Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НСУ-Лекция конспектілері.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
2.13 Mб
Скачать

4.2 Бағдарламамен жабдықтау (бж) сенімділігі.

Бағдарламамен жабдықтауды жасау әр түрлі себептерден пайда болады.

Элементтер тоқтауы компоненттерінің бұзылуы, тозуы салдарынан болады, демек қалпына келу үшін жөндеуден өту керек, немесе реттеу, компоненттерін, техникалық құралдарын ауыстыру керек. Бұзылу немесе ескірі бағдарламылық жабдықтауға тәуелді емес.

БЖ жасау кезінде әртүрлі қателіктер пайда болуына себептер пайда болуы мүмкін: програмистің алгоритмді дұрыс түсінбеуі, БЖ – ны құрған кезде жалпы құрылымының дұрыс болмауы, бағдарламаны қорғайтын тәсілдің дұрыс таңдалмауы, және т.б.

Бж-ның техникалық құралдардан (ТҚ) негізгі айырмашылығы келесідей: бағдараламада қателіктер түзетілгеннен кейін осы қателіктер қайталануы мүмкін емес. БЖ-дың қетаіктер ағыны стационарлы емес, демек қателік табылған сайын олардың ағындары азаяды. ТҚ тоқтауы бір ғана себептен қайталанатын мінездеме көрсетеді. Қойылған режимде ТҚ-дың тоқтау ағыны жуықтап, оларды стационарлы деп қабылдауға болады.

4.3. Оперативті персонал сенімділігі.

ТПБАЖ құрамында оперативті персонал (оператор-технолог) оның функцияларын қолдану, тарату кезінде үлкен қызмет атқарады. Оперативті персонал қызметі келесідей: ТПБАЖ қалыптасуының дұрыстығын және технологиялық процесс жүрісін бақылау, жөнге келтіру, техникалық құралдардың жұмыстарын бақылау, реттеуші органдар мен механизмдер жұмыстарын қосу ажырату, немесе тоқтау кезінде техникалық құралдармен жұмыс істеу.Оператор, ТПБАЖ элементі сияқты сенімділік есептерінде бірнеше ерекшеліктері бар. Оларға жататындар: еңбек жағдайына адаптация, әртүрлі операторлардың бір-бірінен айырмашылығы, және т.б. берілген тәртіпте берілген операцияны адам-оператордың өз уақытысында істеп тастауы.

Сонымен қатар, ТПБАЖ құрамының қатарына тағы да оперативті персоналдан басқа, эксплуатациялы персонал кіреді. Бұлар да жүйенің жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.

ЛЕКЦИЯ №5. Жүйелердің тоқтау ағындары

Қалпына келетін әр жүйе тоқтап қалғаннан кейін, оны жөндеу операциясын жүргізіп немесе жұмысқа жарамды элементтермен ауыстыру керек. Қалпына келмейтін жүйелер тоқтау болғанға дейінгі жұмысының қалпына келуі сияқты, жүйенің қалпына келуі кездейсоқ болады.

Қалпына келмейтін жүйенің қалпына келуін жіберу кезіндегі қалыптасқан графигін 1 әдебиет 1.7-суретінде көресіздер.

t = 0 кезінде жүйе жұмысын бастап, t1 кезінде бірінші тоқтау орын алып және қалыпқа келеді. t 2 кезінде екінші тоқтау болып, қалыпқа келеді, t3 кезінде үшінші тоқтау және қалыпқа келу және т.б. Осындай бірінен соң бірі кез-келген кездейсоқ уақыт моментінде болатын тоқтауларды тоқтау ағыны деп атайды. Тоқтау ағыны қалпына келетін жүйелерді қарастырғанда негізгі параметр болып табылады. Тоқтау ағынының екі негізгі тәсілі болуы мүмкін. Бірінші тәсіл кейбір кездейсоө дискретті үрдістің (t) (0,t) уақыт аралығындағы тоқтау саендарын зерттеу. Екінші тәсіл кездейсоқ үздіксіз жұмыстар тізбектілігін= t1, = t2- t1 зерттегенде болады.