Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

Билет №14

  1. императивті факторларды және әсер ету факторларын сипаттаңыз

  2. Топырақтың ластануы: ұғымы, пайда болу себептері. Топырақтың ластануымен күресу шаралары.

  3. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.

Жауаптар:

1.Незнаю

2. Қазақстандағы жер қоры 2,7 млрд. га жалпы егістік, оның 1-1,2 млрд. га эрозияға ұшыраған. Қазақстанда жер қорлары көп 1953-1956 ж. тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде егістік ауданы 2 есе өсті. Соңғы жылдары егістіктер қысқарды, қолайлы және тиімді жерлердің барлығы игеріліп бітті, тек қолайсыз, сор, сортаң және құм жерлер қалады.

а) Қазақстанға эрозияға ұшыраған жер 18-20 млн. гектарды құрайды, олар астық егетін солтүстік, батыс және орталық ауданда орналасқан. Эрозиядан өсімдіктер өнімі азайды. Эрозияға құрғақ, шөбі жоқ, ормансыз жерлер ұшырайды.

б) Қазақстандағы тұзданған топырақмен күресу.

Тұздану құбылысы дегеніміз топырақтағы тез еритін тұздардың (Na2CO3,

NaCE-, SO42+ ) жоғарлауы, ол жер бетіндегі сулардан болады-біріншілік тұздану; дұрыс суармағанна болады-екіншілік тұздану. Тұз салмағы 0,1% асқандық топырақ тұзданады, бұл өсімдіктер үшін қауіпті.

в) Қазақстандағы топырақтың шөлдену мәселесі ерекше назар аудартады. Территорияның 40% шөл және 23% жартылай шөл экожүйелерге жатады. Көгал мен жайылымдарда әртүрлі мақсатқа және тың көтеруде көп күш түсіргендіктен, демалыссыз пайдаланылғандықтан қазір ол жерлер өз қалпына келе алмайды. Беткі шөп қабаты бұзылып жатыр, жайылым эрозиялық топыраққа, құмға айналады. Әсіресе, Нарын, Қызылқұм, Қарақұм және басқа құмдардың жағдайы өте қиын. Шөлдену нәтижесінде биологиялық түрлер азаяды, ауа райы өзгереді, су ресурстары қысқарады, соңында азық-түлік ресурстардың жетіспеулігіне ұшырайды. Шөлденудің жылдам темпі Арал және Каспий өңірінде жүріп жатыр.

г) Топырақтың батпақтануымен күресу.

Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі. Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы.Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.

3. Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

Билет №15

  1. Синэкология деген не?

  2. Қазіргі заманғы биосфераның ерекшеліктері. Өндірістің және қоршаған ортаға жүктеменің өсуі.

  3. Өнеркәсіптік жерлерді қайта құңарландыру. Қайта құңарландырудың екі кезеңі. Қайта құңарландыру қалай іске асырылады, бұзылған жерлерге жабылатын әрбір қабаттың рөлі қандай.

Жауаптар:

1. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Соседние файлы в папке shpory