Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

8.4.2. Статикалық иілісте беріктік шегіне сынау

Нұсқалар қимасы 20х20 мм және талшықтар бойлай ұзындығы брусок пішінінде дайындалады. Сынағанда нұсқа центрлер арасындағы аралығы 240 мм екі жылжымайтын тіреулерге орнатылады. Жүктеме екі не бір нүктеге беріледі (8.4- сурет).

8.4-сурет. Статикалық иіліске ағашты сынау үлгісі

Ағаштың шын ылғалдығында сығуға беріктік шегі мына формула бойынша анықталады

Rизг = Р l1/ в h2 ,

мұндағы Rиіл – шын ылғалдықтағы сығуға беріктік шегі, кгк/см2 ;

Р - қирату күші, кгк;

l1- арқалық аралығы, см;

в – арқалық ені, см;

h – арқалық биіктігі, см.

Сынау жоғарыда келтірілген үлгі бойынша (8.4- сурет) престе Ќндiрiледi. Қирату күші тангентальды бағытта болу керек. Жүктеу минутында 700 кг жылдамдықпен өндіріледі.

Нұсқа сынау үшін 0,1 мм дейiн дәлдікпен брусок түрінде дайындалады. Стандартты ылғалдықта сығуға беріктік шегін қайта есептеу мына формула бойынша жүргізіледі

Rизг = Rw { 1 + α ( W – 12)} ,

мұндағы Rиіл – дымқылдықтағы сығуға беріктік шегі 12% , кгк/см2 ;

W –нұсқа ылғалдығы , % ;

α – түзету коэффициенті: қарағай самырсын, қайың, шамшат, шетен және бал қарағай үшін – 0,05; шырша, самырсын емен және басқа тұқымдар үшін – 0,04.

Өзін - өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

1. Құрылыс материалдары ретінде ағаш қасиеттері.

2. Құрылыста қолданатын ағаш тұқымдарын атаңыз.

3. Ағаштың негізгі ақауларын атаңыз.

4. Ағашты шіруден қорғау тәсілдерін атаңыз.

5. Ағашты күюден қорғау тәсілдері.

6. Кесілген ағаш материалдарының сортаменті.

7. Құрылыста қолданатын ағаштан жасалған негізгі бұйымдарды, бөлшектерді және құралымдарды атап беріңіз.

8. Ағаштың құралымдық сапасы коэффициентінің жоғары мағынасы неге байланысты?

9. Қай бағытта ағаш сығуға және созуға ең үлкен беріктікпен сипатталады?

10. Жүктеме әсерінің қандай бағытында ағаш иіліскеең жақсы істейді?

11. Ағаш ылғалдығы қандай формуламен анықталады?

12. Қандай мөлшерлік ылғалдықта стандартты сынауларда ағаштың тығыздығы мен беріктігін анықтау нәтижелерін жүргізу керек?

13. Ағаш ылғалдығын кеміткенде үлкен дәрежеде не ұлғайады: нұсқаның массасы не көлемі?

14. Қандай белгілі бағыттарда ылғалдықты кеміткенде ағаштың кебуі және ылғалдықты көбейткенде ең үлкен ісінуі байқалады?

15. Қай жағына тақтайдың майысуы мүмкін ағаштың ылғалдығын көбейткенде?

16. Қай бағытта ағаштың жылу өткізгіштігі аз?

17. Ағаштың қай бөлігінің жылдық қабаты тығыздау: ішкі (өсіне жақын) не сыртқы ма?

18. Септиктерге қарсылардың атқаратын міндеті не?

19. Периндерге қарсылардың атқаратын міндеті не?

9. Органикалық байланыстырғыштар

Органикалық байланыстырғыштар (битумдар мен қара майлар) өзімен көмірсутектердің күрделі қоспаларынан және олардың металл емес туындыларынан, яғни көмірсутектердің оттекпен, азотпен және күкіртпен қоспаларынан тұратын қара не қара қоңыр, қатты, жабысқақ созымды не сұйық материалдарды көрсетеді.

Битумдар екі түрге айырылады: табиғи және мұнай. Табиғи битум мұнайдан жер қыртысының үстінгі қабаттарында олардан жеңіл және орташа фракциялардың бәсең жойылу нәтижесінде және тағы полимеризация мен тотығу процестерінің әсерінен пайда болған. Табиғи битумдар таза түрінде сирек кездеседі, көбінесе олар шөгінді тау жыныстарын (құмдарды, құмдақтарды, ізбесті тастарды) сіңіреді.

Жасанды мұнай битумдары мұнайдан өндіру тәсілі бойынша: қалдықтарға (мұнайдың тым жеңіл фракцияларын айырғаннан кейін атмосфера-вакуумды құбырлы пештерде пайда болған), тотықтандырылғандарға (мұнай қалдықтары арқылы ауа үрлеумен өндірілген) және крекингтелгендерге (бензинді крекинг тәсілімен өндірген пайда болатын) бөлінеді.

Шикі қара майлар жоғары температурада (2000 0С дейін) ауасыз органикалық материалдарды (тас көмірді, жанғыш тақта тасты, ағашты) айыру арқылы өндіріледі. Шикі қара майды 100 0С дейін қыздырғанда су шығарылады, 170 0С - жеңіл май, 270 0С – орташа май, 270-300 0С – ауыр май (немесе шпал сіңдіретін) және 360 0С – ең ауыр антрацен майы бөлінеді. Майды айырған соң қара майдың қалдығы пек деп аталады. пек пен антрацен майын ерітіп қосумен құрастырма қара май шығарылады.

Атқаратын міндеті бойынша мұнай битумдары мыналарға бөлінеді: құрылыс, төбе және жол.

МСТ 6617-76 сәкес құрылыс битумдарының келесі маркалары шығарылады: БН-50/50, БН-70/30, БН-90/10. Төбе битумдары МСТ 9548-74 бойынша үш маркалы өндіріледі: БНК-45/180 – сіндірілетін, БНК-90/40 және БНК-90/30 – жамылғы қара майлар. Жол битумдары (МСТ 22245-76) келесі маркалармен шығарылады: БНД-200/300, БНД-130/1200, БНД-90/130, БНД-60/90, БНД-40/60.

Мұнай битумдарының сапасын және оларды маркаларға бөлуді анықтайтын негізгі қасиеттеріне жататындар: жабысқақтығы, жұмсау, тұтыну және сынғыштық температурасы, созылғыштығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]