Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

22-02-2016_08-49-44 / кардиология каз

.doc
Скачиваний:
262
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
4.37 Mб
Скачать

@ Инфекциялық эндокардит

@ Қайталамалы ревматикалық атака

@ Жедел пневмония

@Өкпе артериясының тромбоэмболиясы пневмония инфарктісімен бірге

@ Жедел гломерулонефрит

~ 38 жастағы ер адам, жаймен жүрген уақытта пайда болатын ентігуге, аяғының ісінуіне, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. 1 ай көлемінде аурумын деп санайды, ЖРВА ауырған. Өкпесінде қатқыл тыныс. Жүректін салыстырмалы шегі оң және сол жаққа ұлғайған. Жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, 1 тоннан кейін жүректін барлық аймағында шу естіледі. Пульс 110 рет минутына, аритмиялық, АҚҚ - 110/70 мм.с.б. Бауыр қабырға доғасынан 5 см-ге шығыңқы. Қан анализнде: эритроцит 3.8х1012, гемоглобин 112 г/л, Т/К - 1,0; лейкоцит 9,2х109/л (нейтрофилдер сегментоядросы 63%, таяқшаядросы 7%, лимфоцит 23%, моноциты 7%, эозинофил 0%) ЭТЖ 33 мм/сағ. С-реактивті белок реакциясы оң мәнді. Зәр анализі: Салыстырмалы тығыздық 1034, белок 0,033%, эритроцит- бірен-саран, лейкоцит - 2-4 көру аймағында. Жүрек өлшемінің үлкеюінің мүмкін болатын себебі:

@ Спецификалық емес миокардит, ауыр ағымы

@Гипертрофиялық кардиомиопатия

@ дилатациялық кардиомиопатия

@ жүректін ревматикалық митральды ақауы

@ амилоидоз

~ Науқас А., 17 жаста жүрек аймағының сыздап и қысып ауруына, жүректің шалыс сағуына байланысты жатқызылды. 1 апта бұрын дене қызуы 37,7 градусқа көтерілген, жүрек аймағында ауырсыну пайда болған. ЭКГ-да миокард инфарктісіне ұқсас өзгерістер анықталды. Қарау кезінде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аускультацияда төстің сол жағында IV қабырға аралығында I тоннан кейін шу естіледі, тондар тынықталған. Пульс 90 рет минутына, бірен-саран экстрасистолалар. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 1,2х109/л (нейтрофилдер сегментядролары 70%, таяқшаядролары 6%. эозинофил 2%, лимфоцит 16%, моноцит 6%) ЭТЖ 28 мм/час. Жалпы белок 78 г/л. Альбумин 45 сал%, Глобулин 55 сал%, (а1-8, а2-15, бета-16, гамма - 16 отн%). С-реактивті белок реакциясы оң мәнді. . Сіздің алғашқы диагнозыныз:

@ Жедел ревматизмдік емес миокардит

@ Ұсақ ошақты миокард инфарктісі

@ Жедел перикардит

@Жедел сол жақты төменгі бөлікті пневмония

@ Сол жақты плеврит

~ Науқас М., 58 жаста, төс артындағы қатты ауырсынуға, оның мойын және төменгі жаққа таралуына, қатты әлсіздікпен жүруіне, салқын терге шағымданып стационарға түсті. 3 жыл бұрын АҚҚ жоғарлауы байқалған, гипотензивті терапия жүгізілмеген. Күніне 20 түйір шылым шегеді. Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ерінінде цианоз. ТАЖ 24 рет минутына, өкпесінде сырылдар жоқ. Жүрек тондары тынықталған, систолалық шу және аорта үстінде 2 тон акценті, АҚҚ 110/70 мм с.б., пульс 120 рет минутына, ырғақты. Қан анализі: эритроциттер 4,8xl0'2/л, лейкоциттер 16,2х10/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Сіздің алғашқы диагнозыныз:

@ Жедел миокард инфарктісі

@ Ұзаққа созылған стенокардия ұстамасы

@Жедел перикардит

@ Жедел плевропневмония

@ Кеуде бөлігінің омыртқасының остеохондрозы қыртыс синдромымен

~ Бес белгінің төртеуі бір ауруға тән болып табылады: 1. Лукина дағы. 2. Ослер түйіні. 3. перикард шуы. 4. тырнақ астындағы сызықты геморрагиялар. 5. Румпель – Лееде – Кончаловский симптомы:

@ инфекциялық эндокардитке

@ перикардитқа

@ иммунды тромбоцитопенифлық пурпураға

@ ревматоидты артритке

@ ревматизмге

~ К. деген, 48 жастағы науқас стационарда инфекциялық эндокардит бойынша ем алуда. Фебрильді қызба екі апта бойы сақталып, жүрек шамасыздығы белгісі жедел қолқа жетіспеушілігі төңірегінде дамып, қақпақтағы вегетация көлемі 10 мм астам ұлғайды, өкпенің ұсақ артериясының тромбоэмболиясының белгісі пайда болды. Сіздің емдеу тактикаңыз:

@ оперативті ем жүргізу

@ антибиотикті алмастыру

@ антибиотиктің дозасын көбейту

@ иммуномодуляторды қосу

@ қанды лазермен сәулелендіру

~ Бес белгінің төртеуі бір ауруға тән: 1. ауырғандық. 2.перикард шуы. 3. Парадоксальды пульс. 4. қарынша аралық перде гипертрофиясы. 5. стандартты тіркемеде ST сегментінің элевациясы:

@ перикардит

@ миокарда инфарктасы

@ плеврит

@ гипертрофиялық кардиомиопатия

@ өкпе арртерияларының тромбоэмболиясы

~ Экссудативті перикардиты бар, 28 жастағы науқаста айқын ентігу, өлім сезімі қаупі, мойын веналарының кеңеюі, салқын тер, мойны, беті, мұрны мен құлағының ісінуі, жіп тәрізді пульс пен қан қысымыеың төмендеуі пайда болды. Шұғыл түрде жүргізілуі тиіс:

@ перикардқа пункция

@ тұссыз тағам

@ диуретиктер беру

@ сұйықтықты 600 мл дейін шектеу

@ глюкокортикоидты беру

~ ЖРВИ басынан кешкен 34 жастағы науқаста кеуденің ортасында өткір ауырсыну пайда болды, дем алғанда күшейеді, арқасына иррадиацияланады, жөтелмен бірге жүреді. Аускультацияда жүректе айқын «сықыр» тәрізді шу естіледі. ЭКГ: стандартты және кеуде тіркемелерінде ST сегментінің көтеріліуі байқалады, бірақ QRS комплексі өзгеріссіз. Сіздің диагнозыңыз:

@ перикардит

@ өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

@ пневмония

@ плеврит

@ қолқа аневризмасының шарбылануы

~ ЭКГ-дағы белгіні атаңыз:

@ суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия

@ пароксизмальды қарыншалық тахикардия

@ пароксизмальды жыбыр аритмиясы

@ синусты тахикардия

@ синусты аритмия

~ ЭКГ –да тіркелген өзгерістер:

@ қарыншалық эстрасистолия

@ экстрасистолия АВ құрамасынан из атриовентрикулярного соединения

@ жүрекшелік экстрасистолия

@ қосарланған жүрекшелік экстрасистолия

@ топталған қарыншалық экстрасистолия

~ НЦД бар науқастарда тыныс мүшелерінде болатын өзгерістердің патогенетикалық механизмі немен түсіндіріледі:

@ гипервентиляциямен

@ өкпе гипертензиясымен

@ өтпелі бронхоспазммен

@ өкпе веналарында қысымның көтеріліуімен

@ жүрекке келетін қан көлемінің төмендеуімен

~ 36 жастағы науқаста сағат таңғы 4-те жүрек тұсында қатты кеудені «жарған» тәрізді әлсіздікпен, салқын тершеңдікпен бірге жүретін ұстама пайда болды. «Жедел көмек» дәрігері түсірген ЭКГ-да 11, 111, аVF , V5-6 тіркемелерде күмбез тәрізді SТ сегментінің көтерілуі тіркелді. Ауырғандықты басқаннан кейін ЭКГ - дегі өзгерістер қалпына келді.Болжамды диагноз:

@ Вариантты стенокардия ұстамасы

@ солжақ қарыншаның артқы қабырғасының миокард инфарктасы, жедел кезең

@ дилатациялық КМП

@ стенокардия ұстамасның ұзаруы

@жедел перикардит

~ Клиникалық протокол бойынша тікелей атикоагулянт (гепаринді) жедел миокард инфарктісі кезінде қолданғанда қанның келесі көрсеткішін бақылау қажет:

@ жартылай активтелген тромбопластин уақыты (АЧТВ)

@ қан ұю ұзақтығы

@ протромбин индексі

@ рекальцификация уақыты

@ фибриноген деңгейі

~ Жүрек шамасыздығы белгісін күшейтетін препарат:

@ верапамил

@ лидокаин

@ кордарон

@ бретилия тозилат

@ каптоприл

~ Гипертония ауруының 1 дәрежесімен ауыратын науқастардың еңбекке қабелетінің төмендеуі:

@ гипертониялық кризден

@ парастезиядан

@ бас аурудан

@ көз алдына дақтар пайда болудан /«мелькание мушек»/

@ жүректің шаншып ауруына байланысты дамиды

~ Жыбырдың ырғақсыз «дұрыс емес» түріне жатады:

@ атриовентрикулярлы блокаданың дәрежесінің өзгеруі

@ жыбыр артмия синдромы

@ жүрекшелік толқындардың ырғақсыз жиілікте болуы

@ трепетанияның әр түрлі ұзақтығының ұстамасы

@ трепетанияның толық антривентрикулярлы диссоциациямен қосарласуы

~ Парадоксальды пульс – бұл:

@ Дем алу кезінде пульс толықтығының төмендеуi

@ Дем алу кезінде пульс жиiлiгiнiң артуы

@ Дем шығару кезінде пульс жиiлiгiнiң артуы

@ Дем шығару кезінде пульс толықтығының төмендеуi

@ Оң және сол жақ пульс толықтығының айқын айырмашылығы

~ "Бөдене" ырғағы мынаған тән:

@ Митральды стеноз

@ Қолқа стенозы

@ Митральды жетiспеушiлiк

@ Қолқа жетiспеушiлiгі

@ Митральды қақпақша пролапсы

~ аVL, V5-6 тіркемелерінде ұзақтығы 0,14 сек. жарықшақтанған R тiсшесі бар QRS комплексінің деформациясы мен кеңеюi, V1-3 QS ненің белгісі болып табылады

@ Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы

@ Гис будасының сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы

@ Гис будасындағы сол аякшасының артқы тармағының блокадасы

@ Гис будасының сол аяқшасының толық емес блокадасы

@ Гис будасының оң аяқшасының толық блокадасы

~ Артериялық гипертензияның қауіптілік деңгейін анықтаңыз: АҚҚ – 1 дәрежесі, қауіпті фактор, нысана мүшелердің зақымдануы, қосарланған аурулар жоқ.

@ Төменгі қауіп

@ Орташа кауіп

@ Жоғарғы кауіп

@ Өте жоғарғы кауіп

@ Асқынудың даму қаупі жоқ

~ 40 жастағы әйелде көп жылдан бері эхокардиографияда және катетеризация арқылы дәлелденген митральдық стенозға байланысты бақылауда тұрады. Соңғы 6 айда үдемелі ентігу, үй жұмыстарын орындай алмау, түнгі мезгілде жүрек тұншықпасы, жүрекшелер жыбырының пароксизмі мазалайды. Үлкен қан айналым шеңберінде іркіліс белгілері жоқ.Тиімді ем:

@ Митральды комиссуротомия

@ Диуретиктер

@ Преднизолон

@ Антиагреганттар

@ Дигоксин

~ 47 жастағы науқаста эхокардиографиямен дәлелденген гипертрофиялық субаортальды стенозы анықталды. Ауру стенокардия мен жүректің шалыс соғуы ентігумен қатар жүреді. Дәрігердің қате кеңесі:

@ Нитроглицерин

@ Ентікпені күшейтетін жүктемені шектеу

@ Ас тұзын шектеу

@ Пропранолол

@ Фуросемид

~ 55 жастағы науқас горизонтальды күйде, күшейетін аз күш түскен кездегі ентігуге, аяғының ісінуіне шағым айтады. Соңғы айларда аурудың белгісі біртіндеп күшейді. Объективті: мойын веналарының ісінген. Пульс минутына 100 рет, ырғақты, қан қысымы с.б.б. 100/60 мм. Жүрек ұшы соққысы 6 қабырғааралықта, жүрек негізінде мойынға таралатын дөрекі систолалық шу естіледі. Бауыры 7 см ұлғайған, аяқтарында ісік. Науқасты жүргізу жөніндегі дұрыс емес түсінік :

@ Аз мөлшерде каптоприлді тағайындау

@ Науқаста тотальды жүрек жетіспеушілігі

@ Диуретиктерді тиімді пайдалану ентігуді азайтады

@ Жүрек шамасыздығына алып келетін себебші және түрткі факторларды анықтауда толық зерттеу жүргізу

@ Қолқа сағасының тарылуының айқын белгісі бар

~ 72 жастағы ишемиялық жүрек ауруымен ауыратын науқас, атеросклерозбен, стенокардиямен, гипортониялық аурулармен, II этаптарға диетамен және күн тәртібін ұсынумен қатар амбулаторлы дәрілермен емдеуді ұсынды. Аурудың бүкіл жағдайы жақсарды, бірақ жүрген кезде аяқтың балтыр бұлшыкеттік аурулары пайда болды.Көмектесетін дәрі-дәрмек :

@ Пропранолол

@ Нитроглицерин тіл астына (стенокардии ұстамасы болғанда)

@ Каптоприл

@ Тазепам

@ Нитромазь

~ 34 жастағы геолог орман шаруашылығының денсаулық бекетіне қаралды. Соңғы апталарда қысқа уақытта және сәл күш түскенде пайда болатын төс маңындағы қысу сезіміне шағым айтады. Жүктемені азайтқаннан кейін 2-3 минуттан соң аталған белгілер жойылады. Бұрын ауырмаған, жұмысы әр уақытта бір қалыпты емес күш түсумен байланысты болған. Объективті: жүрек соққысының сәл күшеюі, кеуденің сол жақ қырынан әлсіреген протодиастолалық шу естіледі. Пульсі 64 рет, ырғақты. АҚҚ с.б.б. 140/60 мм. Болуы мүмкін диагноз:

@ Қолқа жетіспеушілігі

@ Жүректің ишемия ауруы

@ Митральды стеноз

@ Гипертониялық ауру

@ Қолқа сағасының тарылуы

~ Артериялық гипертензиясы (АҚҚ с.б.б. 190/100 мм; ЖЖЖ – 56 рет минутына) және подагралық артритпен аллопуринол (конц. зәр қышкылы 0,57 ммоль/л) алатын науқасты алғашқы рет емдеу үшін қандай гипотензивті препараттар қолданылады:

@ Амлодипин

@ Гипотиазид

@ Пропранолол

@ Триампур

@ Верапамил

~ Китаев рефлексі болуы мүмкін:

@ Өкпе веналарының созылуы

@ Митральдық регургитация

@ «Сол жүрекше-сол қарынша» қысымының төмендеуі

@ Жүрекке қанның көп келуі

@ Сол қарыншада артериялық қысымының көтерілуі

~ Сол қарыншалық жетіспеушілікке тән:

@ Ортопноэ

@ Мойын веналарының ісінуі

@ Асцит

@ Анорексия

@ Гепатомегалия

~ Клиникалық протокол бойынша ЖИА-ны анықтау үшін ең маңызды зерттеу әдісі:

@ Селективті коронография

@ ЭКГ тыныштық күйде

@ Велоэргометрия

@ Медикаментозды жүктеме тест

@ Эхокардиография

~ 1 жыл бойы тұрақты стенокардияның ФК ІІ классымен ауыратын науқаста соңғы 5 күнде стенокардиялық ұстама саны көбейіп, физикалық күшке төзімділік төмендеп, ауырғандық ұстамасы тыныш күйде пайда болып, нитроглицеринге тәуелділік артты. Дұрыс диагноз:

@ ЖИА, үдемелі стенокардия

@ ЖИА, тұракты стенокардия ФК ІІІ

@ ЖИА, Принцметал стенокардиясы

@ ЖИА, Q-тісшесінің миокард инфарктiсi

@ ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия

~ Жедел инфаркт миокард ауруын басынан өткізген науқаста, кеуде клеткаларында ауырғандық, қызба, перикардтағы үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарлауы пайда болды. ЭКГ динамикасы өзгеріссіз. Науқаста бар асқыну :

@ Инфаркттан кейінгі Дресслер синдромы

@ Миокард зақымдануының аймағына жайылуы

@ Миокардтың жыртылуы

@ Идиопатиялық перикардит

@ Жүрек хордаларының үзілуі

~ Егде жастағы гипертониялық криз кезінде тіл астына тағайындалатын препарат :

@ Нифедипин

@ Анаприлин

@ Нитроглицерин

@ Капотен

@ Клофелин

~ Қолқа стенозының жағымсыз көрінісі болып табылады:

@ Жүрек астмасы

@ АҚҚ с.б.б. 100/70 мм

@ Төстің оң жағында 2-ші қабырғааралықта систолалық діріл

@ Қарыншалық экстрасистолалар

@ Гис будасы сол аяқшасының блокадасы

~ 40 жастағы науқас әйел қарыншаүстілiк тахикардия пароксизмасымен (жүректiң органикалық зақымдану белгiлерінсiз) зардап шегедi және 2 жылдан астам уақыт новокаинамидпен ем жақсы нәтиже бередi. Басынан өткерген салқын тию (простуда) ауруларынан кейін 1 ай уақыт кызба, әлсiздiк және атралгия сақталған. Пенициллинмен 10 күн ем алуы нәтижесiз. Бұл синдромның этиологиясын анықтауда көмектесетін зерттеу әдісі:

@ Қандағы «қызыл жегілік» клеткаларды тексеру

@ Зақымданған буындардың рентгенограммасы

@ Электрокардиография

@ Манту реакциясы

@ Қан себіндісі (посев)

~ 2 рет естен тану көрінісін берген жүректің сирек жиырылуымен 55 жастаға М. деген науқас реанимация бөліміне жеткізілген. ЖЖЖ - 35 рет минутына. АҚҚ с.б.б. 100/70 мм. ЭКГ-да жүрекшелердің тәуелсіз жиырылуы 100 рет минутына, қарыншаларда 30-35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16 сек., деформацияланған. Миоглобин және Т тропонинi жоғарылаған. Миокард инфарктісі диагнозы қойылған. Науқаста дамыған асқыну:

@ Морганьи-Эдемса-Стокс синдромы ұстамасымен толық атриовентрикулярлық бөгеме

@ Синоаурикулярлы бөгеме

@ Кардиогенді шок

@ Самойлов-Венкебах кезеңімен атриовентрикулярлық бөгеменың ІІ-ші дәрежесі

@ Жүрекшелер дірілінің брадисистолалық түрі

~ Нашақор науқаста жоғары қызба төңірегінде ентігу, жүрек соғуы пайда болды. Объективті: жүректің сол жақ шегінің үлкеюi, тахиаритмия, Боткин-Эрб нүктесінде диастолалық шу, АҚҚ с.б.б. 120/60 мм, гепатоспленомегалия анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

@ Инфекциялық эндокардит

@ Дилатациялық кардиомиопатия

@ Экссудативтік перикардит

@ Ревматикалық емес миокардит

@ Жедел өкпе текті жүрек

~ Науқас 56 жаста, төс артының басып ауырғандығына, оның сол қолға, мойынға таралғандығына, нитроглицерин қабылдаған соң ауырғандықтың басылғандығына шағым айтады. 1 ай бойы ауырған. ЭКГ-да: кеуде тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы, терiс T тiсшесi. 2 күннен соң ЭКГ өзгеріссіз. ЖИА-ның клиникалық түрі:

@ ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия

@ ЖИА, тұракты стенокардия ФК ІІІ

@ ЖИА, Принцметал стенокардиясы

@ ЖИА, Q-тісшесінің миокард инфарктiсi

@ ЖИА, үдемелі стенокардия

~ Cтенокардия ұстамасын алдын алуда қолданады:

1. Нитроглицерин

2. Кардикет

3. Конкор

4. Изокет- спрей

5. Моносан

@ 2,3,5

@ 1,2,3,4,5

@ 1,2,4,5

@ 2,5

@ 4,5

~ 25 жастағы әйел басының айналуына, қысқа уақытты талма ұстамаларына шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталды. ЭКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Келесі жүрек ақауының болуы мүмкін:

@ Аорта саңылауның тарылуы

@ Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы

@ Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі

@ Митральді қақпақшаның жетімсіздігі

@ Өкпе артериясы саңылауының тарылуы

~ ЖИА-ның модифицирленбеген қауіп факторлары:

1.Жас

2.Тұқым қуалаушылық

3.Темекі шегу

4.Жынысы

5.Семіру

@1,2,4

@1,2,3,4,5

@1,4

@2,3,5

@3,5

~ Сол жақ қарынша аневризмасының ЭКГ көрінісі:

@ «Тұрақталған» ЭКГ

@ «Мұздатылған» ЭКГ

@ «Суыған» ЭКГ

@ «Ұйқтаған» ЭКГ

@ «Тұрған» ЭКГ

~ Клиникалық протокол бойынша Дилатациялық кардиомиопатияның негізгі диагностикалық әдісі болуы БАРЫНША мүмкін:

@ ЭхоКГ

@ ЭКГ

@ Сцинтиграфия

@ Коронароангиография

@ Позитронды-эмиссионнды томография

~ 49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

@ Инфаркттан кейінгі синдром

@ Инфекциялық эндокардит

@ Перикардит

@ Плеврит

@ Сепсис

~ Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:

@ ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек.

@ ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек

@ ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындау

@ Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек.

@ ЖИА. Принцметалл стенокардиясы

~ Науқасты рентгенологиялық зерттегенде жүрек көлеңкесінің ұлғайғаны, жүрек контурының тегістелуі, жүрек «белінің» жойылуы, әлсіз пульсация анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ Перикардит

@ Плеврит

@ Пневмония

@ Жүректің қатпарланған аневризмасы

@ Өкпе артенриясының тромбоэмболиясы

~ 16 жастағы жігіт мезгіл - езгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағуы мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты. Клиникалық хаттамаға сәйкес синкопені нақтылау үшін ақпаратты зерттеу әдісі:

@ ЭКГ Холтерлік мониторлау

@ Вентрикулография

@ Өңеш арқылы эхокардиография

@ Жүректің өңеш арқылы электростимуляция

@ Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу

~ 73 жастағы ер адам, реанимация бөліміне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауыру сезімі ауруханаға дейінгі кезеңде жойылды. Объективті: тері жамылғылары сұрғылт, суық жабысқақ термен жабылған. Өкпеде іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚ- 30/0 мм сын. бағ. ЭКГ: V2 - V6 тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы. Клиникалық протокол бойынша бірінші кезекте енгізу тиімді:

@ Допаминді

@ Лазиксті

@ Изокетті

@ Промедолды

@ Тромбофлюксті

~ Жүрек жетіспеушілігінің IІІ функционалдық классы:

@ Физикалық активтіліктің айқын шектелуі

@ Күшейтілген физикалық күштемеден кейінгі ЖЖ белгілері

@ Физикалық активтіліктің аздап шектелуі

@ Тышыш жағдайдағы ЖЖ белгілері

@ Жасырын жүрек жетіспеушілігі

~ P-Q ұзаруы QRST түсіп қалумен сипатталады:

@ Самойлов-Венкебах

@ Морганьи-Адамс-Стокс

@ Щеткин-Блюмберг

@ Вольф-Паркинсон-Уайт

@ Мобитц

~ 42 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда ерте пайда болатын төс артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

@ ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

@ ЖИА. Күштемелік стенокардия II ФК

@ ЖИА. Күштемелік стенокардия III ФК

@ ЖИА. Күштемелік стенокардия IV ФК

@ ЖИА. Үдемелі стенокардия

~ Р. атты 55 жастағы науқас сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия. АҚ – 110/70 мм с.б. ЭКГ: STV2-V4 сегментінің элевациясы. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі зерттеу тәсілі:

@ Коронарография

@ ӨАЭС

@ Вентрикулография

@ миокард сцинтиграфия

@ Позитронды-эмиссиялық томография

~ 48 жастағы ер адам қызба, ентігу, бас ауыруына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақтарының ұштары терісінде қызыл-көк түсті ауыру сезімді тығызданулар; шынтақ бүкпесінде көптеген инъекция іздері; конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Қаннан жасыл стрептококк табылды. Эхокардиографиялық зерттеуде БАРЫНША мүмкін зерттеу:

@ Вегетациялар

@ Аортаның атеросклерозы

@ Қуыстардың кеңеюі

@ Жүрек қақпақшаларының тығыздануы

@ Қарына аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы

~ Ентігу, тұншығу ұстамасы, физикалық күштемеге төзімділіктің төмендігі, инфантилизм, физикалық дамудың кешігуі, жүректегі систолалық шуыл мынаған БАРЫНША ТӘН:

@ жүректің іштен туа пайда болған ақауларына

@ өкпе эмфиземасына

@ бронхиальды астмаға

@ жүректің жүре пайда болған ақауларына

@ бронх-өкпе жүйесінің іштен туа пайда болған аномалияларына

~ Стенокардия жіктеледі:

1. Күштемелі стенокардия

2. Миокард инфаркты

3. Алғаш пайда болған стенокардия

4. Үдемелі стенокардия

5. Принцметал стенокардиясы

@ 1,3,4,5

@ 1,2,3,4,5

@ 2,4,5

@ 1,3

@ 3,4,5

~ Кардиология бөліміне төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданған ауыр жағдайда 50 жастағы ер адам әкелінді. Объективті: тері жабындысы сұрғылт түсті, суық жабысқақ тер. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚ 90/60 мм сын. бағ. ЭКГ: коронарлық қан айналымның жедел бұзылысы. Проксизмальді қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізілген, бірақ ырғақ қалпына келмеген. Клиникалық протокол бойынша жүрек ырғағын қалпына келтіру үшін жедел түрде қалпына келтіру үшін жасалу керек:

@ Электрлік кардиоверсия

@ Аблация

@ реваскуляризация

@ электрокардиостимуляция

@ жүрекшеледің өнеш кардиостимуляция

~ B- адреноблакторларды тағайындаудың абсалютті қарсы көрсеткіштер:

1. Анық синусты брадикардия

2. Синус түйінінің әлсіздігі

3. Импотенция

4. АВ- блокада 3 дәрежелі

5. Қант диабеті

@ 1,2,4

@ 1,2,3,4,5

@ 1,4

@ 2,3,4,5

@ 3,5

~ Күшейген, жайылған, төмен және солға ығысқан жүрек ұшы соққысы; жүрек ұшында қолтық астына берілетін голосистолалық шу; жүрек ұшында I тонның әлсіреуі; жүректің митралды конфигурациясы неғұрлым тән:

@ Митралды қақпақшаның жетіспеушілігіне

@ Қолқа сағасының стенозына

@ Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

@ Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігіне

@ Сол жақ атриовентрикулярлық саңылаудың стенозына

~ Көлемді протеинурия, шумақтық фильтрацияның төмендеуі кезіндегі артериялық гипертензия неғұрлым тән:

@ Гломерулонефритке

@ Пиелонефритке

@ Бүйрек поликистозына

@ Зәр тас ауруына

@ Бүйрек қан айналымының бұзылуына

~ 27 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшеге жүрек қағу ұстамасына, төс артындағы қысым сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары сәл тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚ – 90/60 мм с.б. ЭКГ- V2-V3 тіркемелерде ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі зерттеу тәсілі:

@ Тәуліктік ЭКГ мониторлау

@ Эхокардиография

@ Вентрикулография

@ Коронароангиография

@ Велоэргометрия

~ Клиникалық протокол бойынша коронарлық үш артерия зақымданған жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқасқа неғұрлым тиімді тактика:

@ Аортокоронарлық шунттау

@ Аблация

@ Стентирлеу

@ ЭКС имплантациясы

@ Транслюминалды ангиопластика

~ Жоспарлы электроимпульстік терапия нәтижелі болуы үшін неғұрлым тиімді:

@ Оның алдында антикоагулянттар тағайындау

@ Кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау

@ Кардиоверсияға дейін үш күн бұрын жүрек гликозидтерін тағайындау

@ ЭИТ жүргізгеннен кейін антикоагулянттар мен дезагреганттарды доғару

@ Кардиоверсияға дейін бір тәулік бұрын антиаритмиялық препараттарды доғару

~ Т. атты 19 жастағы науқас әйел шамалы физикалық күштемеден кейін кейде тұншығу сипатын алатын ентігуге; оң қабырға астында ауырлық сезіміне, ісінулерге шағымданады. Қарағанда: айқын цианоз, саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді. Жүрек үстінде дөрекі шу. ЭхоКГ қарыншааралық перденің кемістігі мен оң қарыншадан шығатын жолдың тарылуы. Осы ақау кезіндегі асқыну мен өлім себебі:

@ Ми көк тамырларының тромбозы

@ Сол қарыншалық жетіспеушілік

@ Инфекциялық эндокардит

@ Оң қарыншалық жетіспеушілік

@ Цианоздық ұстамалар кезіндегі артериялық гипоксемия

~ 42 жастағы науқасты бір жыл бұрын ентігу, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі мазалай бастаған. Содан кейін түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары, балтырдың ісінулері қосылған. Соңғы айлары қан түкіру кезеңдері пайда болған. 0б-ті: өкпенің төменгі бөліктерінде – дауыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек тондары тұйық. ЖСЖ – минутына 90 рет. Жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жыпылық аритмиясы, тахисистолалық формасы. ЭхоКГ: сол жүрекше – 4,4; сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі - 8,2. Оң қарынша – 3,2. Айдау фракциясы-21%. Диффузды гипокинезия. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ Дилатациялық кардиомиопатия

@ Ревматикалық емес миокардит

@ Алкогольдік кардиомиопатия

@ Ишемиялық кардиомиопатия

@ Рестриктивті кардиомиопатия

~ Реанимациялық бөлімшеге 19 жастағы науқас клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Жаттығу кезінде кенеттен естен танып, жүрегі тоқтап қалған. Толық көлемде жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижесіз. Аутопсияда кардиомегалия қарыншааралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігі мен сол қарыншаның бос қабырғасының айқын гипертрофиясымен, шығатын жолдың айқын обструкциясымен. Өлімнің неғұрлым мүмкін себебі:

@ Қарыншалар фибрилляциясы

@ Жүрекшелер фибрилляциясы

@ Қарыншаүстілік тахикардия

@ Атриовентрикулярлық блокада

@ Синустық түйіннің әлсіздік синдромы

~ 45 жастағы науқас қалтыраумен өтетін фебрилді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы, бел тұсындағы ауырсынуларға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарда – петехиалды бөртпелер; «барабан таяқшалары» мен «сағат шынысы» симптомы. Зерттегенде: эритроциттер - 2,9 млн, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл:

@ Эхокардиография

@ Бронхоскопия

@ Сцинтиграфия

Соседние файлы в папке 22-02-2016_08-49-44