Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

2. . Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.

. Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс: 1). Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады. 2). Сукцессия дегеніміз қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқанда процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады. 3). Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы)-энергия ағымы бірлігіне шыққанда максималды саны келетін биомасса түр аралық әсерлесулердің тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы боп табылады.Өзгерістердің жүру жылдамдылығы мен тепе-тең күйге жету үшін қажет уақыт әртүрлі экожүйелер және экожүйенің жекелеген белгілері үшін әртүрлі болады. Жалпы биомассаның өзгеру қисық сызығының пішіні әдетте дөңес болса, жалпы бастапқы өнімнің өзгеруі қисық сызығы ойық болады. Орман экожүйесіндегі де лабораториялық микрокосм жағдайында да бастапқы таза өнім қауымдастықтың дамуын алғашқы кезеңдерінде өскенімен, соңғы кезеңдерде кемиді

3.Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Билет №39

  1. Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.

  2. Тірі жүйелерді ұйымдастыру деңгейлері. Организм және оның мекендеу шарттары

  3. императивті факторларды және әсер ету факторларын сипаттаңыз.

ЖАУАПТАРЫ:

1. .XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар. Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

  • организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

  • табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

  • адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

  • биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

  • биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

  • көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;

  • экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

2.Мекен ету ортасы деп, әдетте организмнің табиғи денелермен және табиғи құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз. Қосу-организм бейімделу реакциялармен әсер ететін ортаның жеке элементтерін фактор деп атаймыз. Мекен ету ортасы терминінің орнына «экологиялық орта», «қоршаған орта», «табиғи қоршаған орта» терминдерінде пайдалануға болады. Қазіргі кезде «Қоршаған орталық ортаны», «Техногендік орта», «Антропогендік орта», «Өндірістік орта» деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның өрганизмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады.

3.НЕТУ

Билет №40

  1. антропогенді фактордың әсер етуінің өзгеше ерекшеліктері.

2.популяцияның статикалық сипаттамалары: популяция саны (тығыздығы) және биомассасы, популяцияның жас және жыныс құрамы.

3. Атмосфераның ластану көздері. Атмосфераны ластаушылардың зиянды әсері.

ЖАУАПТАРЫ:

1. . Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілер.Антропогендік ластану 5% құрайды. Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті. Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. . Популяцияның түрлері:Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Өнімдерді алу саны және оның алу тәсілі популяцияның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойластырылады. Мысалы: жануарларды топ болып өмір сүретін, алуға болатын шегіне дейін алуға болады, одан көп алса, тіршілік процесінің оптимизациясын жоғалтады.

2) Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады. Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады. Әр-бір популяцияға биотикалық потенциял тән-ұрпақты көп қалдыру. Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады. Мысалы, ашытқы саңырау құлақ .Популяция динамикасының екі түрі бар: Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі түрі J-түрі тәрізді қисықпен жүреді: Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады. Бұл адамдар популяциясына тән. Ол ең біріншіден , балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты.Популяциядағы особьтардың өсу санын биотикалық факторлар реттеп отарады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп аталады.

  1. Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі-особьтар саны жоғарғы өлім-жітіммен сипатталады.

Бұл жағдайда особьтар санының өсуі S-тәрізді қисықпен сипатталады: мұндай қисықты логистикалық деп аталады. Логистикалық өсу қисығына обиотикалық факторлар әсер етеді( ауа-райы құбылыстары, тамақтың бар-жоқтығы әр-түрлі катастрофалар т. б.). Осындай фактор популяцияның уақытша шексіз өсуіне, сондай-ақ 0-ге дейін төмендеуіне қамтамасыз етіп отырады. Осындай факторларды модификалық фактор деп атайды. Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Реттеуші фактор популяциялық гомосстазды туғызады. Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым-қатынасы жатады. Жемтіктің көп саны жыртқыштардың көбею жағдайына себеп болады. Реттеуші факторлар түраралық фактор және түрішілік ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді.Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады. Оның екі түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-коннибализм; 2) Жайлы түрдегі түішілік гомосстаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді. Бұл механизмде күшті особьтар сыртқы ортаға тежеуіш(әлсіретткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция.Орманшылар осыған байланысты ағаш кесуде популяцияның экологиялық-биологиялық ерекшелігіне сәйкес ойластырады. Ағаш кесу 2 үлкен топқа бөлінеді: 1) аралық пайдалану

  1. басты пайдалану.

Аралық ағаш кесу орман тіршілігінің барлық жастық кезенінде болады. Басты ағаш кесу пайдалануында ағаштарды кемелді шағындағыларды алады.

3. Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және анропогендік жолдармен жүреді.Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. Б.Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілер.Антропогендік ластану 5% құрайды. Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті.Атмосферадағы ластанған заттардың негізгі бөлігі 3 км.-лік қашықтықта болады. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы шаңдық бөлшектер 1км дейін көтеріліп, желсіз ауа – райында күмбез құрап 300-500 м-де , осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260т. шаң қонады, Нью-Йоркке-300т., Лондонға- 390т., Алматыға 125т. шаң қонады.Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Жоғарғы шаң ауа да- өкпе ауруларының бір себебі.Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.Екібастұз көмір бассейінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс. Бурятқа, Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, Атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен 33 олардың комбинациялар бойынша. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981ж. қабылданған.

Соседние файлы в папке shpory