- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •2. Оқу пәнінің аты, коды және кредит саны.
- •3. Оқу пәнін жүргізу уақыты мен орны.
- •4. Оқу пәнінің деректемелері.
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы.
- •5.1. Оқу пәнінің бағыты.
- •5.2. Оқу пәнінің мақсаты.
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері.
- •5.4. Оқу пәнінің мазмұны.
- •5.5. Пәнді оқыту жоспары.
- •6. Әдебиет тізімі
- •Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •Пән бойынша дәрістер тезисі Дәріс №1 Кіріспе. Қазақ әдебиетінің тарихы пәні
- •1. Ежелгі дәуір әдебиеті (V-хiv ғ.Ғ.)
- •2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIII ғ.Ғ.).
- •4. Ислам дәуіріндегі әдебиет (X-XII ғ.Ғ.)
- •5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (XII –XIV ғ.Ғ.)
- •6. Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр
- •Дәріс № 2
- •VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері.
- •2.«Қорқыт ата кітабы» (vііі ғ.)
- •3. «Оғызнама» («Оғыз қаған» жыры) дастаны (іх ғ.)
- •Дәріс №3 х - хіі ғасырдағы әдебиет (Ислам дәуірі әдебиеті) (1сағат)
- •Дәріс №4 хііі - хү ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ).
- •Дәріс № 5
- •XV – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті Асанқайғы Сәбитұлы
- •Дәріс № 6 Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781)
- •Дәріс № 7
- •XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті.
- •2. «Шымшық пен бөдене»
- •3. «Сары шымшық»
- •Дәріс № 8
- •(1803-1846)
- •Дәріс № 9
- •Хіх ғасырдың іі жартысындағы қазақ әдебиеті.
- •Шоқан Уәлиханов
- •(1835-1865)
- •Дәріс №10 Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
- •Дәріс № 11-12 (2 сағат) Абай Құнанбаев (1845-1904)
- •Дәріс № 13
- •XX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиеті
- •XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі
- •Дәріс №14 Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)
- •Дәріс № 15 Ахмет Байтұрсынов (1872-1937)
- •Дәріс №16 Міржақып Дулатов (1885-1935)
- •Дәріс №17 Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)
- •Дәріс №18 Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
- •Дәріс №19-20 Мұхамеджан Сералин (1872-1920)
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
- •Дәріс №21 Бейімбет Майлин (1894-1938)
- •Дәріс №22 Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
- •Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
- •Дәріс № 23-24 Мұхтар Әуезов (1897-1961)
- •Дәріс №25 Мұқанов Сәбит (1900-1973)
- •Дәріс №26 ( сағат) Мүсірепов Ғабит (1902-1985)
- •Ғабиден Мұстафин (1927-1929)
- •Дәріс №27-30 (4 сағат) Қазіргі қазақ әдебиеті
- •XX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиеті (1960-2000 ж.Ж.)
- •8. Жалпы пайдалататын әдебиеттер тізімі
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
Ақын шығармашылығына бүгінге дейін әртүрлі көзқарастардың болуы. Бұл бағыттағы түрлі бұрмалаушылықтар, қате пікірлер мен тұжырымдардың негізсіздігі. С.Торайғыров шығармашылығының негізгі кезеңдері. "Айқап" журналындағы кызметінің ақындығына әсер етуі. Бұл кезеңдегі өлеңдерінде ("Оқып жүрген жастарға", 'Талиптарға", "Оқудағы мақсат не?" т.б.) мақсаткерліктің басым болуы. Қазақ зиялыларымен араласуының шығармашылығына тигізген игі әсері.
Ақын шығармашылығының сипаты. Лирикадағы ақындық шеберлігі. Лирикалық кейіпкерінің жаңа заман адамы ретінде көрінуі. Өлеңдерінде өнер, білім, надандық, ескілік, қанаушылық, дін, жастар, казақ халқы, әйел теңдігі туралы тебіріне толғануы. Ақын лирикасында романтикалық өршіл сарын бар. Махаббат, көңіл-күй лирикасы. Ақынның сезімшілдігі мен сыршыл суреткерлігі. Әлеуметтік теңсіздік мәселесін тереңдей жырлауы.
Көлемді туындыларындағы көркемдік, жанрлық озық үлгілер, "Қамар сұлу романының көркем прозадағы жаңашыл шығарма екені. Өмір шындығын суреттеуде, нақты өмірден алынған кейіпкерлер образын сомдауда көркемдік құралдарды тиімді пайдалануы. Ескі мен жаңаның күресін бейнелі беруі. Жаңа заман күрескері ретіндегі Қамар бейнесінің нанымды жасалуы. Ескінің қалдығы жорға Нұрымның бүкіл болмысы жете ашылған сатиралық образ екендігі. Қамардан басқа Ахмет, Қасен сияқты жай адамдар бейнесінің ұнамды сипатта көрініс табуы.
"Кім жазықты" романы тұңғыш өлеңмен жазылған роман. Романға үш ұрпақ өмірі арқау болды, замана өзгерісіне карай соңғы ұрпақ өкілдері арасындагы тартыстар мен көзқарас қайшылықтары көрсетілген. Әжібай мен әжібайшыларды тудырған замана шындығының ашылуы, қаладағы өмір арқылы жаңа адамдар (Аппақай, фельдшер Жүсіп т. б.) образының жасалуы. Романдағы әлеуметтік теңсіздік шындығы. "Кім жазықты" романында қазақ қоғамының күрделі мәселелері кең түрде алға тартылып, суреткерлікпен көрсетілуі. Романның кұрылысы, өлең өрнегі, тіл кестесі.
Адасқан өмір", "Кедей" поэмалары. Екі поэманың өзара үндестігі. Бай мен кедей өмірін салыстырмалы бейнелеу арқылы, әлеуметтік теңсіздік арналарының ашылуы. Поэмаларда кедей теңсіздігімен қатар, озбырлыққа деген қарсылық, тендікке ұмтылған отты сезімнің сезілетіні. Поэмаларда әлеуметтік теңсіздіктің қыр-сырына терең бойлау, астарын ашу cyреткерлікпен шешімін табатыны. "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларының өзара айырмашылықтары. "Кедей" мен "Адасқан өмір" поэмаларындағы басты кейіпкерлер жан-дүниесіндегі қайшылықтар. Поэмалардың құрылымдық жүйесіндегі ерекшеліктері. Поэмалардың құрылысы ақынның қоғамға деген көзқарастарына орай икемделіп кұрылуы, сюжетсіздігі, шартты кейіпкерлер ой-арманында авторлық пікірдің нысаны етілуі. Поэмалардың көркемдік жетістіктері, тілдік қуаты.
С.Торайғыровтың бұрын біржақты қаралып, назардан тыс қалып келген шығармаларына бүгінде жаңаша бағалануда. Тұтқындағы А. Байтұрсынның "Масасына" өлеңі мен "Әлиханның Семейге келуі" мақаласында азатшылдықты мақсұт тұтқан қазақ зиялыларымен ой үндестігі. «Таныстыру», «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) поэмаларының аласапыран дәуірдің шындығын ашудағы, жаңашылдығы. Олардың идеялық-көркемдік табысы. Жалпы алғанда, С.Торайғыров шығармашылығының Абайдан кейінгі әдебиеттегі жаңа белес, кейінгі әдебиеттің өркендеуіне игі әсер еткен өзгеше құбылыс.
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
С.Торайғыров шығармаларының негізгі тақырыптары.
С.Торайғыров лирикасындағы романтикалық өршіл сарын.
"Кім жазықты?" романы
«Адасқан өмір", "Кедей" поэмалары.
«Таныстыру», «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) поэмалары
Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
1.Кенжебаев Б. Әдебиет белестері, Алматы,1986.
2.Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. Алматы,1993.
3.Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы,1986.
4. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі.
5. Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар. Алматы,1967