Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі, 1 курс, общий.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
45.33 Mб
Скачать

7. Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау, тестілеу түрінде екі аралық бақылау; ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.

Ағымдық бақылау 20%

БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын бақылау 20%

Аралық бақылау (тест тапсырмалары) 20 %

Ағымдық және аралық бақылау 60%

Қорытынды бақылау 40%

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

% мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

үздік

үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

жақсы

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49 0-49

қанағаттанарлықсыз

8. Оқу тәртібінің саясаты.Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.

Қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар барысында БОӨЖ, БӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.

Оқу үдерісінің 7, 14 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: коллоквиум және тест жұмысы.

Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.

Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

Глоссарий – сөздік

Академиялық сағат – білім алушының оқытушымен бірге бекітілген кесте бойынша оқу сабақтарының барлық түрінде (аудиториялық жұмыс) немесе жекелей өткізетін жұмыс уақыты;

Белсенді үлестірмелі материал (БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);

Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық бақылау нәтижелері бойынша белгіленетін білім алушының пәннің оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;

Білім алушының оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – БОӨЖ) – білім алушының бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен өткізілетін аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына байланысты ол мынадай түрлерге бөлінеді: студенттің оқытушының жетекшілігімен өткізетін өздік жұмысы (ары қарай – СОӨЖ), магистранттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – МОӨЖ) және докторанттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – ДОӨЖ);

Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Білім алушының үлгерімін ағымдық бақылау – академиялық кезең үрдісінде оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының өткізген аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білім алушының білімін жүйелі тексеру;

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма –білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Жеке оқу жоспары – типтік оқу жоспары мен таңдау пәндері каталогының негізінде әр оқу жылына эдвайзердің көмегімен білім алушының өзі құрастыратын оқу жоспары;

Жұмыс оқу жоспары – білім беру ұйымдары мамандықтың типтік оқу жоспары мен білім алушының жеке оқу жоспары негізінде жасайтын құжат;

Кезеңдік бақылау – оқу пәнінің бөлігін (модульді) аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқу жетістігін бақылау;

Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі;

Қорытынды бақылау– аралық аттестаттау кезеңінде емтихан түрінде өткізілген оқу пәнінің бағдарламасын меңгеруін бағалау сапасы мақсатында білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңде оқытылса, онда қорытынды бақылау белгілі академиялық кезеңде оқытылған бөлімі бойынша өткізіледі;

Монолог –бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибедегі әріптік жүйеге сәйкес қабылданған және білім алушының рейтингісін анықтайтын оқудағы жетістіктері деңгейін баллмен бағалау жүйесі;

Оқу пәнінің саясаты (грек. Politike – мемлекетті басқару өнері) – оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Пәннің бағдарламасы (Syllabus) – пәннің қысқаша бағдарламасы, оның құрамында оқытылатын пәннің сипаттамасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар мен оларды оқу мерзімі, өздік жұмыс тапсырмалары, кеңес беру уақыты, білім алушының білімін тексеру кестесі, оқытушы талаптары, білім алушының білімін бағалау ұстанымдары және әдебиет тізімі беріледі;

Пәннің сипаттамасы (Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады), онда пәннің мақсаты, міндеттері және мазмұны сипатталады;

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Силлабус (лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

Семинар –(лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Типтік оқу жоспары – білім берудің кәсіби оқу бағдарламасының оқу пәндерінің көлемі мен тізбесін, олардың оқытылу тәртібі мен бақылау формасын белгілеп беретін құжат;

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Тьютор – нақты пәнді меңгеруде білім алушының академиялық кеңесшісі рөліндегі оқытушы;

Тренинг– студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.

Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) – таңдалған бағдарлама бойынша білім алушының бір оқу жылындағы оқудағы жетістіктер деңгейінің орташа есептелген бағасы (барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау бағаларының сандық эквивалентінің кредиттерін ағымдық оқу кезеңіндегі кредиттердің жалпы санына шаққандағы есебі);