Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Суле апайды сабаынан.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
925.7 Кб
Скачать

Дәріс №10 Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Өмірбаяны. Ағартушылық, жазушылық. Тәрбиешілік қызметі. Шығармашылық мұрасы. Аудармалары. Өлеңдері. Әңгімелері. Публицистикасы. Қазақ тіршілігін, тұрмыс – салтын зерттеуі. Ғылыми зерттеулері. Оқу құралдары. Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу. Басылым жайы.

Қазақ мәдениеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол- заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы. Қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Болыстық бастауыш мектептер мен училищелерді ұйымдастырушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып,көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Жастарға өмірлік оқудың есгін айқара ашып, болашағын меңзеген өнер-білімнің жалынды жаршысы. Бұқарашыл көзқарастағы оқу жүйесін негіздеуші. Озық ойлы, ұшқыр қиялды, шешен тілді өнерпаз. Жаңалық пен жақсылыққа бастаған ізгі ниетті азамат. Өз өмірін халқы үшін еңбек етуге түгел жұмсаған адал жанды, зор жүректі, шын мәніндегі адам. Тереңнен тоғап, жүрек тебіренте жыр шерткен кемеңгер ақын. Қазақтың реалистік жаңа әдебиетін негіздеушінің бірі. Жан-жақты білімі бар талантты зерттеуші-ғалым.

Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының тым мешеу кезеңінде, қазақ ауылының үстіне төнген қара түнектің жиегі көтерілмей тұрған кезде өмір сүрді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында (бұрынғы Арақарағай болысы) туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы ру басы, ірі феодал Балғожа бидің отбасында өтті. Балғожа – патша өкіметіне арқа сүйеген қазақтың белді биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді де меңгерген, аузымен орақ орған, сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде айналасындағыларға әмірін жүргізіп отырды.

Ол өз шығармаларында халықтық тілдің негізгі сөздік қорын шебер пайдалана білді. Әдеби тіл принципін қатаң сақтады. Оқушылардың ұғымына жеңіл, әсерлі, қарапайым тілмен идеяны айқын беруі, тақырыпты таңдай білуі, оқиғаны түйінді сөздермен баяндап отыруы жазушы стилінің негізгі ерекшелігі деп айту керек.

Ыбырай халықтық мақал-мәтел, нақыл сөздерді, аңыз-әңгімелерді шебер пайдаланды. Өмір шындығын халықтық стильде жазды.

Ыбырай жалаң үгіттің ақыны емес, ол кезінің ең әсерлі, ықпалды жаңашыл жазушысы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет-салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озат оқу-білім, адамгершілік қасиеттерді, дәуір ұсынған ең келелі де керекті жаңа тілектерді айта білді.

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Ы. Алтынсарин - заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы.

2 .Ы.Алтынсарин - тереңнен тоғап, жүрек тебіренте жыр шерткен кемеңгер ақын.

3. Ы.Алтынсарин - қазақтың реалистік жаңа әдебиетін негіздеушінің бірі.

4. Ы.Алтынсариннің аудармалары. Өлеңдері. Әңгімелері. Публицистикасы.

5. Ы.Алтынсарин - жан-жақты білімі бар талантты зерттеуші-ғалым.

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы,1992

2.ХІХ ғасырдағы қазақ оқиғалары. Алматы,1988

3..Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті (ХҮІІІ-ХІХ ғасыр). Оқулық. –А., 1991

4.Ы.Алтынсариннің тағылымы. Алматы,1991

5.Ламашев Ә. Ы.Алтынсарин. Алматы, 1991