Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык лекция.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: __Құқық негіздері________ Кредит саны:_2__________

Дәріс № 2______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Конституцилық құқық негіздері Факультет_____________

Оқытушы _Танатарова З.Л.__ Академиялық жыл__2009/2010_________

Курс ___2_____________________ Семестр____2______

1. Дәрістің мақсаты:

ҚР-ның мемлекеттiк құрылысының ерекшелiктерiн көрсету. Білімгерлердi ҚР-ның мемлекеттiк билiк құрылымымен және құқықтың қайнар көздерiмен таныстыру. ҚР-ның билiк тармақтарымен яғни заң шығарушы, атқарушы және сот билiгiн ажырату үшiн таныстыру. Конституциялық құқықтары мен мiндеттерiмен және сайлау процесiн құқықтық реттеу ерекшелiктерiн бiлуге бағыт-бағдар беру. Президент пен Парламент және өзгеде мемлекеттiк билiк тармақтарының арасындағы қатынасты реттейтiн ҚР-ның заң шығарушылық ерекшелiгiне түсiнiк беру.

  1. Жоспары:

1. Конституциялық құқық ұғымы, пәні.

2. ҚР Конституциясының құрылымы

3. ҚР адам және азаматтардың құқықтық жағдайының конституциялық негіздері

4. ҚР сайлау жүйесі: ұғымы, қағидалары, сайлау органдары

  1. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі;

2. Тыйым салу әдісі;

3. Рұқсат ету әдісі;

4. Тану әдістерді қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.

Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:

1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6. Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.

Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтармен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтармен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.

Негізгі құқықтармен еркіндіктерге төн заңдық ерекшеліктер мыналар:

1.Конституциялық құқықпен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқықсалаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.

2.Негізгі құқықтармен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.

3.Негізгі құқықтармен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты-бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.

4.Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.

5.ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтароған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтаразаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.

6.Негізгі құқықтармен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.

7.Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтың Актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғаріы заңдық күші бар топтама-ел Конституциясы болып көрініс табады.

Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:

Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады.

Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының конституциялык, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны ҚР-сы конституциясының 14-ші бабында айтылады. Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.

Конституциялық құқықтармен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтарәрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқықоған туылған кезінен бастал тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табғги құқығы жатады. Бұл құқықадамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15-ші бап), жеке басының бостандығы құқығы (16-шы бап),мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17-ші бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке меншік құқығы (26-шы бап) еңбек қатынастары, демалыс салалары (24-ші бап) денсаулық сақтау (29-шы бап) білім алу (30-шы бап) әлеуметтік қамтамасыз ету (28-ші бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31-ші бап). Осы адамның және азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз ҚР-ның Конституциясының 34-38-ші баптарында бекітілген.

Осы тақырыптың негізгі терминдері

Құқықтық саласы; құқықтық қатынастар; құқық нормасы; құқықтық акт; құқықтың қайнар көзі; Конституция; Конституциялық заң; әрекет етуші заң-құқық; Конституциялық заңдылық; Конституциялық тәртіп; Конституциялық мәртебе; Конституциялық процедура; Конституциялық шектеу; Конституциялық қағидалар.

Азамат; тұлға; адам құқығы; жеке бас құқығы мен еркіндігі; саяси еркіндіктер мен құқықтар; әлеуметтік-әкономикалық құқықтармен еркіндіктер; адам және азаматтың міндеттері; адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі кепілдігі.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  • Қажетті қортындылардың жасалуы

  • Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  • Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Конституциялық құқық-құқық саласы ретінде

2. Конституциялық құқықтық нормалар, түрлері мен ерекшеліктері

  1. Конституциялық құқықтың қайнар көздері

4. Шетел мемлекеттерінің конституцияларының ерекшіліктері

5. ҚР конституциялық құрылыстың даму кезеңдері

6. Қоғамдық саяси институттардың конституциялық құқықтық мәртебесi

7. ҚР адам мен азаматтарының құқықтары мен бостандықтары

8. Азаматтықты алу мен тоқтатудың негiздерi

9. Парламент депутатының статусы

10. ҚР Парламентiнде заңдарды талқылау және қабылдау тәртiбi

11. ҚР үкiметiнiң құрылымын қалыптастыру

12. ҚР Конституциялық Кеңесiні құру тәртібі, құрамы

13. ҚР сот қызметiнiң қағидалары

14. ҚР жергiлiктi өкiлдi және атқару органдары

15. ҚР сайлау талаптары мен сайлау тәртiбi

2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

ҚР пайдалана отырып, есеп шығарасыз. Сондықтан міндетті түрде Кодекс алып отырыңыз. Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде құрастырыңыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.

  1. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқулық. Алматы, 1998 ж.

  2. Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Учебное пособие. Жеті жарғы. Алматы, 1999г.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

1.ҚР заң саласы ретінде Конституциялық құқықұғымы көріністері қандай?

2.Конституциялық құқық пәні нелерден тұрады?

3.Конституциялық құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.

4.ҚР Конституциясының негізгі қайнар көздерін атап көрсетіңіз.

5.Мемлекетіміздің негізгі Заңы ретінде ҚР Конституциясының қандай ерекшеліктері бар?

1.Адам құқықтары жүйесі дегеніміз не?

2.Адам және азаматтың қандай негізгі конституциялық құқықтарын білесіз?

3.Адам және азаматтың конституциялық құқықтарының құрылымы дегеніміз не?

4.Адамның жеке құқықтарының бөлінбестігін қалай түсінесіз?

5.Құқық пен міндеттердің бірлігі принципі нені білдіреді?

6.Адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі механизмі нені білдіреді?