Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

Билет №28

  1. Қоршаған ортаның биотикалық факторларын сипаттаңыз.

  2. Қазіргі заманғы биосфераның ерекшеліктері. Өндірістің және қоршаған ортаға жүктеменің өсуі.

  3. Табиғи ресурстарды жіктеу: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келтірілмейтін.

Жауаптар:

1. 1.Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Биотикалық факторларға адаптация. Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузоришер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.

2. . «Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:

  1. Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.

  2. Қозғалыстың белсенділігі.

  3. Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау.

  4. Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).

  5. Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.

  6. Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.

Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл.Құрлық үшін-14 жыл.Мұхит үшін-33 күн.Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері:

1) Энергетикалық: екі биогеохимиялық принциптен тұрады. 1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау.2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады.

2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі.

3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі.

4) Концентрациялық- шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі.

5) Деструктивтік-органикалық заттар қалдығы мен «косный» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға-саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады).

6) Транспорттық –ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы.

7) Ортаөзгерткіштік- бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады.

8) Информациялық.

3. . Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатты кездесетін жаратылыс дүниелері табиғи қорлар деп атайды. Табиғи ресурстарды қолдану салаларына қарай бөлінеді:

  1. өндірістік;

  2. денсаулыққа сақтауға қажетті;

  3. ғылыми;

  4. экстетикалық;

Табиғаттың құрамына қарай да жіктейді:

  1. жер.

  2. су.

  3. орман.

  4. кен қазбалары.

Табиғи ресурстарды мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. Қайта жаңғырмайтын. Жер қойнауының байлықтары, көмір, мұнай, рудалар.

  2. Қайта жаңғыратын. Топырақ, өсімдік және жануар әлемі, кейбір минералды шикізаттар

  3. Таусылмайтын. Космостық (күн радиациясы); климаттық (атмосфералық ауа , жел энергиясы); мұхит сулары

Билет №29

  1. Сыртқы және ішкі экологиялық факторларды сипаттаңыз.

  2. Биогеоценоз компоненттері.

  3. Рим клубының, Медоуз және Форестер жұмысының пайда болу тарихы.

Жауаптар:

1.НЕТУ

2.Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер.II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы.III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.IV- ірі жыртқыштар.V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детриттер .Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

3. Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды. РК бірінші баяндамасы («Пределы роста, 1972 ж.») Денис Медоуздың басшылығымен Массачусет технологиялық университетінің бір топ ғалымдары дайындады. Берілген баяндаманың тұжырымдары:

  • егер халықтың, индустрияландырудың, азық-түлік өндірісінің және табиғи ресурстарды пайдаланудың осы өсуі сақталса, Жердегі өсу шекаралары келесі 100 жылда шегіне жетеді. Егер осылай болса, халықтың саны және шаруашылықтың даму мүмкіндігі азаяды;

  • халық санының өсуін үлестіруді өзгертуге және болашақта сақталатындай экологиялық және экономикалық тұрақтылық жағдайларын анықтауға болады. Әрбір адамның негізгі материалдық құндылықтарының қанағаттандырылуы және сонымен бірге адамдардың өз потенциалын іске асыру үшін тең мүмкіндіктері болуы үшін, жаһандық тепе-теңдік орнын анықтауға болады;

  • егер адамзат бұл бағытта күш жұмсайтын болса, табысқа үміт бар.

Бұл баяндамада өндірістің экспоненциалдық өсуінің барлық резервтерді жасауға әкелетіні көрсетіледі. Баяндаманы талдаудан шығатыны: шикізат пен энергияны өндіруге көбірек капитал салу керек, белгілі шекарадан кейін де бұл индустриялық жүйенің бұзылу қаупін тудырады. Бұл ауыл шаруашылығының бұзылуына, халық саны ұлғайғанда, азық-түлік өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Соседние файлы в папке shpory