Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать
    1. Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығын

анықтау

Қалыңдығы 2-6 мм пластина түріндегі болат нұсқалары тоттан тазалап, алдын ала қырнап өңделеді.

Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығы 30 с ішінде диаметрі 10 мм суарылған болат шарикті 30 КН (300 кгс) жүктеме астында сыналатын нұсқаның бетіне басу арқылы анықталады .

Нұсқадан алынған таңбаның диаметрі бойынша мына формула ар‹алы болаттың қаттылық саны НВ есептеледі

НВ= 2 Р / [π D (D - )] ,

мұндағы Р - шарикке жүктеме, кгк;

D – шарик диаметрі , мм;

d – таңба диаметрі , мм.

Нұсқа алдын ала шарикті ұштыққа қатты қысып және 100 кгк жүктемені түсіріп қаттылық өлшеуіш табанының үстеліне бекітiледі. Осыдан кейін өлшеу аспабының көрсеткіш тілін нөлдік бөлікке қояды ды сынақа кiрiседi. Нұсқаға жүктеме суарылған шарик арқылы бір қалыпты беріледі және сынақ аяқталған соң екі өзара перпендикулярлы бағыттарда 0,05 мм дейін дәлдікпен нұсқаға таңба диаметрі өлшенеді және соңғы нәтижеге орташа арифметикалық мағынасы алынады, сонымен бірге диаметр мағынасы мына шектерде болу керек

0,2 < d < 0,6 D ,

мұндағы D – шарик диаметрі, мм;

d – таңба диаметрі, мм.

Егер осы шарт орындалмаса , онда сынақ жарамсыз деп саналады және қайталанады .

Сынақ нәтижелері 11.3-кестеге жазылады.

Созылуға уақытша кедергісі мен Бринелл бойынша қаттылық арасындағы байланыс келесі байланыстылықпен көрсетіледі

Gв = 0,36 кгк/ мм2

11.3-кесте

Болатты қаттылыққа сынау нәтижелері

Бұйым-дар

Болат

маркасы

Таңба диаметрі, мм

Қаттылық саны , кгк/мм2

МСТ бойынша қаттылық саны,

кгк/ мм2

1 өл-шеу

2 өл-шеу

орта-шасы

1

2

3

4

5

6

7

Швеллер

Ст3

3,01

3,03

3,02

389

409

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

  1. Термиялық өңдеу деп нені атайды?

  2. Суаруға болатты қыздырғанда қандай айналымдар өтеді?

  3. Болатты өте қыздыру неге соЉады ?

  4. Суару температурасы бар болатты суытқанда қандай айналымдар пайда болады?

  5. Суаруға көміртекті болаттардың қыздыру температурасы қалай таңдалады ?

  6. Суару ортасы ретінде не қолданады ?

  7. Арматура болатының жіктеуі.

  8. Болат прокат бұйымдарының түрлері.

  9. Алюминий қорытпалары.

  10. Жез бен қола құрамы.

  11. Шойын жіктеуі.

1-қосымша

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫН СЫНАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ СТАНДАРТТАР

(1.01.2004- жағдай бойынша)

МСТ 125—79 Гипс байланыстырғыштары. Техникалық шарттар

МСТ 310.1—76 Цементтер. Сынау әдістері. Жалпы ережелер.

МСТ 310.2—76 Цементтер. Әдеттегі қоюлығын, ұстасу мерзімін және көлемінің біркелкі өзгеруін анықтау әдістері

МСТ 310.3—76 Цементтер. Иілуге және сығуға беріктік шегін анықтау әдістері

МСТ 310.4—81 Цементтер. Силикат кірпіштері мен тастар. Техникалық шарттар.

МСТ 379—79 Керамика кірпіштері мен тастар. Техникалық шарттар

МСТ 530—80 Ақ портландцемент. Техникалық шарттар.

МСТ 965—78 Портландцемент белый. Технические условия.

МСТ 969—77 Глиноземді цемент.

МСТ 2140—81 Ағаш ақаулары. Жіктеуі, терминдері мен анықтаулары, өлшеу тәсілдері.

МСТ 2697—75 Төбе пергамині. Техникалық талаптар.

МСТ 2889—80 Ыстық төбе битум мастикасы. Техникалық шарттар.

МСТ 3808.1—80 Қылқан жапырақты тектерінің кесілген материалдары.Атмосферада кептіру және сақтау.

МСТ 4765—73 Лак-бояу материлдары. Соққыда қабыршақ беріктігін анықтау әдісі.

МСТ 5802—78 Құрылыс ерітінділері. Сынау әдістері.

МСТ 6589—74 Лак-бояу материалдары.Қожалу дәрежесін анықтау әдісі.

МСТ 6617—76 Құрылыс мұнай битумдары. Техникалық шарттар.

МСТ 6806—73 Лак-бояу материалдары. Иіліске қабыршақтың созылғыштығын анықтау әдістері.

МСТ 7076—78 Құрылыс материалдары. Жылу өткізгіштікті анықтау әдісі.

МСТ 8267—82 Құрылыс жұмыстарына арналған табиғи қиыршық тас. Техникалық шарттар.

МСТ 8268—82 Құрылыс жұмыстарына арналған малта тас. Техникалық шарттар.

МСТ 8269—76 Табиғи тастан, малта тастан жасалған қиыршық тас және құрылыс жұмыстарына арналған малта тастан жасалған қиыршық тас. Сынау әдістері.

МСТ 8420—74 Лак-бояу материалдары. Шартты жабысқақты анықтау әдістері.

МСТ 8735—75 Құрылыс жұмыстарына арналған құм. Сынау әдістері.

МСТ 8736—77 Құрылыс жұмыстарына арналған құм. Техникалық шарттар (өзгерістерімен)

МСТ 9012—69 Металдар. Сынау әдістері. Бринелл бойынша қаттылықты өлшеу.

МСТ 9013—59 Металдар. Сынау әдістері. Роквелл бойынша қаттылықты өлшеу.

МСТ 9179—77 Құрылыс ізбесі. Техникалық шарттар.

МСТ 9529—80 Органикалық емес пигменттер. Ақ пигмент-тердің ағартқыш қабілетін анықтау әдістері.

МСТ 9548—74 Төбе мұнай битумдары. Техникалық шарттар (өзгерістерімен)

МСТ 16483.3—84 Ағаш. Статикалық иілісте беріктік шегін анықтау әдістері.

МСТ 16483.7—71 Ағаш. Дымқылдықты анықтау әдістері.

МСТ 16483.10—73 Ағаш. Талшықты бойлай сығуға беріктік шегін анықтау әдістері.

МСТ 16483.18—72 Ағаш 1 см жылдық қабаттардың санын және жылдық қабатында кеш ағаштың мөлшерін анықтау әдісі.

МСТ 18105.0—80 Бетондар. Беріктікті бақылау тәртібі. Негізгі ережелер.

МСТ 18105.2—80 Бетондар. Тұтас құймалы құралымдар үшін сығуға беріктікті бақылау тәртіптері.

МСТ 22245—76 Жабысқақ жол мұнай битумдары. Техникалық шарттар.

МСТ 22688—77 Құрылыс ізбесі. Сынау әдістері.

МСТ 22690.0—77 Ауыр бетон. Механикалық әсер ететін аспаптармен бұзбайтын беріктікті анықтайтын әдістеріне жалпы талаптар.

МСТ 23732—79 Бетондар мен ерітінділерге арналған су. Техникалық шарттар.

МСТ 23789—79 Гипс байланыстырғыштары. Сынау әдістері.

МСТ 24211—80 Бетонға арналған қосымшалар. Жіктеуі.

МСТ 25192—82 Бетондар. Жіктеуі және жалпы техникалық талаптар.

МСТ 25328—82 Құрылыс ерітінділеріне арналған цемент. Техникалық шарттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]