Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

9.1. Битумның жабысқақтығын анықтау

Битум партиясының жалпы санынан ыдыстың 2 % (қаптар, бөшкелер) ашылады және әрқайсысынан 1 кг жуық бір кесектен іріктеп алынады. Сосын осы кесектерді өлшемі 25 мм артық емес кесектерге ұсатады, араластырады және олардан жүйелі кварталаумен орташа сынама ( 2-3 кг) алынады. Сынау алдында битум ерітіледі және 120-180 0С температурада құрғатылады, сонан-соң 0,6-0,8 мм тесіктері бар елек арқылы сүзеді және ауаның көпіршіктері толық шықанса араластырылады.

Аспаптар : пенетрометр, «сақина мен шар», дуктилометр, секундомер, электр плитасы.

Материалдар : битум.

Пенетрация 25 ±0,1 0С температурасы бар сыналатын битумға 100 ±0,01 г жүктемеде 5 с ішінде стандартты иненің бату тереңдігімен анықталады және милиметрдің оныншы үлестердің бүтін санымен көрсетіледі.

Дайындалып ертілген битум металл ыдысқа (биіктігі 32 ±2мм, диаметрі 55 ±2мм) құйылады және ауаның көпіршіктері толық жойылғанша шыны шыбықпен ұқыпты араластырылады. Ерітілген битумы бар ыдысты 75-90 мин бойы 25 ±5 0С температуралы ауада салқындатады, осыдан кейін оны су моншасына орналастырады, тек ыдыс түбі мен моншаның арасындағы аралық 50 мм кем болмауы керек, ал битум үстіндегі су қабатының биіктігі 250 ±5 0С температурасында 25 мм кем емес болу керек. Иненің бату тереңдігін анықтау үшін пенетрометр аспабы қолданылады, оның жалпы кескіні 9.1-суретте көрсетілген.

9.1 –сурет. Пенетрометр

Битумы бар ыдыс су моншасынан алынады және 250±5 0С температурасы бар су құйылған сыйымдылығы 1 л сауытқа қойылады. Сауыт аспаптың 2 үстеліне орналастырылады және иненің ұшы битум бетімен жанасуға келтіріледі (7 кнопканы басумен 6 плунжер босатылады). 3 кремальер рейкасының үстінгі ұшы қолмен басып 6 плунжермен жанасуға келтіріледі және 5 шкала бойынша санау алынады. 7 кнопканы басады және плунжер салмағының әсерінен ине 5 с ішінде битумға батады. Плунжер мен кремальер арасында пайда болған саңылау өлшенеді және шкала бойынша екінші санау алынады. Әр тесуден кейін ине керосинге батырылған жұмсақ матамен қалған битумнан сүртіледі. Тесіктерді ыдыс ернеулерінен және бір-бірінен 10 мм кем емес аралықта жасау керек. Батыру нәтижелері градустармен жазылады (10±0,1мм сәйкес келеді). Бату шамасына үш параллельді анықтаудан кем емес нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы алынады. Анықтау нәтижелері 9.1-кестеге жазылады.

9.1-кеcте

Пенетрация бойынша битум жабысқақтығын анықтау

нәтижелері

Битум иненiЊ бату терендiгi, мм

Битум маркасы

1

2

3

орташа

1

2

3

4

5

9.2. Жұмсау температурасын анықтау

Әдістің мәні белгілі өлшемдердегі сақинаға құйылған битумның жұмсаратын температурасын анықтаудан және болат шарының салмағынан аспабының астындағы алаңшасына тиюден тұрады.

Әзірленген ерітілген битуммен 1:3 қатынастағы тальк пен глицерин қоспасымен майланған шыны тастинкасына орнатылған екі жез сақина құйылады. Сақиналардағы битум 10 мин бойы 25±1 0С температуралы ауада суытылады, сонан-соң битумның артығы қыздырылған пышақпен кесіледі.

Битумның жұмсау температурасы 3 сақинаның алқасынан және алқаудан 25,4 мм аралықта орналасқан бақылау дискпен (астынғы алаңша) тұратын аспабпен (.9.2.-сурет) анықталады. Жез сақинаның 4 ішкі диаметрі 15,88 мм, биіктігі 6,25 мм, ал жақтарының қалыңдығы 2,38 мм болады.

Битумды сақиналар аспапты алқасындағы тесіктерге орналастырылады және сұйықтықпен толтырылған шыны сауытқа 10 мин түсіріледі.

9.2-сурет. Сақина мен шар аспабы

1 - шыны стакан; 2 - штатив; 3 - жапсырма; 4 – жез тегіс сақина; 4а – жез сатылы сақина; 5 - үстінгі пластинка; 6 – астынғы пластинка; 7 - шарик; 8 - қақпақ; 9 - термометр

10 мин кейін сақиналар алынады, битум бетіне битум температурасына дейін қыздырылған диаметрі 9,5 мм және массасы 3,45 – 3,55 г металл шаригі қойылады және қайтадан алқадағы тесіктерге орнатылады. Аспап пен стакан солай етіп қыздырылады (газ шілтерінде не электр плиткасында), тек 3 мин кейін сұйықтық температурасы 5 ±0,5 0С көтерілетін болу керек.

Термометр бойынша шарик салмағынан ерітілген битум бақылау дискке жанасу температурасы белгіленед. Екі мағынадан орташасы анықталады, сонымен нәтижелер арасындағы айырмашылыққа рұқсат етіледі: 80 0С дейін жұмсау температурасында - 1 0С артық емес және 80 0С артық емес жұмсау температурасында - 2 0С артық емес. Сынау нәтижелері 9.2-кестеге жазылады.

9.2-кесте

Жұмсау температурасын анықтау нәтижелері

БитумныЊ шамаланЉан температурасы, 0 С

СЋйы‹ты‹

СЋйы‹ты‹ температурасы,0С

80 кем

су

5 ± 1

80 арты‹

глицирин

32 ± 1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]