Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі, 1 курс, общий.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
45.33 Mб
Скачать

9.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Әдеп жайлы біліп алыңыз.

Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі барлық имандылық анадан тарайды, ал, рухани мінез әдептен туады.

Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Әдеп адамда есі кіргеннен-ақ, жастайынан дариды, ешкімнің ақыл-кеңесінсіз жамандықтан алыс қасиет.

Әдеп – мәдениеттіліктің,

зиялылықтың,

кісіліктің көркі,

әсемдіктің өрнегі,

адамның асқақ абыройы.

Әдептіліктің бір үлгісі – биязы сыпайылық, қарапайымдылық. «Сары майдан қыл суырған» тазалық, пәктік.

«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп аса әдепті адам жайлы айтады.

10.Берілген сөздерді құрамына қарай талдап, жалғанған қосымшаларды атаңыз.

Әдептілік, мәдениеттілік, жамандық, зиялылық, кісілік, әсемдік, сыпайылық, қарапайымдылық, тазалық, пәктік.

Үлгі: әдеп ті лік,

      1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анадан не тарайды, әдептен не туады?

  2. «Уыз мінез» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Әдептілік адамда қай кезден бастап пайда болады?

  4. Әдеп ненің белгісі?

  5. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп қандай адамды айтады?

11.Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңіз.

  • Апай, мына орындыққа отырыңыз да, демалып алыңыз.

  • А-а-а, жарайды.

  • Сіздің баратын жеріңіз алыс па, апа? Қандай көлікке отыратын едіңіз?

  • Вокзал жақта қызымның үйі бар еді, соған бармақшы едім.

  • Вокзалға тікелей баратын автобус бұл жерге тоқтамайды, апа. Сізге басқа автобусқа ауысасыз. Оны білетін бе едіңіз?

  • Жоқ, білген емеспін. Осы жерден оныншы автобус жүреді деген еді біреу.

  • Онда мен сізді сол оныншы автобусқа ауыстырып отырғызып жіберейін, жүріңіз, апа.

  • О, айналайын, бақытты бол, қалқам. Көмектесіп жіберсең болар еді.

  • Жарайды, апа, жүріңіз, мына автобусқа отырайық.

  • Иә, иә, жүре ғой, барайын, отырайын. Өзің бір әдепті бала екенсің, қарағым. Сені осылай тәрбиелеген анаңа мың алғыс!

12.Төмендегі фразеологиялық тіркестермен танысып, олармен сөйлем құраңыз.

Көзінің ағы мен қарасындай – аса қымбат (бала)

Көзді ашып-жұмғанша – өте тез арада

Көзімнің нұры – қуанышым (бала)

Қас пен көздің арасында – өте жылдам уақытта

Көзіңді салып жүр – байқап, қарап жүр

Көзіңді құрт – бұл жерден кет, тұрма, жоғал

Көз көрген – бірін-бірі жас кезінен білетін

Төртінші сабақ (2-сағат)

1.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Намыс – мінездің айбыны.

Ол – абыройға дақ түсірмеудің жолы;

адам құқы мен еркіндігінің оққағары;

өмір мәнділігінің өзегі;

адамгершіліктің соты, айыптаушысы, қорғаушысы;

жігерсіздікке ызалану;

адамның абыройын түсірер жалалы әрекеттерге кешірімсіздік.

Мұхаммед пайғамбар: «Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі - отбасы» деген.

Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі абырой мен беделді қорғайды.

Жәрдем Кейкін

2.Берілген сөздердің антонимдік қатарын табыңыз.

Айбынды жасықтық

Абыройлы бостандық

Еркіндік адалдық, имандылық

Жігерсіздікдік беделді

Адамгершілік қаһарлы

      1. Намыстың түрлерін талдап, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Жеке бастық намыс дегеніміз ...

Құқықтық намыс дегеніміз...

Кәсіптік намыс дегеніміз...

Азаматтық намыс дегеніміз...

Ұлттық намыс дегеніміз....