Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі, 1 курс, общий.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
45.33 Mб
Скачать

8 Сабақ

БОӨЖ тапсырмалары

«Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ

Басшы келбеті. Ыңғайлас салалас

Ыңғайлас салалас- құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым –қатынаста болуы. Ыңғайлас салалас құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрамындағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбіне бір шақта тұрады. Мысалы: Күн батты, таңды қара көлеңке басты.(П.П) Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен. (Ғ.С)

1-тапсырма. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді тауып, сөйлем мен сөйлем арасындағы үзілісін сақтап оқыңыз. Таныс емес сөздерді жазып алып, олардың аудармасын сөздік көмегімен анықтаңыздар.

Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.

- Басшыны кім деп білесіз? Басшы сөзіне өзіңізше анықтама беріңіз.

-Басшы адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

-Басшы неліктен кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс деп ойлайсыз?

-Кез-келген адам лидер бола ала ма?

-Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар жақсы басшы болу үшін не істеуі керек?

3-тапсырма. Берілген ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің екінші қатардан сыңарын табыңыздар.

Басшы- әрі топты бастаушы, сөйлеген сөзі де ұнады.

Адамдармен тез тіл табыса да кетеді, нақты шешімге де келу.

Кәсіпкерлік – іске кірісіп те кету, басшы үйіне қайтты.

Басшының өзін ұстауы да ұнады, әрі жол көрсетуші

Жұмыс күні аяқталды, бәрімен бірдей қарым–қатынас та

жасайды.

4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Басшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы тиіс,--------------------------------. Басшы күнделікті жаңалықтардан да хабардар болуы керек,--------------------- . Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты, -------------------------------. Басшы болу үшін қабілет те керек, ---------------------------------------------------- . Қызметкерлермен жиі пікір алмасыңыз, ---------------------------------------------- . Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаңыз, ----------------- . Көңіл көтеру шараларын да жүзеге асырыңыз, -------------------------------------- . Өзіңізге деген сеніміңіз әрі мықты болсын, ------------------------------------------ .

5-тапсырма. Басшы болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет?

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

Кемел көшбасшы, сарабдал саясат, алға сүйреу, әлемдік қауымдастық, әлеуеті зор, еңбегі ұшан – теңіз, береке тұнған құтты мекен, халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдау, жанашыр, өркендеу, өлшеусіз үлес, біртуар тұлға, қарқынды даму, әл – ауқаты, айрықша табыс, тарих төрі, өзіндік қолтаңба, ғасырлар тоғысы, алмағайып заман, қақтығыстар, текетірестер, жаһан.

2 – тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестері арқылы жай сөйлемдер құрастырыңыздар.

Басшысы келіспесе, ел жетім. ( Мақал)

Кемел көшбасшы

Қай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді. Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда Елбасының сіңірген еңбегі ұшан – теңіз. Құрамына түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырды. Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді. Мемлекетті халықаралық аренада жоғары дәрежеге көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл – ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы. Ол бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінді. Президент халықты мыңжылдықтар ауысып, ғасырлар тоғысқан алмағайып заманда бейбітшілік пен тыныштықта, ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап басты нысанасы етті. Соның арқасында осы тұста тәуелсіздік алып, түрлі қақтығыстарға килігіп қалған басқа елдердей емес, Қазақстан бірден бейбіт даму даңғылына түсті. Елбасы ел ішіндегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаумен қатар, аймақтық текетірестерді болдырмауда үлкен қажыр – қайрат көрсетті. Жаһанға өнеге боларлық үлгілі саясат ұстанды. Халқына адалдық, елін, жерін сүю – адамдық борыш болуға тиісті қағидалар. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс. Елбасының әрбір ісінен үлгі алуымыз керек. Сонда ғана елдің келешегіне, мемлекеттің болашағына сеніммен қарайтын, Елбасының ағалық үмітін алға апаратын және сара саясатын жалғастыра алатын білімді де білікті , парасатты ұрпақ қалыптаса алады.(интернеттен)

3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан - ------------- . Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда ------ . Ол қиын белестерден халқын аман алып өтіп, --------------------------------------- . Президент халықты ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды -------------- . Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін --------------------------- .

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Халықтың болашағы неге басшыға байланысты? Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан не?

Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыру үшін Елбасы не істеді? Елбасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нені басты нысанасы етті?

Қазақстан неліктен бірден бейбіт даму даңғылына түсті? Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен аударыңыздар, ондағы ойға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Ұлы кемеңгер Абай: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де - ақымақтық» - деген екен. Қоғамымызда тіршіліктегі бар ғұмырын халыққа, мемлекеттік қызметке адал қызмет етуге сарп етіп, сол еңбегі бағаланып жатса да мастанбай, «менің әлі де халқыма берерім көп» деп еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Отансүйгіштік – мемлекеттік қызметшінің ең негізгі принциптерінің бірі болуға тиіс. Керек десеңіз, мемлекеттік тілді білу мәселесі де осы ретте туындайды. Елбасы саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің бойында мынадай мінез – құлықтар тәрбиелеу керек деген түйін жасаған: Бірінші – өзіне берілген билікті меңгере білу. Қазақша айтқанда: «Ұлық болсаң, кішік бол». Екінші – қара басыңның қамын емес, өзің қызмет етіп отырған қоғамның игілігі туралы ойлай білу керек. Үшінші – басшы нендей қаржыға өмір сүріп жатырсың деген сауалдан қаймықпай, яғни, менің виллам мен саяжайымның суреттерін жариялайды – ау деп қорғалақтамай өмір сүру керек. Төртінші – халық сенімін жоғалтпайтындай тұрғыда басқару. Бесінші – қызметке істі кәсіби біліктілікпен жүргізе алатындай тарту. Мемлекеттік қызмет бұл – мемлекеттің мүддесі.

Есте сақтаңыздар:

Сарп ету – арнау, мастанбау бір нәрсеге масаттанбау, даңдайсымау, түйін жасау – қорытынды, байлам жасау, ұлық болсаң, кішік бол – неғұрлым ұлы болсаң, соғұрлым кішіпейіл бол, қара басының қамын ойлау – тек өз басының жағдайын ойлау, қаймықпау – қорықпау, қорғалақтамау жасқанбау, именбеу, біліктілік көп білетіндік, білімділік.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Ұлы Абайдың сөзін қалай түсінесіздер?

2. Халық үшін өз ғұмырын сарп еткен қандай тұлғаларды білесіздер?

3. Өз тілін білмеген адамды отансүйгіш деуге бола ма?

4. Басшының бойында өзіне берілген билікті дұрыс меңгеру үшін қандай қасиеттер болу керек?

5. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегенді қалай түсінесіз? Кішік болу үшін қандай қасиеттер қажет?

6. Қоғамның игілігін ойлау үшін қандай қасиеттер болу керек?

7. Басшы қандай сауалдан және неден қорықпауы керек? Бұлардан қорықпау үшін қандай болу керек?

8. Халық сенімін жоғалтпау үшін не істеу керек?

9. Білікті басшы болу үшін не қажет?

3-тапсырма. Мәтіндегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қазақ - төзімді (толерантты) халық. Әсіресе, Ел басшысына деген құрметі бөлек. Сондай –ақ, ежелден билік иесінің әрекеті жақпаса, хан болса да қателігін бетіне айта алатын батыл халық. Бірақ қазақ мұндай шектен шыққан әрекетке бармайды. Ол үшін ханда хандық қасиет қалмауы керек. Қазақ халқының билік иесіне деген құрметі жоғары. Назарбаевтың елді ауыр және жауапкершілігі мол кезеңде басқаруына түсіністікпен қарады. Қазақ оны «Елбасы» деп атап кетті. Назарбаев имиджі 1995 жылға дейін жауапкершілігі мол, мойнына тарихи міндет жүктелген басшы, реформатор ретінде қалыптасты. Ал 1995 жылдан кейін елдегі билікті уысына жұмылдырған саяси амбициясы жоғары басшы ретінде толыға түсті. Елдің тарихы мен Елбасы қайраткерлігін бөлек қарастыру мүмкін емес. Осы тұстағы Елдің дамуы мен Елбасы рөлінің шын бағасын келешек ұрпақ берер.

4-тапсырма. Меңгерген сөздеріңізді пайдаланып, өз өміріңіздегі білікті басшы (мектеп директоры, сынып жетекшісі, сынып старостасы, топ старостасы, топ кураторы, факультет деканы т.б.) туралы әңгімелеңіз.