Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / tarikh_gos.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
158.79 Кб
Скачать

7. Қ аумағындағы ертедегі мәд-т (сақ, үйсін, қаңлы)

қола дәуірінде Қ-ды мекендеген тайпалар елді менкендер, таспен шегеленген қабірлер, кеніштер мен жартас бетіне салынған суреттер сияқты археолгиялық ескерткіштер қалдырған. Бұлардың бәрі Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл атау 1914ж. 1-ші ескерткіш табылған жер- Оңт. Сібірдегі Андронов қолысының атына байланысты. Андр. мәдениеті Еуропа мен Азиядағы ең ірі қола дәуірі мәдениеттерінің бірі болып саналады. Андр. мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі- Орт. Қаз-н. Бүгінгі күні ғалымдар бұл өңірден қола дәуіріне жататын 30-дан аса елді мекен мен 150-дей қабір тауып зерттеді.

Сақтардың мәдениеті. Б.З. бұрынғы 7-ғасырдан бастап Сібір Қаз-н, Еділ бойы ж/е Еуропаның Оңт-дегі аймақтарда аңдық стиль п. б. Бұл өнермен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Ол ұғым жергілікті жануарлар бейнесіне ауысты. Сақтар табиғат күштері- күн, жел, күннің күркіреуіне, найзағайға табындыолардың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрді. Сақ аңыздарында жылқы күнмен ж/е отпен байланыстырылды. Есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар- күн қозғалысын білдірді. Қабан бейнесі- күн күркіреу құдайы 3-2 ғ-ларда «аңдық стиль» ою-өрнектік кескінге айналды. Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілді. Арал өңірінде кездесетін сақ тайпалары ескерткіштері- Шырық-рабат, Бабыш-молда, баланды т.б. Үйсіндер. Шудағы үйсіндердің баспанасы қам кіопіштен соғылды. Қабырғалар әртүрлі ою-өрнектермен безендірілді. Оларда жерлеудің жаңа түрі болды. Қабір шұңқырының бүйірінен үңгір қуыс қазылды. Мәйіттің басын батысқа бұрып шалқасынан осы қуысқа жатқызды. өлген кісінің қасына тамақ, оның заттарын: қару-жарақ, бағалы мүліктер, сәнді бұйымдар қойды. Қабір басына тұрғызылған қорғандардың аумағы мен көлемі онда жерленген адамның қоғамдағы орнын, байлығын көрсетті. Көшпелі үйсіндер киіз үйлерде тұрды. Олардың мекен-жайларында қыштан жасалған ауыр ыдыстар, дән үккіштер, темірден жасалған орақ тәрізді құралдар, тас шоттар кездеседі. 2300м. биіктегі қараңғы, қапас тау шатқалынан Қарғалы диадемасы табылды.Қаңлылар. Қолөнер дамыды. Адамдар темір балқытып, одан қару, еңбек құралдарын жасады. Балшықтан әртүрлі ыдыстар істеді. Қаңлылар арасында табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сияқты діни ұғымдар болған. Олар табиғаттан тыс күштерге сеніп, үй жануарларын құрбандыққа шалған. Аспан әлемі жыл санаудың негізі болды. Зерттелген жерлеу ескерткіштерінің ірісі- Мардан-күйік қорымы.

8.Ұлы Жібек Жолының бағыттары мен трассалары.Қазақстан жерінде ҰЖЖ Батыстан Шығысқа қарай, Ташкент және Турбат арқылы Испиджабқа және Сайрам қалаларына дейін созылды. Испиджабтан құлдар, қару-жарақ, қылыш, ақ маталар, мыс және темір шығарылды. Тараздан Шығысқа қарай жол Құланға дейін созылды. 10-12 ғғ ЖЖ Іле даласының Оңт.Бат-тан-Солт.Шығ-қа дейін өткен. ҰЖЖ негізгі трассасы – Оңт.Қаз. және Жетісу болды, одан солт. Пен шығ-қа қарай көптеген жолдар таралды. Ол жолдар Орт. Және Шығ.Қаз-ң Дешті-Қыпшақ даласына дейін созылған. Кейін бұл жер Сарыарқа атағына ие болды. Бұл жерде дала жолдары өтті, ол арқ. Көшпенді-атты тайпалар көшіп-қонып жүрді.

9.Түрік қағанаты.(552-603ж)

546ж Алтайдағы бір соғыста 50 мың үй теле тайпасы жеңіліп,олардың қалдығы түріктерге қосылды.Түрік атауы алғаш рет Қытайдың 542ж шежіресінде кездеседі.552ж Бумын аварларға(Жуан-жуандарға) қарсы шығып,жеңіп,Түрік қағанатын құрады.Ол 553ж өлді.,оның ұлы Мұқан қаған кезінде Түрік қағанаты орта азияда саяси үстемдікке жетеді. 561-563 ж түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрып, 564ж Иран шахы Хұсрау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфт-рдің негізгі қолын 587ж түріктер Бұхар түбінде талқандады. 568ж соғдылық көпес Маниах түрік қағанатының елшілігін Константинопольге бастап, Византиямен сауда келісімі жасап, Иранға қарсы әскери одақ құрды. Иран түріктерге жылына 40000 алтын мөлшерінде салық төледі. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа кезінде мемлекет ішкі соғыстар мен әлеуметтік қарама-қайшылықтардан әлсіреп, 603ж қағанаттан Батыс түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығыс Түркістаннан Әмударияға, Еділ бойы мен Солт. Кавказға дейінгі жерді алды.

Бат. Түрік қағанаты (603-704ж)

Он тайпа құрады: Шу өз-нен батысқа 5 тайпа нушиби, шығысқа қарай 5 тайпа дулу болды. Астанасы- Суяб қаласы. Жазғы орталығы- Мыңбұлақ. Билеуші- қаған. Жоғарғы шен- жабғу, шад, елтебер тек қаған руына жатты. Негізгі халық- малшылар (қара бодан). Сот билігін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жеғұй қаған (610-618ж) және оның кіші інісі Тон-жабғу қаған (618-630ж) кезінде өркендеді. Қаған өкілі тудун. 16 жылдық (640-657ж) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретіп, Таң империясы Жетісуды басып алды.

10. Түркеш қағанаты (704-756ж)

Үш-елік қаған (699-706ж) Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Ол елді 7 мың әскері бар 20 үлескіге бөлді. Астана-Суяб. Жазғы орталығы- Күңгіт. 705ж арабтар Мәуренахрды жаулап ала бастады, ал 706ж Соғдыға қарай беттеді. Түркештер соғдыға көмектесті, бірақ арабтар құтылып кетті. 709ж олар Мәуренахрға тағы да аттанды, түрік- соғдылар қайта бетін қайтарды, бірақ арабтар соғды патшасы Тархунды түріктермен араздастырып, нәтижесінде арабтар Бұхарды басып алды. Үш-Елік орнына оның баласы Сақал қаған(706-711ж) келді. Шығыс Түрік қағаны Қапаған 711ж Болучу түбінде түркештерді жеңді. 712-713ж арабтарға қарсы түріктердің, соғдылықтардың, шаштықтардың, ферғаналықтардың әскері кұш біріктірді. Жауап ретінде арабтар Шашты өртеді, 714ж Испиджабқа жорыққа шықты. Қағанат Сұлу қаған(715-738ж) кезінде нығайды. әскери-әкімшілік билік «қара түркештерге» көшіп, орда Таразға көшірілді. 723ж түркештер Ферғана қарлұқтары мен Шаштықтарды біріктіріп, арабтарға қарсы соққы берді. Арабтар оған Әбу-Мұзахим(Сүзеген) деген ат қойды. 732ж аяғында ғана арабтар түркештерді ығыстырып, Бұхарға енді. 736ж Сұлу арабтарға тағы қарсы шығып, жеңіліс тапты. Қайтар жолда өз қолбасшыларының бірі Баға-Тархан қолынан қаза болады. 751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының маңында әскербасы Зияд ибн Салих басқарған арабтар мен Гао Сяньчжи бастаған қытайлар арасында 5 күндік ұрыс болды. Шешуші сәтте қытайлар қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жеңді.

Соседние файлы в папке shpory