Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

22-02-2016_08-49-44 / кардиология каз

.doc
Скачиваний:
262
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
4.37 Mб
Скачать

@ Пароксизмалды жыбырлы аритмия

@ Пароксизмалды қарыншаүстілік тахикардия

@ Пароксизмалды қарыншалық тахикардия

~ ЭКГ-да ритмнің немесе өткізгіштік бұзылысы тіркелген :

@ толық А-В бөгемесі

@ Қараншалар дірілі

@ Жүрекшелер дірілі

@ Синусты аритмия

@ Жыпылықты аритмия

~ ЭКГ-да ритмнің немесе өткізгіштік бұзылысы тіркелген :

@ Қарыншалық экстрасистолия

@ Оң жақ Гис шоғырының аяқшаларының толық бөгемесі

@ Сол жақ Гис шоғырының аяқшаларының толық бөгемесі

@ Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

@ Суправентрикулярлы пароксизмальді тахикардия

~ Кардиология бөлімшесіне жедел түрде 76 жастағы ер кісі жедел коронарлы синдром ST тісшесінің көтерілуімен түсті. Медикаментозды реперфузия жүргізіледі:

@ альтеплазамен

@ ГМГ- Коа-редуктаза ингибиторымен

@ β-адреноблокаторлармен

@ дезагреганттармен

@ нитраттармен

~ 72 жастағы ер кісі нитраттармен басылмайтын төс артындағы қатты қысып ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында: жүрек тондары әлсіреген, тахикардия, гипотония. ЭКГ -да:сол жақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасының зақымдануы көрінеді. Клиникалық протокол бойынша диагностикада ақпаратты болып табылады:

@ Тропониндер

@ Трансаминаза

@ Жүрекшелік натрийуретикалық пептид

@ С - реактивті белок

@ Гомоцистеин

~ Морганьи – Адамс – Стокс синдромы дамиды:

@ толық атриовентрикулярлы блокадада

@ жүрекшелер жыбырында

@ қарынша үстілік тахикардиясында

@ үдемелі түйінді ырғақта

@ қарыншалық экстрасистолияда

~ Толық атриовентрикулярлы блокаданың ЭКГ белгісі:

@ RR арақашықтығы бірдей болғанда жүрекшелік және қарыншалық комплекстердің бір-біріне тәуелсіз соғуы

@ PQ интервалының 0,1 сек кем болуы

@ P тісшелерінің болмауы

@ тұрақты емес әртүрлі пішінді және амплитудалы f толқындарының болуы

@ тұрақты түрде QRST кешендерінің түсіп қалуы

~ ЭКГ – белгі пароксизмальды қарыншалық тахикардияда анықталады:

1. қарыншалық кешендер алдындағы оң Р тісшелері

2. қарыншалық кешендер алдында Р тісшесі болмайды

3. QRS кешенінің 0,12 сек кеңеюуі

4. ырғақ жиілігі минутына 140

5. ST сегментінің депрессиясы

@ 2,3,4

@ 1,2,3

@ 3,4,5

@ 1,3,5

@ 2,4,5

~ Тахикардия кезінде QRS кешенінің кеңеюімен қатар Р тісшелерінің болмауы - тән:

@ қарыншалық пароксизмальды тахикардияға

@ жүрекшелік пароксизмальды тахикардияға

@ атриовентрикулярлы пароксизмальды тахикардияға

@ синусты аритмияға

@ синусты тахикардияға

~ Толық атриовентрикулярлы блокадасының диагностикасы мына ЭКГ белгіге негізделінеді:

@ RR арақашықтығы дұрыс болғанда жүрекшелік және қарыншалық комплекстердің бір-біріне тәуелсіз пайда болуы

@ PQ интервалының 0,2 сек ұзағырақ болуы

@ P тісшелерінің болмауы

@ PQ интервалының 0,1 сек кем болуы

@ Венкебах-Самойлов кезеңінің болуы

~ Синусты түйін әлсіздігі синдромы диагностикасының жетекші әдісі:

@ өңеш арқылы кардиостимуляция

@ ЭХОКС

@ Тәуліктік мониторлау

@ ВЭМ сынамасы

@ стресс – эхокардиография

~ Синусты түйін әлдсіздігі синдромы бар науқастарға өңеш арқылы кардиостимуляция жүргізген кездегі асистолия кезеңінің ұзақтығы:

@ 1 ½ сек жоғары

@ ½ сек жоғары

@ 1 сек жоғары

@ Асистолия болмайды

@ Асистолия ұзақтығы уақытының диагностикалық маңыздылығы жоқ

~ Науқас 40 жаста, митральды қақпақшаның ревматизмдік стенозы мен жеткіліксіздігі бар. Жүрек соғуы ырғағының бұзылысы сезіміне шағымданады. ЭКГ – Р тісшісі жоқ, f толқындары, RR арақашықтығы әр түрлі. ЖЖЖ – минутына 100. Болжамды ырғақ бұзылысы:

@ жыбыр аритмиясы

@ Синусты аритмия

@ Экстрасистолия

@ тыныстық аритмия

@ пароксизмальды қарыншалық тахикардия

~ II дәрежелі атриовентрикулярлы блокаданың Венкенбах – Самойлов кезеңдері бар I типі (Мобитц бойынша) сипатталынады:

@ PQ интервалының біртіндеп ұзарып QRST кешендерінің периодты түрде түсіп қалуымен

@ PQ интервалының ұзаруы (0,2 сек жоғары)

@ PQ интервалы біртіндеп ұзарып, PQRST кешендерінің түсіп қалуымен;

@ РQ 0,12 сек қысқаруы және QRST кешенінің түсіп қалуымен

@ PQ интервалы қалыпты болуымен және Р тісшесінің периодты түрде түсіп қалуымен

~ Фредерик синдромының ЭКГ белгісі:

@ атриовентрикулярлы блокада III дәрежесі+ жүрекше жыбыры

@ атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі + жүрекше жыбыры

@ атриовентрикулярлы блокада I дәрежесі + жүрекше жыбыры

@ синоаурикулярлы блокада II дәрежесі + жүрекше жыбыры

@ синоаурикулярлы блокада I дәрежесі + жүрекше жыбыры

~ Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің I ФК ентігу пайда болады:

@ ауыр физикалық күш түскенде

@ тыныштықта

@ горизонтальды жағдайда

@ жеңіл физикалық күш түскенде

@ күнделікті физикалық күш түскенде

~ Идиопатиялық қарыншалық тахикардияда нәтижелі:

@ Лидокаин

@ обзидан

@ верапамил

@ новокаинамид

@ кордарон

~ Верапамил тудырады:

@ кальций өзектерінің тежелуін

@ натрий өзектерінің тежелуін

@ калий өзектерінің тежелуін

@ хлорид өзектерінің тежелуін

@ калий өзектерінің белсенуін

~ Қызыл жегілік синдром төмендегі аталған дәріні қабылдағанда дамуы мүмкін:

@ новокаинамидті

@ метопрололды

@ лидокаинді

@ этацизинді

@ верапамилді

~ Артериальдық гипертензия кезінде рениннің секрециясын жоғарылатады:

@ юкстагломерулярлы аппараты мембраналарының бета-адренорецепторларының белсенділігінің артуы

@ Гипернатриемия

@ Жүрекшелік натрийуретикалық гормон

@ Вазопрессин

@ Азот тотығы

~ Aртериалық гипертензия – 1-ші дәрежесі; қауіп факторлары, нысана-мүшелер зақымдануы мен ассоцирленген аурулар жоқ. Артериальды гипертензияның қауіп дәрежесі:

@ төмен қауіп

@ орташа қауіп

@ жоғары қауіп

@ өте жоғары қауіп

@ асқынулардың даму қаупі жоқ

~Артериалық гипертензия - 3 дәрежесі; 1-2 қауіп факторлары бар, нысана-мүшелер зақымдануы мен ассоцирленген аурулар жоқ. Артериальды гипертонияның қауіп дәрежесі:

@ өте жоғары қауіп

@ төмен қауіп

@ Орташа қауіп

@ Жоғары қауіп

@ асқынулардың даму қаупі жоқ

~ Артериалық гипертензия - 3 дәрежесі; қауіп факторлары, нысана-мүшелер зақымдануы мен ассоцирленген аурулар жоқ. Артериальды гипертонияның қауіп дәрежесі:

@ Жоғары қауіп

@ төмен қауіп

@ Орташа қауіп

@ өте жоғары қауіп

@ асқынулардың даму қаупі жоқ

~ Клиникалық протокол бойынша Артериалдық гипертензияның 2 дәрежесі, 3 қауіп тобы бар 48 жастағы науқасты емдеуге көрсеткіш:

@ медикаментозды ем қолдану және қауіп факторларымен күресу

@ қан қысымын 145/90 мм.с.б. дейін төмендету

@ 6 ай аралығында өмір салтын өзгерту және қауіп факторларымен күресу

@ 12 ай аралығында өмір салтын өзгерту және қауіп факторларымен күресу

@ медикаментозды емес ем қолдану және қауіп факторларымен күресу

~ Индапамидтің әсер ету механизмі :

@ нефрон ілмегінің кортикальды сегментінде натрий иондарының реабсорбциясын тежеу

@ ангиотензин-I-айналдырушы ферментінің белсенділігін тежеу

@ B1 және B2-адренорецепторларды қайтымды тежеу

@ Имидазолинді рецепторлардың селективті агонистері

@ Дистальды өзекшелердің бастапқы бөлімдерінде натрий мен хлор реабсорбциясын тежеу

~ Гидрохлортиазидтің әсер ету механизмі:

@ Дистальды өзекшелрдің бастапқы бөлімдерінде натрий мен хлор реабсорбциясын тежеу

@ ангиотензин-I-айналдырушы ферментінің белсенділігін тежеу

@ B1 және B2-адренорецепторларды қайтымды тежеу

@ Имидазолинді рецепторлардың селективті агонистері

@ нефрон ілмегінің кортикальды сегментінде натрий иондарының реабсорбциясын тежеу

~ Клиникалық протокол бойынша 45 жастағы науқаста артериалық гипертензияның 2 дәрежесі; қауып факторы 3. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:

@ медикаментозды ем және қауып факторларымен күрес

@ 6 ай аралығында өмір салтын өзгерту және қауып факторларымен күресу

@ 12 ай аралығында өмір салтын өзгерту және қауып факторларымен күресу

@ Медикаментозды емес емдеу тәсілдері және қауып факторларымен күрес

@ АҚ 150/90 м с.б.дейін төмендету

~ Семсер тәрізді өсінді тұсында естілінетін диастолалық шуыл тән:

@ Үш жармалы қақпақша стенозына

@ аортальдық жеткіліксіздікке

@ Үш жармалы қақпақша жеткіліксіздігіне

@ Митральды жеткіліксіздікке

@ өкпе артериясы қақпақшалары жеткіліксіздігіне

~ Лютембаше синдромына тән:

@ жүрекше аралық перде ақауы + митральды стеноз

@ жүрекше аралық перде ақауы + өкпе артериясының стенозы

@ қарынша аралық перде ақауы + митральды стеноз

@ қарынша аралық перде ақауы + аортальды стеноз

@ жүрекше аралық перде ақауы + аортальды стеноз

~ Грехем-Стилл диастолалық шуы – бұл:

@ өкпе артериясы қақпақшасының салыстырмалы жеткіліксіздігі кезіндегі шуыл

@ Пульмональды қақпақша жеткіліксіздігі кезіндегі шуыл

@ митральды стеноз шуылы

@ "жалған" митральды стеноз шуылы

@ "жалған" үш жармалы қақпақша стенозы шуы

~ Жоғары пульстық қысым, қан тамырындағы қосарланған Траубе тоны мен Дюрозье шуы, тез және жоғары пульс, бастың шайқалуы тән:

@ аортальдық жеткіліксіздікке

@ митральды ақауға

@ аортальды стенозға

@ үшжармалы қақпақша ақауына

@ туа біткен жүрек ақауына

~ «Бытпылдақ» ырғағы ( ритм «перепела») тән:

@ митральды стенозға

@ аортальды стенозға

@ митральды жеткіліксіздікке

@ аортальды жеткіліксіздікке

@ митральды қақпақша пролапсына

~ Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігімен бірге жүрек ұшында голосистолалық шуылдың пайда болуы тән:

@ еміздікше бұлшық етінің үзілуіне

@ қарыншааарлық перденің тесілуіне

@ қолқа аневризмасының жарылуына

@ сол жақ қарыншаның аневризмасына

@ өкпе артериясының эмболиясына

~ Төс сүйегінің сол жақ III қабырға аралығында жұмсақ систолалық шудың естілуі тән:

@ жүрекше аралық перде ақауына

@ қарынша аралық перде ақауына

@ ашық артериалды өзекке

@ қолқа коарктациясына

@ Эбштейн аномалиясына

~ Сол жақ II-ші қабырға аралығында тұрақты систоло-диастолалаық шуылы бар науқасқа зерттеу жүргізілді: ЭКГ – сол жақ қарыншаға күш түсу белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының айқындылығы, өрлемелі қолқаның пульсациясы, сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюы. Болжамалы жүрек ақауы:

@ артериалық өзектің бітелмеуі

@ қолқа коарктациясы

@ Эбштейн аномалиясы

@ Лютембаше синдромы

@ өкпе артериясының стенозы

~ Науқас бас ауруы мен бас айналуына шағымданады. Аускультация – оң жақ II қабырға аралығы мен төс сүйегінің сол жақ қырында систолалық шуыл естіледі. АҚ қолда 180/100 мм.с.б., аяқтарында 130/80 мм.с.б. Болжамалы диагноз:

@ қолқа коарктациясы

@ эссенциальды артериальды гипертония

@ жүрекше аралық перде ақауы

@ артериалық өзектің бітелмеуі

@ қарынша аралық перде ақауы

~ Тыныс алудың соңында төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінде систолалық шудың үдеуі тән:

@ үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігіне

@ митральды қақпақшаның жеткіліксіздігіне

@ митральды қақпақшаның стенозына

@ қолқа қақпақшаның жеткіліксіздігіне

@ қолқа саңылауының стенозына

~ «Систола ішілік» сыртылдау /клик/ байланысты:

@ сол жақ жүрекшеге митральды қақпақшаның пролапсына

@ митральды стенозға

@ аортальды стенозға

@ үш жармалы қақпақша стенозына

@ жүрекше аралық перде ақауына

~ Иценко-Кушинг синдромы кезінде жоғарылайды:

@ глюкокортикоидтар

@ минералокортикоидтар

@ соматотропин

@ кортикотропин

@ катехоламиндер

~ Феохромоцитома кезінде жоғарылайды:

@ катехоламиндер

@ глюкокортикоидтар

@ минералокортикоидтар

@ соматотропин

@ кортикотропин

~ Конн синдромы кезінде қан қысымының жоғарылауы байланысты:

@ тамыр ішінде су мен натрийдің көп жиналуы

@ қанда катехоламиндер концентрациясының жоғарылауы

@ қанда глюкокортикостероидтардың жоғарылауы

@ қанда кортикотропиндердің жоғарылауы

@ бас миының қыртыс асты құрылымдарында доминантаның болуы.

~ Конн синдромы бар науқасқа верошпиронмен сынама жүргізгенде нәтиже береді:

@ калий концентрациясының жоғарылауы, АҚ төмендеуі

@ калий концентрациясының бірден төмендеуі, АҚ төмендеуі

@ натрий концентрациясының бірден төмендеуі, АҚ тұрақтануы

@ альдостерон синтезі төмендейді, АҚ жоғарылауы

@ эпинефрин синтезінің мен АҚ жоғарылауы

~ Науқас 30 жаста, басының ауыруы мен басының айналуына, көз көруінің төмендеуіне шағымданады. Объективті: семіздік, тері асты май клетчаткасының «фартук» типті болуы, ай пішінді бет әлпеті, іштің бүйір бөліктерінде қоңыр-қошқыл түрлі стриялар; гинекомастия; иық және білек терілерінде петехиялар және қан құюлулар; шаштың түсуі, бұлшықеттер тонусы мен күшінің төмендеуі, олардың атрофиясы. АҚ – 170/110 мм.с.б. АГ болжамалы себебі:

@ Иценко-Кушинг ауруы, Иценко-Кушинг синдромы

@ феохромоцитома

@ Аддисон ауруы

@ Конн синдромы

@ Эссенциальды АГ

~ Науқас 26 жаста 2 жыл аралығында периодты түрде АҚ 260/180 мм.с.б. дейін жоғарылайды, кенеттен дамиды, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады, кенеттен төмендейді, криз соңында гиперсаливация, профузды терлеу, 3-5 литрге дейін ашық түсті зәр шығару, әлсіздік болады. Ауру барысында науқас 5 кг. арықтады. Орнынан тұрғанда ортостатикалық гипотензия. АГ болжамды себебі:

@ феохромоцитома

@ Эссенциальды АГ

@ Конн синдромы

@ Иценко-Кушинг ауруы

@ Пейдж синдромы

~ Науқас 30 жаста. Басының ауыруы мен айналуына, жүрек тұсындағы ауыру сезіміне, жүргенде тез шаршағыштыққа шағымданады. Бұл көріністер балалық шақтан байқалынады. Қарағанда: дененің пропорциональды емес дамуы (дененің жоғарғы бөлігінің айқын дамуы, ал керісінше аяқ бұлшық еттерінің төмен дамуы). Аяқтарында пульс әлсіз, толымдылығы төмен. Сол жақ екінші қабырға арлықта және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғана асты артериясында систолалық шуыл, қабырғааралық артериялары пульсациясының үдеуі. Қолдағы АҚ — 170/100 мм с.б., аяқтарында – 90/60 мм с.б. Артериялық гипертензияның себебі туралы тұжырым:

@ қолқа коарктациясы

@ спецификалық емес аортоартериит

@ қолқа саңылауының стенозы

@ артериальды гипертония

@ феохромоцитома

~ Бүйрек поликистозы кезіндегі артериялық гипертензияның себебі болуы мүмкін:

@ өсетін кисталармен тамырлардың басылуына байланысты бүйрек ишемиясы

@ Шумақшалар базальды мембранасында иммунды кешендердің болуы

@ Аралық мида доминантаның пайда болуы

@ Құрсақ қолқасының бүйрекпен басылуы

@ Төменгі қуысты венаның басылуы

~ Реноваскулярлы АГ себебі:

@ бүйректерде магистральды қан айналымның бұзылуы

@ Шумақтарда қан айналымның бұзылуы

@ Зәр шығудың бұзылуы

@ Натрий реабсорциясының төмендеуі

@ Қанда креатининнің жоғарылауы

~ Бүйрек артериясының өзегі мына пайыздан жоғары тарылғанда гипертензия дамиды:

@ 70 %

@ 20%

@ 40%

@ 80%

@ 90%

~ Реноваскулярлы АГ кезінде бүйректі УДЗ байқалады:

@ зақымдалған тамыр жағында бүйрек көлемінің кішіреюі

@ Зақымдалған жаққа қарама-қарсы жақта бүйректің ұлғаюы

@ ТШЖ кеңеюі

@ Сұйық деңгейі бар каверналар

@ Екі бүйрек көлемінің ұлғаюы

~ Реноваскулярлы гипертензияның диагностикасындағы ең құнды әдіс:

@ бүйрек артериясының селективті ангиографиясы

@ УДЗ

@ Бүйрек томографиясы

@ Радиоизотопты ренография

@ Эндогенді креатинин бойынша клиренсті анықтау

~ Науқас 37 жаста. Шағымдары: әлсіздік, арықтау, дене температурасының 37,5С жоғарылауы, физикалық күш түскенде қол, аяқ бұлшықеттерінің ауыруы. Қарағанда: жүректің сол жақ шекараларының ұлғаюы, бүйрек артериялары проекциясында систолалық шу. Пульс сол жақ білек артериясында әлсіреген. Оң жақ қолда АҚ – 140/100 мм.с.б., сол жақ қолында анықталмайды, аяқтарында– 170/120 мм.с.б. АГ болжамды себебі:

@ спецификалық емес аортоартериит (Такаясу ауруы)

@ Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы

@ Вегенер гранулематозы

@ Шенлейн-Генох ауруы

@ Қолқа коарктациясы

~ Дилтиазем дәрілер тобына жатады:

@ кальций антогонистері

@ Бета-блокатор

@ Альфа-блокатор

@ АПФ ингибиторлары

@ Диуретиктер

~ Бала 11 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, физикалық күш түскеннен кейін жүрек қағуына шағымданады. Қарағанда: диффузды цианоз, саусақтары «барабан таяқшалары» пішінді, тырнақтары «сағат шынысы» тәрізді. Жүрек шекаралары кеңейген. Аускультацияда: төстің сол жағында II қабырға аралығында естілетін систолалық шу. Болжамды ақау:

@ Фалло тетрадасы

@ өкпе артериясының ақауы

@ өкпе артериясының стенозы

@ митральды қақпақша пролапсы

@ қолқа коарктациясы

~ Жүректің туа біткен ақауы бар науқасты қарау кезінде сол жақ II, III қабырға аралығының пальпациясында систолалық діріл анықталды. Өкпе артериясында II тон әлсіреген.; төстің сол жағында II қабырға аралығында естілетін систолалық шу. ЭКГ-да - оң жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде – оң жақ қарыншаның шамалы ұлғаюы, өкпе артериясының доғасы шығыңқы, өкпе суретінің әлсіреуі. Жүректің болжам ақау:

@ өкпе артериясының стенозы

@ артериальды өзектің жабылмауы

@ жүрекше аралық перденің ақауы

@ митральды қақпашаның пролапсы

@ қолқа стенозы

~ Артериальды гипертензия кезінде сұйықтықты қабылдау шектеледі:

@ тәулігіне 1-1,5 л дейін

@ тәулігіне 500 мл дейін

@ тәулігіне 800 мл дейін

@ тәулігіне 2-3 л дейін

@ тәулігіне 3л дейін

~ Гипертрофиялық кардиомиопатияда жиі кездесетін синдром:

@ кардиалгиялық

@ Созылмалы қан айналым жеткіліксіздігі

@ Кардиомегалия

@ естен тану жағдайлары

@ бұлшықеттік әлсіздік

~ Науқас 44 жаста, жүрек қағуына, ауа жеткіліксіздігі сезіміне шағымданады. Ауру симптомдары соңғы 3 айда пайда болды және 2 күн бұрын алкоголь қабылдағаннан кейін симптомдар үдеген. Анамнезінде: темекі шегеді, 10 жыл бойы алкогольді көп мөлшерде қабылдайды. Қарағанда: тотальды гипергидроз, аяқта ісіну, жүректің оң жақ бөлігінің ұлғаюы, гепатомегалия. Жүректің аускультациясы: жұптық, топтық экстрасистолалар (ЭКГ-мен дәлелденген қарыншалық экстросистолиялар). Аурудың болжамалы диагнозы:

@ Алкогольдік кардиомиопатия

@ Токсикалық миокардит

@ ЖИА, атеросклерозды кардиосклероз

@ Тиреотоксикоздық кардиомиопатия

@ Гипертрофиялық кардиомиопатия

~ Науқас 30 жаста, жүрек тұсындағы қысып ауыратын, ұзақтығы 5-7 минут, иррадиациясыз, тез жүргенде пайда болып, өздігінен басылатын сезімге шағымданады. Қарағанда: төстің сол жақ қырында қатаң систолалық шу, ЖЖЖ 80 мин. АҚ 115/70 мм рт.ст. ЭКГ: терең Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде. Эхокардиоскопияда: қарынша аралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүректен қан лақтыру 80%. Мүмкін болатын диагноз:

@ гипертрофиялық кардиомиопатия

@ митральды қақпақшаның ревматикалық стенозы

@ рестрикциялы кардиомиопатия

@ дилатациялық кардиомиопатия

@ ЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфарктысы

~ Жіті коронарлық жеткіліксіздікпен асқынған гипертониялық кризді емдеуде қолданған дұрыс:

@ Нитроглицеринді

@ Гидралазинді

@ Арфонадты

@ Дроперидолды

@ Эсмололды

~ Айқын вегетативті реакциямен, беттің гиперемиясымен, бронхоспазммен және диспепсиямен бірге жүретін гипертониялық криз дамиды:

@ карциноидты синдром

@ артериялық гипертензии, 2 дәрежесі

@ феохромоцитома

@ тиреотоксикоз

@ Конн синдромы

~ Клиникалық протокол бойынша Гипертониялық криз кезіндегі шұғыл жағдайларда қан қысымының бастапқы деңгейін қанша % төмендету керек:

@ 25-30 %

@ 50-55 %

@ 100 %

@ 10-15 %

@ 80 %

~ Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ФК ІІІ (ҚАЖ 2Б) және жыбыр аритмиясы бар науқастарға қолданылатын емдеу бағдарламасының ІІІ деңгейін көрсетіңіз:

@ АФ ингибиторлары + гликозидтер + ілмектік диуретиктер + спиронолактон + антиаритмиялық препараттар (кордарон)

@ ААФ ингибиторлары + гликозидтер + ілмектік диуретиктер

@ ААФ ингибиторлары + спиронолактон + антиаритмиялық препараттар

@ ААФ ингибиторлары + гликозидтер

@ ААФ ингибиторлары + ілмектік диуретиктер

~ Атеросклероз кезінде липидті алмасуды қалпына келтіру үшін қолданатын гиполипидемиялық препараттардың ең тиімдісі:

@ статиндер

@ никотин қышқылы және олардың туындысы

@ өт қышқылының секвестранттары

@ фибраттар

@ витаминдер

~ Жедел МИ кезінде КФК жоғарлауының басталуы тән:

@ 3 сағаттан кейін

@ 6 сағаттан кейін

@ 12 сағаттан кейін

@ 24 сағаттан кейін

@ 48 сағаттан кейін

~ Науқас 40 жаста поступила с жалобами на физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек аймағындағы қысып ауырсынуға, ауырсыну сол жақ жаурынға тарайды. Ауырсынудын ұзақтығы 15минутқа дейін, валокардинге басылады. Ауырсыну 8 жылдан бері мазалайды. АҚҚ қалыпты. Қарау кезінде кардиомегалия анықталды, журек ұшында систолалық шу естіледі. ЭхоКГ-да – қарынша аралық перденің қалындығы 1,5 см, перденің гипокинезі. Сол жақ қарыншаның қуысы азайған, қақпақшалар интакттісі. Болжам диагнозы:

@ Гипертрофиялық кардиомиопатия

@ ЖИА, тұрақты стенокардия

@ Нейроциркуляторлық дистония

@ Миокардит

@ Аорта коарктациясы

~ 52 жастағы науқас жүректің ревматизмдік ақауымен, сол жақ қарынша жетіспеушілік клиникасымен. Қарау кезінде анықталды: Боткин нүктесінде және сол жақта 2 қабырға аралықта систолалық және диастолалық шу естіледі. Дөрекі тембрлі систолалық шу төс ойығынан және ұйқы артериясынан естіледі. Пальпацияда төстін оң жағында 2 қабырға аралықта систолалық діріл анықталады. 2-ші тон әлсіреген. Біріккен ақау диагнозы қойылған. Аорта қақпағының жетіспеушілігі бар екені келесі белгілер дәлелдейді:

@ диастолалық шу

@ систолалық шу

@ 2 қабырға аралықтағы систолалық діріл

@ 2 тонның әлсіреуі

@ систолалық және диастолалық шулар

~ 15 жастағы науқасқа клиникалық тексеру жүргізу нәтижесінде: жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, жүрек шекаралары сол жаққа және жоғарыға ығысқан, жүрек мықыны тегістелген. Аускультацияда: жүрек ұшында 1 тон әлсіреген және систололық шу естіледі, өкпе артериясының үстінде 2 тон акценті. Рентгенографияда – жүректің сол жақ бөлімдерінің ұлғаюы. Сіздің диагнозыңыз:

@ митральды қақпақтың жетіспеушілігі

@ сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің тарылуы

@ үшжармалы қақпақтың жетіспеушілігі

@ аорта қақпағының жетіспеушілігі

@ аорта сағасының тарылуы ~ Науқас 39 жаста, бұрын миокард инфарктісін басынан кешірген, аорто-коронарлық шунттан кейін 3 апта өткесін антикоагулянт қабылдау фонында ентігу күшейген, ісік пайда болған, жүректін өлшемдері ұлғайған және доғанын контурлары тегістелген. Сәйкес келетін себептерді атаңыз:

@ Перикадтомиядан кейінгі экссудативті перикардит

@ гидроперикард

@ экссудативті перикардит

@ Қайталамалы миокард инфарктісі

@ тромбоэмболиялық асқынулар

~ Науқас 55 жаста, клиникаға жедел жәрдем көмегімен нитроглицеринге басылмайтын төс артындағы ауырсыну шағымымен келіп түсті. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. Жүрек тондары тынықталған, аритмиялық. Пульс – 96 рет минутына. АҚҚ – 110/70 мм.с.б. Қарау кезінде кенеттен естен танды, қорылдады, тоникалық құрысулар болды. Тынысы жоқ, пульс анықталмайды. ЭКГ-да – толқын тәрізді қисықтар. Ұсынылатын ем:

@ электроимпульстік терапия

@ адреналин енгізу

@ адреналин және кальций хлорын журек ішіне жіберу

@ эндокардиалдық электростимуляция

@тікелей емес жүрек массажы

~ Науқас 67 жаста клиникаға мына диагнозымен түсті: жедел артқы миокард инфарктісі. Мониторлауда QRS комплексінің төмендеуімен циклден циклға ауысқанда P-Q интервалы ұзаруда. ЖСЖ – 56 рет минутына. Клиникалық протокол бойынша ұсынылатын ем:

@ уақытша кардиостимуляция

@ тұрақты кардиостимуляция

@ изопропилнорадреналин

@ нуклеин қышқылының ко фактор синтезі

@ обзидан

~ Науқас И., 48 жаста, бас ауруы, көз алдында «шіркейлер» ұшып жүруі, физикалық жүктемеден кейін, сирек тыныш күйде пайда болатын жүрек ұшындағы кезеңді шаншып ауыруы, ұйқысының нашарлауы мазалайды. Алғаш рет 6 жыл бұрын АҚҚ 160/100 мм.с.б. көтерілуі анықталған. Тұрақты түрде резерпинмен ем жүргізілген. Соңғы 2 жылда жүктемеден кейін жүрек аймағындағы шаншып ауырғандықты сезген, соңғы жылда өткізілген антигипертензивті терапияның әсері жоқ. Бойы 164, Салмағы 82 кг. Жүрек тондары тынықталқан, аорта үстінде 2 тон акценті. АҚҚ 180/115 мм с.б., пульс 68 рет мин, ырғақты, қатқыл. Зәр анализі: С/т-1010, лейкоцит- 2-4 көру айм.., эритроцит 0-1 көру айм.., қандағы глюкоза 7,8 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз:

@ Гипертония ауруы ІІІ дәр

@ Аорта, жүрек ,бас-ми тамырларының атеросклерозы. Артериальды гипертония

@ ЖИА стенокардия

@ Аорта коарктациясы

@ Созылмалы гломерулонефрит

~ Науқас 31 жаста, кетентен таңертең басталған кеуде клеткасындағы (төс артында, жаурын аралығында) және мойнындағы интенсивті ауырсынуға шағымданып түсті., ауырсыну 2 сағат бұрын басталған. Нитроглицерин қабылдаған, баралгин егілген - әсері байқалмаған. Бұрын конституционалды Марфан синдромының ерекшелігіне байланысты (салм-70 кг, бойы-181 см, қол саусақтарының ұзын болуы), арасында қарыншалық экстрасистолия, лабильді артериалды гипертония 160/100 мм с.б. дейін болуымен негізделді. Жүрек ақауы жоқ. Жалпы жағдайы ауыр, қатты ауырсынуға байланысты. Пульс-80 рет минутына, ырғақты. АҚҚ - 160/50 мм с.б. Жүректің барлық жерінде қатқыл систолалық шу, мойын тамырларына таралады. Төстің сол жағында 3 қабырға аралықта - өте жай (убывающий) протодиастолалық шу естіледі. ЭКГ, жалпы қан анализі - ерекшеліксіз. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – аорта доғасының деңгейінде средостения 13 см-ге ұлғайған. Науқаста дамыған асқыну:

@ Аорта аневризмасының ажырауы

@ Миокард инфарктісі

@Өкпе артериясының бұтағының тромбоэмболиясы

@ Жүректін жарылуы

@ кардиогенді шок

~ Науқас Я., 28 жаста кеуде клеткасының пульсация сезімі, кезеңді бас ауруы мен бас айналуға, шаршағыштықтың күшею мазалайды. Балалық шағында ангинадан кейін –полиартриттің атакасы болған. 1 жыл бұрын салқын тигеннен кейін қалтырау, ұзақ уақыт дене қызуы 38° С көтерілген, дәрігер ЭТЖ жоғарлауын, анемияны, протеинурияны анықтаған. Ұзақ уақыт антибиотикпен емделген, бірақта сол кезден бері жоғарыдағы шағыидар мазалап келеді. Тері жамылғысы бозарған, мойын тамырларының пульсациясы күшейген, өкпесінде сырылдар жоқ. Жүрек аймағында айқын пульсация, орналасуы – VI қабырға аралықта бұғана орта сызығынан сыртқары. Журектің салыстырмалы сол жақ шегі – бұғана орта сызығынан 3 см-ге сыртқары, жоғарғы және оң жағы – өзгермеген. Жүрек ұшында және Боткин нүктесінде I және II тоннан кейін шу естіледі. II қабырға аралықта төстің оң жағында II тон кенет әлсіреген, I және II тоннан кейін шу естіледі. АҚҚ 130/50 мм.с.б., пульс 88 рет минутына., биік, жылдам, толық. Қан анализі: эритроцит 4,3x1012/л, гемоглобин 120г/л, лейкоцит 7,5x109/л, лейкоцитарлы формула өзгермеген, ЭТЖ 18 мм/сағ, гистиоцит 2-4 препаратта. С-реактивті белок реакциясы теріс мәнді, антистрептолизин және антигиалуронидаза титрлері 250 ед төмен. Аурудың дамуында науқастын жағдайын нашарлады:

Соседние файлы в папке 22-02-2016_08-49-44