Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

9.3. Битумның созымдылығын анықтау

Созымдылық «сегіздік» түрінде дайындалған және 25 ±0,1 0С температурасы бар битум нұсқасы үзілусіз созылатын ең үлкен ұзындықпен анықталады.

«Сегіздік» нұсқасын дайындау үшін жинамалы жез қалып қолданылады. Қалыптың бүйір жақ беттері және шыны пластинка глицерин мен тальк (1:3) қоспасымен майланады. Қалып пластинкада жиналады және ернеулерінен жоғары ерітілген битуммен толтырылады. 18-200С температурада 30-40 мин ішінде салқындалғаннан кейін битум артығы өткір пышақпен кесіледі және битумы бар қалыпты температурасы 25 ±0,5 0С суға 1 сағат бойы солай етіп орналастырады, тек қалып үстіндегі су қабаты 25 мм кем болмау керек.

«Дуктилометр» аспабына (9.3-сурет) температурасы 25±0,5 0С су құйылады және қалыпты сондай етіп қояды оның бір жақ беті жылжымайтын 5 штифке, ал екінші жағы 2 шаналардың жылжымалы штифтіне негізделеді. Осыдан кейін қалыптың бүйір жақтары алынады. Электр қозғалтқышымен 5 см/мин жылдамдықпен нұсқалар созылады және дуктилометрдің бүйір жақ бетіне бекітілген сызғышпен үзілу кезеңіне дейін нұсқаның созылатын ең үлкен ұзындығын анықтайды. Ақырғы нәтиже ретінде үш анықтаудың орташасы анықталады және 9.3-кестеге жазылады.

9.3-кесте

Созымдылықты анықтау нәтижелері

ЖЋмсау температурасы , 0С

Битум

маркасы

1

2

орташа

1

2

3

4

9.3-сурет. Дуктилометр

1 – сауыт; 2 – су деЊгеi; 3 – электр ‹озЉалт‹ыш; 4 – байланыстырЉыш зат;

5 – сызЉыш; 6 – Џзiлу мезгiлiндегi байланыстырЉыш заттыЊ желiсi

Құрылыс мұнай битумдары физика-химиялық көрсеткіштері бойынша 9.4-кестеде келтірілген талаптар мен мөлшерлерге сәйкес келуi керек.

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

1. Органикалық байланыстырғыштарға анықтама беріңіз.

2. Органикалық байланыстырғыштардың қолдану саласы

3. Органикалық байланыстырғыштардың жіктеуі.

4. Битумдар мен қара майлардың жағымды және жағымсыз қасиеттер.

5. Табиғи битумдары. Оларды өндіру және қолдану

6. Мұнай битумдары. Оларды өндіру,қасиеттері, химиялық құрамы және құрама бөліктері

7. Атқаратын міндет бойынша битумдардың жіктеуі.

8.Битумдарды қыздырғанда және суытқанда қандай құрылымдық өзгерістер болады? Битумның тозу процесі неден тұрады?

9. Битумдар қасиеттері.

10. Битум маркасы қандай көрсеткіштер бойынша анықталады?

11. Қара май өндіру. Қара майдың құрастырмадан қандай ерекшелігі бар?

12. Қара май байланыстырғыштарының түрлері және оларды қолдану.

13. Көмір тас пегі және антрацен майы. Оларды қолдану.

14. Битум және қара май эмульциялары мен пасталарды құрамдары. Оларды қолдану саласы.

15. Ыстық және суық мастикалардың құрамдары. Оларды қолдану саласы. Мастикалар маркалары.

16. Асфальт ерітінділері мен бетондарға арналған материалдар. Оларды қолдану саласы.

17. Асфальт бетонның түрлері.

9.4-кесте

Құрылыс мұнай битумдарының физика-химиялық көрсеткіштері

Көрсеткіш аты

Марка үшін мөлшер

Сынау әдісі

БН 50/50

БН 70/30

БН 90/10

1. 25 °C, иненің кіру тереңдігі, 0,1 мм

41-60

21-40

5-20

МСТ 11501-78 бойынша

2. Сақина мен шар бойынша жұмсау температурасы, °C

50-60

70-80

90-105

МСТ 11506-73 бойынша

3. 25°C созымдылығы, кем емес

40

3,0

1,0

МСТ 11505-75 бойынша

4. Ергіштігі, %, кем емес

99,50

99,50

99,50

МСТ 20739-75 бойынша

5. Қыздырудан кейін массасының өзгеруі, %, артық емес

0,50

0,50

0,50

МСТ 18180-72 бойынша

6.Тұтану температу-расы, °C, төмен емес

230

240

240

МСТ 4333-87 бойынша

7. Судың массалық үлесі

Іздері

МСТ 2477-65 бойынша

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]