп алса, тіршілік процесінің оптимизациясын жоғалтады.2) Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады. Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады. Әр-бір популяцияға биотикалық потенциял тән-ұрпақты көп қалдыру. Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады. Мысалы, ашытқы саңырау құлақ .Популяция динамикасының екі түрі бар:

  1. Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі түрі J-түрі тәрізді қисықпен жүреді: Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады. Бұл адамдар популяциясына тән. Ол ең біріншіден , балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты.

Популяциядағы особьтардың өсу санын биотикалық факторлар реттеп отарады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп аталады.

  1. Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі-особьтар саны жоғарғы өлім-жітіммен сипатталады.

2.Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе. биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)

3. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) дәуірінде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу сипаты сапалы түрде өзгерді. Индустрия орталықтарының саны ұлғайды, пайдалы қазбалар қарқындырақ өндіріліп келеді, ауыл шаруашылығының пайдаланылатын жерлері көбірек жыртылуда – осының барлығы және басқа факторлар қоршаған ортаны едәуір өзгертеді. Осы өзгерістер қоғамның табиғатқа әсер ету қуатының, тереңдігінің және алуан түрлілігінің өзгеруімен байланысты. Қазіргі кезеңде адамның табиғатқа әсер етуі геологиялық факторлардың әсерімен салыстырылатын болады және табиғат жағдайындағы әр түрлі, көбінесе жағымсыз өзгерістерге әкеледі; табиғи орта өндірістік процестерге аса кең және негізді жұмылдырылған болады. Сондықтан өндірістің арту шамасына қарай қоғам мен табиғат байланыстары-ның күрделіленуі және сапалы өзгеруі байқалады. Әсіресе берілген тенденция ҒТП басталуымен күрт айқындалды.Әрі қарай ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы кезеңі постиндустриялық өркениетке өтуден көрінеді, оның көптеген ерекшеліктері экологиялық императивтің әсерінен қалыптасады.2.1 Қызметтер мен білімді өндіру. Бірінші орынға қызметтер өндірісі шығады, ал өндірістің басым факторы білім болады. Ақпаратты алуға, өңдеуге және пайдалануға бағытталған еңбек жетекші рольді иеленеді. Өндіріс табиғи сыйымдылығы азырақ технологияларға қайта бағдарланады.2.2 Техникаға қойылатын экологиялық талаптар. Болашақта материалдарды механикалық өңдеу емес, электрмагниттік өрістер, лазермен сәуле шығару, плазма, элементар бөлшектер, тірі организмдер; микроэлектроникамен және информатикамен байланысты жаңа технологиялар (роботтық техника, икемді автоматтандырылған өндіріс); қасиеттері алдын ала берілген жаңа синтетикалық материалдар (беріктігі жоғары пластиктер, аса қатты композициялық материалдар, аса көп өткізетін керамика, биоматериалдар және т.б.) кеңінен пайдаланылатын болады.2.3 Байланыс және ақпараттандыру құралдары прогресі. Мұнда дамудың маңызды тенденциялары микроминиатюраландыру, интегралдық сұлбаларды, микропроцессорлар мен шағын тасушыларды жаппай өндіру және тарату болды.Соңғы уақытта микроминиатюраландыру саласында жаңа серпін жасалды: молекулалық өлшемді компьютер элементін жасау мүмкіндігі көрсетілген, оларда атомдардағы кванттық әрекеттер есептеу операциялары ретінде пайдаланылады. Бұл молетроника – молекулалық электроника кезеңіне ену жолындағы бірінші қадам. Миниатюраландыру өзінің басқа салаларға әсер ету сферасын кеңейтеді, электроника шегінен тыс та нанотехнологиялар (яғни «тырбиған» аса шағын элементтер негізіндегі технологиялар) пайда болды.2.4 Ақпараттық технологиялар. Жаңа ақпараттық технологиялар прогресс негізі болады. Постиндустриялық өркениет – бұл қоғамның сапалы жаңа типі – «ақпараттық қоғам», онда ақпараттық индустрия тегіс қамти алатын сипатты иеленеді, ал білім мен ақпарат экономикалық категория, ресурс және негізгі тауар болады.2.5 «Зат – энергия – ақпарат» үш тағанын ұйымдастыру. Қоғамның ақпараттық потенциалының өсуі бүкіл экономиканың ресурс сыйымдылығына әсер етеді, себебі эволюцияға қабілетті барлық материалдық жүйелерде зат, энергия және ақпарат арасында орын ауыстырушы өзара қатынастар болады. «Ақпараттық қоғамның» шаруашылық құрылымы аса экологиялы, өйткені табиғат сыйымдылығы аз. Құрылымдық өзгерістердің және өндірісті сапалы өсіруді экологияландырумен тікелей байланысы өнімнің материал және энергия сыйымдылығын азайту деңгейінде ғана емес, сонымен бірге материалдар мен бұйымдардың өздерін химиялық табиғаты, өндіру технологиясы және тұтыну қасиеттері бойынша аса экологиялы материалдарға ауыстырғанда, сонымен бірге энергетика – өндірістің аса табиғат сыйымды саласы болғандықтан, энергияны алуды, жұмсауды және үнемдеуді рационалдау деңгейінде айқындалады. Энергетиканы ақпараттандыру отын құрылымын оңтайландыру-мен және энергия тұтынудың едәуір салыстырмалы өсуімен байланысты. Өйткені компьютерлер мен автоматтар ғана энергия мен материалдардың шығындарын шекті дәл дозалауға және энергияның нақты сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. Сонымен бірге бір мезгілде өнімнің жоғары сапасына қол жеткізіледі, бұл өз кезегінде, материалдар мен энергияны үнемдеудің маңызды көзі болып табылады.2.6 Биотехнологияның дамуы. Экологиялық биотехнология сферасына: ауаны және ағынды суларды биотазарту; қатты қалдықтарды биоөңдеу; топырақты биологиялық қайта құнарландыру; биоэнергетика энергияның балама көзі ретінде, зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен күрес жүргізудің биологиялық әдістері, пайдалы қазбаларды байытудың биологиялық әдістері жатады.2.7 Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру. Мысалы, экологиялық мониторинг өткізу. Болашақта экологияланған нұсқада біртіндеп планетаның шегінен тыс шығуы мүмкін, бұл биосфераға антропогенді қысымды едәуір азайтады. Қазіргі уақытта біз техносферада өмір сүреміз деп айтуға болады (А.Е.Ферсман).

Билет №21

  1. Тұрақты даму деңгейлері: жергілікті, өңірлік, ұлттық, мемлекетаралық, жаһандық. Әрбір деңгейде тұрақты даму мүмкіндіктерін анықтайтын факторлар.

  2. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.

  3. Жердің озон қабаты: ұғымы, маңызы, проблемалары, проблеманы шешу жолдары.

Жауаптар:

1. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі.

1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты.

Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.

2.нету

3. Атмосфераның маңызды компонентінің біріне озон О3 жатады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабатын 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды. «Озондық тесік» туралы құбылыс, озон тесігінің пайда болуының негізгі себептері және атмосфераны қорғау бойынша іс- шаралары.

Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар: 1.Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы ( «озон экраны»).

  1. )Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.

Егер озон экранының шекарасындағы озон(О3) екі атом оттегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен оттек молекуласы ыдырау нәтижесінде жасады. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады. Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның азаюы 3% құрайды. Мынадай мәліметтер бар, егер озонның азаюы 1% болса, онда тері рак ауруы 5-7% көтеріледі. Ең көп озондық жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерден соңғы 30жылда озон қабатының 40-50% азайған.Озон концентрациясының азаюын тркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес . Ең бірінші рет олар XX ғасырда 80-жылдардың басында байқалған.Озон бұзатын негізгі антропогендік факторге фреондар( хладондар) жатады деп есептейді. Пропилент- фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп , күшті хлорда бөледі. Әрбір хлор атомы 100мың озон атомын бұзады.

Соседние файлы в папке shpory