Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Суле апайды сабаынан.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
925.7 Кб
Скачать
  1. Пән бойынша дәрістер тезисі Дәріс №1 Кіріспе. Қазақ әдебиетінің тарихы пәні

- Әдебиет туралы түсінік.

- Қазақ әдебиеті кезеңдері.

- Әдебиет тарихы – әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі.

Әдебиет – «үлгілі сөз» деген мағынадағы араб сөзі. А.Байтұрсынов әдебиетті «асыл сөз», «сөз өнері» деп айтқан

  1. Өнер түрлері: сәулет өнері (архитектура); кескін өнері (живопись); мүсін өнері (скульптура); әуез өнері (музыка); сөз өнері (әдебиет).

  2. Әдебиеттану салалары: Әдебиетті талдап, зерттеуге негізделетін әдебиеттану ғылымы өзіндік зерттеу нысанына байланысты әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны болып іштей үш салаға бөлінеді.

  3. Шығарманы талдау:тақырыбы мен идеясы (қандай оқиға болғанын айту); сюжеті мен композициясы (оқиғаның қалай болғанын айту); тип пен характер жайын айту (оқиға кімдердің басында болғанын айту); тілі мен суреткердің стилі (оқиға қалай баяндалғанын айту); суреткердің дүниетанымы мен көркемдік әдіс мәселесі (болған оқиғаға автордың көзқарасын айту);

  4. Көркем әдебиеттегі образ (беине) түрлері:

Романтикалық образ– әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бір (Желаяқ, Көреген, Саққұлақ, Таусоғар, Алдар көсе, Алпамыс).

Реалистік образ– әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі (М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал образы).

Эпикалық образ - кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип (Құнанбай, М.Әуезовтің «Абай жолы» романы).

Лирикалық образ – өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінің нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Драмалық образ – сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне.

Юморлық образ – күлкілі кейіпкер.

Сатиралық образ – ұнамсыз тип.

Фантастикалық образ –қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне (Ер Төстік).

Трагедиялық образ –халықтың алыс арманы, алдағы бақыты жолындағы күрестің құрбаны (Төлеген, «Қыз Жібек»жыры).

Геройлық образ –ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді тұлға, өз дәуірінің аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.

  1. Әдебиеттің тектері: эпос(проза), лирика (поэзия), драма.

  2. Әдеби шығарманың түрлері; әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.

Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері

1. Ежелгі дәуір әдебиеті (V-хiv ғ.Ғ.)

2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХV-ХVIII)

3. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдебиеті

4. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті

5. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті

6. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

7. Қазіргі қазақ әдебиеті

Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланысты.

Бүкіл түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет /YI-XY ғасырлар/. Ежелгі түркі тілді әдебиет бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, оларды ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері.

Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруды қажет деп есептейміз.

Қазақ хандығының қазақтың өзіндік төл әдебиетінің пайда болуы. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті.

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті.

«Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті» пәні б.з.б жасу-сызулар мен заманымыздың V-VIII ғасырларындағы тастағы жазулардан бастап, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі түркі жұрттарына ортақ дәуірлеріндегі әдебиетті оқытады. Бабаларымыз XV ғасырда шаңырағын көтерген Қазақ ордасы құрылағанға дейін ұлт болып қалыптасу жолында қилы-қилы тарихты басынан кешірген елміз. Арғы тамыры Орталық Азияны мекендеген көне тайпалар шежіресіне ұласып, 4-5 мың жылдықтарға дейін кетеді. Ежелгі әдебиет сақ, ғұн, түрік дәуірлерінен Алтын Ордаға, одан қазақ хандығына дейінгі көшпелілер мәдениетімен, тарихымен байланысты. «Қазақ» сөзі біздің заманымыздағы VIII ғасырдағы тастағы жазуларда кездеседі.Түркі жұртының біздің заманымызға дейінгі дәуірлердің өзінде 26 әріптен тұратын жазуы болған. Қала мәдениеті, ғылым, сәулет өнері дамыған. Түркі өркениеті қалыптасқан.

30-жылдарда Қ.Жұбанов бастап, 50-жылдардың аяғында әдебиеттің ежелгі дәуірін зерттеу мәселелерін Б.Кенжебаев көтерді (1959 ж. «Әдеби мұра және оны зерттеу»). Бүгінгі таңда әдебиеттану ғылымында Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншалиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева т.б. ғалымдардың қазақ әдебиетінің көне тарихын жүйелеп-зерттеудегі еңбектері бар. Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты көне тарих беттері ашылуда. Соңғы жылдарда ежелгі әдебиетті зерттеудегі жаңаша бағыттар, жаңа деректер, аудармалар шыға бастады. Бағдарлама соңғы жаңалықтарды ескере отырып түзілді. Ежелгі әдебиеттің даму кезеңдері төмендегідей жүйеленеді:

1.Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (сақ, ғұн, үйсін дәуірі. б.з.б. VII - б.з. IV ғ.ғ., ф.ғ.д., проф. А.Қыраубаева ), ф.ғ.д., проф. Н.Келімбетов осы дәуірді

Тәңірлік дәуір әдебиеті деп жіктеген.

V-VIII ғ.ғ. жазба ескерткіштер: «Алып Ер Тұңға» (б.з.б VII-IІғ.),«Шу» дастаны

«Тұмар патшайым» (б.з.б. VI ғасырға дейін)

«Ширақ батыр»( б.з.б. VI ғасыр)

«Сақ патшайымы Зарина сұлу»(б.з.б. дейінгі Vғасыр)

«Мөде батыр»(б.з.б. 209-174 жыл).