Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15bilety.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
157.52 Кб
Скачать

1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін пәнді оқудың басты міндеттерін белгілеп, оларды жүзеге асыру қажет. Оларға:экономикалық теорияның қалыптасуын және даму кезеңдерін білу, экономикалық теорияның әдістерін, заңдарын меңгеру, экономикалық қажеттіліктерді, экономикалық ресурстарды және, меншіктің мәні және түрлерін оқу, нарықтың мәнін, бәсекенің түрлерін үйрене отырып, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін үйреніп, мемлекеттің қаржы жүйесі мен қазына саясатына мән беру, экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін тану. Сонымен бірге студенттер ұлттық экономиканың жалпы қызметін, оның қалыптасуы мен даму жолдарын және дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық секілді қайшылықтарын түсіндіретін тауарларды игеруге тиісті, мемлекеттің экономикадағы рөлін, әсіресе Қазақстан үкіметінің, оның негізгі иснтитуттарының тиімді басқару жолдарын қарастыруға дайындық болуы керек. Нарықтық экономиканың Қазақстандық моделінің қалыптасуы және дамуының ерекшеліктерін терең түсіну арқылы оның жаңа инновациялық экономикаға өту кезеңіндегі басым міндеттерді орындаудың нақты іс-шараларын қарастыра білулері керек

2. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамтудың мәселелері

1997 жылы шағын кәсіпорындар саны 123 мың бірлікті құрады. Заңды және шағын кәсіпкерлік тұлғаларының тез көбеюіне 1997 жылы шыққан ҚР Президентінің Жарлығы үлкен ықпал жасады: "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамуын белсендіру шаралары туралы", "ҚР-да аймақтық шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен дамыту бағдарламалары және басымдықтар туралы" және шағын бизнестің өзекті мәселелерін іс жүзінде шешу үшін қабылданған бірқатар заң Фирма қызметінің тиімділігін бағалаудың басты критерийлерінің бірі- оның нарықтағы орнының болуы. Нарықта тұтынушылардың қажеттіліктері сапалы деңгейде қанағаттандырылатын кәсіпорын ғана тиімді болып саналады. Нарық құрылымы нарықтағы фирмалардың саны, өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемі, жұмыстар мен қызметтердің әртүрлі деңгейі, нарыққа кіру шарты, тұтынушылардың саны, еңбек ақы төлеу шарты, өнімге сұраныстың ауытқуы және оның бағаға ықпалы сияқты элементтерден тұрады. Баға мен өзіндік құн, өткізу каналдарын бақылау дәрежесі көп жағдайда бәсекелік күрес сипатымен анықталады. Негізгі бәсекелес 40-50 %, тіпті 60% ие қызмет нарығы салаға жаңа фирмалардың енуі үшін кедергі болып табылады. Бизнес тиімді жағдайда болады, егер ол қазіргі заманғы технология, прогрессивті материалдар мен конструкцияларды пайдаланатын болса, сондай-ақ онда патенттік құқық, лицензиялық артықшылық немесе жұмыстар мен қызметтер орындауға құқық алу мүмкіндігі болса.

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

Жалпы әдістер

Жеке әдістер

  1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

  2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.

  3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

  4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.

  5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.Эксперимент, гипотеза және т.б.

Экономико – математикалық модельдер әдісі,

Экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

3.Жеке кәсіпкерлік- бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие: и қызмет сферасын таңдау еркіндігі; бизнес көлемінің шектелмеуі; қатаң бағамен шектелмеуі.

  • Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.

  • Серіктестік – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.

Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.

Толық серіктестік – мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.

Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.

Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.

Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі.

Акционерлік қоғамдар – бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құралған кәсіпорын.

Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі.

БИЛЕТ-3

1.Экономикалық теорияның нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi.

2.Экологияның экономикалық мәселелері.

3. Рынок инфрақұрылымы, оныңҚазақстанда қалыптасуының және дамуының мәселелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]