Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15bilety.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
157.52 Кб
Скачать

3.Филлипс қисығы нені көрсетеді? Қай жылы

Жұмысбастылық пен инфляция арасында байланыс бар. Бұл байланыс экономист Филлипспен көрсетілген. Қисық инфляция деңгейі аз болған жағдайда жұмыссыздық жоғары, ал инфляция өскенде жұмыссыздық азаятындығын көрсетеді. 1958 ж. Филлипс номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастырды. Ол келесі шешімге келді: жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуі, бағаның және жалақының өсуімен бірге болады (Филипс қисығы)

Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды.

Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді. Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру нысандарына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады. Статистика көрсеткіштері көрсеткендей, инфляцияны 1% төмендету үшін жыл бойы жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі 2% жоғары болуы керек. Еңбекке деген сұраныс жоғары болған жағдайда өзіне қажетті жұмысшыларды тарту үшін жұмыс берушілер жалақының жоғарғы ставкасын ұсынады. Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі

БИЛЕТ-10

1.Экономикалық ресурстар және негізгі өндіріс факторлары

Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

1.Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады: жер беті ретінде және экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.

2.Капитал:

  • Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.

  • Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

3.Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады: адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті және өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.

Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі.

4.Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]