- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •2. Оқу пәнінің аты, коды және кредит саны.
- •3. Оқу пәнін жүргізу уақыты мен орны.
- •4. Оқу пәнінің деректемелері.
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы.
- •5.1. Оқу пәнінің бағыты.
- •5.2. Оқу пәнінің мақсаты.
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері.
- •5.4. Оқу пәнінің мазмұны.
- •5.5. Пәнді оқыту жоспары.
- •6. Әдебиет тізімі
- •Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •Пән бойынша дәрістер тезисі Дәріс №1 Кіріспе. Қазақ әдебиетінің тарихы пәні
- •1. Ежелгі дәуір әдебиеті (V-хiv ғ.Ғ.)
- •2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIII ғ.Ғ.).
- •4. Ислам дәуіріндегі әдебиет (X-XII ғ.Ғ.)
- •5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (XII –XIV ғ.Ғ.)
- •6. Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр
- •Дәріс № 2
- •VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері.
- •2.«Қорқыт ата кітабы» (vііі ғ.)
- •3. «Оғызнама» («Оғыз қаған» жыры) дастаны (іх ғ.)
- •Дәріс №3 х - хіі ғасырдағы әдебиет (Ислам дәуірі әдебиеті) (1сағат)
- •Дәріс №4 хііі - хү ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ).
- •Дәріс № 5
- •XV – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті Асанқайғы Сәбитұлы
- •Дәріс № 6 Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781)
- •Дәріс № 7
- •XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті.
- •2. «Шымшық пен бөдене»
- •3. «Сары шымшық»
- •Дәріс № 8
- •(1803-1846)
- •Дәріс № 9
- •Хіх ғасырдың іі жартысындағы қазақ әдебиеті.
- •Шоқан Уәлиханов
- •(1835-1865)
- •Дәріс №10 Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
- •Дәріс № 11-12 (2 сағат) Абай Құнанбаев (1845-1904)
- •Дәріс № 13
- •XX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиеті
- •XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі
- •Дәріс №14 Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)
- •Дәріс № 15 Ахмет Байтұрсынов (1872-1937)
- •Дәріс №16 Міржақып Дулатов (1885-1935)
- •Дәріс №17 Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)
- •Дәріс №18 Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
- •Дәріс №19-20 Мұхамеджан Сералин (1872-1920)
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
- •Дәріс №21 Бейімбет Майлин (1894-1938)
- •Дәріс №22 Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
- •Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
- •Дәріс № 23-24 Мұхтар Әуезов (1897-1961)
- •Дәріс №25 Мұқанов Сәбит (1900-1973)
- •Дәріс №26 ( сағат) Мүсірепов Ғабит (1902-1985)
- •Ғабиден Мұстафин (1927-1929)
- •Дәріс №27-30 (4 сағат) Қазіргі қазақ әдебиеті
- •XX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті (1960-2000 ж.Ж.)
- •8. Жалпы пайдалататын әдебиеттер тізімі
Дәріс №18 Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
Жұмабаевтың Абайдан кейінгі казақтың ұлы акыны екені. ¥зак уакыт шығармашылығына біржақты көзқарастың болуы. Мұның басты себебі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов негізін калаған азатшыл бағытынан айнымауы болып табылатыны, 20 жылдардағы әдеби айтыстарда өзіндік бағыт ұстануы.
СҚО, қазіргі М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл маңында дүниеге келген. 1909 ж.Абай өлеңдерін оқып, тағлым алады. «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды.
1910-1911 ж. Уфадағы Ғалия медресесінде Ғ.Ибрагимовтан білім алады. 1912ж. Қызылжар семинариясында оқыды. 1912-1913 ж.ж. «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шықты.
М.Жұмабаев, ең алдымен, сыршыл суреткер, лирик ақын. Еуропа әдебиетіндегі ағымдардың ерекшелігін ("символизм",т.б.) қазак әдебиетіне алғашқылардың бірі болып ендірді. Ақынның махаббат, сезім такырыбына жазылған өлеңдеріндегі суреткерлік шеберлігі («Сүй, жан сәулем» "Сен сұлу", "Жұлдызды - жүзік, айды — алқа ғып берейін", «Шолпы» т.б.). Ақын лирикасында ел тағдыры мен жер тағдыры, дала мен қала өмірінің салыстырмалы шындығы жырланады. Өмір мен өлім жайлы толғаулары терең философиялык түйіндеулермен беріледі. Өлеңіндегі саз, әуез, ырғақтар келісімді сипат тапқан. Абай мен Мағжан поэзиясында лиризм үндестігі бар. Мағжан лирикасында жаңашылдық басым. Сонымен қатар ақынның көркем аударма саласындағы ізденістері оның тағы бір қырын танытады.. М.Горькийдің "Сұңқар жыры", "Жұртын сүйген жүрек", «Темірді жүмсартқан ана» «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы өзіндік ерекшеліктері байқалады.
М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт табиғатының даралануы ерекше көзге ұрып тұрады. Ақын поэмаларындағы қазақ тұрмысының өткенін жырлау арқылы, ұлттык, мәдениеттің ежелгі арналарының табиғи тұнбасын аршуға ұмтылудағы ерекшелігі де өзіне тән тағы да бір қыры. Аңыздық сюжеттерді өмір шындығымен тұтастыра жырлаған("Қойлыбайдың қобызы", "Қоркыт" т.б.). Поэмаларында тарихи тақырыпты терең игергендігі ("Батыр Баян", "Оқжетпестің қиясында") көрініп тұр..
Поэманың жанрлык ерекшеліктері, тақырып пен идея бірлігі, сюжеттік желі мен образдылығы тұтас. Поэмаларындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық кызметі. "Батыр Баян" поэмасында халык тұрмысның жеке бас трагедиясынан жоғары қойылуының мәні де ашылған. Отандық патриатизмнің жан-дүние, ішкі сезіммен ұштаса жырлануы да ұтымды шыққан.. Ақынның кейіпкер характерін жасаудағы шеберлігі айқын. Поэма екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Баян батырдың махаббат пен қызғаныш билеген бауыры Ноян мен қалмақ қызын өлтіруі.Екінші тарауда Баянның ерлік істеріне арналған.
М.Жұмабаевтың әдеби-көркем сын саласындағы еңбектері ("Ақан сер,і Әубәкір ақсақал Диваев", "Базар жырау" т.б.) өте құнды. Ақынның сөздерін қастерлеу, өлең табиғатын танудағы өзіндік ой-пікірлері бар. "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін айыптап, он жылға айдауға кесті. Ұйымның ақын жасаған "Табалдырық" атты бағдарламасындағы ой-пікірлері жазба әдебиетін дамытудағы, жас ақын-жазушыларды тәрбиелеудегі ұстанымдары ерекше болды. М.Жұмабаевтың құнды еңбектерінің бірі «Педагогика» (1923 ж.) атты оқу құралы. Жалпы, М.Жұмабаев шығармашылығының қазак әдебиет тарихында алар орны ерекше.
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
1.М.Жұмабаевтың шығармашылық өмірбаяны
2. М.Жұмабаевтың лирикалары
3. М.Жұмабаевтың поэмалары
Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
1.Бес арыс. Алматы,1992.
2.Досжанов Д. Абақты. Алматы,1992.
3.Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. Алматы,1991.