Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15bilety.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
157.52 Кб
Скачать

12-Билет

1.Ұлттық валюта: тарихы, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.

2.Макроэкономикалық тұрақсыздық және тұрақтандыру саясаты.

3.Халықаралық сауда дегеніміз не? Сауда теориялары, олардың мәні. Халықаралық сауданың негізі.

1. Ұлттық валюта: тарихы, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. Қазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Алтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

2. Макроэкономикалық тұрақсыздық және тұрақтандыру саясаты

Д.Кейнс айтқандай және тәжірибе көрсеткендей, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, экономикалық өсуге жағдай жасайды және инвестиция процесін тездетеді. Ақшаны шектен тыс шығару қолайсыз жағдайларға алып келеді. Олар:

1. Байлық пен табысты қайта бөлу;

2. Мемлекеттік кәсіпорындардың бағасы нарықтық бағадан төмен болады;

3. Салық арқылы ақша құралдарын жасырын түрде мемлекеттің тәркілеуі;

4. Экономикалық ақпараттың тұрақсыздануы;

1. Инфляция жағдайында несие беру тиімсіз болады. Сондықтан адамдар қарыз бермейді, берсе, өте жоғары процентпен береді.

2. Нарықтық экономиканың мемлекеттік секторында жеке секторға қарағанда өндіріс шығындары мен тауарлардың бағасы өте сирек қарастырылады.

3. Салық жүйесі арқылы мемлекет тұтынушылардың табыстарын жинақтайды. Инфляцияның өсу жағдайында прогрессивтік салық жүйесі арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар мен бизнесті қосып, номиналды және нақты табыстың өсуін мемлекет тәркілейді.

4. Фирмалар ақша ресурстарын белсендендіру жоспарын өңдейді. Ақша құралдарын тездетіп затқа айналдырады. Бұл жағдай тауардың тапшылығын тудырады.

Ақша құралдары инфляция салдарынан қымбаттайды. Бөлек кәсіпорындар, фирмалар инфляциямен күресе алмайды. Сондықтан бұл проблема мемлекеттің макроэкономикалық проблемаларының бірі.

Инфляцияны жою ол экономикалық құлдыраумен, жұмыссыздықтың өсуімен және инфляциямен күресу. Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік шығындары жоғары, бірақ нәтижесі тиімді. Тәжірибеде көп елдер бейімделу жолын таңдайды.

3. Халықаралық сауда дегеніміз не? Сауда теориялары, олардың мәні. Халықаралық сауданың негізі.

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

  1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

  2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

  3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.

  4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі..

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесісауда балансынанкөрінеді.Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

  • Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

  • Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

  • Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерстік немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]