Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15bilety.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
157.52 Кб
Скачать

2.Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.

Циклдық ауытқу бұл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады.

Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды.тҚұлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді.Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады.

Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

Экономикалық циклдардың типтері

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы

Себептері, ерекшеліктері

1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары»

2-4 жыл

Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің,инфляцияның,жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.

2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»

10 жыл

Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.

3. Кузнецтің циклдары

18-25 жыл

Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты

4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары»

40-60 жыл

Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.

5. Форрестердің циклдары

200 жыл

Энергия куаты мен материалдарға байланысты.

6. Тоффлердің циклдары

1000-2000 ж.

Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

3.Қаржы дегеніміз не? Атқаратын қызметтері

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

  1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

  2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

  3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

  4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

БИЛЕТ-11

1. Рынок: мән-мағынасы, түрлері және орны мен рөлі.

2.Циклдық толқуларды мемлекеттің реттеу мәселесі.

3.Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Бюджет тапшылығы, пайда болу себептері. Мемлекеттік қарыз дегеніміз не?

1. Рынок: мән-мағынасы, түрлері және орны мен рөлі.(5 даристи оқындар)

Нарық- экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;

Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады.

Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды.

Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының және олардың қызығушылық объектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді. Нарықтың әрекет етуші тұлғалары немесе субъектілері үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет болып табылады.

Нарық құрылымы- бұл нарықтың бөлек элементтерінің ішкі құрылысы. Нарықтың құрылымын әр түрлі критерийлермен жіктейді. Олардың ішіндегі маңыздылары келесілер болып табылады:

  • экономикалық міндеттеріне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы,

  • географиялық орналасуына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық және әлемдік нарықтар;

  • саласы бойынша: автомобиль, бидай нарығы;

  • сату түріне байланысты: көтерме, бөлшек сауда нарығы.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады. Бұдан басқа нарықтың сәтті жұмыс істеуі жарнамасыз, ақпараттық және кеңес беру қызметтерінсіз, тексеру және бақылау мекемелерінсіз мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]