Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

10. Лак және бойяу материалдары

Лак және бояу материалдары деп жұқа қабатпен құралым бетіне жағылатын жабысқақ-сұйық құрамдарды атайды, олар бірнеше сағаттан кейін қатып, негізге берік жабысатын қабыршақ жасайды. Бұл қабыршақтар агресивті орталарының әсерінен құралымдар мтаериалдарын қорғау, боялатын беттерге сәндік сыртқы пішін беру және бөлшектердің санитарлық-тазалық жағдайларын жақсарту керек. Лак пен бояу материалдарының негізгі компоненттеріне пигменттер, толтырғыштар және байланыстырғыш заттар жатады.

10.1. Пигменттер мен толтырғыштар

Пигменттер өзімен суда, органикалық еріткіштерде және байланыстырғыш материалда ерімейтін, олармен жақсы араласуға жарамды емес, сонымен бояу құрамын жасайтын ұсақ уатылған түрлі түсті ұнтақтрды көрсетеді.

Толтырғыштар өзімен көп жағдайларда ақ түсті, пигменті үнемдеу үшін лак-бояу материалдарына қосатын не осы материалдарға ерекше қасиеттер беруге арналған ерімейтін минералды заттарды көрсетеді.

Толтырғыштар ретінде: каолин, ауыр және жеңіл шпат, үгілген тальк, үгілген құм, күлдей кварц, андезит, бинтаунит, диабаз, асбест шаңы мен талшығы, үгілген слюда, диаболит және басқалары сияқты кейбір унталанған тас жыныстары қолданылады.

Құрылыс зертханасында пигменттердің сапасын бағалағанда олардың дисперсиялығын, жамылғыштығын және май сыйымдылығын анықтайды.

10.1.1 Дисперсияны анықтау

Дисперсиялық немесе пигменттің ұсақтану дәрежесі құрғақ не ылғал елеу тәсілімен анықталынуы мүмкін. Арты‹шылы‹ ылғал елеуге беріледі. Құрғақ елеу тек қана сулау сұйықтығын іріктеп алуға мүмкіндік болмаған жағдайда немесе МСТа тиісті нұсқаулар болғанда ғана қолданылады.

Аспаптар: стандартты електер: №№ 02, 015, 01, 008, 0075, 0063, 006; салмағы әр түрлі гірлері бар техникалық таразы, фарфор аяқ, суы бар сауыт, жұмсақ жаққыш, әйнек, кептіргіш шкаф; эфир; спирт және зерттелетін пигмент .

Ылғал тәсіл: 10г мөлшердегі тұрақты массасына дейін кептірілген пигмент өлшемдігін фарфор сауытына салады және 250мл сумен араластырады. Сонымен пайда болған түйір кесектерді сауыт түбінде саусақпен жеңіл басып ұнтақтайды және пайла болған суспензияны суланған елекке байқап құйяды. Елеу үшін елек нөмірі пигменттердің стандарттарында көрсетіледі. Түйір кесектер жоқ екенін көз жеткен соң сауыттан елекке барлық қалдықтарды салады, сосын електі 250мл сумен толтырылған сауытқа қояды және ол бойынша жұмсақ жаққышпен жүргізеді. Сонымен жабысып қалған іздері мүлде көзге түсерлік болмағанша суды бірнеше рет ауыстырады. Електегі қалдықты алдымен спиртпен, сосын эфирмен сулайды, 105-110ºС температурада 30 мин бойы ауада ұстайды.

Осыдан кейін електегі қалдық сағат әйнегіне жұмсақ жаққышпен алынады және өлшенеді.

Електегі қалдық мына формула бойынша есептеледі, %

О = (m1/ m ) 100% ,

мундағы m – електен өткізгенге дейінгі пигмент массасы, г;

m1 – пигмент қалдығының массасы, г.

Егерде суда еритін болса, ол ерiмейтін және бүлінбейтін басқа сұйықтық пайдаланылады.

Құрғақ тәсіл : 10г мөлшердегі (2г-құрым) тұрақты массасына дейін кептірілген пигмент өлшемдігін нөмірі тиісті пигментке МСТа көрсетілген елекке салынады. Сосын пигментті қол не механикалық тәсілмен осы електен өткізеді. Електен өткізу аяқталды деп саналады, егер пигменттен түсі бойынша айырмашылығы бар жылтыр не борлы қағазда елеуден кейін 30с ішінде зерттелетін пигменттің іздері көрінбесе. Електегі пигмент қалдығы жиналады және сағат әйнегіне көшіріледі, сонан-соң 0.001г дейінгі дәлдікпен өлшенеді .

Електегі қалдық жоғарыда көрсетілген формула бойынша анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]