Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык лекция.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: _Құқық негіздері _________ Кредит саны:__2_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Халықаралық құқық негіздері Факультет_____________

Оқытушы _Танатарова З.Л.____________ Академиялық жыл_2009/2010________

Курс 2_________________________ Семестр_2_________

1. Дәрістің мақсаты: Халықаралық құқықтың пәні, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.

2. Жоспары:

  1. Халықаралық құқық түсінігі

  2. Халықаралық құқық субъектілері

  3. Халықаралық шарт құқығы

  4. Халықаралық ұйымдар құқығы

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастың өзара тығыз байланыста болуы мемлекеттердің халықаралық құқық нормалары мен егемендіқ құқығын сақтауы болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық өзара қарым-қатынастан басталады. Халықаралық құқық кез-келген қоғамның өміріне үлкен мағынасы бар, халықаралық өзара қарым-қатынастың дамуы мен өсіп жетілуін реттейді. Халықаралық өзара қарым-қатынастар халықаралық құқықтық норманың мазмұнын анықтайды.

Айрықша зерттеуді қажет ететін түбегейлі мәселелердің (проблемалардың) бірі болып, ең алдымен халықаралық құқықтың және халықаралық өзара қарым-қатынастың халықаралық жүйедегі алатын орны белгілі. Мысалға, халықаралық өзара қарым-қатынасты зерттеушілер негізінен халықаралық өзара қарым-қатынасты маңызды және анықтаушы деп алып, оны жүйе ретінде қарайды (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.П.Саканаев, Д.Г. Томашевский және т.б.).

Халықаралық жүйе тар мағынада мынаны құрайды:

біріншіден, мемлекет және мемлекетке ұқсас құрылымдар;

екіншіден, мемлекетті құру жолындағы, өзінің тәуелсіздігі үшін қүресіп жүрген халықтар және ұлттар;

үшіншіден, халықаралық қоғамдар;

төртіншіден, мемлекеттердің бірлестігі;

бесіншіден, осы элементтер арасындағы байланыстар.

Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйе, халықаралық өзара қарым-қатынаста қолданылып жүрген басқа да, халықаралық-құқықтық және әлеуметтік нормаларды құрайды. Халықаралық жүйе анықталған бір-тұтастық және басқа да құрамдас бөліктермен салыстырмалы біртұтастыққа тән. Халықаралық жүйенің өзіне тән сипаты болып, біріншіден оның негізгі элементі мемлекеттің халықаралық. жүйенің бөлігі болып табылатындығы.

Осыдан, халықаралық құқықтың даму мәселесін анықтай отырып, халықаралық жүйе ұғымы мен құрамдас бөлігін және қазіргі қезендегі халықаралық өзара қарым-қатынастың өзіне тән ерекшелігін анықтау қерек.

Осы, жоғарыда қөрсетілген тұжырымдардан, халықаралық озара қарым-қатынастардың, олардың құқықтық табиғаттағы ұғымы туралы жалпы қорытынды шығаруға болады.

Халықаралық өзара байланыс — бұл саяси, эқономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және мемлекеттер арасын жалғайтын басқа да байланыстардың жүйесі.

Халықаралық өзара қарым-қатынастарға, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ұлғайту, бейбітшілікте және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі туындайтын жаңа түйінді мәселелер, ядролық, соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың ролін қөтеру тән қасиет.

Халықаралық құқық — бұл құқықтың әр түрлі: саяси, экономиқалық және мемлекеттер арасындағы басқа да өзара қарым-қатынасты, сонымен қатар халықаралық өзара қарым-қатынасқа қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқық саласы. Ол мемлекет ішіндегі басқа да құқықтар саласынан өзгеше болатын құқтың айырықша жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық халықаралық, озара қарым-қатынасты реттейтін және мемлекетің келісім еркін білдіретін келісім және жай нормалар қағидаларының жүйесін білдіреді.

Құқық нормасы жалпы субъектілер тәртібінің норманың реттеуші әсері шеңберінде қамтылатын барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті тәртібінің стандарты. Жоғарыда қелтірілген анықтама ішкімемлекеттік құқыққа тән, дегенмен мұндағы "құқық" деп ортақ міндеттілік сипатыңдағы дұрыс зандардың нормалары жайында айтылса қерек. "Халықаралық қуқықтың нормасы" ұғымының "жалпы құқық нормасы" ұғымынан біршама айырмашылығы бар. Олардың айырмашылығы мынада, яғни халықаралық қуқықтық қатынастардың негізгі реттеу тәсілі болып, екі жақтың келісімге келуі (қонсенсус) танылады. Осыған сай, халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі екі жақтың келісімін бекітетін акт болып табылады, яғни халықаралық шарт. Сонымен, халықаралық шарттың нормалары бүкіл халықаралық жария құқықтың нормативтік механизмінің едәуір үлкен бөлігін құрайды. Соған сәйкес, халықаралық шарттың нормалары ретінде қөрсетілген "халықаралық құқық нормасы" ұғымының сол бір болігіңдегі тәртіп ережесінің ортақ міндеттілігі жайында айтылуы мүмкін емес-ті. Әрине, халықаралық нормалардың құрылуы. халықаралық шарттың негізінде ғана жүрмей, сондай-ақ, халықаралық құқықтық. әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан (Jus cogens нормалары), құқықтың ортақ қағидаларынан т.б. шығып қалыптасады1.

Аталған нормалар (яғни, мұндағы халықаралық құқықты әдет-ғұрыптар мен халықаралық құқықтың ортақ қағидалары негізінде қалыптасатын нормалар) халықаралық құқықтың барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті реттеуші әсеріне ие.

Халықаралық құқық субьектілері:

Бұл тақырып қазіргі кездің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені, Казахстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып, көптеген мемлекеттердің тануы мен қолдауын алып, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды. Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім-шарттарға отыру — Казахстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды, қажетті факторы.

Казахстан Республикасын қазір 117 мемлекет танып отыр және олардың 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Казахстан БҰҰ мен Халықаралық кайта құру және даму банкі, сондай-ақ, Халықаралық валюталық қор, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ИКАО-ны қоса алғанда, 51 халықаралық ұйымға мүше болды. Сондықтан да, Казахстан Республикасын халықаралық құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.

Ал халықаралық құқық субьектісі деген сұраққа қалай жауап беруге болады?

Халықаралық құқықтың субъектісі дегеніміз – халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралық құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар.

Халықаралық құқықтың субъектілері төмендегідей түрлерге бөлінеді:

- негізгі субъектілерғе мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, азаматтар (бірақ, бұл даулы мәселе) жатады;

- туынды субъектілерғе мемлекетке ұқсас құрылымдар, еркін қалалар, халықаралық ұйымдар жатады.

Халықаралық субъектілердің алғашқы қатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл — саяси биліктік сипаттағы күрделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайдың болуы қажет. Біріншіден, мемлекеттің халқы, яғни, нәсіліне, тіліне және діни қөзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан, қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты адамдар тобының, болу қажеттігін айтамыз. Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы. Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни, елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет. Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі. Қорыта келгенде, құқықтың тек толық субъектісі мемлекет қана тұрақты бейтарап мәртебеге ие бола алады.

Халықаралық ұйымдар – бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйым болып БҰҰ саналады.

Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар, олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды.Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.

Халықаралық ұйымдар өз міндеттерін орындамаған жағдайда жауаптылыққа тартылады. Кез-келген халықаралық ұйым мүше мемлекеттердің бастамасымен өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Мысалы, Ұлттар Лигасы өз жұмысын 1939 ж. тоқтатты.

Жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық мәртебесі. Индивидтің халықаралық құқық субъектісі ретінде танылуы не танылмауы осы субъектіге қойылған мінездемеге байланысты. Егер индивидті халықаралық құқықтың субъектісі десек, онда бұл тұлғаға халықаралық құқықтың нормалары тікелей әсер етеді, яғни, халықаралық құқық нормалары субъектінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Жеке тұлғаларға тікелей әсер ететін көптеген халықаралық құқықтық нормалар бар. Мысалы, 1966 ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт, 1989 ж. Баланың құқықтары туралы конвенция т.б. Бірақ қалай болғанымен де, жеке тұлғаны халықаралық құқықтың толық субьектісі ретінде қарастыра алмаймыз.

Халықаралық шарттар құқығының субъектілері халықаралық жалпы құқықтың субъектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында "келіссөздерге қатысушы мемлекет", "келісуші мемлекет", "келіссөздерге қатысушы ұйым", "қатысушы", "үшінші мемлекет" және "үшінші ұйым" ұғымдары қолданылады. Келіссөздерге қатысушы мемлекетшарт мәтінін дайындауға және қабылдауға қатысушы мемлекет; келісуші мемлекет - күшіне енбегендігіне қарамастан, шарттың озінің міндетгілігіне келіскен мемлекет, қатысушыларкүшіне енген шарт бойынша міндеттілік алған мемлекеттер, үшінші мемлекеттер - шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер (1 -бап). Айтылған ұғымдар халықаралық ұйымдарға да қолданылады.

Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі заңдары да көп үлесін қосады. Казахстан Республикасында 1995 жылы 12 желтоқсанда қабылданған "Казахстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы" Казахстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда (әрі қарай Жарлық). Бұл Жарлық халықаралық шарттардың ұғымын, түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.

Халықаралық ұйымның белгілеріне мыналар жатады:

- халықаралық Жарғылық шарттың болуы;

- белгілі бір мақсаттардың болуы;

- сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб-пәтері болуы;

- мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттерінің болуы;

- халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес құрылуы;

- үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады

1969 ж. конвенцияға сәйкес мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және сыртқы істер ведомстволарының басшылары келісім-шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді. Өкілеттіліктің берілуі мемлекеттің ішкі заңымен реттеледі. Казахстанның заңына сай Президентке, Премьер-министрге, Сыртқы істер министріне шартты арнайы өкілеттіксіз жасауға құқық берілген. Шет елдегі Казахстан Республикасының елшілері немесе халықаралық ұйымдардағы өкілдіктің басшысы арнайы рұқсатсыз сол мемлекеттің шеңберінде немесе халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық шарт жасасу туралы келіссөз жүргізуге құқылы. Ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсаттың негізінде жүргізеді. Ведомстволық шарттарға министрліктер, мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарынын, сондай-ақ, Президентке тікелей бағынышты органдардың басшылары өз өкілеттілік шеңберіндегі мәселелер бойынша арнайы рұқсатсыз шарт жасасу туралы келіссөз жүргізеді және оларға қол қоя алады.

Глоссарий (терминдер): халықаралық құқық, халықаралық шарт, халықаралық құқық субьектілері, халықаралық ұйымдар, декларативтік теория, конститутивтік теория, заңды тану, іс жүзіндегі тану, де-юре тану, де-факто тану, аd hoc, Ad referendum, парафирлеу және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Халықаралық құқықтың жүйесі.

  2. Халықаралық құқықтың қағидалары.

  3. Халықаралық құқықтың нормалары, оның түсінігі мен түрлері.

  4. Халықаралық-құқықтық қатынастардың субъектілері.

  5. Халықаралық құқықтың даму тарихы.

  6. Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың жағдайы.

  7. Жеке тұлғалар халықаралық құқықтың субъектілері ретінде.

  8. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде.

  9. Мемлекеттер - халықаралық құқықтың субъектісі ретінде.

  10. ҚР-нің Конституциясының халықаралық құқық қағидаларына негізделуі.

  11. Халықаралық дипломатиялық құқық

  12. Халықаралық консулдық құқық

  13. Халықаралық құқық және адам құқықтары

2 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Халықаралық дипломатиялық және консулдық құқық тақырыбын талқылау.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде халықаралық шарттың жасалу жолын кесте түрінде көрсетіңіз.

Нормативтік-құқықтық актілер:

    1. ҚР Конституциясы. Алматы, 1995.

    2. «Дипломатиялық қызмет туралы» 1997 ж. 12 қарашадағы ҚР Заңы. Егемен Қазақстан, 1997, 18 қараша.

Әдебиеттер:

  1. М.А. Сарсембаев. Международное право. Алматы, 1996 ж.

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

  3. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Алматы: Заң әдебиеті, 2002.

  4. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы. Жеті Жарғы, 2006.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

    1. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен мәнін айтып беріңіз.

    2. Халқықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасын көрсетіңіз.

    3. Халықаралық құқық жүйесін сипаттаңыз.

    4. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.