Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК аза тілі, 1 курс, общий.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
45.33 Mб
Скачать

7. Кестенің оң жағы мен сол жағын сәйкестендіріңіз.

1. Қазақстан экономикасының маңызды инвесторы бола ала-тын бірден-бір ел – ол Жапония.

1. Бұл мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастыққа жол ашады.

2. Қазақстанның Азиядағы рөлі мен орнын нығайту өте маңызды.

2. Бұл Түркияның өз аумағында мұнайды тасымалдау жобаларын іске асыруға мүдделілігі арқылы жүзеге асады.

3. Қазақстан өзінің көліктік ком-муникациясын әлемдік рынокқа шығара алады.

3. Сондықтан Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өту талабын Қазақстан қолдайды.

4. Иранның географиялық орна-ласуы Қазақстан үшін өте қо-лайлы.

4. Ол Қазақстан еуропалық же-текші мемлекеттермен қарым-қатынас жасаумен мүмкіндік береді.

5. Қазақстанға Сауд Арабиясы және Парсы шығанағындағы елдермен ынтымақтастықты дамыту қажет.

5. Бұл тұрғыда Сингапур, Корея, Малайзия, Индонезия сияқты елдердің біздің еліміз үшін маңызы өте зор.

6. Ұзақ мерзімді перспективада Еуропалық Одақтың орны бөлек.

6. Өйткені Иран еліміздің әлемдік коммуникацияға шығуына мүмкіндік береді.

8. Мәтіннен мына сөз тіркестері кездесетін сөйлемдерді тауып оқыңыз.

Түркі мүдделері, қарқынды дамыған, ынтымақтастық жасасу, елеулі әлеует, отын-энергетика қоры, құрлықтың атынан, белсенді позиция, саяси прагматизм, ұлттық мүдделер.

9. Қазақстанның төмендегі елдермен ынтымақтастығы елімізге қандай мүмкін-діктер береді деген сұраққа жауап беріңіз.

Ресей Федерациясы .........................................................................

Қытай Халық Республикасы ..........................................................

Жапония ..........................................................................................

Египет Араб Республикасы ............................................................

Сауд Арабиясы ................................................................................

Түркия ...............................................................................................

10. Сөйлемдерді оқыңыз. Жақшаның ішіндегі етістіктерді осы, өткен, келер шақтарда көрсетіңіз.

Үлгі:Жапониямен ынтымақтастық Қазақстанға көптеген экономикалық артықшылықтар (беру) – береді, берді, бермек.

Қазақстан Анкарамен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың әлеуетін (іске қосу). Иранмен байланыстарды дамыту біздің ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерімізді (қамтамасыз ету). Қазақстан араб әлемімен ынтымақтастықты қолдауға (ұмтылу). Таяу Шығыс елдермен қарым-қатынасты нығайту мұнай өндіру саласындағы тиімді байланыстарды орнатуға іргетас (қалау). Еуропалық Одақпен әріптестік Еуропалық жетекші мемлекеттермен сауда-экономи-калық байланыстарды тиімділігін арттыруға алғышарттар (жасау).

10 Сабақ

СОӨЖ тапсырмалары

11. Қ.Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” деген кітабын пайдалана отырып, “Қазақстан және Еуропа елдері” деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз.

ОБСЖ