Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

8.3. Ағаштың физикалық қасиеттерін анықтау

8.3.1. Орташа тығыздығын анықтау

Аспаптар : штангенциркуль, техникалық таразы, салмағы әртүрлі гірлер.

Материалдар : өлшемі 20х20х30 мм ағаш нұсқасы

Нұсқаның өлшемдері 0,01 см дейін дәлдікпен штангенциркульмен анықталады. Нұсқа массасы 0,01 г дейін дәлдікпен техникалық таразыда анықталынады.

Алынған нәтижелер 8.3- кестеге жазылады.

8.3- кесте

Орташа тығыздықты анықтау

Аттары

Мағыналары

Қажетті есептер

Нұсқа өлшемдері,

см

Нұсқа массасы,

г

Орташа тығыздық,

г/см3

Орташа тығыздық ағаштың ылғалдылығына және саңылаулар көлеміне байланысты болады. Орташа тығыздықты мына формула бойынша әдеттегі 12% ылғалдылыққа келтіру керек

ρ012 = ρ0w 1 + 0,01 (1 – Ко) (12 – W) ,

мұндағы ρ012 – 12 % ылғалдылықтағы орташа тығыздық, г/см3 ;

Ко – көлемдік кебудің коэффициенті ( қайың, шамшат, бал қарағай үшін = 0,6 , ағаштың басқа тұқымдарына = 0,5) ;

W – нұсқалардың дымқылдығы, % .

8.3.2. Ылғалдылықты анықтау

Аспаптар : кептіргіш шкаф, салмағы әртүрлігірлері бар техникалық таразы.

Материалдар : өлшемі 20х20х30 мм ағаш нұсқасы

Ағаштың ылғалдылығы оның қасиеттеріне өте үлкен әсер етеді. Ылғалдылықтың ылғал тартқыш, капиляр және химиялық байланысқан түрлері болады. Ағаштың ылғалдығы деп ылңал тартқыш дымқылдықтың шекті мөлшеріне сәйкес келетін талшықтар шылыққан нүктені атайды.

Ағаш үшін шартты әдеттегі деп 12 % ылғалдық саналады. Дымқылдықты анықтау үшін пайдаланатын нұсқа тұрақты массасына дейін 100-105оС температурасында кептіргіш камерасында кептіріледі. Нұсқа кептірілгеннен кейін 0,1 г дәлдікпен өлшенеді. Алынған мәліметтер 8.4- кестеге енгізіледі.

8.4- кесте

Ылғалдықты анықтау

Шамалар аты

Мағыналар

Қажетті есептер

Кептіргенге дейінгі нұсқа массасы, г

Кептіргеннен кейінгі нұсқа массасы, г

Ылғалдық, %

8.4. Ағаштың механикалық қасиеттерін анықтау

8.4.1. Талшықтарды бойлай сығуға ағаш беріктігінің

шегін анықтау

Анықтау өлшемі 20х20х30 мм (8.3-сурет) тік бұрышты призма түріндегі нұсқаларда орындалады. Сынау алдында 0,1 мм дейін дәлдікпен штангенциркульмен нұсқа қимасының өлшемдері өлшенеді. Сығуға беріктік шегі гидравликалық престе орындалады, сынау нұсқа қирағанша жүргізіледі. Қирату аяқталған соң бүтін нұсқаны пайдаланып ылғалдықты анықтайды

8.3-сурет. Сығуға беріктік шегін анықтауға арналған

ағаш нұсқасы

Шын ылғалдықта сығуға беріктік шегі мына формула бойынша анықталады

Rw = Р /а в,

мұндағы Rw – шын ылғалдықтағы сығуға беріктік шегі , кгк/см2 ;

Р – қирату жүктемесі , кгк ;

а, в – нұсқа өлшемдері (ауданы), см2 .

Сонан-соң стандартты дымқылдықтағы сығуға беріктік шегі мына формула бойынша қайта есептелінеді

R12 = Rw { 1 + α ( W – 12)} ,

мұндағы R12 – дымқылдықтағы сығуға беріктік шегі 12% , кгк/см2 ;

W – нұсқа ылғалдығы, % ;

α – түзету коэффициенті: өарағай, самырсын, қайың, шамшат, шетен және бал қарағай үшін – 0,05, шырша, самырсын емен ж‰не басқа тұқымдар үшін – 0,04.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]