Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

10.2.3. Қабыршақ беріктігін иіліске анықтау

Аспаптар : иілгіштік шкаласы, 20х100 мм қаңылтырдан жасалған пластинкалар, 4 рет ұлғайтатын лупа.

Материалдар : кез келген лак пен бояу материалы.

Иіліске қабыршақ беріктігі оның созылымдылығын сипаттайды. Бояу құрамы қабыршағының бұл қасиеті МСТ 6806-73 сәйкес ИШ (иілгіштік шкаласы) аспабы арқылы анықталады (10.4-сурет).

Аспап өзімен ұзындығы 35 мм алты үлкен шыбықтар бекітілген табанды көрсетеді. Үстінгі қатар шыбықтарының диаметрі 20, 15, 10 мм, астынғы қатардың жұмырланған шеттері бар жазық шыбықтардың қимасы: 5х10, 3х10, 1х10. Табан үстел бетіне бекітіледі.

10.4-сурет. Иілгіштік шкаласының аспабы (ИШ)

Қақтан және тоттан тазартылған қалыңдығы 0,2-0,3 мм және өлшемі 20х100 мм қаңылтырдан жасалған пластинкаларға стандартта ескерілген әдіспен сыналатын материал қондырылады.

Қабыршақ кепкен соң пластинаны шыбыққа тығыз қысады, қабыршақты үстіне қаратып 20 мм шыбықты айнала 1800 2-3 секунд бойы бүгеді.

Егер бүгуден кейін қабыршақта лупамен қарағанда сызаттар көзге түспесе және қабыршақ қыртыстанбаса, онда диаметрі 15 мм шыбықты айнала пластинканың басқа жерінде бүгу жасайды, сосын диаметрі 10 мм шыбықты айнала жаңа жерде және т.с. қабыршақта жоғарыда көрсетілген өзгерістер табылғанша.

Иіліске қабыршақ беріктігі лак-бояу жабуы бүлінбей қалған шыбықтың ең үлкен диаметрінен көрсетіледі.

Мысалы: «10 иілгіштік» бояу қабыршағы 15 және 10 мм шыбықтарда бүккенде бүлінбеді, бірақ диаметрі 5 мм шыбықта бүккенде енді бұзыла бастады (сызаттар пайда болады) дегенді көрсетеді.

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

  1. Қандай құрамдарды лак-бояулар деп атайды және олардың атқаратын міндеті.

  2. Пигменттер деген не және олардың тектері бойынша бөлінуі.

  3. Пигменттердің ең маңызды қасиеттері және олардың қасиеттерін бағалайтын қарапайым тәсілдері.

  4. Табиғи шикі заттан өндірілетін пигментті атаңыз және олардың қасиеттері.

  5. Жасанды пигменттерді атаңыз, олардың қасиеттері.

  6. Жабушы қасиетіне пигменттің тарту майдалығы қандай әсер көрсетеді.

  7. Әрлеуде түстің қандай мағынасы бар және күн сәулесіне төзімділігі деген не?

  8. Пигменттің май сыйымдылығы деп нені атайды, мұның экономикалық мағынасы не?

  9. Бояу құрамындағы толтырғыштардың түрлері және атқаратын міндеті

  10. Бояу құрамындағы байланыстырғыш заттарды көрсетіңіз.

  11. Олифа түрлері, оларды өндіру және негізгі қасиеттері.

  12. Металл құралымдарын сырлауға қолданатын бояу құрамдары.

  13. Бояу эмульсия құрамдарының түрлері және оларды өндіру, оларды қайда қолданады?

  14. Май бояуларының құрамы және олар қандай түрде шығарылады?

  15. Лактар өздерімен не көрсетеді және қандай мақсаттар үшін олар қолданылады?

  16. Қандай мақсаттарға асфальт, НИС лактары және нитролактар пайдаланылады?

  17. Эмальды бояу дегеніміз не?

  18. Пигменттің сілтіге төзімділігі деген не?

  1. Құрылыс құралымдарының болатын сынау

Құрылыс болаттары атқаратын міндеттері бойынша мыналарға бөлінеді: құралымдық (құрылыс құралымдары үшін) және арматуралық.

Болаттар химиялық құрамы бойынша көміртектілерге және қоспаларға, ал өндіру тәсілі бойынша мартен, конверторлы және электр болаттарына бөлінеді.

Көміртекті болаттары балбырау дәрежесі бойынша тынық,жартылай тынық және қайнатылғанға бөлінеді. Көміртекті болаттар үш топқа бөлінеді :

А – механикалық қасиеттері бойынша;

Б – химиялық құрамы бойынша ;

В – химиялық құрамы бойынша қосымша талаптар қойылған механикалық қасиеттері бойынша.

МСТ 380-94 бойынша көміртекті болаттардың қабылданған таңбаларында әріптер болаттың тобын және өндіру тәсілін, ал цифрлар оның таңбалауын көрсетеді. А тобындағы болаттарды СТ әріптерімен және 0-ден 7 дейін цифрлармен, Б тобындағыларды МСТ (мартен) немесе БСТ (бессемер) және 0-ден 7 дейін цифрлармен, ал В тобының болаттарын ВСТ әріптерімен таңбалайды. Қайнатылған болат белгісіне "кп", жартылай тынықтарға "пс" қосылады. Сонымен Б тобындағы "қайнатылған" бессемер әдісімен өндірілген болатты БСТ3 кп, ал үстінен оттекпен үрлеумен конверторларда өндірілген В тобының болатын ВКСТ 3 кп деп белгілейді.

Төмен қоспалы болаттар маркасына қоспа араластарының болуын көрсететін әріптер, ал олардың орташа пайызбен көрсететін цифрлар кіреді : әріптер алдындағы цифрлар пайыздың жүзінші үлесінде көміртектің мөлшерін көрсетеді. Болатты таңбалау үшін әр қосылған элементке белгілі әріп меншіктелген: кремний-С, марганец-Г, хром-Х, никель-Н, молибден-М, вольфрам-В, алюминий-Ю, мыс-Д, кобальт-К. Мысалы, 10Г2С маркалы төмен қоспалы құралымдық болатта 0,1% көміртек, 2% марганец және 1% марганец бар.

Көміртекті болаттар сапасы және атқаратын міндеті бойынша кәдімгі сапалы, сапалы құралымдық және аспаптық болаттарға бөлінеді.

Кәдімгі сапалы көміртекті болат өзімен темір мен көміртек қорытпасын көрсетеді. Құрылыста қолданатын кәдімгі сапалы болаттарда 0,06-0,62% жуық көміртек бар.

Сапалы құралымдық көміртекті болаттарды машина жасауында, ал аспаптықтарды кескіш құралдарын дайындауға қолданады.

Қоспалы болаттар қосылған элементтердің мөлшеріне байланысты жоғары,орташа және төмен қоспалыларға бөлінеді. Құрылыста негізінде 2,5% дейін қоспа элементтері бар төмен қоспалы болаттар қолданылады. Оларда көміртек мөлшері 0,2% аспау керек.

Кәдімгі сапалы көміртекті болаттардың және төмен қоспалы құралымдық болаттардың қасиеттері 11.1 және 11.2-кестелерде келтірілген.

Құрылыс прокат болаттың сапасын бағалау үшін нұсқаларды созылуға сынайды, қаттылығы және соқпа жабысқақтығы анықталады. Нұсқалар әр партиядан іріктеп алынған екі бұйымнан жасалады.

Бұл жұмыста болат нұсқаларын қаттылыққа сынау әдістемесі келтірілген.

Аспаптар: шарикті қаттылық өлшеуіш-ТШМ, таңбалар өлшеуге арналған лупа.

Материалдар : болат нұсқалары.

11.1-кесте

МСТ 380-71 бойынша кәдімгі сапалы көміртекті

болаттардың қасиеттері

Болат

марка-

сы

Прокат қалыңды-

ғының разряды

бойынша аққыш-

тық шегі, МПа

Созылу уақытша кедер-

гісі,МПа

Нұсқа үшін

салыстырмалы

ұзару,%

1

2

3

-10

-5

Сто

-

-

-

320

18

22

Ст1

-

-

-

320-400

28

33

Ст2

220

200

190

340-420

26

31

Ст3кп

240

220

210

380-470

23-21

27-25

Ст3пс,Ст3сп

240

230

220

380-470

23-21

27-25

Ст4

260

250

240

420-520

21-19

25-23

Ст5пс,Ст5сп

280

270

260

500-620

17-15

21-19

Ст6пс,Ст6сп

310

300

300

600-720

13-11

16-14

Ст7пс,Ст7сп

-

-

-

700-750

9-8

11-10

11.2-кесте

Төмен қоспалы құралымдық болаттың қасиеттері

Болат

марка-

сы

Прокат

қалың-

дығы, мм

Аққыш-

тық шегі, МПа

Үзілуге уақытша кедер-

гісі, МПа

Салыстырмалыұзару,

%

14Г

4-10

290

460

21

19Г

4-10

320

480

22

09Г2

4-32

310-300

450

21

14Г2

4-32

340-330

470-460

21

18Г2

8-10

360

520

21

12ГС

4-10

320

470

26

16ГС

4-160

320-380

500-460

26

17ГС

4-20

350-340

520-500

23

10Г2С1

4-160

380-320

520-460

21

15Г

4-32

380-340

520-480

21

14ХГС

4-32

340-350

480-500

22-21

СНД

4-40

400

540-520

19

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]