Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

3.Рк екінші баяндамасының авторлары (1974 ж., м. Мисарович, э. Пастель) мынадай тұжырымға келді:

  • әлемді гомогенді тұтас ретінде емес, өзара байланысқан бөліктерден тұратын ретінде қарастыру керек;

  • тұтас бөлік өлімінің орнына әр түрлі облыстарда және әр түрлі себептер бойынша жергілікті апаттар болуы мүмкін;

  • әлемдік жүйедегі апаттарды жаһандық масштабта шаралар қабылдаумен тоқтатуға болады;

  • проблемаларды жаһандық шешуді теңестірілген дифференциацияланған өсу арқылы жүзеге асыруға болады;

  • экологиялық дағдарыс проблемаларын шешудің әлемдік стратегиясын іске асыруды кейінге қалдыру тек қауіпті және қымбат қана емес, сонымен бірге өлімге әкеледі.

Билет №3

  1. экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі.

  2. Рим клубы қашан және не үшін құрылды.

  3. Экожүйенің өнімділігі: бірінші реттік және екінші реттік.

Жауаптар:

1. Экологиялық факторлар- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.

2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді: 1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері. 3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

2. Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті. Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.

3. Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.

. Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс: 1). Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады. 2). Сукцессия дегеніміз қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқанда процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады. 3). Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы)-энергия ағымы бірлігіне шыққанда максималды саны келетін биомасса түр аралық әсерлесулердің тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы боп табылады.Өзгерістердің жүру жылдамдылығы мен тепе-тең күйге жету үшін қажет уақыт әртүрлі экожүйелер және экожүйенің жекелеген белгілері үшін әртүрлі болады. Жалпы биомассаның өзгеру қисық сызығының пішіні әдетте дөңес болса, жалпы бастапқы өнімнің өзгеруі қисық сызығы ойық болады. Орман экожүйесіндегі де лабораториялық микрокосм жағдайында да бастапқы таза өнім қауымдастықтың дамуын алғашқы кезеңдерінде өскенімен, соңғы кезеңдерде кемиді.

Билет №4

  1. аутэкология деген не?

  2. Экологиялық оптимистер. Оптимистер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.

  3. Биосфера тұжырымдамасын құру.

Жауаптар:

        1. Аутэкология - особьтар экологиясы.

Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

Соседние файлы в папке shpory