Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

10.2. Бояулар құрамдары

10.2.1. Бояулар құрамдарының жабысқақтығын анықтау

Бояу құрамының жабысқақтығын оның боялатын бетке жайлы қондыруын сипаттайды. Аз жабысқақтықта тік немесе еңкіш беттен бояу құрамының ағып жиналу туады, ал үлкен жабысқақтық боялатын бетке жұқа қабат қондыруға кедергі жасайды.

Бояулар құрамдарының жабысқақтығы В3-4 вискозиметр арқылы анықталады (10.1-сурет), ол өзімен 2 каналы бар толық конусқа ауысатын цилиндрлік резервуар көрсетеді. Вискозиметр көлемі – 100 мл, канал биіктігі 4 мм, канал тесігінің диаметрі 4 мм. Вискозиметр штативке бекітіледі.

Бояу құрамдарының шартты жабысқақтығы деп белгілі температурада (әдетте 200С) вискозиметрдің калибрленген канал арқылы 100 мл зерттелетін материал өту уақытын , с, атайды.

Аспаптар : вискозиметр В3-4 (10.2-сурет), № 028 тор, көлемі 110 мл кем емес сауыт, секундомер.

Материалдар : лак пен бояу құрамы.

Сыналатын материал алдын ала № 028 тор арқылы сүзіледі, ұқыпты араластырылады және ауаның көпіршіктері шығу үшін 5-10 мин тынымда қалдырылады. Вискозиметр астына сыналатын материал ағуы үшін көлемі 110 мм кем емес сауыт қолданылады. Сосын астынан саусақпен канал тесігі қысылады және 200С температурасы бар бояу құрамымен вискозиметр резервуары толтырылады, тесіктен саусақ тез алынады және бір мезгілде секундомер жіберіледі. Секундомер үзілмелі а,ыс пайда болғанда тоқтатылады. Вискозиметрден ВЗ-4 100 мл сыналатын материал өту уақыты оның шартты жабысқақтығы болады. Сынақ 3 рет қайталанады.

10.2-сурет. Вискозиметр В3-4

1 – Ќлшеуш сауыт; 2 – канал; 3 - вискозиметра резервуары;

4 - штатив

Жабысқақтық мағынасы үш анықтаудың орташа арифметикалық ретінде есептелінеді.

10.2.2. Соққыда қабыршақ беріктігін анықтау

Аспаптар : У-1А аспабы, 90х20х0,8 мм металл пластинкасы, 4 рет ұлғайтатын лупа.

Материалдар : кез келген лак пен бояу материалы.

Соққыда лак пен бояу материалының қабыршақ беріктігін анықтау әдісі массасы 1кг құлайтын жүк қабыршақтың қирауына әкеліп соқпайтын ең үлкен биіктікті тауып көрсетуге негізделген.

МСТ 4765-73 сәйкес соққыда қабыршақ беріктігі У-1А аспабымен (10.3-сурет) анықталады.

Бағыттаушы құбырдың бетінде 1см ара бөліктерімен ұзындығы 50см шкала бар, ал құбырдың ішінде 1кг жүк емін-еркін ауыса алады. Бұл жүк арнайы ұстап тұратын құрал арқылы қай биіктікте болса да бекітілуі мүмкін. Төс ортасының астындағы траверсте диаметрі 8мм шарик түрінде ұштығы бар болат тоқпақ еркін жүре алатын тесік бар.

Сынауға түсетін лак пен бояу материалын өлшемі 90х20х0,8 мм металл пластинкасына қондырады. Қабыршақ кепкен соң пластинка қабыршақты үстіне қаратып төске орналастырады. Ұстап тұратын құралдың бекіткіш бұрандалары жүкті босатады, берілген биіктікке орнатады. Сосын төмен түсіретін кнопканы басумен жүкті босатады, ал лак пен бояу қабыршағы қондырылған пластинкаға тоқпақ арқылы соққы күшін береді. Соққыдан кейін пластинка алынады және лупа арқылы соққы жері ұқыпты қаралады.

Егер соққыдан кейін қабыршақта бүліншіліктер(сызаттар, бырыстырулар, қыртыстанулар) көрінбесе, онда құлау биіктігін 2-10 см арттырады. Сынақты қабыршақтың қирауына дейін немесе жүктің құлау биіктігі 50 см жеткенге дейін жүргізеді.

Соққыдағы қабыршақ беріктігі қабыршақтың бүлінуін қоздырмайтын 1 кгк массалы жүк құлауының ең үлкен биіктігімен, не соққы жұмысымен көрсетіледі. Беріктік екі рет анықталады және соңғы нәтиже ретінде екі сынақ нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы қабылданады, егер олардың арасындағы айырмашылық ±10 мм аспаса.

10.3-сурет. У-1А аспабы

1 – табан, 2 – тЌс, 3 – тiреулер, 4 – траверс, 5 – конус, 6 – баЉыттаушы ‹Ћбыр,

7 – сiлтеуш тiл, 8 – жЏктi Ћстайтын ж‰не тЏсiретiн ‹ЋрылЉы, 9 – ‹а‹пан‹,

10 – шаригi бар шаппа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]