Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык лекция.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: __Құқық негіздері________ Кредит саны:_2__________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы __Еңбек құқығы Факультет_____________

Оқытушы _Танатарова З.Л.__ Академиялық жыл__2009/2010_________

Курс ___2_____________________ Семестр____2______

1.Дәрістің мақсаты:

Еңбек құқығының пәні мен міндеттерін, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.

2.Жоспары:

  1. Еңбек құқығының пәні

  2. Еңбек құқықығының қағидалары мен қайнар көздері

  3. Еңбек құқықығынңың жүйесі

  4. Еңбектік құқықтық қатынастар

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Еңбек құқығы – бұл құқық саласы ретінде нормалар мен тәртіп жиынтығы. Олар мемлекетте енбек қатынастарын реттейді. Еңбек құқығының қайнар көздері болып ҚР Конституциясы мен ҚР Еңбек Кодексі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 1 тармағына сәйкес “әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар».

Еңбек құқығының пәніне өндірістік қызметте жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланудан туған қоғамдық қатынастар., яғни еңбек қатынастары мен олармен тығыз байланысты еңбектік емес қатынастар жатады, соңғыларына а) ұйымдық басқару қатынастары; ә) қызметке орналасу мен қызметті қамтамасыз ету қатынастары; б) өндірісте мамандарды тікелей дайындау; в) зиян орнын толтыру; г) еңбек дауларын қарау бойынша процесуальдық қатынастар; д) еңбекті қорғау және еңбек заңын сақтау бойынша қатынастар жатады.

Еңбек құқығының қағидалары:

1. Еңбек шартының бостандығы;

2. Жұмысқа негізсіз қабылдамаудан және жұмыстан заңсыз шығарудан қорғау;

3. Еңбектің саламатты және қауіпсіз талаптарын қамтамассыз ету.

4. Мемлекетпен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне құқық;

5. Еңбек күнін заңдық шектеу, демалыспен қамтамасыз ету;

6. Заңмен бекітілген жеңілдіктермен еңбекті біріктіру;

7. Еңбек тәртібін жұмысшылардың сақтауы, мекеме мүлкін сақтау;

8. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету. Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру;

9. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының және жұмысшылардың қатысуы;

Еңбек құқығының қайнар көздеріне Конституция, ҚР «Еңбек туралы» заң және еңбек шарттары, т.б. актілер жатады. Еңбек шарты (контракт) – жұмыс беруші (мекеме) мен еңбекші арасындағы шарт. Ол бойынша жұмысшы еңбек етуге, еңбек тәртібіне бағынуға тиіс, ал жұмыс беруші (мекеме) еңбекақы төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Еңбек шартының талаптары; 1) қажетті талаптар, яғни, а) қабылдану бойынша өзара келісім мен жұмыс орны туралы келісім; ә) жұмысының еңбек функциясы туралы талап; б) жұмыстың басталу сәті, ал қысқа мерзімділер үшін жұмыстың аяқталу сәті де; в) еңбекақы төлеу шарттары туралы талаптар. 2) факультативті (қосымша, толықтырма) талаптар – бұлар еңбек шартын жасау фактісіне әсер етпейді. Тағайындалуы бойынша әртүрлі болады. Мысалы, жұмысты орындау тәртібін қосымша регламентациялау, міндеттер көлемін нақтылау, мамандық пен лауазымды сәйкестендіру, сынау мерзімі және т.б.

Жеке еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісім. Яғни, келісім бойынша жұмысшы өзінің мамандығы, квалификациясы бойынша еңбекті орындауы және ішкі еңбек тәртібін бұзбауы қажет. Ал, жұмыс беруші өз тарапынан жұмысшыға еңбек жасауға жағдай туғызып, уақтылы айлығын төлеп беруі қажет. Жеке еңбек келісім-шарты мына негіздерден тұрады- тараптардың реквизиттері ( жұмыс берушінің толық ақпараты, заңды тұлғаның орналасқан жері, жұмыс берушінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының номері мен тіркеу күні, еңбек функциясын ( арнайы мамандық, мамандығы бойынша жұмыс), жеке еңбек келісім-шартының мерзімі, еңбек жауапкершілігінің басталу мерзімі, еңбек жағдайының сипаттамасы, жұмысшылырдың кепілдігі мен төлемдері, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жұмысшының құқықтары, жеке еңбек келісім-шартын өзгерту, бұзу мен ұзартудың тәртібі.

Келісім шартты құрғаннан кейін жұмыс беруші жұмысшыны жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысшыға қол қойдырып таныстыруға міндетті. Жұмысқа алу туралы бұйрықта жұмыс беруші міндетті түрде жұмысшының жұмысқа кім ретінде қабылданғандығы көрсетілуі тиіс ( яғни, қызметі, квалификациясы, мамандығы көрсетілуі тиіс), қандай мерзімге және қандай уақыттан бастап жеке еңбек келісім шартын, кей жағдайларда жұмыс беруші еңбек ақысының мөлшерін көрсетуі мүмкін. Жұмысшыға еңбек ақысы жұмыс берушінің қалауынша белгіленеді, бірақ ол ҚР заңдарында белгіленген ең төменгі еңбек ақысынан кем болмауы қажет.

ҚР заңдарымен жеке еңбек келісім шартының үш түрі көзделген 1) белгісіз мерзімге құрылған жеке еңбек келісім шарты, 2) белгілі бір уақытқа құрылған жеке еңбек келісім шарты 3) жұмысшының жоқ болуына байланысты уақытша жұмыс істеу немесе белгілі бір жұмысты орындау үшін құрылған жеке еңбек келісім шарты.

Еңбек шарты тек жазбаша жасалуы тиіс. Еңбек шартының тоқтатылу негіздері; 1) жақтардың өзара еркі арқылы (мысалы, тараптар келісімі басқа жұмысқа жұмысшы келісімімен ауыстыру, сайланбалы лауазымға ауысу) 2) әкімшіліктің инициативасы бойынша; 3) жұмысшы өтініші бойынша; 4) өзгенің инициативасы бойынша (әскерге шақыру, кәсіподақ органының талабымен жұмыстан босату, сотталғанда заң үкімінің күшіне енуі).

Жұмыс уақыты еңбектің экстенсивті мөлшері болып табылады. Оның мынадай түрлері бар:

1) қалыпты жұмыс уақыты (заңмен бекітілген ортақ, жалпы жұмыс уақыты) – аптасына 40 сағат;

2) қысқартылған (заңмен қарастырылған жағдайда тағайындалады) – аптасына 36 сағаттан аспау керек. Бұл уақыт кәмелетке толмағандарға, зиянды, ауыр жағдайда жұмыс істейтіндерге, жекелеген жұмысшылар категориясына (мұғалімдер, дәрігерлер және т.б);

3) толық емес, яғни тараптар келісімі бойынша жүктеме бекітілетін және еңбекақы істеген уақытқа пропорционалды түрде төленетін жұмыс уақыты;

4) нормаланбаған жұмыс күні – қызметтің ерекше қажеттілік жағдайында атқарылатын уақыты. Ол қалыпты және қысқартылған жұмыс уақытымен істейтіндерге қолданылуы мүмкін.

Жұмысты уақыттық жағынан шектеу – еңбек құқығының қағидасы. Оған сәйкес мынадай жалпыға ортақ демалыс түрлері бар: а) жұмыс уақытындағы үзілістер; ә) күнаралық үзілістер; б) апта аралық демалыс күндері; в) мейрам күндері; г) жыл сайынғы демалыс.

Еңбекақы төлеу ешқандай кемсітусіз болуы тиіс. Еңбекақы төлеуді реттеу негізінде еңбекақы төлеу тарифтері жатады. Тәртіп бойынша еңбекақы тарифтік жүйе негізінде төленеді. Бірақ, тарифсіз жүйелер де пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, шартты коэфиценттер: 1) еңбектік қатысу коэфиценті; 2) еңбектік үлес коэфиценті; 3) еңбек тиімділігі коэфиценті; қолданылуы мүмкін. Басшылардың, мамандардың , қызметкерлердің еңбегін төлеу лауазымдық кесімді қызметақы негізінде жүргізіледі.

Еңбек тәртібінің негізгі бекітілімдері ішкі еңбек тәртібі ережелерінде мазмұндалады. Ол жұмысшылардың жалпы жиналысымен қабылданады. негізгі бекітілімдерді әкімшілік ұсынады. онда әкімшіліктің, ұжымның және жұмысшылардың негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Жұмысшылардың негізгі міндеттері:

  1. шынайы және адал ниетпен жұмыс істеу;

  2. еңбек тәртібін сақтау;

  3. әкімшіліктің үкімдерін өз уақытында және нақты орындау;

  4. еңбек өнімділігін өсіру;

  5. өнім сапасын жақсарту;

  6. техникалық тәртіпті, еңбек қорғау талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитарий ережелерін сақтау;

  7. кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның мүлкіне күтіммен қарау.

Әкімшіліктің міндеттері: 1) жұмысшылардың еңбегін дұрыс ұйымдастыру; 2) еңбектік және өндірістік тәртіпті қамтамасыз ету; 3) еңбек заңы мен өндірістік тәртіпті бұлжытпай сақтау; 4)жұмысшылардың қажеттіліктері мен сұраныстарына назар аудару, олардың еңбектік, тұрмыстық жағдайын жақсарту.

Тәртіптік жауапкершілік – жұмысшылардың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік өндіріп алу жолымен жүзеге асырылатын әкімшілік алдындағы жауап беру міндеті.

Тәртіптік теріс қылық – құқық бұзушылықтың ерекше түрі – бұл жұмысшының еңбек міндеттерін құқыққа қайшы, кінәлі орындамауы немесе дұрыс орындамауы.

Маңызды оқиғалар: ҚР Еңбек Кодексі 2007 жылы 15 мамырда қабылданды.

Глоссарий (терминдер): еңбек, еңбекке ақы төлеу, еңбек дауы, еңбек қатынастары, еңбек стажы, еңбек шарты, ереуіл, жалақы, жұмыс беруші, жұмыс уақыты, қоса атқарылатын жұмыс, қызметкер, мереке күндері, ұжымдық шарт, үстеме жұмыс, тәртіптік жаза, тынығу уақыты, іссапар.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

    1. Жеке еңбек шартының түсінігі және түрлері

    2. Жеке еңбек шартының бұзылуы және тоқтатылуы

    3. Жұмыс уақыты

    4. Демалыс уақыты

    5. Еңбек тәртібі

    6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру

    7. Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік

2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

ҚР Еңбек Кодексінің пайдалана отырып, есеп шығарасыз. Сондықтан міндетті түрде Кодекс алып отырыңыз. Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде жеке еңбек шартын құрастырыңыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

  3. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.

  4. Қазақстан Республикасының заңы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Алматы:Жеті Жарғы, 1996.

Қосыша әдебиеттер:

  1. Айымханова Н.М. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2002.

  2. Абуярова Н.А. Еңбек құқығы. Алматы:Юрист, 2002.

  3. Қағазов О. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2000.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

1.Еңбек құқығының түсінігі

2. Жеке еңбек шартының түсінігі және түрлері

3. Жеке еңбек шартының бұзылуы және тоқтатылуы

4. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты

5. Еңбек даулары

6. Ұжымдық шарттар