Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

604 Ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.

12-БИЛЕТ

12.Батыс Түрік қағанаты

Батыс Түрік қағанаты (603-704жж). Батыс Түрік қағанаты қазіргі Қазақстан территориясында Түрік қағанатының екіге бөлінуіне байланысты құрылды. Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) қаласы, жазғы ордасы Мыңбұлақ. Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды. Тайпа екіге бөлінді: Дулу Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бе тайпа; Нушиби Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпа қағанатты түріктің ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскербасы және бүкіл жердің иесі. Халқы үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шағылдар, яғмалар. Алғашқы қағаны Тардуш. Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Қағанаттың күш қуаты Жеғұй және Тон жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солтүстік батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинаға жергілікті аудандарды қойып, оларды «селиф» деп атаған. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Шығыс Түркістанға табысты жорықтар жасады. Батыс Түрік қағанадары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектелді. 659 ж 16 жылға созылған тайпааралық соғыстардың қағанаты әлсіреуінің салдарынан, Таң империясы Жетісуды басып алды. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704ж Жетісудағы саяси билікті түркештер жеңіп алды.

16-БИЛЕТ

16.Қарахан дәуіріндегі мәдениет

Қарахандарда X-XIIғ сәулет өнері дамыды: Бабаджа Хатун, Айша Бибі, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Сырлытам мазарлары, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы.Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түрік тіліндегі мұсылман әдебиеті шыға бастады:Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Білік» шығармасы,М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрік» шығармасы. Қарахандықтар кезеңі саяси эканомикалық, әлеуметтік, мәдени өнер жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.«Құтадағу білік»- «Қайырымды білім» поэмасы блып табылды. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі Сатұқ Боғра ханға арнап Баласағұнның тұрғыны Жүсіп Хас Хаджиб жазды. «Құтадағу Білік» 6320 теттен тұрады және 24 беттің қосымшасы бар. Бұл тек әдеп морал трактаты ғана емес, терең филосифиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әр түрлі тап өкілдерінің мінез құлық ережелерін суреттейді. Білім билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған.Ал М.Қашғаридің «Диауани лұғат ат түрікінде» тарихи мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. «Түркі тілдерінің сөздігі» -XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін этникалық құндылықтары мен мінез құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата бабаларымыздың бұрынғы мұралары толық қамтылған.

13-БИЛЕТ

13. Түргеш мемлекеті

Түркеш мемлекеті (704-756). Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған. Алғашқы қағаны Үшелік (704-708). Территориясы: Жетісу, Іле, Шу, Талас алқаптары. Астанасы Суяб, жазғы ордасы Қүңгіт қалалары. Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа бөлінді. Әр аймақта 7 мың әскер болған. Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді: сары түркештер және қара түркештер. VIIIғ басында Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды. 706 жылы түркештер соғдылармен одақтасып, Бұхар маңында арабтарды жеңді. Үшеліктің ұлы Сақал қаған бүкіл Орта Азияны бағындырды. Осы жылдары қара және сары түркештер арасында шиеленіс күшейді. 711 жылы қара түркештер шақыруымен келген Шығыс Түрік қағаны Қапаған, Жоңғария түбінде сары түркеш әскерін жеңді. Сақал қаған тұтқынға түсіп, қағанат күйреді. Қағанат жеті жыл өткеннен кейін қалпына келтіріліп, билікке Сұлық қаған келгесін тайпа нығайды. Билік қара түокештерге көшіп, Орда Тараз қаласына ауысады. Ол екі майданда күрес жүргізді: батыста арабтармен, шығыста Таң патшалығымен. 723жылы түркештер Ферғана халықтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға соққы берді. Арабтар Сұлықтың батылдығына байланысты оны Әбу Мұзахим деп атаған. 748 жылы қытайлар Суяб қласын жаулап алып, қиратты. 751 жылы Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас болды. Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытайлар жеңілді. Бұл шайқастың тарихи маңызы: Қытай әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап шегінді. Арабтар ішкі қақтығыстан және араб қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді. 756жылы қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.

14-БИЛЕТ

14 Қарлұқ мемлекеті

Қарлұқ мемлекеті (756-940). Vғ жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар» деп атаған. Олардың мекені: Алтай Балқаш көлінің шығыс жағалауы . VII ғасырдың ортасы бұлақ, шігіл, ташлық тайпалары бірігіп, қарлұқ бірлестігін құрды. Бірлестіктің билеушісі елтебер. Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады.8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.

940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

15-БИЛЕТ

15 Қарахан мемлекеті

Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан (915-955) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 1942ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемл-ң өз тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуымен оның ерте тарихында басты рөлді қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға шігіл мен яғма да кірген еді.

10ғ-да яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуді, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек 11ғ-да яғмалар Қиян теріскейде, Іле алқабында тұрды. Ыстықкөлдің солт.жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемл-ң құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.

Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, шігілдердің, яғмалардың саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қаз-н аумағының оңт-мен оңт-шығ-ғы түрік тайпалары тобының этникалық саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960ж қағанаттың мемл-к діні ислам деп жариялайды. Оның астанасы – Қашғар болды. 12ғ-ң 2-ширегінің бас кезінде құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығ.Қараханның қалған иеліктерін басып алады да, оның батыс тармағына қауіп төндіреді. 1141ж Қарахан Салжұқтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемл-ті екі хандығының билігі де қарақытай қолына көшті. 1210ж Шығ.Қарахандар әулеті наймандармен қиғаш келіп соқтығысып қалады. Ал 1212ж Хорезмшах Мұхаммед Бат.Қағанаттың соңғы қағаны Самарқанттық Османды өлтіреді. Ұзамай қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады.

17-БИЛЕТ

17 Оғыз мемлекеті

Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы).

VIII ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.IX басы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларын қоныстанды. IX ғасырдың аяғы – Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]