Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Суле апайды сабаынан.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
925.7 Кб
Скачать

2. «Шымшық пен бөдене»

3. «Сары шымшық»

4. «Қара қарға жем тілеп» мысалдарында мақтаншақтық, қуыскеуделіктің алысқа апармайтынын әшкерелейді. «Әліне қарамай әлек» болатындардың қылықтарын сынаған.

«Шаштараз»мысал стилінде жазылған шығармасы. Шаштаразда Ескендір туралы аңыз. Оның басында екі мүйіз барлығын тек бір ғана шаштараз білген. Әбден байыған шаштараз сыршашып қойып, басынан айырылады.

«Он бес деген жас қайда?»

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. Исатай бастаған көтеріліске қатысқан.Күрес жеңіліске ұшырағаннан кейін Баймағамбет сұлтанның қудалауына ұшырайды. Өзінің өлеңдерінде өктем билікке сес көрсеткен өршіл рух, өжет жігер сезіледі. Әсіресе Баймағамбет сұлтанға суырып салып айтқан сөздері. Ал терме-толғауларында өмір-ғұмыр жайынан өнегелі ой-пікір шертуге шебер.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) ОҚО, Қаратау жерінде туған. Шығармалары ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында «Бала зары» деген атпен Қазан қаласында басылып шыққан. Ақын қазақ даласына отаршылдық алып келген қайғылы хал-ахуалды, заман зарын, дін мен діл, имандылық ирімдерін өз шығармаларына өзек етті.

Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906) Атырау жерінде дүниеге келген. ата-тегі мал баққан шаруа қазақ. Молдадан сауатын ашқан. Ақын. Айтыстарға қатысып, қарсыластарының бәрін жеңіп отырған. Ескі сөздерді, елдің шежірелерді өте жақсы білген. Орақ, Мамай, Қарасай, Қази, Қазтуған секілді батырлар жөнінде көп жырлаған. Орыс отаршылдығының озбырлылығын әшкерелеген ұлы сарынына байланысты, оның шығармалары кеңес өкіметі кезінде дұрыс бағасын ала алмады. Ақынның өлең-толғауларын жинап бастырып, 1923 жылы өзінің «Аламан» аталатын жинағында алғаш ғылыми талдау жасалған –проф. Халел Досмұхамедұлы.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895) айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Қазақ, қырғыз елдеріне аты мәлім әділетсіздіктерді әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сондықтан да М.Әуезов С.Аронұлына, «ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген баға берген. 1935 жылы І.Жансүгіровтің әзірлеуімен алғаш жинағы шықты. Кеңес тұсында ақын мұрасын профессор С.Садырбаевтың зерттеуімен баспаға шыққан.

ХІХ ғасыр ақындарын бірнеше топқа бөлуге болады.

1. Зар заман ақындар - Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы

2. Жыршы ақындар - Абыл ақын Тілеуұлы «Ноғайлының қырық батыры» жырын сақтап, келер ұрпаққа жеткізушілердің бірі, Жанақ ақын(«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының ең таңдаулы нұсқасы осы Жанақ есімімен байланысты. Мұрын,

3. Айтыскер ақындар - Шөже Қаржаубайұлы, Орынбай ақын, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Сүйінбай Аронұлы, Күдеріқожа Көшекұлы, Түбек Байқошқарұлы, Бұдабай Қабылұлы, Кепірбай Бөгенбайұлы т.б.

4. Күрескер ақындар – Махамбет, Нысанбай жырау т.б.

5. Сал-серілер -

Поэзиямыздың идеялық-тақырыптық ауқымын кеңейіп, зорая түсуі, оның жанр, түр жағынан өркендеуіне жағдай жасады. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті пейзажистік, образдылық жақтары бой сала өсті. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризиммен әсерлі бейнелеп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана, философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары жырланды. Саяси-әлеуметтік, азаматтық, реалистік жаңа поэзиямыз қалыптасты.

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары

1. XIX ғасырдың қазақ әдебиетіндегі ауызша дәстүрлі жыраулықпен ақындық поэзияның табиғеи сабақтастығы

2. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістерінің көріністері

3. XIX ғасырға әдебиетінде түрлі жанрдағы шығармалардың пайда болуы

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті (ХҮІІІ-ХІХ ғасыр). Оқулық. –А., 1991

2.Үш ғасыр жырлайды. –А., 1965

3.Бес ғасыр жырлайды. –А., 1993

4. Д.Қамзабекұлы, Б.Омарұлы, А.Шәріп. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. Астана, 2013.