Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15bilety.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
157.52 Кб
Скачать

1.Постиндустриалдық экономика теориясы және қазіргі даму сатысының көріністері мен ерекшіліктері.

Басты саласы –экономикалық –өндірістік емес (қызмет көрсету)сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе

2.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

Өндіріс факторлар нарығы

Еңбек нарығы

Капитал нарығы

Жер нарығы

  1. Еңбек нарығы– бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

  2. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

3. Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жер құнарлылығы;

2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

3.Лаффер қисығы нені сипаттайды?

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды. Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

БИЛЕТ-8

1.Нарықтық экономика: мән-мағынасы және қазіргі кезеңдегі модельдері.

Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:

Өндіріс факторлары жекешелендірілген;

Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген;

Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген;

Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]