Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі, 1 курс, общий.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
45.33 Mб
Скачать

Екінш сабақ (1-сағат)

Лексикалық тақырып: Ұлттық әдебиет

Грамматикалық тақырып: Септеулік шылау

Сөздік

Әрбір халықтың – у каждого народа

сөз өнері – словесное искусство

халықтың тұрмысы – быт народа

бейнеленеді – изображается

хандығы қалыптасқан – становления ханства

кезеңінен бері –с периода

жыраулар поэзиясы – поэзия жырау

күшті болды – было мощным

алғашқы өкілдері – первые представители

бұлардан соң – после них

отаршылдыққа қарсылық – против колонизации

Ағартушылық кезең – эпоха Просвещения

көрнекті өкілдері – выдающиеся представители

тұсындағы – в период

белсенділік танытты – проявили активность

жаңа көркем әдебиет – новая художественная литература

жаңа дәстүрін бастады – начали новую традицию

жаңашыл ізденістер – новые искания

Септеулік шылаулар

Послелоги казахского языка в основном соответствуют предлогам русского языка. Отличие в том, что предлоги ставятся перед словом, с которым они используются, а послелоги казахского языка – после. Например, "үшiн" – "для", жұмыс үшiн– для работы; "туралы" – "о", жұмыстуралы– о работе. Некоторые из послелогов показывают направление, поэтому к словам, с которыми они используются, добавляются падежные окончания. Например, послелог "дейiн" – "до", показывает направление – до чего-либо. Поэтому к слову, с которым используется "дейiн", добавляется окончание дательно-направительного падежа. Например, үйгедейiн– до дома.

Атау

Барыс

Шығыс

Көмектес

туралы, сияқты, жөнінде, арқылы, жайында, сайын, үшін, бойынша

дейін, қарай, шейін, таман, қарсы, тарта, жуық

кейін, соң, әрі

бері, гөрі, астам, бұрын, басқа

бірге, қатар

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Жаңа сөздермен септеулік шылауларды байланыстырыңыз.

сөз өнері қарсы

халықтың тұрмысы бері

хандығымен туралы

кезеңінен бойынша

жыраулар поэзиясымен соң

алғашқы өкілдеріне арқылы

бұлардан бірге

отаршылдыққа кейін

ағартушылық кезеңнен қатар

бейнелеуден дейін

жаңашыл ізденістер бұрын

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

кезеңінен бері,сөз өнері туралы,қалыптасқаннан бері, aғартушылық кезеңге дейін, жаңа ізденістер арқылы

3-тапсырма. «Дыбыстар сөйлейді» ойыны. Берілген әріптерге тақырыпқа сай ұғымдар айтқызу.

Ә –

Д –

Е –

Б –

И –

Е –

Т –

4-тапсырма. Ұлттық әдебиеттегі сізге ұнаған шығарма мен оның авторы туралы әңгімелеңіз.

Екінші сабақ (2-сағат)

Ойлы әдебиет биік парасаттан,

терең білімнен туады

Сағат Әшімбаев

Ұлттық әдебиет

Әрбір халықтың өз дәстүрі, мәдениеті болатыны сияқты, әдебиеті де болады. Әдебиетті сол халықтың «сөз өнері» деп атайды. Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ хандығы қалыптасқан кезеңінен бері белгілі. Қазақ хандығы ХV ғасырда қалыптасқан болатын. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында жыраулар поэзиясы күшті болды. Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Марғасқа жырау, Жиембет жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. Бұлардан соң ақындар поэзиясы қалыптасты. Махамбет, Майлықожа, Дулат сияқты ақындардың шығармаларында отаршылдыққа қарсылық жырланды. Бұл ақындардан соң қазақтың ұлттық әдебиетіне Ағартушылық кезең келді. Оның көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Олардың шығармаларында дін, оқу-білім, мәдениет мәселелері жырланды.

ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасты. Соған орай, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді. Осы кезеңді «Алаш әдебиеті» деп атайды. Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгерұлы Алаш әдебиетінің көрнекті өкілдері. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы – ұлттық идеялардың орнына коммунистік идеологияны әкелді. Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиетте Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлер белсенділік танытты.

1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. Осы кезеңде Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және тағы да басқа аса дарынды ақындар мен жазушылар әдебиетке келіп, қазақ әдебиетінің жаңа дәстүрін бастады.

Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.

1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын тексеріңіз.

  1. Әдебиетті халықтың «сөз өнері» деп атайды.

  2. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында Ағартушылық кезең күшті болды.

  3. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан соң, ақындар поэзиясы кезеңі қалыптасты.

  4. Ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілдері: Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.

  5. 1950 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады.

  6. Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып ұлттық әдебиеттің кезеңдерін анықтаңыз.

4-тапсырма. Ұлттық әдебиет туралы сұхбат құрастырыңыз.