Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

Билет №26

  1. Тұмша ұғымы, тұмшаның пайда болу себептері, тұмшаның тірі организмдерге әсер етуі, проблеманы шешу жолдары.

  2. Ауыл шаруашылығын қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.

  3. Қоршаған ортаның физикалық ластануы.

Жауаптар:

1. Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль. . Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады.Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді.

2. Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шаруашылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі мәселе болып табылады. 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттармен және азоттың әр түрлі қосылыстарымен, биологиялық агенттермен байланысты.

Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:

  1. ауыл шаруашылығы алқаптары адам қызметімен ықшамдалған экожүйелер-дің әдеттегі картинасын білдіреді. Оларда өсімдік түрлерінің саны тіпті монодақылға дейін төмендетілген; жануарлар әлемі айрықша дерлік ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен берілген. Адамның қызметі жұтаңданған түрлік құрамды қолдауға тікелей бағытталған: адам арам шөптермен және өсірілетін өсімдіктер зиянкестерімен белсенді күреседі. Осының барлығы экожүйе тұрақтылығының жоғалуына әкеледі: зиянкестердің көбеюі, өсірілетін түрлердің құрғақшылыққа немесе қатты ылғалдануға жоғары сезімталдық және т.б.;

  2. мәдени дақылдардың аз төзімділігі және бәсекеге қабілеттілігі адамның ара-ласуының табиғи іріктеудің жасанды іріктеумен ауыстырылуына әкелуімен де анықталады; өсімдіктер үшін пайдалы сапаға емес, адам үшін маңызды сапаға іріктеу жүреді. Нәтижесінде агроэкожүйелер дербестілігін жоғалтады, мұндай жүйелер «жабайы» түрлер қауымдастықтарымен жылдам ығыстырылады;

  3. агроэкожүйелерде айналымның толық емес болуының маңызы үлкен: жыл сайын экожүйелерден астық түрінде өнімнің көп бөлігі қайтарусыз алынады; тыңайтқыштардың жартылай ғана орны толтырылып пайдаланылатын топырақтың бағытталған жұтаңдануы байқалады;

  4. агроэкожүйелер қоршаған биоценоздарға әсер етеді. Агроэкожүйелердің даму кезеңдері биомассаның жинақталу кезеңінде агроэкожүйелерге сырттан бірқатар түрлердің келуін және алқаптарды машинамен өңдеу және астық жинау кезеңдерінде олардың қоршаған пайдаланылған жерлерге кері жылыс-тауын тудырады. Бұл жылдық тіршілік әрекеті және жәндіктердің, кеміргіштер-дің және басқа жануарлардың бірқатар түрлері санының динамикасы циклдеріне елеулі түзетулер енгізеді;

  5. тарихи масштабтарда ауыл шаруашылығының табиғи жүйелерге әсер етуі ландшафттар эволюциясының түбегейлі факторы болуы мүмкін;

  6. сондай-ақ мал шаруашылығында экологиялық проблемалар пайда болады: түрдің биологиялық талаптарын қамтамасыз ету (қоректендіру, климат, ұдайы өсіру), үй жануарларының қоршаған экожүйелерге әсер етуі (жаюдың фитоценозға әсер етуі, жабайы түрлермен бәсекелесу, гельминттердің таралуы, инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысу және т.б.).

Соседние файлы в папке shpory