Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

22-02-2016_08-49-44 / кардиология каз

.doc
Скачиваний:
262
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
4.37 Mб
Скачать

@ Буындардың рентгенографиясы

@ Өкпенің компьютерлік томографиясы

~ 68 жастағы науқас аздаған физикалық күштемеде және тыныштықта пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде – миокард инфарктымен ауырған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚ – 110/60 мм.с.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – созылмалы коронарлық жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:

@ Кардикет

@ Кетонал

@ Дигоксин

@ Коринфар

@ Эуфиллин

~ А. атты 47 жастағы науқас ірі ошақты артқы-диафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚ - 150/100 мм с.б. ЭхоКГ гипокинезия аймағы анықталды. Клиникалық протокол бойынша Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:

@ Алғашқы 6 сағатта

@ Алғашқы 24 сағатта

@ Екінші тәулікте

@ Тыртықталу кезеңінде

@ Жедел кезеңде

~ 34 жастағы науқас басының ауыруына, басының айналуына, талуға шағымданады. Объективті: оң жақ ІІ қабырға аралығында мойын көк тамырларына берілетін систоланың ортасында максималды естілетін дөрекі систолалық шу. Вальсальва сынамасында шу азаяды және тыныс алу кезінде өзгеріссіз қалады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:

@ Қолқа қақпақшасын протездеу

@ Дәрілік ем

@ Митралды комиссуротомия

@ Трикуспидалды қақпақшаның пластикасы

@ Митралды қақпақшаны протездеу

~ Қарыншалар дилятациясымен, жыпылық аритмиясымен, шоқырақ ырғағымен және іркілісті сырылдармен өтетін жүрек жетіспеушілігімен асқынған жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын науқасты емдеу жоспарында неғұрлым тиімді тағайындау:

@ Жүрек гликозидтері

@ Диуретиктер

@ Кортикостероидтар

@ β-адреноблокаторлар

@ Кальций антагонистері

~ 40 жастағы науқасты ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. 0бъективті: өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары кеңейген, тондары тұйық, жүрек ұшында - систолалық шу; жыпылық аритмиясы, тахисистолалық формасы. ЭхоКГ: сол қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі- 8,2. Айдау фракциясы-21%. Неғұрлым тиімді тактика:

@ Перифериялық вазодилататорлар

@ Милдронат

@ Преднизолон

@ Ретаболил

@ АПФ ингибиторлары

~ 48 жастағы науқас инфекциялық эндокардит бойынша ауруханада емделуде. Фебрилді лихорадка екі апта бойы сақталуда, жедел қолқалық жетіспеушілік негізінде жүрек жетіспеушілік белгілері үдеуде, қақпақшалардағы вегетация көлемі 10 мм артық ұлғаюда, өкпе артериясының ұсақ тарамдарының тромбоэмболиясының белгілері пайда болды. Неғұрлым тиімді тактика:

@ Оперативтік ем

@ Антибиотикті ауыстыру

@ Иммуномодуляторларды қосу

@ Антибиотиктердің дозасын арттыру

@ Қанды лазерлік сәулелендіруді тағайындау

~ 26 жастағы науқас тұмаумен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң ентігудің, жүрек тұсында ауырсынудың, дене қызуының көтерілуінің пайда болғанын айтады. Қарағанда: ортопноэ, балтырдың ісінуі. Өкпеде іркілісті сырылдар, ТЖ- минутына 32 рет. Кардиомегалия. Жүрек тондары тұйық, III тон естіледі, жүрек ұшында систолалық шу, жыпылық аритмиясы. ЖСЖ – минутына 110 рет. АҚ - 100/60 мм с. б. Бауыры 3 см. ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы. ЭКГ: І дәрежелі АВ-блокада, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ: сол қарынша қуысының үлкеюі, айдау фракциясы - 40%. Неғұрлым тиімді тактика:

@ Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

@ Глюкокортикоидтар

@ Антибиотиктер

@ Антикоагулянттар

@ Анаболиктер

~ Көбінесе төстің сол қыры бойында, әсіресе сәл алдыға еңкейіп отырғанда жақсы естілетін жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу неғұрлым тән:

@ Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

@ Қолқа сағасының стенозы

@ Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі

@ Сол жақ атриовентрикулярлық саңылаудың стенозы

@ Оң жақ атриовентрикулярлық саңылаудың стенозы

~ Кардиомегалия, жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілісті жүрек жетіспеушілігі неғұрлым тән:

@ Дилатациялық кардиомиопатияға

@ Ревматикалық емес миокардитке

@ Гипертиреоидты кардиомиопатияға

@ Климактериялық кардиомиопатияға

@ Гипертрофиялық кардиомиопатияға

~ З. атты 43 жастағы науқас сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия. АҚ – 110/70 мм с.б. ЭКГ: STV2-V4 сегментінің элевациясы. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі зерттеу тәсілі:

@ Коронарография

@ Велоэргометрия

@ Вентрикулография

@ Эхокардиография

@ Позитронды-эмиссиялық томография

~ 48 жастағы науқас ірі ошақты миокард инфаркты бойынша емделуде. 2-тәулікте кеуде клеткасында қатты ауырсыну, ентігу, шамалы қақырықпен жөтел, қан түкіру пайда болып, жағдайы күрт нашарлаған. ЭКГ: алдыңғы миокард инфарктының жедел кезеңі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты қараю. Неғұрлым мүмкін асқыну:

@ Өкпе артериясы тарамдарының тромбоэмболиясы

@ Өкпе ісінуі

@ Жедел аневризма

@ Жүрек тампонадасы

@ Дресслер синдромы

~ 19 жастағы науқас ентігуге, басының ауыруына, көз алдының қарауытуына, аяқтарының жансыздануына, тез щаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артерияларындағы пульс қатты, жылдам, сан артерияларында әлсіз, аз толымды. АҚ қолдарында 170/90 мм с.б., аяқтарында 100/70 мм с.б. Жүрек аускультациясы: Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында омыртқа маңы аймағына берілетін әлсіз систолалық шу. Рентгенде: қабырғалар узурациясы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ қолқа коарктациясы

@ Фалло триадасы

@ қолқа саңылауының стенозы

@ митралды қақпақшаның пролапсы

@ сол жақ атриовентрикулярлық саңылаудың стенозы

~ Біріншілік өкпе гипертензиясымен ауыратын 18 жастағы науқаста күре тамыр артерияларының білеуленуі және пульсациясы, оң "көк тамырлық пульс", бауырдың ұлғаюы мен систолалық пульсациясы, гепато-югулярлық рефлюкс анықталады. Аускультативті: семсер тәрізді өсіндінің негізінде естілетін, тыныс алу шегінде күшейетін, жүрек ұшына берілетін систолалық шу; I тонның әлсіреуі. Шудың жүрек ұшына берілуінің неғұрлым мүмкін себебі:

@ Оң қарыншаның аса ұлғаюы

@ Қанның регургитациясы

@ Қан ағымының жылдамдауы

@ Өкпеде қысымның жоғарылауы

@ Сол қарыншаның ұлғаюы

~ 38 жастағы науқасты 1,5 жыл бойы айқын ентігу, тұншығу ұстамалары, аяқтарының ісінуі, оң қабырға астында қысымды сезіну мазалайды. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Өкпеде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, 1 нүктеде систолалық шу, ЖСЖ-синутына 120 рет, бауырдың шеті қабырға доғасынан 3 см.шығып тұр. Балтырда ісінулер. ЭхоКГ: екі қарыншаның ұлғаюы. Айдау фракциясы - 21%. Митралды қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі. Дилатациялық кардиомиопатия анықталған. Қан айналу жетіспеушілігінің неғұрлым мүмкін сатысы:

@ ҚЖIIБ 3 ФК

@ ҚЖ жоқ

@ ҚЖI 1 ФК

@ ҚЖII А 2 ФК

@ ҚЖIII 4 ФК

~ Науқасты рентгенологиялық зерттегенде жүрек көлеңкесінің ұлғайғаны, жүрек контурының тегістелуі, жүрек «белінің» жойылуы, әлсіз пульсация анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ Перикардит

@ Плеврит

@ Пневмония

@ Жүректің қатпарланған аневризмасы

@ Өкпе артенриясының тромбоэмболиясы

~ Ангинозды ауырсынулар, талуға бейімділік, ұстама тәрізді түнгі ентігу, төстің сол жақ қыры бойымен 3-4 қ/а мойын тамырларына берілмейтін қатты систолалық шу неғұрлым тән:

@ Гипертрофиялық кардиомиопатияға

@ Ревматикалық емес миокардитке

@ Дилатациялық кардиомиопатияға

@ Гипертиреоидты кардиомиопатияға

@ Климактериялық кардиомиопатияға

~ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста ортопноэ, акроцианоз; төменгі-бүйір бөліктерде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтардың ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика:

@ Диуретиктер

@ Кортикостероидтар

@ бэтта-адреноблокаторлар

@ Кальций антагонистері

@ Физиотенз

~ 67 жастағы науқас ауыр ентігуге, кейде түнгі уақытта тұншығуға, жатқан кезде пайда болатын құрғақ аз өнімді жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше миокард инфаркты. Зерттегенде: өкпе артериясында ІІ тон акценті, өкпеде дауыссыз сырылдар, гепатомегалия, аяқтарда айқын ісінулер, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, аралық пердеде, жүрек ұшында және сол қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

@ Лазикс

@ Эгилок

@ Вазилип

@ Моноприл

@ Дилтиазем

~ 73 жастағы науқас жан сақтау бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы күшті басып ауырсыну ауруханаға дейінгі кезеңде басылды. Объективті: тері жабындылары сұр түсті, суық жабысқақ тер басқан. Өкпеде – іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, АҚ 30/0 мм с.б. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің депрессиясы. Жедел жүрек жетіспеушілігінің белгілерін емдеуде неғұрлым тиімді:

@ Допамин

@ Лазикс

@ Изокет

@ Промедол

@ Варфарин

~ 64 жастағы науқас артериялық гипертензиямен ұзақ уақыт ауырады. АҚ ең жоғарғы көтерілуі 250/120 мм с.б. 0б-ті: ортопноэ, өкпеде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар, көп мөлшерде көбікті қақырық, жүрек тондары анық, тахикардия, ЖСЖ-минутына 130 рет, АҚ - 260/120 мм с. б. Шұғыл терапия жоспарында неғұрлым тиімді тағайындау:

@ Урегит

@ Морфин

@ Престариум

@ Натрий нитропруссид

@ Конкор

~ Өкпелік гипертензиямен ауыратын науқас жөтелге, күштеме кезінде бас айналуына шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, кеуде клеткасы «бөшке тәрізді», семсер тәрізді өсіндіде пансистолалық шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия, балтырда ісінулер. Неғұрлым тиімді диуретик: 1. Гипотиазид 2. Урегит 3. Фуросемид 4. Верошпирон 5. Лазикс

@ 1

@ 1,2

@ 2,3

@ 3,4

@ 4,5

~ Экссудативті перикардитпен ауыратын 28 жастағы науқаста кенеттен айқын ентігу дамыды; мойын көк тамырлары білеуленіп, суық тер жапты, беті мен мойындары ісінген, акроцианоз, жіп тәрізді пульс; коллапс дамыды. Неғұрлым тиімді тактика:

@ Перикардтың пункциясы

@ Диуретиктер

@ Тұзсыз диета

@ Глюкокортикоидтар

@Сұйықтықты тәулігіне 600 мл дейін шектеу

~ Стенокардияға патогномды болып табылады

@ төс артының ауыруы және ЭКГ-да ST сегментінің1 мм-ге және одан көп депрессиясы

@ ЭКГ – да өзгеріссіз физикалық күштемеде төс артының ауыруы

@ физикалық күштемеден кейін экстрасистолияның дамуы

@ ST –нің 1 мм-ге және одан аз көтерілуі

@ III стандарты және аVF әкетулерінде Q сермесінің ұлғаюы

~ Стенокардия ұстамасының айқындығы мен жиілігін бәсеңдету, систолалық АҚҚ-ын бастапқы деңгейден 10-15%-ға төмендету, ЖЖЖ-ін минутына 7-10 –ға жоғарылату, миокардтың ишемиялық көрінісінің жоғалу белгілері келесі топ препараттардың әсерінен:

@ нитраттарға

@ кордаронға

@ бэтта-адреноблокаторларға

@ кальций антагонистеріне

@ калий каналдарының активаторларына

~ И. атты 74 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Шұғыл жүргізу зерттеу:

@ ЭКГ, тропонин Т-ны

@ Tl201сцинтиграфияны

@ ЭхоКГ добутаминмен

@ ЭКГ физикалық күштемемен

@ тәуліктік ЭКГ мониторлау

~ Жедел миокард инфарктымен ауырған 68 жастағы науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз:

@ Дресслер синдром

@ зақымданған миокард көлемінің ұлғаюы

@ идиопатиялық перикардит

@ миокард жарылуы

@ жүрек хордаларының үзілуі

~ В. атты 37 жастағы науқас, екі күн бұрын суықтағаннан кейін пайда болған, жүрек тұсындағы тыныс алумен байланысты ұзақ уақытқа созылған, шаншып ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздаған тахикардия, сол қырына жатқанда тұтас систола мен диастоланы алатын, денесін алдыға еңкейткенде күшейетін «аяқ астындағы қардың сықыры» тәрізді шуылдар естіледі. АҚҚ-110/70 мм с.б.б., ЖҚА: лейкоциттер - 10,5 мың., ЭТЖ - 18 мм/сағ. ЭКГ- I, II, III, V3-V6 шықпаларында ST сегментінің күмбез тәрізді жоғарылауы. Науқасқа қандай дәріге қарсы көрсеткіш:

@ гепаринді

@ аевитті

@ кетоналды

@ мовалисті

@ милдронатты

~ Қарынша аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы, жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясының патологоанатомиялық субстратын құрайды:

@ Фалло тетрадасын

@ Эбштейн аномалиясын

@ Лютембаш синдромын

@ Эйзенменгер синдромын

@ артериальдық бағанасының бітіспеуін

~ Науқас 75 жаста, бірнеше ай бұрын болған инфаркт миокардынан кейін ентігуге, аяқтарының ісінуіне, жалпы әлсіздікке. Қан анализінде - Hb 155 г/л. ЭКГ- синусты тахикардия және алдыңғы қабырға мен қарынша аралық пердеде ошақты өзгерістер бар. Науқастың диагнозы:

@ жүрек жетіспеушілігі

@ ошақты пневмония

@ созылмалы обструктивті бронхит

@ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

@ миокардиодистрофия

~ Н. атты 37 жастағы науқас басының ауруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшықеттердің ауыруы, жалпы әлсіздік, кейде тырысулар мен шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. 1 жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларында қиғаш жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015.Науқастың жағдайын жақсартуға көмектесетін барынша мүмкін емдеу әдісі:

@ оперативті ем

@ ААФ ингибиторлары

@ бэтта-адреноблокаторлары

@ I1 имидазолиндік рецепторлардың агонистері

@ ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері

~ Науқас А. 40 жаста бас ауруы, бас айналуы, естен тануға шағымдармен түсті. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жүрек шекаралары солға ұлғайған, оң жақтағы ІІ қ/а, төстің сол жақ қырында жоғары тембрлі, протодиастолалық бәсеңдеген шуыл және әлсіреген II үн естіледі. Қан тамырларында Траубенің қос үні және Дюрозьенің қос шуылы, Квинке, білек артериясының пульстері жоғары әрі тез 100 рет мин., АҚ - 160/60 мм.с.б.б. Науқасты қандай тәсілмен емдеу неғұрлым тиімді:

@ аорталық қақпақшаны протездеу

@ кардиологтың бақылауы

@ медикаменттік ем

@ оперативті вальвулотомия

@ митральді қақпақшаны протездеу

~ 16 жастағы науқас күш түскендегі ентігуге, тез шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде – жиі бронхы-өкпелік инфекциялар. Тері жабындары бозарған, жүрек ұшы соққысы күшейген, төс сүйектің сол жақ шетімен IV қабырға аралығында пансистолиялық шудың эпиорталығы, өкпе артерия үстінде ІІ тон акценті. ЭхоКГ-дан күтілетін өзгерістерді көрсетіңіз:

@ Сол қарыншадан оң қарыншаға қанның кері ағуы

@ Қанның сол қарыншадан сол жүрекшеге регургитациясы

@ Қанның оң қарыншадан оң жүрекшеге регургитациясы

@ Сол жүрекшеден оң жүрекшеге қанның кері ағуы

@ Қанның қолқадан сол қарыншаға регургитациясы

~ Төмендегі ЭКГ-да жүрек ырғақ бұзылысының тіркелген түрі:

@ Жыпылық аритмиясы (жүрекшелер фибрилляциясы)

@ Суправентрикулярлы монотопты экстрасистолия

@ Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

@ Суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия

@ Суправентрикулярлы топтасқан экстрасистолия

~ Жедел жәрдем терапия бөліміне төс артындағы күйдіріп және эпигастридегі аурысынумен науқас келіп түсті. ЭКГ-да келесі көрініс: Сіздің диагнозыңыз:

@ ЖИА. Сол қарыншаның алдыңғы перде аймағының, жүрек ұшының және алдыңғы бүйір қабырғаларының миокард инфарктысы

@ ЖИА. Сол қарыншаның артқы диафрагмалды қабырғасының миокард инфарктысы

@ ЖИА. Сол қарыншаның алдыңғы бүйір қабырғасының миокард инфарктысы

@ ЖИА. Сол қарыншаның артқы базалды қабырғасының миокард инфарктысы

@ ЖИА. Сол қарыншаның алдыңғы перде аймағы және жүрек ұшының миокард инфарктысы.

~ Миокард инфарктының жедел сатысындағы асқыну:

1. Жүрек тампонадасы

2. Кардиогенді шок

3. Дресслер синдромы

4. Ритм және өткізгіштіктің бұзылуы

5. Өкпе ісігі

@ 1,2,4,5

@ 1,2,3,4,5

@ 1,2,4

@ 1,3,4,5

@ 2,3,5

~ С. атты 40 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз:

@ Дилатациялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

@ Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым

@ Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)

@ Ишемиялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ І (ФК І)

@ Рестриктивті кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

~ Науқас О, 35 жаста, қызбамен жүретін фебрилді температураға, жөтелге, қан түкіруге, буындардағы, белдегі ауырсынуға шағымданады. Екі апта бойы жеде аорталық жетіспеушілік фонында жүрек жетіспеушілігі көріністері өршіген, қанның екі сынмаларында тұрақты бактериемия бар, зәрдің жалпы анализінде гематурия белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз:

@ Инфекциялық эндокардит, аорта қақпақшаларының жетіспеушілігі, өкпе артериясының ұсақ тамырларының тромбоэмболиясы, бүйрек инфарктысы.

@ Гутпасчер синдромы, альвеолит, гломерулонефрит

@ Жүйелі қызыл жегі, кардит, аорталды жетіспеушілік, гломерулонефрит

@ Ревматикалық емес миокардит, салыстырмалы аорталды жетіспеушілік, гломерулонефрит

@ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, жүректің аорталды ақауы, гломерулонефрит

~ Төмендегі ЭКГ-да жүрек ырғағы немесе өткізгіштігі бұзылысының тіркелген түрі:

@ Толық А-В блокада

@ Жүрекшелер жыбыры

@ Синусты аритмия

@ Жыпылық аритмия

@ Қарыншалар жыбыры

~ Клиникалық протокол бойынша жіті миокард инфарктында фибринолитикалық емiнiң тиiмдi мезгiлi:

@ 3-4 сағатқа дейiн

@ 12 сағ.дейiн

@ 24 сағ дайiн

@ 48 сағ.дейiн

@ 1 апта бойы

~ Ентігу, тұншығу ұстамасы, физикалық күштемеге төзімділіктің төмендігі, инфантилизм, физикалық дамудың кешігуі, жүректегі систолалық шуыл мынаған БАРЫНША ТӘН?

@ жүректің іштен туа пайда болған ақауларына

@ өкпе эмфиземасына

@ бронхиальды астмаға

@ жүректің жүре пайда болған ақауларына

@ бронх-өкпе жүйесінің іштен туа пайда болған аномалияларына

~ Тыныс алу органдарының созылмалы ауруы кезінде өкпелік гипертензияның себептерін көрсетініздер:

@ Өкпелік гипертензия өкпе тамырларында қарсыласудың жоғарлауы салдарынан

@ Өкпелік гипертензия өкпе веналарында қысымның жоғарлауы салдарынан өкпе артериолалардың рефлекторлы спазмымен байланысты

@ Өкпелік гипертензия өкпе веналарында қысымның жоғарлау салдарынан

@ Өкпелік гипертензия өкпе артериясындақан айналымның жоғарлауы салдарынан

@ Өкпелік гипертензия сол жақ жүрекшедеқысымның жоғарлауы салдарынан

~ Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:

@ ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек.

@ ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек

@ ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындау

@ Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек.

@ ЖИА. Принцметалл стенокардиясы

~ 68 жастағы ер кісі 4 сағат бұрын басталған жедел миокард инфарктымен жатқызылды. ЭКГ-да қысқа жылдамдақтағы қарыншалық экстрасистолалардың жиілігі көбейіп барады. Дәріні тағайындаңыз.

@ Лидокаин

@ Амиодарон

@ Флеканид

@ Хинидин

@ Верапамил

~ Науқас 65 жаста, шұғыл терапия палатасына алдыңғы қабырғаның жедел миокард инфаркты диагнозымен түсті. АҚ 150/100 мм.сн.бғ., ЖСС 100 рет мин. 2 күннен кейін қысқа уақытқа пайда болған ентікпеге шағымданды. АҚ 100/70мм.сн.бғ, ЖСС 120 рет мин., ТЖ 32 рет мин. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар пайда болды. Төстің төменгі бөлігінде голосистолалық шу, ат шабысының дүбірі ритмі пайда болды. Диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеу әдісін таңдаңыз.

@ эхокардиография

@ 12 әкетуде электрокардиограмма

@ өкпе рентгенографиясы

@ өкпе артериясында қысымды өлшеу

@ Артериальді қандағы газдарды зерттеу

~ А. атты 62 жастағы науқас трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні науқастың жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және үдеген оң қарыншаның жетіспеушілік белгілері пайда болды. Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда жүргізілуі керек зерттеу әдісі:

@ ЭхоКГ

@ ЭКГ

@ ӨАЭС (ЧПЭС)

@ селективті коронароангиография

@ кеуде торшасы ағзаларының рентгенография

~ АГ және диабетпен ауыратын науқастарда бүйрек жетіспеушілігінің үдеуін алдын алу үшін келтірілген стратегиялардың қайсысы пайдалы болып саналмайды:

@ Бета- блокаторамен терапияның басталуы

@АР-ІІ және терапияның басталуы

@АҚ-ның төмендеуі < 120/75 мм. рт. ст.

@ АПФ және терапияның басталуы

@ АПФ және терапияның басталуы АР-ІІ бірлескен

~ 43 жастағы науқас, бір ай бұрын миокардитпен ауырған, физикалық күш түскеннен кейін ауыр, ұстама тәрізді ентігу пайда болды. Қарағанда: тері жабындылары бозғылт, ортопноэ. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСС 106 р мин. АҚҚ=110/70 мм сбб. Аускультативті: төменгі бөлімдерде ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ = 25 р мин. Бауыры қабырға доғасы бойымен. ЭКГ – да тісшелер вольтажы төмендеген, Т тісшесінің инверсиясы. Осы жағдайда жүргізілетін шара:

@ фуросемид к/т

@ прессорлы аминдерді енгізу

@ эуфиллин ішке

@ анаприлин ішке

@ симпатомиметиктер ингаляциясы

~ Төмендегі ЭКГ-да жүрек ырғағы немесе өткізгіштігі бұзылысының қандай түрі тіркелген:

@ Қарыншалық пароксизмалды тахикардия

@ Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық кедергісі

@ Гис шоғырының сол жақ аяқшасының толық кедергісі

@ Қарыншалық топтасқан экстрасистолия

@ Суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия

~ Миокард инфарктысының орналасуы мен сатысын көрсетіңіз:

@ Сол қарыншаның артқы диафрагмалды қабырғасының ірі ошақты миокард инфарктысы, жедел сатысы

@ Сол қарыншаның алдыңғы перде аймағының, жүрек ұшының және алдыңғы бүйір қабырғаларының ірі ошақты миокард инфарктысы, жедел сатысы

@ Сол қарыншаның алдыңғы бүйір қабырғасының трансмуралды миокард инфарктысы, жеделдеу сатысы

@ Сол қарыншаның артқы базалды қабырғасының ірі ошақты миокард инфарктысы, тыртықтану сатысы

@ Сол қарыншаның алдыңғы септалды қабырғасының ірі ошақты миокард инфарктысы, жедел сатысы

~ Реанимациялық бөлімге Т. атты 29 жастағы науқасты клиникалық өлім жағдайында алып келді. Жаттығу кезінде кенеттен есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігі мен солжақ қарыншаның бос қабырғалығының шығар жолының айқын гипертрофиялық обструкциясы. Өлімге соқтыратын барынша мүмкін себеп:

@ қарыншалардың фибрилляциясы

@ қарынша үстілік тахикардия

@ атриовентрикулярлық бөгеме

@ синус түйінінің әлсіздік синдромы

@ жүрекшешелердің дірілі

~ Төмендегі ЭКГ-да жүрек өткізгіштігі бұзылысының түрі тіркелген:

@ Гис шоғырының сол жақ аяқшасының толық кедергісі

@ Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық кедергісі

@ Гис шоғырының сол жақ аяқшасы, артқы тармағының кедергісі

@ Гис шоғырының сол жақ аяқшасының толық емес кедергісі

@ Гис шоғырының сол жақ аяқшасы, алдыңғы тармағының кедергісі

~ Науқас М., 25 жаста жүрек соғуына,тез жүрген кезде ентігуіне шағымданады.Ревматологтың тіргеуінде тұр.Күшті, жайылған, төмен және солға ығысқан жүрек ұшының соққысы, жүрек ұшында қолтық астына берілетін голосистолалық шуыл, жүрек ұшындағы әлсіреген I үн; жүректің митральді конфигурациясы мынаған барынша тән:

@ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы митральді қақапақшаның жеткіліксіздігі СЖЖ І

@Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта сағасының стенозы СЖЖ ІI

@ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы аорта қақпақшаларының жеткіліксіздігі СЖЖ І

@ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі СЖЖ ІII

@ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы сол жақ атриовентрикулалық саңылаудың стенозы СЖЖ ІI

~ Науқас К, 48 жаста, инфекциялық эндокардит бойынша стационарда емделіп жатыр. Фебрильді қызба 2 апта сақталған, жедел аорталды жетіспеушілік фонында жүрек жетіспеушілік көріністері өршіген, клапандардағы вегетация көлемі 10мм жоғары ұлғайған, өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбоэмболиясы белгілері пайда болды. Клиникалық протокол бойынша рационалды емдеу тактикасын анықтаңыз:

@ оперативті ем жүргізу

@ антибиотикті ауыстыру

@ иммуномодуляторларды қосу

@ антибиотиктер дозасын жоғарлату

@ қанды лазерлі сәулелеуді тағайындау

~ Реанимация бөлімшесіне миокард инфарктысымен ауыратын науқас жеткізілді. Екінші тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлап, екі рет есінен танған. ЖСС минутына 36 рет. АҚ 100/65 мм.сын.бағ. ЭКГ-да: тәуелсіз жүрекшелер ырғағы минутына 100 рет, қарыншалар ырғағы минутына 33-36 рет. QRS кешені – 0,16˝, деформацияланған. Науқас жағдайының нашарлауы себебін анықтаңыз:

@ Толық АВ-блокадасының Морганьи-Эдемс-Стокс ұстамасымен болуы

@ Кардиогенді шоктың дамуы

@ Идиовентрикулярлы ырғақтың туындауы

@ Синоаурикуларлы блокаданың пайда болуы

@ ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Венкебах кезеңімен пайда болуы

~ Клиникалық протокол бойынша RS-T сегментінің тұрақты жоғарылауынсыз жедел коронарлық синдромы бар науқаста кардиомиоциттер некрозын білдіретін сезімтал және арнайы маркер:

@ Тропониндер

@ КФК

@ АсАТ

@ АлАТ

@ ЛДГ1

~ 52 жастағы ер адам баспалдақпен 3 қабатқа көтерілгенде пайда болып, нитроглицерин қолданғанда жойылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады. Ауру ұзақтығы 1 айдан көп. Жүрек тондары бәсеңдеген. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Дұрыс диагноз:

@ ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК ІІ

@ ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия

@ ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК ІІІ

@ ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК ІV

@ ЖИА. Үдемелі күштеме стенокардиясы

~ Реанимация бөлімшесіне 55 жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖСС 35 рет мин. АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ: тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет/мин., қарыншаның жиырылуы 30-35 рет мин., QRS комплекстері 0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркті диагнозы қойылған.

Соседние файлы в папке 22-02-2016_08-49-44