Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / tarikh_gos.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
158.79 Кб
Скачать

61. 20Ғ басындағы ө.Бөкейханов,,а.Байтұрсынов,м.Дулатовтың т.Б қазақ зиялыларының саяси қызметі.

Әлихан Бөкейханов (1869-1937)-қазіргі Жезқазған обл Ақтоғай ауд туған.Шыңғыс хан тұқымы,Омбыда білім алған,1894ж Петербургтегі орман шаруашылығы институтын бітірген.Тобыл губерниясының әкімшілік органдарында жұмыс істеген ж/е Омбы орман шаруашылығы институтында профессор қызметін атқарған.1897-1903ж Дала генерал –губернаторлығы әкімшілігінде ж/е Самара ауылшаруашылық банкісінің директоры болып қызмет етті.Бөкейхановтың инженер,тарихшы, экономист ж/е фольклоршы болған.1905ж кейін орыс кадеттерінің қатарына өтті.1905-06ж 1 ж/е 2 Думаларға депутат болып сайланды.Сонымен бірге «Алашорда» саяси ұйымын құрушылардың бірі.Ж/е қазақтың батыс даласындағы зиялыларының Орынбордағы съезінің төрағасы болды.Бөкейханов социал-демократиялық ж/е социал-революциялық бағыттағы бірқатар радикал газеттерге(«Ертіс», «степной голос», «айқап», «қазақстан»ж/е «қазақ») мақалалар жазып тұрды.Ә.Бөкейханов «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі,автономиялық қазақ үкіметтің басшысы.Ол сталиндік жазалаудың құрбаны болды.

Міржақып Дулатов (1885-1935) –Уфада медреседе ж/е қорғанда орыс-қазақ мектебінде оқыған.Дулатов өз қызметін мұғалімдіктен бастады.Әдеби таланты жас кезінен байқалған. «Оян қазақ»деген саяси өлеңі,қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал»оның ең көрнекті ж/е таңдаулы қазақ ақындары мен жазушыларының қатарына қосты.Дулатов А.Байтұрсыновпен,Ә.Бөкейхановпен тығыз ынтымақтаса отырып,ұлт-азаттық қозғалыстың,оның ішінде , «Алаш» партиясының танымал басшысы болды.Ол қазақ өнерпаз зиялыларының тұтас ұрпағына зор ықпал жасады.30ж Дулатов жазаға тартылып,1935ж Соловки лагерінде қайтыс болды.Қазіргі кезде ақталған.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) – ағартушы, азаттық қозғалысына қатысушы, «Алаш» партиясының негізін салушылардың бірі, «Қазақ» газетінің редакторы, аса көрнекті лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түрколог, талантты ақын, аудармашы. 1919ж 9 шілдеден Қазревком мүшесі, оқу министрі, БОАК, ҚазОАҚ мүшесі.

66.20ғ басындағы Қ-ң рухани мәдениеті (әдебиет,ауызша,музыкалық шығармашылықтар)

20ғ басы баспа:қазақтың мерзімді баспа сөзінің гүлденген уақыты 1905ж кейін жаңа газет журналдар пайда болды.1907жПетербургта «серке» газеті шықты,редакторы А:Ибрагимов.Бұл газеттің 2 номерінде М:Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарияланды.Бұл газет Петербургтегі үкіміне қарсы көтерілісі туралы жазды.1907ж наурызында Троицкта 1 номерін тыйым салынған «қазақ газеті» шықты.1911ж Троицкта «айқап» журналы шықты,редакторы М:Сералин.Журнал әдебиеттің дамуына ж/е қазақ әдеби тілінің ресімделуіне зор үлес қосты,фольклор,тарих бойынша зерттеулерді жариялады.

Ұлттық баспасөздің дамуында ерекше рөл А. Байтұрсыновтың редакциялығымен 1913-18ж Орынбор, Торғайда шыққан, «Қазақ» газетіне берілген. 1913ж қыркүйекте Петропавлда 2 тілдегі (татар,қазақ) «есіл даласы » газеті шықты.1916-17ж Ташкенте Көлбай Тоғысовпен шығарылды. «алаш апталық» газеті шықты.

Ғылым:1902ж көктемде батыс сібір бөлімінің Семей-гі қосалқы бөлімінің ашылуы болды.Бөлімінің қызметі негізінен өлкені зертеуден,әр түрлі жергілікті мәселелерді бұқаралық баяндамаларды ғылыми ж/е нәсихаттың сипаттаудағы талқылаудан құрылды.1902ж орыс-ң көрнекті шығыстанушылары В.В. Бартольд , Н.И. Веселовский ,В.В.Радлов ж/е т.б. Қ-ң Солт. ж/е Шығ. аудандарын тарихи, археологиялық ж/е этнографиялық қарым-қатынастарда оқып білу үшін орыс комитетін құрды.Қ мен Орта Азияның тарихы мен мәд-тін оқып білуге Бартольд зор үлес қосты. Оның қорытушы зерттеулері п.б. ғалым еңбектері Орыс тарихнамасында зор орын алады. 1914ж оның маңызды еңбегінің бірі жарияланды. Жазба ескерткіш материялдық мәд-ң көлемді шеңберін ежелгіден біздің уақытымызға дейін зерттеу-ғалымға жерді жасанды суландыру тарихын ғана емес, сонымен бірге Оңт. Қ-ң ғылымның жалпы тарихи дамуымен байланысты барлық шаруа-ң тарихын елеулі түрде жаңадан жасауға мүмкіндік берді.Қ халқын этнографиялық оқып білуде А. Диваев (1856-1933) үлкен рөл атқарды. Ол Қ-ң тарихы мен этнографиясы б-ша көп материал жинады. Ә. Бөкейханов (1870-1937)- көрнекті этнограф, экономист. Ол «Қырғыз өлкесі» жұмысының авторларының бірі.

Әдебиет 1895ж бастап А. Байтұрсынов педагогикалық ж/е әдеби қызметпен айналысты. 1-ші еңбегі Крылов мысалдарынан аударған «40 мысал» жинағы. 1911ж «Маса» жинағы Орынборда шықты. М.Дұлатов (1885-1937) –орыс ж/е шетел шығармаларын оқыған. М. Жұмабаев (1893-1938) «Батыр Баян» поэмасы. Ж. Аймауытов (1889-1931) 1917ж «Абай» журналында қызмет етті. Шығармалары: «Ақұбілек», «Қартқожа» прозалық туындылар. С.Сейфуллин (1894-1938) «Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы», «Сырсандық» жырлары, «Тар жол, тайғақ кешу» романы, өлеңдер. Б.Майлин (1894-38) «Шұғаның белгісі» , «Раушан коммунист»хикаяты, «Азамат Азаматыч» романы, «Майдан», «Неке қияр» драмалары. І. Жансүгіров (1894-1938) «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» пъесаалары, «Жетісу суреттері», «Гималай» жыр-толқулар.

Театр алғ. орыс театрлары Омбы(1765, Орынборда(1865) құрды. Орынбор театры класикалық репертуарындағы пъесалар қойды. 1875-77ж онда атақты актриса П.Степанова кірді. әр кезеңде Андреев-Бурлак, М.Иванов-Кодельский, Е. Лешповская, Комиссаржевская, Федотова сияқты артістер гастрольде жүрді. Семейде, Петрапавлда, Атбасарда, Орынборда 1910-12ж әуесқой спектальдер өтті.

62 Қазтөңкомның қызметі. Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалыптастыру. ҚАҚСР құрылуы.

1919 жылғы 10 шіл-де Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы декретке қол қойды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері: контрревол-я мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мем-к , шарушы-қ және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қаз-да Кеңестердің Құрылтай Съезін әзірлеу де белгіленді. Револю-қ комит-ң қарауында Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аймағы мен Орал, Торғай, Семей Ақмола облыстары болды. Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, 1902 ж компартияның мүшесі, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. 1920ж 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды. Қазревком мәдени құрылыс саласында едәуір жұмыс өрістетті. Қазревкомның органы “Ұшқын” газеті шығарылды, бір Ақтөбе уезінің уезінде ғана жаңадан 300-дей мектеп ашылды, өлкенің бір қатар қалаларында мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істей бастады. Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде едәкір жұмыс жүргізді. 1920 жылғы 20 тамызда Кеңес Үкіметі сол кезде кеңестік автономия негізінде құрылған тұңғыш федерациялық социалистік мем-т болған РКФСР құрамында “Автономиялық Қырғыз Кеңестік социалистік республикасын құру туралы” декрет шығарды. 1920 жылғы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АҚСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд жоғарғы өкімет органдарын – республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесіне Радусь Зеньковичті сайлады.

63. Қ-дағы әлеуметтік-әкономикалық қайта құрулардың басталуы.

Империалистік соғыс пен азамат соғысы Р-ң басқа халықтары сияқты Қ халқын да күйзелтті. 1913ж салыстырғанда, мыс рудасын өндіру тоқтап қалды. Кеңес Үкіметі еңбекшілерінің жағдайын жеңілдетуге ұмтылды. Мыс: 1921ж Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі халыққа азық-түлікті, отынды тегін босатуды, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы декреттер қабылдады. Бірақ бұл зорлық-зомбылыққа негізделген азық-түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Шаруалар шыдамы таусылды. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей губерн-да көтерілістер п.б. Мыс:1921ж наурызда Орал губерниясында Сапожков отрядының қаруланған 10мың бүлікшілері әрекет етті.

Партияның 10 съезі (03.1921) азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру тур. , ЖЭС-қа көшу тур. шешім қабылданды. ЖЭС-ң енгізілуіне байл-ты жерді жалға беру мен алуға, ауылшаруашылық, несие ж/е тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. 1921ж наурыз– сәуір Респ-да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырылды.

ЖЭС-ң қиыншылығы мен табысы:мал өсірумен айналысатындар 6 ж/е одан да кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Күш көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына бірыңғай заттай салық белгіледі. 1924-25ж ауылшаруа-қ салығы товардың 1/8-і алынса,1927-28ж 1/3 ғана алынды. Салық үдемелі салық болып, оның негізгі ауыртпалықтары кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражат қорғаныс ісіне, халық ағартуды дамытуға, ауыл шаруашылығына қолдауға, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Ауылшаруа-н қалпына келтіру үшін а/ш-қ кредиті қоғамы құрылды. Көшпелілерге 3-5 жылға несие берілді.кедейлерді байлар мен кулактардың қол сұғуынан қорғайтын «Қосшы»(1930ж-дан «Кедей») одағы құрылды. Қоғам шаруаларға егістіктерді, а/ш-қ машиналарын, ұсақ кәсіпорындарды, диірмендерді, наубайханаларды, асханаларды, май шайқайтын, мал соятын орындарды, кірпіш зауыттарын, т.б. сатып алуға көмектесті. 1924-25ж Респ-ға 415 трактор әкелінді. Кредит, қарыз тұқым беру т.б экон реттеу құралдары өндіргіш күшді қалпына келтіруге,ауыл еңбекші-ң еңбек белсенділермен арттыруға көмектесті.ЖЭС кезеңінде жеке саудаға рұқсат етілді.Қоянды,Баянауылда,Атбасарда,Ойылда жәрмеңке саудасы жақсартылды.

64.Қазақстанның 1925-40 жж индустриялық дамуы.

1920-1921 жж тек жеке кәсіпорындар ғана қалпына келтірілді, жалпы алғанда бұл процесс 1922ж 2 жартысында ғана ойдағыдай өрістетілді. 1923 жыл Республиканың халық шаруа-ғын қалпынакелтіруде бетбұрыс жыл болды. 1 кезекте ауыл шару-қ шикізаттарын өндейтін кәс.орын. қалпына келтірілді, бұған 1922 жылғы егін шаруа-ң жақсы болуы көмектесті. Қостанай, Орал, Семей губернелерінде, Павлодарда және т.б. жерлерде ірі диірмендер жұмыс істей бастады. Солт. Қаз-да май заводтары қалпына келтірілді, жаңадан 20 май заводы салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да не белгілі табыстарға қол жетті, мәселен, 1923ж тасмызда Елек және Коряков тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді, олар үлкен күрделі қаржыны талап етпеді. Респуб-ң оңтус-де мақта тазалау заводтарының, тері илейтін, жүн жуатын жжәне жеңіл өнеркәс-ң басқа кәс.орын-ң жұмысы шабан болса да жолға қойыла бастады. Петропавлда 1923ж қалпына келтірілген киіз байпақ, тон, тері илейтін және шойын құятын заводтар біртұтас кәс.орын-өнеркәсіп комбинатына біріктірілді. Алматыда, Шымкентте, Талғарда тері илейтін заводтар қайтадан жұмыс істей бастады. Мұнай өнеркәсібі неғұрлым жедел қалпына келтірілді: Ембі мен Доссор кәсіпшіліктері 1925ж өзінде-ақ өнімділігі 1913ж дәрежесінен артты. 1925 жылы ғана Риддердің кәс.орын-н қалпына келтіру жұмыстары қайта жүргізілді. Қарағанды және Екібастұз көмір кендері Спасск заводы, Успенск кеніші және басқа кен қазатын және кен қорытатын кәс.орын-р қарап тұрды. Тек 1925 жылы ақырында ғана Қарсақбай мыс қорыту заводын және оның тартабанды Байқоңыр-Қарсақбай-Жезқазған темір жолынқалпына келтіру жұмыстары басталды. Респуб-ң негізгі темір жол желісі Орынбор-Ташкент магистраліне жол қатынасы халық комиссариатының тарапынан едәуір мөлшерде паровоз және вагон, отын, әр түрлі материалдар бөлінді, транспорт шаруаш-ң жоғары маман темір жол басшылары жіберілді және тағы басқа жаңа жолдар, әсіресе “Астық” жолдары Жетісу темір жолының жалғасы ретінде Луговой ға, одан Пішпек станциясына дейінгі жол, Петропавл-Көкшетау темір жолы, сондай-ақ Оңт.-Сібір магистралінің Ақмола-Қарағанды-Павлодар тармағы салынды. Алғашқы екі жол Жетісу мен Солт. Қаз-нан елдің ашаршылыққа ұшыраған аудандарына астық тасу үшін, соңғы жол Коряков (Кереку) кәсіпшіліктерінен тұз тасып әкету үшін салынды. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақбай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту заводы және басқа қайта құрылған кәсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын заводы, Балхаш мыс қорыту және Ашысай полиметалл комбинаттары салынды. Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш заводы және басқалар салынып жатты. Мұның көпшілігі тек Қаз-ғы ғана емес, сол сияқты елдегі түсті металлургияның ең ірі кәс.орын—ы еді. Көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940жылы оның 90% Қарағанды бассейінінің үлесіне тиді, ол Домбасс пен Кузбасстан кейінгі елдің үшінші көмір ошағына айналды. Қаз-н мұнай шығару жөнінде үшінші орынға (Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі) шықты. Химия өнеркәсібі дамыды: Шымкент химфарм зауыты қайта құрылды. 1939ж Ақтөбе хим комбинаты қатарға қосылып, ол фосфор тыңайтқыштарын шығара бастады. Арал сульфат ойдағыдай жұмыс істеді, Қаратау фосфорит кенішін игеруге даярлық жасала бастады және т.б.

65 Кіші Қазан төңкерісі. 1931-32 жж ашаршылық.

Біріншіден Голощекин шала қиялдың шапшаң әрекет-ң адамы еді. Шаш ал десе, бас алатын ұрғажың екенін аңғаруға болады. Екіншіден социализм теориясы мен практикасында сталиндік тұрғыдан бұрмалауда функционерлер Голощекинге ілесе алғандар аз. Ол Ленин ілімін шын мәнінде сталинше түсіндіру символына айналдырды. Голощекиннің теориялық әлсіздік РСДРП-ң БүкілРоссиялық XI конференциясында көрінді. 1923 жылы Қазақстанға келгенге дейін Самара губерниялық атқару комитетінің төрағасы болды. 1925ж 12 қыр-те Голощекин Қаз-ң сол кездегіастанасы Қызылордаға келді. Ең алдымен бітіргені – 1917жылдан 1925 ке дейін Қаз-да Кеңес үкіметі болмаған коммунистік ұйым, партия жоқ деген солақай тұжырым еді. Ол енді “Кіші қазан” өткізу керек деді. Конференцияда оған қарсы сөйлеген жан болмады. Ол жанына өңкей жағымпаздарды топтастырды. Голощекиннің “Қазақ-ғы Ұлы Қазан конфискация науқанынан басталды” – деп тұрлаусыз мәлімдемесіне Голощекин Бұрмалап түсіндіруге тырысты. Осы себеппен Тұрар “Советская степень” газетіне ашық хат жазуға мәжбүр болды. “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын”, “Қайдан тапсаң одан тап – қаптың түбін қақ” деген ұрандар талай елдің түбіне жетті. 1929жылы 1.5млн қойдан – 1994 жылы 7 мың қалды. Рысқұлов Сталинге 2 рет хат жазып, халықтың қиын жағдайын айтып, ашық түрде хат жазды. Голощекин өзі басқарған 8 жыл ішінде бірде-бір қазақ ауылына бармаған. Голощекин өзі таңдап алған сталиндік жолдың дұрыстығын дәлелдеуге күш салды. Республика өміріндегі сәтсіздіктерді жою үшін қарапайым халықты кінәлауға дейін барды. Ең алдымен Голощекин 8 жыл бойы “Кіші Қазан” идеясын дәріптеумен болды. 2)Қазақтар топ-тобымен аштан қырылып көшіп жатқанын заңды жағдай, бұрынғы әдеттеріне басу деп ой-ды және солай түсіндірді. 3) малдың азаюын заңды деп дәлелдеуге тырысты. 4) кемшіліктер 1925-1930ж.арасында жойылды деген пікір туғызуға тырысты. Голощекин қазақ ұлтынан шық-н коммунистерге сенімсіз болды. Коллективтендіру кезіндегі зардаптар интелегенцияларға да ауыр тиді. Наразылық білдірген зиялылар репрецияға ұшырады. 1930 ж. контроревалюциялық астыртын ұйымға қатысты деген жалған желеумен Мағжан, Ахмет, Жүсіпбек тағдырларын айтуға болды. Идеология саласында социализм құрудың лениндік концепциясы бұрмаланды: рес-ң өз ішінде жағдай шиеленісіп кетті, басқарудың әкімшілік-әміршілдік әдістеріне тайғанап барып , табан тіреу сияқты олқылықты теориялық жағынан аяқтауға әрекет жасады: мәд-и революцияның тынысы тарылды, әдебиет пен мәдениет өнер қайраткерлері қуғынға ұшыратылды. Саясат саласында: аймақтың көсемшілдік практикасын халық санасына күшпен енгізді. 1932ж. 17 қыркүйегінде “Қаз. ауыл шар-ғы туралы” арнайы қаулы қабылданды. Мал шығынының себебі анықталып, толтыруға шаралар бекітілді.Қырғынға ұшыраған халық тағдыры атаусыз қалды.

Соседние файлы в папке shpory