Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

3. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатты кездесетін жаратылыс дүниелері табиғи қорлар деп атайды. Табиғи ресурстарды қолдану салаларына қарай бөлінеді:

  1. өндірістік;

  2. денсаулыққа сақтауға қажетті;

  3. ғылыми;

  4. экстетикалық;

Табиғаттың құрамына қарай да жіктейді:

  1. жер.

  2. су.

  3. орман.

  4. кен қазбалары.

Табиғи ресурстарды мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. Қайта жаңғырмайтын. Жер қойнауының байлықтары, көмір, мұнай, рудалар.

  2. Қайта жаңғыратын. Топырақ, өсімдік және жануар әлемі, кейбір минералды шикізаттар

  3. Таусылмайтын. Космостық (күн радиациясы); климаттық (атмосфералық ауа , жел энергиясы); мұхит сулары

Билет №23

  1. аутэкология деген не?

  2. Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?

  3. Экожүйелердің тұтастығы және тұрақтылығы. Экожүйелердің тұрақтылығы механизмдері.

Жауаптар:

1. Аутэкология - особьтар экологиясы.

Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. . Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

3. Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде автивті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан дәне сап жағынан да үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына да көп байланысты. Билет 7 там

Билет №24

  1. Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.

  2. Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жолдары.

  3. Қоршаған ортаның физикалық ластануының экология-генетикалық салдары.

Жауаптар:

1. 1. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

  1. Биосфераны оптимизациялау.

  2. Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.

Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.

  1. Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.

  2. Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.

  3. Өндірісті шоғырландыру.

  4. Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады

«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі.1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты.Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.

Соседние файлы в папке shpory