Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі, 1 курс, общий.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
45.33 Mб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

  1. тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Торғай, атасы, жетіжылдық мектеп, орыс тілі, көркем шығарма, алғашқы, тәрбиелік мәні, әңгімелер мен өлеңдер, тұңғыш педагог, ұлы ақын, жазба әдебиеті, атақты би, медресе, дарынды, білімді бала, орыс тілі, әжесі, анасы, табиғат, қара сөз, діни, философия, қайраткер. \

2-тапсырма. Жаңа сөздерді пайдалана отырып сұхбат құрастырыңыз.

  • Сенің сүйікті ақының бар ма?

  • .................................

  • Ол, кім?

  • .................................

  • Ол қандай ақын?

  • .................................

  • Қай ғасырда өмір сүрген ақын?

  • ...............................

  • Оның қандай өлеңдерін сүйіп оқисың?

  • ...............................

  • Әсіресе, қандай өлеңдерін ұнатасың?

  • ..............................

3-тапсырма. Абай айтқан бес асыл іс пен бес дұшпан туралы мақал –мәтел жазыңыз.

Мысалы: Өтіріктің арты бір-ақ тұтам.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4-тапсырма. Төменде берілген етістіктерге есімшенің өткен шақ, келер шақ жұрнақтарын жалғап, сөйлем құрыңыз.

Біл, тап, ұмыт, айт, жаз, көр, бер, оқы, жүр.

5-тапсырма. Адам бойындағы қарама-қарсы қасиеттерді екі бағанға бөліп жазыңыз.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

1. Ғылым таппай мақтанба. 2. Ойнауға, босқа күлуге құмарланба. 3. Адам болам десең, ғылымға, өнерге, талаптан, ұмтыл. 4. Білімді, талантты ғалымдарға ұқсауға тырыс. 5. Өтіріктен, өсектен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен аулақ бол. 6. Талапты, терең ойлы, қанағатшыл, кешірімшіл адам әр уақытта ең жақсы адам болып есептеледі.

7-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Сөз өнері, көркем әдебиет, әңгіме, өлең, ағартушылық әдебиет, әдеби тіл, көптеген жанрлар, әдеби дәстүр, шығарма мазмұны.

Үшінші сабақ (2-сағат)

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла

Қазақ мақалы

Классикалық әдебиет

Қазақтың жазба әдебиеті мен бергі мәдениетінің алғашқы ұлы тұлғалары Ыбырай Алтынсарин мен Абай. Осы екі тұлға да өздерінің ағартушылық идеялары арқылы халықты білімге, мәдениетке үндеді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болған. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеленді. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін мектепке оқуға береді. Мектепте ол алғаш рет татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жетіжылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет істеді. Ол қазақ балаларына арналған алғашқы мектептер ашқан.

Ұлы педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, жариялады. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері қазіргі уақытқа дейін өзекті. Олардың ішінде «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімелері мен «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерін ерекше атауға болады. Қазақ халқы Ы.Алтынсаринды тұңғыш педагог ретінде жоғары бағалайды.

Абай – ұлы ақын, ойшыл, жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол Семей облысындағы Шыңғыстау өңірінде атақты би Құнанбайдың отбасында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай баласының тәрбиесіне, білім алуына үлкен көңіл бөлген. Ол Абайды алдымен медресеге, кейін орыс мектебіне оқуға береді. Он үш жасында Абайды әкесі ауылына қайтарып, ел билеуге баулыды.

Абай өте дарынды, білімді бала болған, Үш айдың ішінде орыс тілін үйреніп, орыс классиктерінің шығармаларын өз еркімен оқиды. Кейін олардың бірқатарын қазақ тіліне аударады. Мысалы, Ю.Лермонтовтың «Теректің сыйы», Пушкиннен «Татьянаның әні», И.Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке» шығармаларын т.б. аударған.

Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайдың тәрбиесінде үлкен рөл атқарған. Олардың айтқан әңгіме, ертегілерін кішкентай Абай бар ынтамен тыңдап өскен.

Абайдың табиғатқа арналған ғажап өлеңдері бар. Олар: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» деп аталатын жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдері де бар. Мысалы, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», т.б. Проза түрінде жазылған 45 қара сөзі бар. Бұл қара сөздері діни мазмұнда, философиялық тұрғыда жазылған.

Біз Абайды данышпан ақын, философ, қайраткер ретінде танимыз. Оның өз халқына арнаған орасан еңбегі үшін қазақ елі оны айрықша ардақтаған.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, өз сөзіңізбен әңгімелеп беріңіз.

2-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

Ы.Алтынсарин (выдающиеся ученый, просветитель).

Ол 1841 жылы (родился).

Алтынсарин балаларды (к честности, труду, знаниям) шақырды.

Педагогикалық (научно-исследователькая академия) Ы.Алтынсарин есімімен аталады.

Ы.Алтынсаринді қазақ халқы (высоко ценит).

Ыбырайды атасы (воспитал).

3-тапсырма. Әріптерді соңынан басына дейін оқып, жасырылған Ыбырай Алтынсариннің өлеңін табыңыз.

ЛЕК, РАЛАЛАБ, ҚЫЛЫҚО

ЫДНАҒЫҚО ЕГЛІҢӨК

НЕПСАЛЫҚЫ ҚЫЛЫҚОТ.

4-тапсырма. Санау арқылы Ы.Алтынсариннің өлеңінің бірінші шумағын табасыз.

К

О

Л

Е

Қ

1

11

14

2

12

Л

6

Ыбырай Алтынсарин өлеңінің І-ші шумағын табыңыз.

4

6

Л

5

7

А

Л

3

8

Л

Ы

15

13

9

16

10

Р

Ы

Ы

Қ

5-тапсырма. Абайдың нақыл сөздерін жаттап алыңыз.

  • Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

  • Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

  • Адамның баласын заман өсіреді.

  • Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

  • Ақыл – жан қуаты.

6-тапсырма. Классикалық орыс әдебиеті өкілдері А.Пушкин, Л.Толстой, А.Чехов жөнінде шағын әңгіме дайындаңыздар.

Үшінші сабақ (3-сағат)

Мейірімді бала

Қытай жұртында ескі заң бар, біреудіалдағандығы мойнына түскенкісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаныберуге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп,мәлім болды. Қызды патшаға алып келіпті.

-Тақсыр патшам, - деді қыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айыруы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді. – Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп,төренің күнәсін кешті дейді.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Әңгіме қай кезеңде болған?

  2. Әңгіме не туралы?

  3. Әңгімедегі кейіпкерлер кімдер?

  4. Асты сызылған сөздерді қандай сөздермен алмастыруға болады.?

1-тапсырма. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Абай мен Ю.Лермонтовтың өлеңдерін салыстырып,шығарманың қалай аударылғанына назар аударыңыз. түнде тау қалғып,

Сілкіне алмас жапыра

3-тапсырма..Өлең шумағын оқып, түсінгеніңізді жазыңыз.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан. ­­­­­­­­

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

4-тапсырма. Венн диаграммасы

Ы. Алтынсарин ортақ Абай

5-тапсырма. Өзіңіз жақсы білетін тарихи тұлға жөнінде эссе жазыңыз.

  1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы, қайда туды?

  2. Ыбырай Алтынсарин кімнің қолында тәрбиеленді?

  3. Ыбырай Алтынсарин ең алғаш қай тілде оқыды?

  4. 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап қандай кітаптар жазды?

  5. Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесің?

  6. Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді кім ретінде бағалайды?

  7. Абай қайда және қашан туған?

  8. Абайды кім ретінде танимыз?

  9. Абайдың әкесі кім болды?

  10. Абай Ю.Лермонтовтан қандай шығармалар аударды?

  11. И.Крыловтан аударған шығармасы қалай аталады?

  12. Абай тәрбиесінде үлкен рөл атқарған кімдер?

  13. Абайдың табиғатқа арналған қандай өлеңдерін білесің?

  14. Проза түрінде жазылған қара сөздерінің саны қанша?

  15. Ы.Алтынсарин мен Абай шығармалары арасында қандай ерекшеліктер бар?

  16. Ағартушы ақындар дегеніміз кімдер?