Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Суле апайды сабаынан.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
925.7 Кб
Скачать

2.«Қорқыт ата кітабы» (vііі ғ.)

Қорқыт ата Сыр бойындағы Жанкент қаласында (қазіргі Қызылорда облысы) дүниеге келді.

Ол – қобыз атасы, күйші, жыршы, қазақтың алғашқы ақыны (Ш.Уәлиханов). оғыз тайпасынан шыққан. Оғыздардың ақылшысы, данышпан сәуегейі болған. Өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Ол туралы көптеген аңыздар жеткен.

«Қорқыт ата кітабы»

Бұл шығарма – ХV ғасырда жазылған Қорқыт туралы жазба дерек. «Қорқыт ата кітабын» тұңғыш зерттеуші – неміс ғалымы Н.Ф.Диц.

«Қорқыт ата кітабының» екі нұсқасы сақталған:

1. Дрезден нұсқасы (12 жырдан тұрады);

2. Ватикан нұсқасы (6 жырдан тұрады);

«Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата» дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған... оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен».

«Қорқыт ата кітабындағы» жырлар:

«Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр»;

«Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»;

« Оғыз қаған жыры» т.б.

(Тәжірибелік сабақта шығарма талданады).

3. «Оғызнама» («Оғыз қаған» жыры) дастаны (іх ғ.)

«Оғызнама» дастаны – ІХ ғ. Жетісу, Сыр бойында кеңінен таралған туынды. ІХ ғ қағаз бетіне түскен. Каир, Ыстамбұл, Лондонда оның араб, ұйғыр тіліндегі нұсқалары сақтаулы. 1959 ж Мәскеуде М.Щербак ұйғыр тіліндегі нұсқасын бастырды.

  • «Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады.

  • Жырда оғыздар Көк Тәңіріге табынып, өздерін Көк бөріден таратады.

  • Оғыздар «көк» түсті қасиетті санаған.

  • Ұлық Түрік - Оғыздың кеңесшісі.

  • Айқаған – Оғыздың анасы.

(Тәжірибелік сабақта шығарма талданады).

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. «Түрік» сөзінің мәні

  2. Орхон немесе руна деп аталатын жазулар

  3. Орхон жазуындағы жәдігерліктерді қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер, еңбектері.

  4. Көне түрктердің наным-сенімі, өмір туралы түсінігі. Көк Тәңіріне сыйынуының көріністері.

  5. Күлтегін жырының көркемдік ерекшеліктері

  6. «Қорқыт ата кітабындағы» жырлар

  7. «Оғызнама» дастаны туралы өз пікірің

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

  1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірі. Оқулық. –А.1986.

  2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. / Құрастырған А.Қыраубаева/. –А.1991.

  3. Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия. –А.,1996.

  4. Жолдасбеков М. Асыл арналар. –А.,1986

Дәріс №3 х - хіі ғасырдағы әдебиет (Ислам дәуірі әдебиеті) (1сағат)

- Х-ХІІ ғасырларда Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірлерінде Қарахан мемлекетінің құрылуы. Орталығы: Баласағұн мен Қашқар қалалары.

- Ғылым, әдебиеттің дамуы. Қала мәдениеті.

Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (Х-ХІІ ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин-ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф.Копрулузаде, Н.Банарлы және Г.Грюнебаум болды. Ал А.Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының Х-ХІІ ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым-түсінікті бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлеуге бөлу процесінде зор білгірлікпен нақтылай түскен сияқты. Ол қазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп, оны төмендегідей дәуірлеуге бөліп қарастырады. «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиетінің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болды. Сөйтіп жазба әдебиетінің өзі екі дәуірге бөлінеді. 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар –діншіл деген мағынада, ділмар – тілше деген мағынадағы сөздер».

Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен түркі халықтарының тарихында Х-ХІІ ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа басқышы болды. Бұл кезде түркі қауымын айдай әлемге танытқан Әбу Насыр әл-Фараби, Әба Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Йассауи т.б. тарих сахнасына шықты. Басқаша айтсақ, Х-ХІІ ғасырлар «түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу – ренессанс дәуірі болды». Сондай-ақ енді ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы шығармалар бұрынғыдай араб тілінде емес, жергілікті халықтардың өз тілінде, яки түркі тілінде жазыла бастады. Араб тілі мемлекеттік тіл болудан қалды. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес еді.бұл өзгерістердің бірнеше ғасыр бойы дайындалып келе жатқан тарихи алғышарттары бар болатын.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар қаласында дүниеге келді. Ол- ғалым, ақын, әдебиетші, «Шығыстың Аристотелі». 150 ге тарта ғылыми еңбек жазды. Музыка, математика,логика, философия, астраномия, әдебиеттану ғылымдарымен шұғылданған. 16 жасында оқу іздеп бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысқан Бұхара, Шаш, Бағдатта білім алды. Өмірінің соңы Дамаскіде өтті. Шығыс ғалымдары оны Аристотелден кейінгі екінші ғұлама деп атаған.

Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050) Ол – астраном, математик, географ, тарихшы, акын. 22 жаста ғалым атанған. Парсы, араб,грек, үнді тілдерін меңгерген. 150 еңбек жазған. Еңбектері: «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астраномияның кілті» т.б. Жердің Күнді айналатынын тұңғыш рет айтты. Планеталардың қозғалу заңдылықтарын анықтады. Жер глобусының пішінін жасап, 600 ден астам қаланың координаталарын анықтады.

Махмұд Қашқари (1029-39 ж.ж). аралығында туған. Өлген жылы белгісіз. (XI ғ.) Ыстықкөл маңындағы Барысхан қаласында дүниеге келді. Қашқарда өмір сүрген.

Ол - түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, ғалым. Баласағұнда өмір сүрген. Қарахан ақсүйектері ортасынан шыққан. Ол Қашқар, Бұхара, Бағдатта білім алған. Түркі елдерін аралап, заң, арифметика, Құран, хадис бойынша білім алды. Араб, парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. М.Қашқари - тұңғыш түркі филологы. "Диуани лүғат ат-түрк" сөздігі (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегін 1072-1078 ж.ж.Бағдатта жазып бітірген, бірақ қазір түпнұсқасы жоғалған. 1266 ж. жасалған көшірмесі 1915 ж. Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл кітаптың қазак әдебиетіне, тіліне, тарихына, этнографиясына қатысты екендігі дәлелденген.. 6800 түрік сөзіне араб тілінде түсінік берген 3 томнан 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты.

Зерттелуі: Стамбұлдан басылып шығуы (1915-1917). Неміс, түрік, өзбек, ұйғыр, қазіргі қазақ тіліндегі аудармалары. "Сөздікте" ауыз әдебиеті үлгілері қамтылған: Жырлар, мақал-мәтелдер, оның бүгінгі қолданыстағы казақ мақалдарымен бірдейлігі. "Қонақ келсе, құт келер", "Екі бура үйкенісер, ортасында сона жаншылар", "Құрғак касық ауызға, құр сөз кұлаққа жақпас", "Көсеуі үзын болса, қолы күймес" т.б. көптеген мақалдардың бүгінге дейін айтылатындығы.

"Жаз бен қыстың айтысы" өлеңі. Қазақ даласының мекен-жайлары туралы деректер. Окс (өгіз), Еділ өзендері, Баласағұн, Испиджаб, Тараз, Сығанақ, Қарнақ т.б. жер-су атаулары. Түріктер туралы. Жиі кездесетін есімдер: Құстегін, Алыптегін, Қүлтегін, Атыш, Сәбит т.б. түркілердің жыл қайыруы, тағамдары.

Алып-Ер Тұңға - түркі көсемі туралы жоқтау жыры. М.Қашқаридің әлемге Фирдоуси "Шаһнамасы" арқылы мәшһүр болған Афрасияптың (Махмүт Қашқариде: Алып-Ер Тұңға) тарихи тұлға екенін анықтап бергендігі. Тұрған жері, жақындары туралы деректер: кызы - Қаз, ұлы - Барсхан. Алып-Ер Тұңғаның өлімнан қашуы туралы аңыз. Оның Қорқыт аңыздарымен ұқсастығы.

Қашқаридегі насихат - дидактикалық өлеңдер. Сопылык поэзияға тән көзқарастары: уакыттың тез өтпелілігі, канағатшылдыққа шақыруы, жақсы қасиеттерге ұмтылу. Табиғат суреттері, ғашықтықжырлары.

Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының таралық аймағын көрсетеді.

1997-1988 ж.ж. «Диуани лұғат ат-түрік» қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға әзірлеген – А.Егеубаев. Ж.Баласағұн, «Құдатғу біліг», А.Йасауи, «Диуани хикмет», А.Йүгінеки, «Ақиқат сыйы», әл-Фараби, «Риторика» т.б., әл-Бируни, «Хикметтер», С.Бақырғани, «Бақырғани кітабы» (Тәжірибелік сабақта шығарма талданады).

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. «Диуани лұғат ат-түрк» түрікше-арабша түсіндірме сөздік

  2. «Түркі сөздерінің жинағының» зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары

  3. «Сөздікті» зерттеуші ғалымдар

  4. «Диуани лұғат ат-түрктің» әдеби мәні

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірі. Оқулық. –А.1986.

2.Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. / Құрастырған А.Қыраубаева/. –А.1991.

3.Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия. –А.,1996.

4.Қоныратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А.,1991

5.Қоныратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. –А.,1987