Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

10.1.2. Жамылғыштықты анықтау

Жамылғыштық не жапқыш қабілеті деп бояу құрамының жарық өткізбейтін қабатпен боялатын беттің өңін жабатын қабілеттілігін атайды. Жамылғыштық боялатын беттің 1м2 граммен пигменттің шығынымен есептелінеді.

Өлшемі 100х300 мм және қалыңдығы 2-2,5 мм шыны пластинкасына оның барлық ұзындығы бойынша бір-бірінен бірдей аралықта үш жол (әр жолдың ені 20 мм) түсіріледі: шеттері бойынша - қара және ортасына - ақ.

Жолдар майлы бояулармен түсіріледі: қарасы – газды құрыммен, ал ағы- ақ сырмен .

Аспаптар : әйнек пластинка (10.1-сурет), салмағы әр түрлі гирлері бар таразы, фарфор аяқ, қыл жаққыш, флейц.

Материалдар : олифа, зерттелетін пигмент.

10.1-сурет. ПигменттердiЊ ж‰не бояу ‹ЋрамдырыныЊ жамылдыштыЉын аны‹тауЉа арналЉан пластинка

Зерттелетін пигменттің 5 г өлшеу және аяқта оны үгу керек. Майлау консистенциясына дейін табиғи олифа (30-50 %) қосу керек. Бояуды қыл жаққышпен жолдары жоқ пластинаның бетіне жағу және бояуды флейцбен тегістеу керек. Пластинканы ақ қағаз бетіне қою және жолдарға жарық түспейтініне көз жету керек. Өткізілген операциялардан соң оған қондырылған бояумен бірге пластинка массасын анықтау керек.

Жамылғыштық майлау консистенциясының бояу құрамы үшін мына формулалары арқылы есептелінеді:

- майлау консистенциясының бояуына санағанда

Ж= ( а/F) 10000 ,

- құрғақ пигментке санағанда

Ж= [ а (100 - b)/ F 100]10000 ,

мұндағы а – майлау консистенциясындағы қондырылған бояудың мөлшері, г;

b – майлау консистенциясындағы бояуда олифа мөлшері, %;

F – пластинканың боялған ауданы, см2.

Сынақ нәтижелері 10.1-кестеге жазылады.

10.1-кесте

Пигменттің жамылғыштығын анықтау нәтижелері

Рет №

Пластинаға қондырылған бояудың мөлшері,

г

Бояудағы олифа мөлшері,

%

Пластинка ауданы,

см2

Жамыл-ғыштығы,

г/см2

1

2

3

4

5

10.1.3. Пигменттің май сыйымдылығын анықтау

Пигменттің май сыйымдылығы пигментке паста тәрізді күш беруге қажет шикі зығыр майының мөлшерімен (қою езілген бояу) сипатталады. Неғұрлым пигменттің май сыйымдылығы жоғары болса , соғұрлым ол үнемді және тұрақты болады, өйткені негізінде бояу қабатының бүлінуі (қабыршықтың ескіруі) ондағы май мөлшерінің есебінен болады.

Бір және сондай пигменттің май сыйымдылығы пигменттің дисперсиясына (неғұрлым ұнтақ тарту болса, соғұрлым май сыйымдылығы жоғары), оны тығыздығына (неғұрлым пигмент тығыз болса, соғұрлым май сыйымдылығы төмен) және тағы қабыршақ жасайтын заттың пигмент бөлшектерін сулайтын қабілетіне байланысты тұрақсызданады.

Әр түрлі пигменттердің май сыйымдылық шамасы өте үлкен шектерде теңселеді: қою езілген бояулар үшін –95-тен (қорғасын ақ сыры) 50% дейін (құрым), қолдануға дайын бояулар үшін (майлау консистенциясы) –22% -ден 90% дейін.

Техникалық таразыда 0,01 г дейін дәлдікпен құрғақ пигменттің 5г өлшеу және стаканға салу керек. Стаканға бюреткадан пигментті маймен араластыра отырып, біртіндеп ағартылған зығыр майын құю керек. Араластырғанда жеке түйір кесектер пайда болады, олар бірте-бірте бір-бірімен қосылады және жалтыраған май беті бар тұтас кесек жасайды, бұл оның май сыйымдылығын көрсететін пигменттің тоюы орнауын білдіреді. Жұмсалған май мөлшерін сынақ басталуға дейінгі және оның аяқталу соңындағы бюреткадағы деңгейлер айырымы бойынша анықтайды.

Май сыйымдылығы мына формуламен анықталады

М = ( V ρ / m ) 100,

мұндағы V – жұмсалған майдың мөлшері, мл;

ρ – майдың тығыздығы, г/см2;

m – құрғақ пигменттің массасы, г.

Май сыйымдылығын анықтауды екі рет жүргізеді. Сынақ нәтижелері 10.2 - кестеге жазылады.

10.2-кесте

Пигменттің май сыйымдылығын анықтау нәтижелері

Рет №

Пигмент

аты

Май тығыз-дығы, г/см3

Пигмент өлшемді-гі, г

Май

мөлшері,

мл

Пигменттің май сыйымды-лыЉы,

%

1

2

3

4

5

6

      1. Пигменттің сілтіге төзімділігін анықтау

Пигменттің сілтіге төзімділігі майлау жұмыстарының процесінде ізбес, казеин және желімді құрамдар қолданғанда және де цемент-бетонды беттерді, түрлі бетондар мен сәндік сылақтар өндіргенде пигмент сілтілі ортаның әсеріне ұшырауы мүмкін, ол пигменттің маңызды қасиеті болады.

Көрсетілген мақсаттар үшін қолданылатын пигменттерге қажет талап - сілтілі ортада төзімділікке ие болу (түсін сақтау және көрінетін бүліншілік болмау).

Пигменттің 0,1г өлшемдігін түтікке салу және NaOH сілтінің 5% ерітіндісін құю керек, түтік ішіндегісін 3мин ішінде жақсы шайқап, басқа түтікке қос сүзгіш арқылы сүзу керек. Қайта пигмент пен сұйықта қандай өзгерістер болғанын байқау керек. Сілтінің әсеріне төзімді пигменттер өзінің түсін өзгертпейді және сұйықтықты боямайды. Төзімділігі шамалы пигменттер сұйықтыұты боялайды. Төзімділігі жоқ пигменттер толығымен бұзылады және өз түрін жоғалтады.

Сүзгіден өткізген сұйықтықтың (фильтраттың) түсі бойынша оны шартты балдармен бағалап пигменттің сілтіге төзімділігінің түсі мен дәрежесі айқындалады:

1 балл – өте боялған;

2 балл – боялған;

3 балл – елеулі боялған;

4 балл – бояу іздері;

5 балл – боялмаған.

Түсті бетондар мен ерітінділер үшін 5 балл бағасы бар пигменттерді, ал жасанды тас беттерін бояу үшін 4 балл бағасы бар пигменттерді қолданады.

Сынау нәтижелері 10.3-кестеге енгізіледі.

10.3-кесте

Пигменттің сілтіге төзімділігін анықтау нәтижелері

Рет №

Пинмент аты

Пигмент пен NaOH 5% ерітіндісінің бояу дәрежесі

Балдармен сілтіге төзімділік

1

2

3

4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]